Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек беру Ережелері туралы

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттың 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 6/13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 18 мамырда N 1254 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы N 37/4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.08.19 N 37/4 Шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" ҚР Заңының 6 бабына және ҚР 2003 жылғы 4 маусымдағы "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" N 430-ІІ Заңы 8 бабының 1 және 4 тармақтарына сәйкес облыстық мәслихат шешті:
      1. Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек беру Ережелері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, қаржы департаменті осы шешімді іске асыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
      3. 2004 жылғы 1 қаңтардан заңды күшіне енеді.

       Облыстық мәслихаттың VІ сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Бекітілді
Облыстық мәслихат сессиясының
"Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты
азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек
беру Ережелерін бекіту туралы"
2004 жылғы 15 сәуірдегі N 6-13 шешімімен 

Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты
азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек беру
ЕРЕЖЕЛЕРІ Жалпы ережелер

      1. Осы облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек беру Ережелері (бұдан әрі Ережелер) оны берудің тәртібі мен шарттарын реттейді.
      2. Әлеуметтік көмек облыс аумағынан тыс жерлерде емделуге байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқын статусына ие адамдарға, шетелдіктерге, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ, денсаулық сақтау мемлекеттік басқарудың жергілікті органының Қазақстан Республикасының клиникаларында, ғылыми-зерттеу институттарында және республиканың басқа да емдеу-алдын алу ұйымдарында зерттелуге немесе емделуге жолдама алған адамдарға беріледі.

Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға
жолақыға әлеуметтік көмек белгілеу шарттары мен тәртібі

      3. Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті жанынан құрылған комиссиямен белгіленеді.
      4. Комиссия еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бастығының бұйрығымен құрылады.
      5. Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек белгілеу үшін еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне мына құжаттар ұсынылады:
      1) қоса берілген үлгідегі өтініш;
      2) Денсаулық сақтау мемлекеттік басқарудың жергілікті органының Қазақстан Республикасының клиникасында немесе ғылыми-зерттеу институтында зерттелуге немесе емделуге берген жолдамасы;
      3) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі және егер емделуге 16 жасқа дейінгі бала жіберілетін болса, туу туралы куәліктің көшірмесі; сондай-ақ оралман, босқын статусын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе тұруға ықтиярхаттың көшірмесі;
      4) қажет болса аурудың денсаулық жағдайына байланысты көлік түрін көрсетіп, ауруды емделуге ере жүру қажеттілігі туралы емдеу мекемесінің дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысы.
      6. Комиссия қажетті құжаттар түскен күннен 5 күндік мерзімде әлеуметтік көмек белгілейді.
      Комиссия әлеуметтік көмек белгілеуден бас тартқан жағдайда бас тартудың себебін жазбаша түсіндіреді және арызданушыға құжаттарды қайтарады.
      Әлеуметтік көмек белгілеуден бас тартуға негіздеме алдын-ала жалған немесе жеткіліксіз мәліметтер мен құжаттар ұсыну болып табылады.
      7. Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек аурудың және қажет болған жағдайда емделетін жерге дейін және кейін ере жүретін адамның темір жол көлігінің платцкарт вагонына немесе қала аралық рейс автобусына жолақы құны мөлшерінде тағайындалады.
      Емдеу мекемесінің дәрігерлік-консультативтік комиссиямен белгіленген өмір үшін маңызы бар көрсеткіштер бойынша аурудың купе вагонында немесе авиа көлікте жол жүру ақысының құны мөлшерінде көмек көрсетуге рұқсат етіледі.
      8. Емделуге жолақы құны жолаушылар тасымалдауды іске асыратын ұйымдардың анықтамасы немесе ұсынылған жолақы билеттері негізінде анықталады.
      9. 16 жасқа дейінгі ауру баланы облыс аумағынан тыс емделуге жіберген жағдайда жолақыға әлеуметтік көмек ата-аналарының біреуіне немесе олар орнын басқан тұлғаға емдеу органының дәрігерлік-консультативтік комиссиясының ере жүру қажеттілігі туралы қорытындысын ұсынбай-ақ аурудың және ере жүретін тұлғаның жолақы құны мөлшерінде белгіленеді. Емдеу мекемесі дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысы купе вагонында немесе авиа көлікте жүруге қажет болған жағдайда ұсынылады.

Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға
жолақыға әлеуметтік көмек төлеу тәртібі

      10 Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек алушылар тізімін қалыптастырады және банкілік операциялардың жеке (кейбір) түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке тізім-ведомосін ұсынады.
      11. Белгіленген заңнама тәртібінде ақылы қызмет көрсетуге келісім жасаған банк еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті ұсынған тізім-ведомость негізінде алушылар ашқан жеке шотқа соманы аударады.

Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмекті қаржыландыру

      12. Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмекті қаржыландыру облыстық бюджет қаржыларынан 6.2.258.015 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер" шығындарды бюджеттік жіктеу коды бойынша осы мақсатқа бөлінген қаржы шегінде жүргізіледі.

  Облыс аумағынан тыс емделуге байланысты
азаматтарға жолақыға әлеуметтік көмек беру
ережелеріне қосымша 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау
департаменті бастығына 

Облыстан тыс жерлерде емделуге байланысты
жолақылық әлеуметтік көмек беру туралы
ӨТІНІШ

ТЕГІ______________________________________________________

АТЫ_______________________________________________________

ӘКЕСІНІҢ АТЫ______________________________________________

МЕКЕН-ЖАЙЫ________________________________________________

___________________________________________________________

ТЕЛЕФОНЫ___________________________________________________

ТӨЛ ҚҰЖАТЫ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ КУӘЛІГІ

номері___________________ (қашан, кіммен) _________________

______________________________________ берілген

ТУУЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

номері___________________ (қашан, кіммен) __________________

______________________________________ берілген

СТТН_________________________________________________________

_____________________________________ БАНК ФИЛИАЛЫНДАҒЫ 

ЖЕКЕ ШОТТЫҢ НОМЕРІ ______________________________________

________________ қаласында емделуіме байланысты маған жолақылық әлеуметтік көмек беруіңізді сұраймын.

Бөлінген қаржыны белгіленген мақсат бойынша пайдалауға қатаң түрде міндеттенемін.

ӨТІНІШ БЕРУ КҮНІ             АРЫЗДАНУШЫНЫҢ ҚОЛЫ
______________________     __________________________

О Правилах предоставления социальной помощи гражданам на проезд в связи с лечением за пределами области

Решение Маслихата Северо-Казахстанской области N 6-13 от 15 апреля 2004 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 18 мая 2004 года N 1254. Утратило силу - решением маслихата Северо-Казахстанской области от 19 августа 2011 года N 37/4

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата Северо-Казахстанской области от 19.08.2011 N 37/4

      В соответствии со статьей 6  Закона  Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и пунктами 1 и 4 статьи 8  Закона  Республики Казахстан "О системе здравоохранения" от 4 июня 2003 года N 430-II областной маслихат  РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила предоставления социальной помощи гражданам на проезд в связи с лечением за пределами области согласно приложений 1, 2.
      2. Департаменту труда, занятости и социальной защиты населения, департаменту финансов принять меры по реализации настоящего решения.

      Председатель VI сессии
      областного маслихата 

 
      Секретарь областного 
      маслихата


Утверждено               
      решением VI сессии областного    
 маслихата от 15 апреля 2004 года N 6/13
"О Правилах предоставления социальной 
 помощи гражданам на проезд в связи  
с лечением за пределами области"   


ПРАВИЛА
предоставления социальной помощи гражданам на проезд
      в связи с лечением за пределами области

   
Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления социальной помощи гражданам на проезд в связи с лечением за пределами области (далее Правила) регламентируют порядок и условия ее предоставления.
      2. Социальная помощь на проезд в связи с лечением за пределами области предоставляется гражданам Республики Казахстан, оралманам, лицам, имеющим статус беженца, иностранцам, лицам без гражданства, имеющим вид на жительство и постоянно проживающим в Республике Казахстан, получившим направление местного органа государственного управления здравоохранением на обследование или лечение в клиниках, научно-исследовательских институтах Республики Казахстан и других республиканских лечебно-профилактических организациях, приравненных к ним.

   
Условия и порядок назначения социальной помощи
      гражданам на проезд в связи с лечением за пределами области

      3. Социальная помощь гражданам на проезд в связи с лечением за пределами области назначается комиссией, созданной при департаменте труда, занятости и социальной защиты населения.
      4. Комиссия создается приказом начальника департамента труда, занятости и социальной защиты населения.
      5. Для назначения гражданам социальной помощи на проезд в связи с лечением за пределами области в департамент труда, занятости и социальной защиты населения предоставляются следующие документы:
      1) заявление прилагаемого образца;
      2) направление на обследование или лечение в клинике или научно-исследовательском институте Республики Казахстан, выданное местным органом государственного управления здравоохранением;
      3) копию документа, удостоверяющего личность, и копию свидетельства о рождении, если на лечение направляется ребенок до 16 лет; а также копию документа, удостоверяющего статус оралмана, беженца или копию вида на жительства;
      4) при необходимости - заключение врачебно-консультационной комиссии лечебного учреждения о нуждаемости в сопровождении больного на лечение с указанием вида транспорта в зависимости от состояния здоровья больного.
      6. Комиссия в 5-дневный срок со дня поступления документов назначает социальную помощь.
      В случае отказа в назначении социальной помощи комиссия письменно мотивирует причину отказа и возвращает заявителю документы.
      Основанием отказа в назначении социальной помощи является предоставление заведомо ложных или недостаточных сведений и документов.
      7. Социальная помощь гражданам на проезд в связи с лечением за пределами области назначается в размере стоимости проезда больного и, при необходимости, сопровождающего лица до места лечения и обратно в плацкартном вагоне железнодорожного транспорта или междугородним рейсовым автобусом.
      По жизненно важным показаниям, установленным врачебно-консультационной комиссией лечебного учреждения, разрешается оказание помощи в размере стоимости проезда больного в купейном вагоне или авиатранспортом.
      8. Стоимость проезда на лечение определяется на основании справки организации, осуществляющей пассажирские перевозки, или предъявленных проездных билетов.
      9. При направлении на лечение за пределы области больного ребенка в возрасте до 16 лет социальная помощь на проезд назначается одному из родителей, или лицу, их заменяющему, в размере стоимости проезда больного и сопровождающего лица без предоставления заключения врачебно-консультационной комиссией лечебного учреждения о нуждаемости в сопровождении. Заключение врачебно-консультационной комиссии лечебного учреждения представляется в случае необходимости проезда в купейном вагоне или авиатранспортом.      

   
Порядок выплаты социальной помощи
      гражданам на проезд в связи с лечением за пределами области

      10. Департамент труда, занятости и социальной защиты населения формирует списки получателей социальной помощи на проезд в связи с лечением за пределами области и предоставляет списки-ведомости в банки второго уровня, имеющие лицензию Национального Банка Республики Казахстан на осуществление отдельных видов банковских операций.
      11. Банк, с которым в установленном законодательством порядке заключен договор на оказание платных услуг, на основании предоставленных департаментом труда, занятости и социальной защиты населения списков-ведомостей производит зачисление сумм на открытые лицевые счета получателей.

   
Финансирование социальной помощи
гражданам на проезд в связи с лечением за пределами области

      12. Финансирование социальной помощи гражданам на проезд в связи с лечением за пределами области производится из средств областного бюджета по коду бюджетной классификации расходов 6.2.258.015 "Социальные выплаты отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов" в пределах средств, выделенных на эти цели.

Приложение к Правилам
      предоставления социальной помощи
      гражданам на проезд в связи с
      лечением за пределами области

 Начальнику департамента труда, занятости
      и социальной защиты населения      
      акима Северо-Казахстанской области    


ЗАЯВЛЕНИЕ
о предоставлении социальной помощи на проезд в
связи с лечением за пределами области


ФАМИЛИЯ_____________________________________________

ИМЯ__________________________________________________

ОТЧЕСТВО____________________________________________

ДОМАШНИЙ АДРЕС____________________________________

_______________________________________________________

ТЕЛЕФОН_____________________________________________

ПАСПОРТ ИЛИ УДОСТОВЕРЕНИЯ ЛИЧНОСТИ

номер ____________________выдан (когда, кем)_____________

_______________________________________________________

СВИДЕТЕЛЬСТВО О РОЖДЕНИИ 

номер ___________________выдан (когда, кем)______________ 

_______________________________________________________

РНН___________________________________________________

НОМЕР ЛИЦЕВОГО СЧЕТА______________________________

В ФИЛИАЛЕ ___________________________________ БАНКА


Прошу предоставить мне социальную помощь на проезд в связи с лечением в г. ____________________________.

Выделенные средства обязуюсь использовать строго по назначению.



ДАТА ПОДАЧИ ЗАЯВЛЕНИЯ       ПОДПИСЬ ЗАЯВИТЕЛЯ

__________________________ _____________________