Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы төленетін төлемнің мөлшері туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 8/134 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 21 желтоқсанда N 1800 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы  Кодексінің  462-бабына және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  29-бабына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ: 

      1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы төленетін төлемнің көлемі облыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті орган - Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жасаған есептеулердің негізінде бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      

      Сессия төрағасы                           Облыстық 
                                          мәслихаттың хатшысы  

 

"Маңғыстау облысы бойынша қоршаған
 ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы
төленетін төлемнің мөлшері туралы"
 облыстық мәслихаттың 2004 жылғы
 8 желтоқсандағы N 8/134 шешіміне
 қосымша

  Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы төленетін төлемнің мөлшері туралы

п/п

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі (тонна)

Нормативтік төлем
(теңге)

1.

Атмосфераға стационарлық көздерден шығарылған ластағыш заттар

Шартты т.

1291, 0

2.

Су нысандарына төгінділер

Шартты т.

19054,0

3.

Булану, сүзілу алаңдарына төгінділер

Шартты т.

8174,0

4.

Құрамдас бөліктері белгісіз ақаба суларының төгінділері*

м 3

25,0

5.

Этильденбеген бензин

Физ. т.

443,0

6.

Этильденген бензин

Физ. т.

532,0

7.

Дизельді отын

Физ. т.

356,0

8.

Сығымдалған газ

Физ. т.

297,0

9.

Аса қауіпті қалдықтар-1 дәрежелі қауіптілік

Физ. т.

10607,0

10.

Жоғары қауіпті қалдықтар - 2 дәрежелі қалдықтар

Физ. т.

5303,0

11.

Орташа қауіпті қалдықтар - 3 дәрежелі қалдықтар

Физ. т.

1325,0

12.

Қауіптілігі аз қалдықтар - 4 дәрежелі қалдықтар

Физ. т.

662,0

13.

Усыз қалдықтар

Физ. т.

331

14.

Әлсіз радиоактивті қалдықтар

Физ. т.

19720,0

      * - айыппұл санкциясын салу үшін төлем

       Ескерту:  "Қашқар Ата" қалдықтар қоймасының су деңгейін қалыпты ұстауға қолданылатын ақаба сулар төгінділері үшін нөлдік мөлшерлеме қолданылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады