Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған облыста бiлiм берудi дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
3. Облыс бiлiм департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтiк және мәдени дамуы мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтiк және мәдени мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
5. Павлодар облыстық мәслихатының (II сайланған. ХIХ сессия) 2002 жылғы 25 сәуiрдегi "2002-2005 жылдарға арналған жастарға кәсіптік білім беру облыстық бағдарламасы туралы" N 28/196, МТН 1245 2002 жылғы 30 мамырда тiркелген және "2002-2005 жылдарғаарналған "Ауыл мектебi" N 27/19, МТН 1248 2002 жылғы 30 мамырда тiркелген шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Сессия төрағасы А. Гуськов
Облыстық Мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Павлодар облыстық мәслихатының
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
"Облыста бiлiм берудi дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған
Бағдарламасы туралы"
N ____ шешiмiне қосымша
Облыста бiлiм берудi дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған
Бағдарламасы
Атауы |
Облыста бiлiм берудi дамытудың 2005- 2007 жылдарға арналған бағдарламасы |
Әзiрлеу үшiн негiздеме |
Президенттiң Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!" Жолдауы |
Негiзгi әзiрлеушi |
Облыс бiлiм департаментi |
Мақсаты |
Жинақталған тәжiрибенiң негiзiнде әлеуметтiк -экономикалық және мәдени сұраныстарды шешу мақсатында облыста көпдеңгейлi үздiксiз бiлiм беру жүйесiн дамыту |
Мiндеттерi |
Олардың тарихтық, ұлттық, демографиялық, географиялық, экономикалық және мәдени ерекшелiктерiн есепке ала отырып, облыста бiлiм беру жүйесiн тұрақты дамыту тетiктерiн жасау;
|
Қаржыландыру көлемi және көздерi |
Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджетте, қалалар мен аудандардың бюджеттерiнде тиiстi жылға араластырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
|
Күтiлетiн нәтижелер |
Бағдарламаны орындау:
|
Облыста бiлiм берудi дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрi -Бағдарлама) облыстың бiлiм беру саласындағы орта мерзiмдi стратегияны, негiзгi бағыттарды, басымдықтарды, мiндеттердi сондай-ақ оларды iске асырудың тетiктерiн анықтайды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының
Конституциясына
, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы"
Заңына
, Елбасының 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!" Қазақстан халқына
Жолдауына
сәйкес әзiрленген.
Бағдарлама облыста бiлiм беру саясатын дамытудың негiзiн қалайды және бiлiм беру жүйесiн дамытудағы негiзгi бағыттарды мақсатты қаржыландыру үшiн негiз болады.
Бағдарламаны әзiрлеу бiлiм беру сапасын арттыруға, көп деңгейлi үздiксiз бiлiм берудiң ұлттық моделiн енгiзу үрдiсiндегi жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардағы облыстың бiлiм беру жүйесiнiң алдында тұрған стратегиялық мiндеттердi шешуге бағытталған қомақты өзгерiстердiң қажеттiлiгiнен туындап отыр.
Бiлiм беру жүйесiн жаңғырту облыстың бiлiм беру саласын дамытуға арналған кепiлдiктердi қамтамасыз ету мақсатында ұйымдық-басқару, қаржылай-материалдық сипаттағы шаралар кешенiн қабылдауды талап етедi.
Осы Бағдарламаға сәйкес оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар Жоспары әзiрлендi.
Бұрын қабылданған және тиiсiнше облыстық мәслихаттың 19 сессиясының 2002 жылғы 25 сәуiрдегi N 27/19 және 2002 жылғы 25 сәуiрдегi N 28/19 шешiмдерiмен бекiтiлген "2002-2005 жылдарға арналған "Ауыл мектебi" және "2002-2005 жылдарға арналған жастардың кәсiптiк бiлiмi" облыстық бағдарламалары белгiлi бiр кезеңде өзiнiң оң нәтижесiн таныта алды және олардың жеке тармақтары осы Бағдарламаға енгiзiлдi.
3. Облыста бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйiн талдау
Павлодар облысының бiлiм беру жүйесi жалпы құрамы 186 мың адамға жуық оқушылар мен тәрбиеленушiлерi бар 693 бiлiм беру ұйымы кiретiн мемлекеттiк оқу орындарының көпфункционалды желiсi болып табылады.
Кейiнгi жылдарда қазақ тiлiнде оқытатын жалпы бiлiм беру мектептер санының өсуi байқалуда (2002 жыл -141, 2003 жыл-145). Кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тiлде оқитындар саны артуда (2002 жылы - 2615 оқушылар болса, 2003 жылы- 3575). Облыста құралған бiлiм беру ұйымдарының желiсi негiзiнен бiлiм беру қызметтерiнде халықтың тiлек - талабын қанағаттандырады.
Жыл сайын облыстың мектеп бiтiрушiлерi жоғары оқу орындарына түсу кезiндегi кешендi тестiлеу барысында жоғары бiлiмдерiнiң сапалы деңгейiн дәлелдейдi. 2004 жылғы бiрыңғай ұлттық тестiлеудiң қорытындылары республиканың облыстары арасындағы сапалық көрсеткiштерi бойынша Павлодар облысының бiлiм беру жүйесiнiң алдыңғы орындарда екендiгiн танытты.
Облыста мектептердi компьютерлендiру аяқталды. Барлық ауылдық орта мектептерiнде бiлiм беру жерсерiктiк телеарналары бар.
Internet жүйесiне 253 мектеп (55,3%) қосылған, оның iшiнде 167 (45,4%) ауылдық жерлерде. Облыс мектептерiнде Интернетке шығу сағаттарының саны күнiне 4 сағатқа дейiн ұзартылған. Өкiнiшке орай, ауыл мектептерi сапалы телефон байланысымен қамтамасыз етiлмегендiктен, Интернетке шығу қиын болып отыр. Байланысты жақсарту облыс мектептерiн Интернет жүйесiне жедел және үздiксiз қосу мақсатында облыс бiлiм департаментi радиомост негiзiнде радиодабыл бойынша мәлiметтердi сымсыз жүйемен берудiң бастапқы жобаны iске асыруды бастады.
Жалпы бiлiм беру мектептерiнде жаңа буын оқулықтары кезең-кезеңмен енгiзiлуде. Облыс мектептерiнiң 1-7 сыныптарына арналған тегiн жаңа буын оқулықтармен қамтамасыз етiлуi 100% құрайды.
Жаппай оқыту бiлiм беру қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мәселесiн шешудегi маңызды бағыттардың бiрi болып табылады. Мектептер жаппай оқыту қорынан бюджеттiк қаражат алады (2002 жылы - 42,1 млн. теңге, 2003 жылы - 64,3 млн. теңге, 2004 жылы -76,6 млн. теңге), аударым пайызы 1,5% дейiн көбейтiлген, ал кейбiр аудандарда ол 2-3% дейiн жетедi. Бұл балалардың (21,5 мың оқушылар), оның iшiнде туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен қатынастағы балалардың ыстық тамақпен қамтылуын ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұл мақсаттарға қалалық және аудандық бюджет қаражатынан 23,2 млн. теңге бөлiнген.
Жыл сайын интернат мекемелерiнiң және балалар үйлерiнiң балалары жазғы уақытта қала сыртындағы сауықтыру лагерлерiнде дем алады. Облыстық, қалалық және аудандық бюджет қаражаттары есебi-нен мектеп оқушыларының демалыс, сауықтырылу және жұмыспен қамтамасыз етiлудiң барлық түрлерiмен қамтылуы 90% құрайды.
Облыс мектептерiнде 12612 мұғалiм, соның iшiнде ауылдық мектептерде 6979 мұғалiм жұмыс iстейдi, олардың 54,6% жоғары бiлiмдерi бар. Жалпы мектептердiң жоғары бiлiмдi педагог кадрлармен қамтамасыз етiлуi 64,0 пайызды (2002 жылы -62,0%) құрайды.
2004 жылы жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарында сырттай оқу түрi бойынша 1874 мұғалiм, оның iшiнде ауылдық мектептерден 1400 мұғалiм оқытылуда. 630 мұғалiм, оның iшiнде ауылдық мектептерден 455 мұғалiм екiншi жоғары бiлiм алуда.
2004 жылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту, жаңа оқулықтар мен бағдарламалар бойынша оқытудың жаңа технологияларын енгiзу мәселелерi жөнiнде 5244 педагог облыстық педагог қызметкерлерiн бiлiктiлiгiн арттыру институты негiзiндегi курсты өттi. Оның iшiнде 1784 - мемлекеттiк тiлде оқытатын мектептерден, 1494 мұғалiм аз топтағы мектептерден. Басқару мәселелерi бойынша 273 мектеп басшылары, кадрлық резерв құрамынан 70 адам оқыды.
Сонымен қатар облыс бiлiм жүйесiнде кiдiрiссiз шараларды қолдануды талап ететiн мәселелер бар.
Мектепке дейiнгi тәрбие беру және оқыту жағдайының жай-күйi бiр жастан бес жасқа дейiнгi балалардың балабақшамен қамтылуының төмен деңгейiн көрсетедi (19,6%). Мектеп алдындағы мiндеттi бағдарламаны бес-алты жастағы балалардың 75% ғана алады.
Облыстың көптеген мектепке дейiнгi ұйымдарының жабылуына байланысты олардың құрамы 15 мың балаға азайды. Қазiргi уақытта 55,1 мың мектеп жасына дейiнгi балалардың тек қана 11,0 мың баланың балалар бақшасына баруға мүмкiндiгi бар. 5-6 жастағы балалардың 3,4 мыңынан тек қана 48% балалар бақшасында мектеп алды дайындығынан өтедi, 27% - мектептерде ұйымдастырылған мектеп алды сыныптарына барады, 25% оқытумен қамтылмаған.
Жұмыс iстеп тұрған балабақшалардағы жиhаздар, спорт құрал-жабдықтары, кiтапхана қоры, ойыншықтар, оқытуға арналған көрнекiлiктер моральдi және сырт келбетi жағынан тозған, бұл жағдай ұсынылатын қызметтер сапасын төмендетедi.
Ауылдық жерлердегi мектеп алды дайындығы мектепке дейiнгi мекемелердiң жеткiлiксiз болуы себебiнен оларда оқытылмаған балаларға тиiстi жағдайлар жасалмаған мектептерде жүзеге асырылады.
Мектептен тыс ұйымдар желiсiнiң нашар дамығанына және қаржыландырудың жеткiлiксiз болуына байланысты 12% мектеп оқушылары, оның iшiнде ауылда тұратын 4,8% оқушылар ғана қосымша бiлiммен қамтылған.
Бүгiнгi күнi ауылдық мектептердiң 86% аз топталған болып табылады. Мұндай мектептерде қаражаттың тапшылығынан бiлiм берудiң Мемлекеттiк стандарт талаптарына қайшы, оқушылар саны аз болған орта буын топталған сыныптарға бiрiктiрiлген. Бiрiктiрiлген сыныптар болуы, әсiресе, ауылдық мектептердiң жұмыс нәтижелерiне керi әсерiн тигiзедi.
Облыс бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базалары нашар күйде қалуда. Ғимараттардың техникалық жай-күйi қазiргi талаптарға сай емес, себебi ғимараттардың негiзгi үлесi 30 -45 жылдар бұрын салынған. Облыстағы 455 жалпы бiлiм беру мектептерiнiң 163-i ыңғайландырылған үй-жайларға жайғасқан, оның 22 мектебi ағаш, қамыс және шиден жинап жасалынған ғимараттарда орналасқан. Жалпы бiлiм беру объектiлерiнiң барлығы жөндеудi талап етедi.
Көрсетiлген мәселелердi шешуге бөлiнген қаржы сомасы мардымсыз күйiнде қалуда және апаттық жағдайларды жою жөнiндегi бiрен-саран жөндеулердi жүргiзудi ғана қамтамасыз етедi. 2003 жылы мектептердiң күрделi жөндеу шығыны жалпы бюджеттен 1,2%, материалдық-техникалық базаны нығайтуға - 0,9% құрады.
Мектеп жиhаздары ескiрген және балалардың бойы мен жас ерекшелiктерiне сәйкес келмейдi. Әрбiр үшiншi мектепте физика, химия және биология кабинеттерi жоқ, ал бар кабинеттер 20 жылдан берi жаңартылмаған. Спорт залдары, оқу шеберханалары бүгiнгi күнгi талапқа сәйкес жабдықталмаған.
Қазiргi уақытта облыстағы тиiстi түрi жоқ елдi мекендерден оқушыларды тасымалдауды 80 мектеп жүзеге асырады. Тек қана әрбiр үшiншi мектепте автокөлiк бар, қалғандары тасымалдауды жалға алынған көлiкпен жүзеге асырады. Автобустардың техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз және күрделi жөндеудi немесе ауыстыруды талап етедi. Облыста 63 мектептiң автобустарын жаңарту қажет.
Әр мектепте қажеттi кiтапхана қорының болуы бiлiм беру қызметiнiң сапасына ықпал ететiн маңызды жағдай болып табылады. Алайда, мектептерге арналған оқу-әдiстемелiк және көркем әдебиет көп жылдар бойы түскен емес, ескi қор бiртiндеп жарамсыз болып қалуда. Мектеп кiтапханаларының қорлары сыныптан тыс оқуға арналған әдебиеттермен, оқу-танымдық және басқа әдебиеттермен, әсiресе қазақ тiлiндегi әдебиеттермен жаңартылуды және толықтырылуды қажет етедi.
Аз қамтамасыз етiлген және көп балалы отбасылардың балалары, даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар, тубвиражды балалар және әлеуметтiк жетiмдер санының өсуi ондай санаттағы оқушыларға тегiн ыстық тамақты ұйымдастыруды, сонымен қатар тәрбиенiң патронат формасын дамыту мәселелерiн күн тәртiбiне қояды. Мүмкiндiктерi шектеулi балалардың толыққанды бiлiм алу және шығармашылық даму құқықтары тиiстi деңгейде iске асырылмауда.
Облыста 8 ауылдық кәсiптiк мектеп қызмет етедi, онда ауыл шаруашылығы саласының он бес мамандығы бойынша мамандарды даярлау жүргiзiлуде. Ауыл жастарының кәсiптiк дағдылануы мақсатында оқу шаруашылықтарында тәжiрибенi ұйымдастыруға арналған тиiстi жағдайларды қамтамасыз ету қажет. Кәсiптiк мектептердiң оқу паркi 15 жыл бойы жаңартылмаған, ауыл шаруашылық техникасы түспеген. қолда бар техниканың жартысынан көбi жарамсыз күйде болуда.
Орта кәсiптiк бiлiм беру мамандарын даярлау үшiн мемлекеттiк тапсырыс жеткiлiксiз көлемде қаржыландырылады. Облыс колледждерiнiң бюджет топтарында жалпы контингенттiң (22021 адам) 12% (2650 адам) оқушылары оқиды. Орта буындағы мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыс, негiзiнен, бiлiм, мәдениет, спорт және аграрлық сектор салаларында жүзеге асырылады. Қолда бар қаржы еңбекақы, стипендия шығындарын, сондай-ақ коммуналдық қызмет көрсету төлем ақысын ғана қамтамасыз етедi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға, жөндеу жұмыстарын жүргiзу мен басқа да ағымдағы шығындарға қаражат бөлiнбейдi деуге болады. Әсiресе жеткiлiксiз қаржыландыру бюджет есебiнен мамандарды даярлауды жүзеге асыратын оқу орындарының: педагогикалық, музыкалық, агротехникалық колледждердiң материалдық-техникалық жай - күйiне керi әсер етедi. 2003 жылы колледждердi қаржыландыруға 163,4 млн. теңге бөлiндi, бұл ең кем қажеттiлiктiң 85% жуығын құрайды.
Жұмыс берушiлер және басқа да әлеуметтiк серiктестiктер мамандарды даярлау үрдiсiне қанағаттанғысыз түрде қатысады. Кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердiң еңбек нарығындағы бәсекеге қабiлеттiлiгi мен жинаңқылығы жақсырақ болуды талап етедi.
Облыс бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың сәл азайғанымен, жалпы облыс бойынша әлi де мектеп оқушыларының ауыр қылмыстарды жасау мәселесi қалуда. Жасөспiрiмдер арасында масқұмарлық пен нашақорлықтың таралуы әлi де ойландыратындай.
Жалпы бiлiм беру мектептерiнiң басты мiндетi оқушыларда салауатты өмiр салтына деген қажеттiлiктi қалыптастыруға бағытталған денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарының жүйесiн жасау болып табылады. Қолда бар спорт құралдары мен жабдықтардың тозғанына байланысты ол жыл сайын толықтыру мен жаңартуды талап етедi.
Ұжымдардағы жастарда қазақстандық отансүйгiштiктi, адамгершiлiктi, белсендi өмiрлiк көзқарасты тәрбиелеу, салауатты өмiр салтының дағдыларын дамыту тиiстi нәтижелерге жеткен жоқ және жетiлдiрудi талап етедi.
Мектеп бiтiрушiлерiнiң бiрыңғай ұлттық тестiлеуден өту қорытындылары облыс мектептерiнiң басым көпшiлiгiнде ғылым негiздерiн игерудегi аса маңызды кемшiлiктер барлығын көрсетедi.
Педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлаудың деңгейiн жоғарлатуға бағытталған жұмыс, әсiресе аз топталған ауыл мектептерi үшiн жаңа әдiстеменi қолдануды талап етедi. Бүгiнгi күнгi мектепке жан-жақты бiлiм алған, ой-өрiсi кең дамыған, таңдаған мамандығы бойынша өз қызметiне кәсiби даярланған, өз iсiнiң менеджерi бола алатын жаңа заман педагогi қажет етiледi. Ол оқытудың алдыңғы қатарлы жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруi, оқушылардың психологиясын бiлуi керек.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - жинақталған тәжiрибенiң негiзiнде әлеуметтiк-экономикалық және мәдени сұраныстарды шешу, жеке тұлға мен қоғам қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында облыста көп деңгейлi үздiксiз бiлiм беру жүйесiн дамыту.
Бағдарламаның мiндеттерi:
олардың тарихтық, ұлттық, демографиялық, географиялық, экономикалық және мәдени ерекшелiктерiн есепке ала отырып, облыста бiлiм жүйесiнiң тұрақты даму тетiктерiн жасау;
бәсеке жағдайларында қазiргi талаптарға сай келетiн бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ету;
бiлiм беру саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асыру;
кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттi жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау;
қазақстандық отансүйгiштiктi, азаматтықты, құқықтық, рухани-адамгершiлiк, ақпараттық мәдениеттi, салауатты өмiр салтының дағдыларын қалыптастыратын негiзгi стратегиялық бағыттар бойынша бiлiм берудiң тәрбиелiк қызметiн күшейту;
облыстың бiлiм беру саласында кадрлық саясатты жетiлдiру;
облыс бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту.
5. Бағдарламаның негiзгi
бағыттары және iске асыру тетiгi
Облыста бiлiм берудiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы "Бiлiм беру ұйымдары жүйесiнiң кепiлдi мөлшерi туралы"
N 300 қаулысымен белгiленген бiлiм беру ұйымдары жүйесiнiң кепiлдi мөлшерiн қамтамасыз ету қажет.
Жалпы бiлiм беру мектептерi және тиiстi нысандағы интернат ұйымдары жоқ елдi мекендердегi оқушыларды күнделiктi мектепке тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету керек.
Экономикалық мақсаттылықтан, оқушылар мен олардың ата-аналарының мүдделерiнен шыға отырып, мемлекеттiк мектеп жанындағы интернаттар жүйесiн кеңейту және нығайту керек.
Ауылдық жерлерде мектепке дейiнгi тәрбие және бiлiм берудiң қол жетiмдiгiн қамтамасыз ету үшiн жалпы орта бiлiм беру негiзiнде мектеп-балабақша, кiшi орталықтар кешендерiн дамыту қажет.
Облыстық музыка мектеп-интернаты мен облыс мектептерiнде дарынды балалар үшiн арнайы сыныптар ашылуы есебiнен дарынды балалар үшiн мамандандырылған мектептер желісi одан әрi кеңейе түседi.
Балалар мен жасөспiрiмдердiң бос уақыты және демалысын ұйымдастыру, балалар қозғалысын дамыту, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың және қараусыз қалудың алдын алу және профилактика қажеттiлiгi қосымша бiлiм беру ұйымдарының желiсiн кеңейтудi талап етедi.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi "Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалардың әлеуметтiк және медицина-педагогикалық жағдайларын түзетудi қолдау туралы" Заңын iске асыру мақсатында әрбiр аудан орталығында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi ашылатын болады.
Балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалыс пен бос уақыттарын өткiзудi ұйымдастыруға арналған жыл сайынғы шығынның көлемiн арттыру қарастырылуда.
Бiлiм беру мекемелерi мен объектiлерiн күрделi жөндеу және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру
Бұл бағыт:
апатты бiлiм беру нысандарының орнына жаңа нысандарды салу;
облыс бiлiм беру ұйымдары ғимараттарының жөндеуiн және қайта құруын жүргiзу;
физика, химия, биология, алғашқы әскери дайындық, лингафонды және басқа оқу кабинеттерiн, сондай-ақ оқу шеберханаларын құру және жабдықтармен толықтыру;
облыс бiлiм беру ұйымдарының компьютерлiк паркiн қамтамасыз ету мөлшерiне сәйкес толықтыру;
оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үшiн, сондай-ақ оқу процесiн басқаруға арналған жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкiндiк беретiн ұйымдастырушы техниканы сатып алу, мектептерде телефон орнату және Интернет желiсiне қосу мәселесiн шешуге мүмкiндiк беретiн телекоммуникациялық желi жүйесiн құру;
облыстың жалпы бiлiм беру ұйымдарында оқушылардың жиhаздарын сатып алуды және жыл сайын жаңартып отыруды қамтамасыз ету;
облыс оқу орындарының кiтапханаларын ғылыми-танымдық, көркем әдебиеттермен жабдықтау;
спортзалдарды спорт бұйымдарымен және жабдықтармен жабдықтау;
шалғайдағы ауылдардан оқушыларды мектепке арнайы көлiкпен тасымалдауды қамтамасыз ету;
ауылдық кәсiптiк мектептердегi ауылшаруашылық техникасын жаңарту;
интернат мекемелерiнiң жатаржай корпустары және мектеп асханаларының жиhаздары мен жабдықтарын жаңарту есебiнен қамтамасыз етiледi.
Оқу және тәрбие сапасын арттыру
Бұл бағыт:
қазақстандық отансүйгiштiктi, азаматтықты, еңбекқорлықты, адамгершiлiктi, құқықтық мәдениеттi, отбасы мен қоршаған ортаны сүйе бiлудi қалыптастыруға бағытталған бiлiм берудiң тәрбиелiк қызметiне басымдылық беру және күшейтуге;
оқу процесiне жаңа ақпараттық технологияларды және оқытудың бүгiнгi күнгi әдiстемелерiн, оның iшiнде сыртқы, ағымдағы және қорытынды бақылаудың дистанциондық жүйесiн енгiзуге;
жаңа оқулықтар мен әдiстемелiк жинақтарды пайдалануға;
аз топталған жалпы бiлiм беру мектептерiнiң орта буындағы бiрiктiрiлген сыныптарын кезең-кезеңмен бөлуге;
ауыл мектептерiнде пәндердi тереңдетiп оқыту мақсатында сыныптар санын көбейтуге акцент жасалады.
Педагогикалық кадрлар дарындылық мәселесi жөнiндегi демеушi мектептердiң жұмыс белсендiлiгiн одан әрi дамытатын болады.
Жетiм-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүгедек балалар мен даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтендiру жөнiнде шаралар қолданылады. Тәрбиенiң патронаттық түрi бұдан әрi дамытылады.
Оқушылар мен мұғалiмдердiң денсаулығы, олардың әлеуметтiк жағдайларының қолайлы болуы оқыту мен тәрбие беру сапасын қамтамасыз етудiң басты факторы болып табылады. Оқушылар мен мұғалiмдердiң сапалы медициналық тексерiлуiн ұйымдастыру қажет.
Кәсiптiк бағдарлау жұмысы және сапалы кәсiптiк бiлiмдi қамтамасыз ету.
Бұл бағытты iске асыру:
кәсiптiк бiлiм беру орындарының көпсалалық, көпқызметтi желiлерiн дамыту;
бiлiм беру мекемелерiнiң жоғары бiлiктi кадрларды даярлауда өндiрiспен және қызметтер көрсету саласымен өзара қатынасты күшейту;
жоғары бiлiктi бiлiм беру қызметiн деген азаматтардың сұранысын қанағаттандыру, жастарды толыққанды өндiрiстiк еңбекке қосу;
сапалы оқыту, практикалық дағдылану, үйренушiлердiң кәсiптiк икемдiлiгiн дамыту үшiн жағдайларын жақсарту;
жалпы бiлiм беру мектептерiнде кәсiптiк бағдарлау кабинеттерiн ашу және мектеп аралық оқу-өндiрiстiк комбинаттарын дамыту;
пәндердi тереңдетiп оқытатын ауыл мектептерiнiң желiсiн кеңейту;
кәсiптiк мектептерде профильдiк еңбек оқытуы мен оқушыларды кәсiпке дейiнгi даярлыққа оқытуды жүзеге асыру үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi бiлiм беру мекемелерiнiң педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн жетiлдiрудiң мақсатты курстарын ұйымдастыру есебiнен жүзеге асырылады.
Педагогикалық қызметкерлер құрамының сапасын жақсарту
Жергiлiктi бюджеттер есебiнен жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарын бiтiрген және ауылға жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл шара жас мамандардың ауылға тұрақтануына, ауылдық бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлер құрамының сапасын жақсартуға ықпал етедi.
Ауыл мектептерi мұғалiмдерiнiң қайта даярлануы және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi, тәжiрибеге педагогикалық ғылымның жаңа жетiстiктерiн және ауыл мектептерiнде оқытуды ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы оқыту тәжiрибесiн есепке алу керек, шағын жинақталған мектептердегi жұмыс ерекшелiгiн есепке ала отырып педагогтардың әр түрлi санаттарына курстарды ұйымдастыруға саралап келу керек. Басшы құрамдарды даярлауға аса көңiл бөлiнетiн болады. Телекоммуникациялық технологияларда кадрларды басқаруда пайдаланумен педагогикалық менеджмент жөнiндегi алыстан бiлiм беру облыс оқу орындары басшыларының бiлiктiлiгiн арттырудағы басым бағыттары болады.
Педагог кадрларға деген сұранысты бағдарлайтын тетiктi құру үшiн педагогикалық және басқару кадрларға деген ағымдағы және перспективалық қажеттiлiктi болжауды қарастыратын "2005-2007 жыл кадрлары" компьютерлiк кiшi бағдарламасын әзiрлеу қажет.
2005-2007 жылдары педагогтермен мемлекеттiк тапсырыс бойынша өтетiн курстар санын арттыру жоспарлануда. Жаңадан құрылған мемлекеттiк педагогикалық институт жаңа заман мұғалiмдер даярлауда белсендi түрде көмек бередi.
Жұмысқа жаңа буын оқулықтары бойынша даярлану, сондай-ақ аз топталған мектептер мұғалiмдерiнiң бүгiнгi күнгi ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қайта даярлауды қамтамасыз ету облыс педагогтерiнiң бiлiктiлiгiн арттырудағы басым бағыт болып қалады.
Педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесi жетiлдiретiн болады.
Ауыл мектептерiнiң мұғалiмдерiне практикалық көмек көрсету үшiн әдiстемелiк кабинеттер жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру қажет.
Тұрақты мониторинг жүргiзу, сондай-ақ облыс бiлiм беру ұйымдарын дамытуға бағытталған шаралардың тиiмдiлiгiне баға беру арқылы Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiнiң орындалуын қадағалау Бағдарламаны iске асырудың тетiгi болып табылады.
6. Бағдарламаның қажеттi
ресурстары және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджетте, қалалар мен аудандар бюджеттерiнде көзделген қаражаттың шеңберiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаның қаржылай қамтамасыз етiлуi екi бағыт бойынша жүзеге асырылады:
бiлiм беру мекемелерiнiң және бiлiм беру жүйесiнiң басқа ұйымдарымен бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi пайдалануды арттыру шартында бюджеттiк қаржыландыруды арттыру;
бюджеттiк қаржыландырудың нормалары және нормативтерiн, абсолюттiк мөлшерлерiн, азайтусыз бiлiм берудi қаржыландырудың қосымша бюджеттен тыс көздерiн тарту үшiн жағдай жасау.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн жергiлiктi бюджеттер есебiнен қосымша 7147,4 млн теңге бөлiнетiн болады: 2005 жылы - 2388,9 млн теңге, 2006 жылы - 2885,3 млн теңге, 2007 жылы -1873,2 млн теңге.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны орындау:
бiлiмнiң барлық деңгейiне қол жетiмдiлiктi және сабақтастықты;
нәтижеге бағдарланған сапалы, бәсекеге қабiлеттi бiлiм берудi;
ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру институты ретiнде қазақ ұлттық мектептерiн одан әрi дамытуды;
бiлiм беру сапасының мониторингiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесiн құруды;
оқушылардың нормативтiк құндылықтарды қабылдауын, әрi қарай өзiн-өзi анықтау, белсендi өмiрлiк көзқарас және өзiн-өзi iске асыру қажеттiлiгiн қалыптастыруды, жасөспiрiмдердiң қызығушылықтары бойынша бiрлестiктерiне кеңiнен қатысуды;
бiлiм беру саласында кадрлық әлеуеттi жақсартуды;
облыстың бiлiм беру жүйесiнiң бiрыңғай ақпараттық бiлiм беру ортасын құруды;
есептеу және балаларға бақылау жүйесiн сақтау мен дамытуды;
кәсiби мiндеттердi дербес шеше алатын және олардың нәтижелерiне жауап бере алатын мамандарды даярлауды;
кiшi және шағын бизнес жұмыс берушiлерiмен және субъектiлерiмен техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң байланысын нығайтуды;
балалардың мектепке дейiн тәрбие берумен және қосымша бiлiм берумен қамтылуын кеңейтудi;
мүмкiндiктерi шектелген балаларды есепке алу және бақылау жасау жүйесiн құруды, арнайы бiлiм беру ұйымдарының желiсiн сақтау мен дамытуды;
бiлiм беру объектiлерiнiң 405 ғимаратына күрделi жөндеудi жүргiзудi;
1221 оқушылар жиhаздарын жаңарту, 173 физика кабинеттерiн, 183 химия кабинеттерiн, 213 биология кабинеттерiн, 151 лингафондық кабинеттердi жасау, 167 шеберханаларды, 360 спортзалдарды, 30 алғашқы әскери дайындық кабинеттерiн, 308 медициналық кабинеттердi, 321 асханаларды жабдықтау, 72 бiрлiк ауылшаруашылық техникасын атып алу арқылы облыс оқу орындарының материалдық-техникалық базаларын нығайтуды;
463 бiлiм беру ұйымдарының кiтапханалық қорларын ғылыми-танымды және көркем әдебиеттермен толықтыруды және жаңартуды;
облыстың 46 мектебi үшiн автобустарды сатып алу мәселесiн шешу арқылы мектеп оқушыларын үздiксiз жеткiзудi қамтамасыз етудi;
облыстың бiлiм беру ұйымдарының компьютерлiк техника паркiн 432 топтамамен толықтыруды;
бiлiмнiң телекоммуникация желiсiнiң бiрыңғай жүйесiн құруды, облыстың 121 мектебiн телефонданыруды, облыс мектептерiнiң 83% Интернет желiсiне қосуды;
12 жылдық бiлiмге көшуге жағдай жасауды қамтамасыз етедi
8. Облыста бiлiм берудi дамытудың 2005-2007 жылдарға
арналған облыстық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
N
|
Iс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Орындалуына жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Бiлiм беру ұйымдарының желiсiн дамыту |
|||
1. |
Успен ауданындағы Галицкий, Павловка Ильичев, Железин ауданындағы Алакөл, Новокузмин, Прииртышский, Шарбақты ауданындағы Шарбақты, Орлов, Галкино, Шалдай, Хмельницкий, Качиры ауданындағы Береговое, Фрументьев, Березов, Лебяжi ауданындағы Ямышев, Шарбақты ауылдарында "Мектеп-балабақша" кешендерiн салу және Екiбастұз қаласынан 2 балалар бақшасын ашу |
Облыс әкiмiне
|
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
2. |
Ауылдық жерлердегi дарынды балалар үшiн 180 орындық облыстық мамандандырылған мектеп-интернатын, Екiбастұз қаласының N 1,3 орта мектебiнде, Павлодар қаласының N 3 гимназиясында, Ы. Алтынсарин атындағы гимназия -интернатында дарынды балалар үшiн мамандандырылған сыныптар ашу, |
Облыс әкiмдiгiнiң қаулысы, облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
3 |
Дарынды балаларға арналған облыстық музыка мектебiнiң дамуын қамтамсыз ету |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
4. |
Мынадай аудандар мен қалаларда: Павлодар, Екiбастұз, Ақсу қалаларында, Ертiс, Качиры, Ақтоғай, Лебяжiде қазақ тiлiнде бiлiм беретiн сынып санын 17 комплектiге көбейту |
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Қалалар және аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
5. |
Мына аудандардағы аралас мектептер қазақ тiлiнде оқытатын мектептер болып қайта ұйымдастырылсын:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
6. |
Павлодар қаласындағы N 9 балалар-бақшасын қайта ұйымдастыру, Павлодар, Екiбастұз, Ақсу қалаларынан қазақ тiлiнде оқытатын қосымша он жетi топ ашу |
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Қалалар әкiмдерi |
7. |
Қалалар мен аудандардың жалпы бiлiм беру және мектептен тыс ұйымдарында дене шынықтыру дайындықтарын жүргiзу үшiн 16 балалар-жасөспiрiмдер клубын ашу:
|
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
8. |
Качиры ауданының Береговой, Шарбақты ауданының Сосновск, Шалдай, Железин ауданының Михайлов, Май ауданының Май, Успен ауданының Лозов, Ақтоғай ауданының Шiдертi орта мектептерiнiң жанынан интернаттар ашу |
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
9. |
Ақтоғай, Железин, Май, Лебяжi, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерiн ашу |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
10. |
Павлодар қаласында жетiм балалар үшiн жасөспiрiмдер үйi мен отбасылық үлгiдегi балалар үйiн ашу |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Павлодар қаласының әкiмi, облыс бiлiм беру департаментi |
2. Облыс бiлiм беру ұйымдарында күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу және материалдық-техникалық жарақтандыру |
|||
11 |
Бiлiм беру обьектiлерiнiң құрылысын қамтамасыз ету:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi |
12 |
Облыс бiлiм беру ұйымдарын жөндеу мен қайта құруды қамтамасыз ету:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi, |
13 |
Орта жалпы бiлiм беру мектептерiнде химия, физика, биология кабинеттерiн ашу:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi |
14 |
Орта жалпы бiлiм беру мектептерiнде лингафонды кабинеттер ашу:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi |
15 |
Орта жалпы бiлiм беру мектептерiнде 130 бастапқы әскери дайындық кабинеттерiн ашу |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi |
16 |
Түзету мектеп-интернатының есту қабiлетi нашар балалары үшiн арнайы судожабдықтар сатып алу |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
17 |
Жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқу шеберханаларын жабдықтармен жаңартуды қамтамасыз ету |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi, |
18 |
Облыстың бiлiм беру мекемелерiнде оқушылар жиhаздарын сатып алуды және жаңартуды қамтамасыз ету:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi, |
19 |
Бiлiм беру мекемелерiнiң 463 кiтапханалық қорларын оқу әдебиеттермен толықтыруды қамтамасыз ету: |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
20 |
Бiлiм беру мекемелерiнiң спортзалдарын спорттық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
21 |
Кәсiптiк мектептердi ауылшаруашылық техникалар және цехтар мен лабораторияларға арналған жабдықтармен қамтамасыз ету:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
22 |
Облыс бiлiм беру ұйымдарында 308 медициналық кабинеттердi дәрi-дәрмекпен жабдықтау |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi, |
23 |
Компьютерлiк техника паркiн толықтыру мен жаңарту:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
24 |
Интернат мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
25 |
Бiлiм беру парталы мен бiлiм беру желiсiнiң бiрыңғай телекоммуникациялық жүйесiн құру, 121 мектепке телефон орнату, мектептердiң 83% Интернет жүйесiне қосу:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, облыстық телекоммуникация дирекциясы |
26 |
Педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институтының материалдық-техникалық базасын нығайту |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
3. Бiлiм беру және тәрбиелеу сапасын арттыру |
|||
27 |
Ұлттық бiрыңғай тестiлеу шеңберiнде облыс мектептерiнiң 4, 9, 11 сыныптарында бiлiм сапасын бағалаудың бiрыңғай жүйесiн енгiзудi жалғастыру |
Облыс бiлiм департаментiнiң бұйрығы |
Облыс бiлiм департаментi |
28 |
Профильдi бiлiм беру мектептерiнiң санын көбейту:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi, |
29 |
Жекелеген сабақтарды тереңдетiп оқыту үшiн ауыл мектептерiнiң жүйесiн кеңейту:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
30 |
Жалпы бiлiм беру мектептерiнде көп тiлде оқыту жөнiндегi эксперименттiк жұмыстарды iске асыруды қамтамасыз ету:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi, |
31 |
Жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқушыларды 2-шi сыныптан бастап ағылшын тiлiн оқыту жөнiнде республикалық бағдарламаны енгiзу:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
32 |
Павлодар қаласының N 10, 21, 35 орта мектептерiнде жаңа буын оқулықтарын тәжiрибеден өткiзудi жалғастыру:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, Павлодар қаласының әкiмi |
33 |
Облыстық жарыстар, конкурстар, байқаулар, олимпиадалар ұйымдастыру |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi |
34 |
Оқу орындары арасында бiлiм беру қызметтерiнiң рейтингiлiк бағалау әдiстемесi негiзiнде бiлiм беру сапасы бойынша облыстық конкурс өткiзу |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi |
35 |
Шағын жинақталған мектептерде орта буын (5-9 сыныптар) бiрiктiрiлген сыныптар санын азайту:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi |
36 |
Қызығушылық бойынша 211 орта мектептерде қоғамдық ұйымдарды құра отыра, облыста балалар қозғалысын дамыту |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм, iшкi саясат департаменттерi |
37 |
Балалар үйлерiнiң, мектеп-интернаттардың және мектепке дейiнгi ұйымдардың тәрбиеленушiлерi үшiн: "Таң шолпан", "Бүлдiршiн" балалар фестивальдарын өткiзу |
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
38 |
"Хрустальный звон" эстрадалық әндердiң облыстық конкурсын өткiзу |
Iс-шаралар әзiрлеу |
Облыс бiлiм департаментi |
39 |
Мектептер, кәсiптiк мектептер, лицейлер, колледждер оқушылары арасында облыстық спартакиада ұйымдастыру және өткiзу:
|
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
40 |
Облыс бiлiм беру ұйымдары арасында тәрбиелеу жүйесi конкурсын ұйымдастыру және өткiзу |
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
41 |
Жаппай оқыту қоры қаражаты есебiнен аз қамтамасыз етiлген отбасы балаларын (оның iшiнде туберкулезбен ауырғандарды) тегiн ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi, |
42 |
Балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын, жазғы демалысын ұйымдастыру |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
43 |
Облыста балалар қылмысын 10-15% төмендету үшiн, оның iшiнде әумесерлiк мiнез-құлыққа жақын балаларды сабақтан тыс жұмыспен қамтуды арттыру есебiнен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру |
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi, облыс iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) |
44 |
"Подросток", "Дозор" "Забота" мақсатты жедел алдын алу iс-шараларын жүргiзу |
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) |
4. Кәсiптiк бiлiм берудi жетiлдiру |
|||
45 |
Нарық талабына сай, облыс департаменттерi мен кәсiпорындардың тапсырыстары бойынша 60 кәсiптiк бiлiм беру орындарында бiлiктi жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарын даярлау |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
46 |
Колледждер, кәсiптiк мектеп түлектерiнiң кем дегенде 85% жұмысқа қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
47 |
Жаңа компьютерлiк техникамен 25 кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын жабдықтау |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
48 |
Облыс кәсiпорындарымен:
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм, индустрия және сауда департаменттерi |
49 |
Кәсiптiк мектептер мен лицейлердiң 6,9 мың оқушысын тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
50 |
Павлодар қаласының N 13 және 31 кәсiптiк мектептер базасында мүгедек балаларға бейiндiк оқытуды ұйымдастыру |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
51 |
Облыстың кәсiптiк мектептерi мен лицейлерiнде жұмыссыз халық үшiн аралас мамандық бойынша қысқа мерзiмде дайындық ұйымдастыру (800 адам) |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм, халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаменттерi |
52 |
Ерте кәсiптендiру мақсатында кәсiптiк мектеп базасында 2400 оқушыны еңбекке даярлауды ұйымдастыру |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
53 |
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қорғау үшiн кәсiптiк бiлiм берудiң кешендi бағдарламасын енгiзу |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
5. Педагогика кадрларымен жұмысты жетiлдiру |
|||
54 |
Педагогтарды сапалы медициналық тексеруден өткiзудi қамтамасыз ету |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм, денсаулық сақтау департаменттерi, қалалар мен аудандар әкiмдерi |
55 |
Қайта даярлықтан өтуге келетiн шағын жинақталған мектеп мұғалiмдерi үшiн "Ағарту" санаторий-профилакторий базасында сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру (621 адам) |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
56 |
Облыстың бiлiм беру ұйымдарының қажеттiлiгiне сәйкес, Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институты базасында педагогикалық мамандықтардың кеңейтiлген спектрi бойынша 200 адамды даярлауды қамтамасыз ету |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм, халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаменттерi, Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институты (келiсiм бойынша) |
57 |
Облыс кәсiптiк бiлiм беру жүйесiндегi 5,4 мың мектеп мұғалiмi мен оқу орындары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн жетiлдiру мен қайта даярлауды қамтамасыз ету |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi |
58 |
Тұрғын үй берумен жас мамандардың тұрақтануын және әлеуметтiк қорғауын қамтамасыз ететiн кешендi шаралар әзiрлеу |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм департаментi |
59 |
Жоғарға оқу орындарының педагогикалық мамандықтар бойынша отбасы аз қамтылған ауыл балаларының оқуына әлеуметтiк көмек бөлу үшiн күш салу (440 жыл сайын) |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс бiлiм, халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаменттерi |
60 |
Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институтының ғалымдары педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн жетiлдiру институтымен бiрiгiп, оқу, бiлiм беру сапасын бақылау, бастапқы педагогикалық тәжiрибенi кеңейту мен тарату лабораториясын құру |
Облыс әкiмiнiң орынбасарына ақпарат |
Облыс бiлiм департаментi, Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институты (келiсiм бойынша) |
Орындау мерзiмi |
Болжамды шығыстар (млн.теңге) |
Қаржыландыру көздерi |
||
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
|
|
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1. Бiлiм беру ұйымдарының желiсiн дамыту |
||||
Жыл сайын |
51,7 |
54,3 |
57,0 |
Республикалық бюджет |
2005-2006жылдар |
|
37,1 |
|
Республикалық бюджет |
2005 жыл |
Барлығы 38,0, республикалық бюджет - 28,0, облыстық бюджет - 10,0 |
|
|
Республикалық және облыстық бюджеттер |
2005 -2007 жылдар |
|
|
|
Қалалар мен аудандық бюджеттерден бөлiнген қаражаттар шегiнде |
2005-2007жылдар |
|
|
|
Аудандық бюджеттерден бөлiнген қаражаттар шегiнде |
2005-2006 жылдар |
|
|
|
Қалалар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Қалалар мен аудандар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
10,9 |
8,3 |
19,8 |
Республикалық бюджет |
2005 жыл |
43,4 |
|
|
Облыстық бюджет |
2005-2006жылдар |
11,8 |
|
|
Республикалық бюджет |
2. Облыс бiлiм беру ұйымдарында күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу және материалдық-техникалық жарақтандыру |
||||
2005-2007жылдар |
Барлығы 1229,5, республикалық бюджет, 789,5, облыстық бюджет - 200,0, қалалар мен аудандар бюджеттерi - 240,0 |
Барлығы 1707,6, республикалық бюджет, 792,3, қалалар мен аудандар бюджеттерi - 915,3 |
Барлығы 581,5, республикалық бюджет 310,0 облыстық бюджет - 165,9, қалалар мен аудандар бюджеттерi - 105,6 |
Республикалық, облыстық бюджеттер, қалалар аудандар мен бюджеттерi |
Жыл сайын |
Барлығы 294,7, облыстық бюджет - 100,1, қалалар мен аудандар бюджеттерi - 205,3 |
Барлығы 303,5, облыстық бюджет - 69,9, қалалар мен аудандар бюджеттерi - 233,6 |
Барлығы 402,8, облыстық бюджет - 99,9, қалалар мен аудандар бюджеттерi - 302,9 |
Облыстық бюджет, қалалар мен аудандар бюджеттерi |
Жыл сайын |
Барлығы 80,2, облыстық бюджет - 15,6, қалалар мен аудандар бюджеттерi - 64,6 |
Барлығы 104,4, облыстық бюджет - 6,0, қалалармен аудандар бюджеттерi - 98,4 |
Барлығы 109,5, облыстық бюджет - 6,0, қалалар мен аудандар бюджеттерi - 103,5 |
Облыстық бюджет, қалалар мен аудандар бюджеттерi |
Жыл сайын |
Барлығы 125,7, республикалық бюджет 75,5, облыстық бюджет - 4,0, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 46,2 |
Барлығы 122,4, республикалық бюджет 29,2, облыстық бюджет - 4,0, қалалармен аудандық бюджеттерi - 89,2 |
Барлығы 122,4, республикалық бюджет 29,2, облыстық бюджет - 4,0, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 89,2 |
Республикалық, облыстық бюджеттер, қалалар мен аудандар бюджеттерi |
2007 жыл |
|
Барлығы 6,5, облыстық бюджет - 1,0, қалалармен аудандық бюджеттерi - 5,5 |
Барлығы 6,5, облыстық бюджет - 1,0, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 5,5 |
Қалалар мен аудандар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
2005-2007жылдар |
3,5 |
6,0 |
6,5 |
Республикалық бюджет |
2006-2007 жылдар |
|
|
Барлығы 20,0, облыстық бюджет - 5,0, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 15,0 |
Облыстық бюджет, аудандар мен қалалар бюджеттерi нен бөлiнген қаражат шегiнде |
2006-2007жылдар |
Барлығы 26,5, облыстық бюджет - 3,5, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 23,0 |
Барлығы 43,6, облыстық бюджет - 12,5, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 31,1 |
Барлығы 45,7, облыстық бюджет - 12,5, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 33,5 |
Облыстық бюджет, қалалар мен аудандар бюджеттерi |
Жыл сайын |
Республикалық бюджет 27,1, облыстық бюджет - 7,0, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 140,0 |
Республикалық бюджет 57,7 облыстық бюджет - 7,4, қалалармен аудандық бюджеттерi - 146,9 |
Республикалық бюджет 61,0 облыстық бюджет - 7,8, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 154,2 |
Республикалық, облыстық бюджеттер, қалалар мен аудандар бюджеттерi |
Жыл сайын |
Облыстық бюджет - 4,5, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 16,4 |
Облыстық бюджет - 4,7, қалалармен аудандық бюджеттерi - 17,2 |
Облыстық бюджет - 4,9, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 18,1 |
Қалалар мен аудандар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
Республикалық бюджет 17,9, облыстық бюджет - 12,9 |
Республикалық бюджет 17,9, облыстық бюджет - 12,9 |
Республикалық бюджет 17,9, облыстық бюджет - 12,9 |
Республикалық, облыстық бюджеттер |
Жыл сайын |
Барлығы 3,0, облыстық бюджет - 1,0, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 2,0 |
Барлығы 8,0, облыстық бюджет - 2,0, қалалармен аудандық бюджеттерi - 6,0 |
Барлығы 17,8, облыстық бюджет - 3,8, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 14,0 |
Облыстық бюджет, қалалар мен аудандар мен бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
74,5 |
50,9 |
66,2 |
Облыстық бюджет |
2006-2007 жылдар |
Барлығы 31,1, облыстық бюджет - 29,1, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 2,0 |
Барлығы 35,8, облыстық бюджет - 33,7, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 2,1 |
Барлығы 37,6, облыстық бюджет - 35,4, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 2,2 |
Облыстық бюджет, қалалар мен аудандар бюджеттерi |
Жыл сайын |
28,9 |
30,0 |
29,8 |
Республикалық бюджет |
Жыл сайын |
4,6 |
4,6 |
4,6 |
Республикалық бюджет |
3. Бiлiм беру және тәрбиелеу сапасын арттыру |
||||
Жыл сайын |
|
|
|
Қаржыландыру талап етiлмейдi |
Жыл сайын |
|
|
|
Қалалар мен аудандар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Қалалар мен аудандар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
2005 жыл |
|
|
|
Қалалар мен аудандар мен бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Қалалар мен аудандар мен бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Павлодар қаласының бюджетiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
8,8 |
9,2 |
9,7 |
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
2,0 |
2,0 |
2,0 |
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Аудандар мен қалалар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл бойы |
|
|
|
Қаржыландыру талап етiлмейдi |
Жыл сайын |
0,13 |
0,14 |
0,15 |
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
0,05 |
0,06 |
0,07 |
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
14,5 |
15,2 |
16,0 |
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
Барлығы 62,0, облыстық бюджет - 1,3, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 60,7 |
Барлығы 65,1, облыстық бюджет - 1,4, қалалармен аудандық бюджеттерi - 65,1 |
Барлығы 68,4, облыстық бюджет - 1,5, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 66,9 |
Қалалар мен аудандар бюджетiнен бөлiнген қаражат шегiнде,
|
Жыл бойы |
Барлығы 37,0, облыстық бюджет - 20,3, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 16,7 |
Барлығы 39,0, облыстық бюджет - 21,3, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 17,7 |
Барлығы 41,0, облыстық бюджет - 22,4, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 18,6 |
Облыстық бюджет, қалалар мен аудандар бюджеттерi |
Жыл бойы |
|
|
|
Қаржыландыру талап етiлмейдi |
Жыл бойы |
|
|
|
Қаржыландыру талап етiлмейдi |
4. Кәсiптiк бiлiм берудi жетiлдiру |
||||
Жыл сайын |
|
|
|
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Қаржыландыру талап етiлмейдi |
2005-2007 жылдар |
15,0 |
10,0 |
10,0 |
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Қаржыландыру талап етiлмейдi |
Жыл сайын |
94,6 |
95,0 |
95,0 |
Облыстық бюджет |
Жыл сайын |
3,2 |
5,0 |
5,3 |
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
12,4 |
13,0 |
13,7 |
Қалалар мен аудандар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде |
5. Педагогика кадрларымен жұмысты жетiлдiру |
||||
Жыл сайын |
Барлығы 6,1, облыстық бюджет - 0,3, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 5,8 |
Барлығы 6,4, облыстық бюджет - 0,3, қалалармен аудандық бюджеттерi - 6,1 |
Барлығы 6,7, облыстық бюджет - 0,3, қалалар мен аудандық бюджеттерi - 6,4 |
Облыстық бюджет, қалалар мен аудандар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде |
Жыл сайын |
|
|
|
Қаржыландыру талап етiлмейдi |
Жыл сайын |
|
|
|
Қаржыландыру талап етiлмейдi |
Жыл сайын |
Барлығы 48,0, республикалық бюджет - 28,0, облыстық бюджет - 20,0 |
Барлығы 48,0, республикалық бюджет - 28,0, облыстық бюджет - 20,0 |
Барлығы 48,0, республикалық бюджет - 28,0, облыстық бюджет - 20,0 |
Республикалық және облыстық бюджеттер |
Жыл сайын |
|
|
|
Қалалар мен аудандар бюджеттерiнен бөлiнген қаражат шегiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелмеген басқа да қаржыландыру көздерi |
Жыл сайын |
25,8 |
27,1 |
28,4 |
Қалалар мен аудандар бюджеттерi |
2006 жыл |
|
|
|
Облыс бюджетiнен бөлiнген қаражат шегiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелмеген басқа да қаржыландыру көздерi |