Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3) тармақшасына, Павлодар облысы Шарбақты ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 13 мамырдағы (III сайланған V сессиясы) "Доменка, Богодуховка, Второе отделение селолары елдi мекендерiн тарату туралы" N 26//5 бiрлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 қарашадағы "Шарбақты ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 272/9 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Соснов селолық округiнiң Доменка селосы, Хмельницк селолық округiнiң Второе отделение селосы, Красилов селолық округiнiң Богодуховка селосы елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты таратылсын және кейiннен есептiк деректерден шығарылсын;
Доменка селосы Соснов селолық округiнiң Софиевка селосының құрамына; Богодуховка селосы Красилов селолық округiнiң Красилов селосының құрамына; Второе отделение селосы Хмельницк селолық округiнiң Хмельницк селосының құрамына енгiзiлсiн.
Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы А. Гуськов
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық Мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров