Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 07.11.2013 N 2103 қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.С.Уәлиевке жүктелсін.
Қала әкімі
Қала әкімдігінің "Көлікте қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссия
туралы ережені бекіту туралы" 2004 ж.
қарашадағы N 701 қаулысымен
бекітілген
Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
қалалық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі мәтін бойынша - "Комиссия" ) көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, бағдарламаларды әзірлеумен және іске асырумен, осы мақсаттарға бөлінетін қаражатты тиімді пайдаланумен байланысты мәселелер бойынша қалалық көлік саласындағы қызметті үйлестіру жөнінде ұсыныстар шығаруға арналған консультативті-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" Заңына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Көлік мәселелерін басқаратын қала әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады. Комиссияның жеке құрамы заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітіледі.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:
1) қала аумағындағы көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету және апаттылықты азайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) көлік кешені жұмысының қауіпсіздігін арттыру.
3. Комиссияның өкілеттігі
5. Осы Ережемен анықталған міндеттерді іске асыру үшін, Комиссия:
1) өз құзыры шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, олардың көліктегі қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметін көрсететін жұмысқа қажетті ақпаратты, материалдарды және мәліметті сұрастырады;
2) атқарушы органдардың, көлік ұйымдарының басшыларын, олардың көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі атқаратын жұмысы туралы өзінің отырыстарында тыңдайды;
3) қала әкімі мен әкімдігінің көліктегі қауіпсіздікті арттыру мәселелері бойынша актілерін әзірлеуге қатысады:
4) жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөнінде ұсыныстар шығару үшін автокөлікпен электркөліктегі апаттылықтың себептерін зерделейді және талдайды;
5) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басым бағыттарының дамуына: қаланың темір және автомобиль жолдарын, аэропортты, көше желілерін салу және қайта жаңарту бағдарламаларына қолдау көрсетеді.
6) Қазақстан мен ТМД елдерінің басқа қалаларының көліктік оқиғалардың алдын алу және салдарының ауыртпалығын азайту мәселелері бойынша оң тәжірибесін зерделеумен және таратумен айналысады;
7) халықтың барлық жастағы топтарына Жол жүру ережелерін үйретуге, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көліктегі қауіпсіздік жөніндегі білімдерін насихаттауға қолдау көрсетеді.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияның құрамына төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшы және Комиссияның мүшелері кіреді.
7. Комиссия отырыстарында қаралатын мәселелер тізбесі қажеттігіне қарай жасалады және төрағамен бекітіледі.
8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ та кем дегенде әр тоқсанда бір рет өткізіледі.
9. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша хаттама жазылады, оған төраға қол қояды. Комиссияның шешімдері ұсыныс сипатында болады және ашық дауыс беру арқылы дауыс көпшілігімен қабылданады.
10. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол жазбаша түрде мазмұндалуға және комиссия отырысының хаттамасына қосымша қосымша берілуге тиіс.