Мамлют ауданы әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 28 қаңтардағы N 16 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 ақпанда N 1165 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 маусымдағы N 166 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 166 Қаулысымен

      "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 Жарлығын, құқық қорғау органдары басшыларының 2003 жылғы 10 қыркүйектегі "Заңдылықтың және қылмыспен күрестің жағдайы туралы" мәселесі бойынша республикалық мәжілістегі Елбасының тапсырмаларын орындау және жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау мен мемлекеттік органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы үйлестіру ролі мен тиімділігін көтеру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Консультативтік-кеңесші орган Мамлют ауданы әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      2. Мамлют ауданы әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссия туралы Ереже бекітілсін.
      3. Консультативтік-кеңесші орган өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына және осы ережеге сәйкес жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы В.П.Артимовичке жүктелсін.

      Аудан әкімі

      Келісілді
      Қаржы полициясының Мамлют ауданы бойынша
      аймақаралық бөлімінің бастығы

      Аудан прокуроры

      Ұлттық қауіпсіздік Комитеті департаментінің
      Мамлют аудандық бөлімшесінің бастығы

      Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы

Мамлют ауданы әкімдігінің
"Мамлют ауданы әкімдігі жанындағы
қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы"
2004 жылғы 28 қаңтардағы N 16 қаулысымен
бекітілді

Мамлют ауданы әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. Мамлют ауданы әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ілгеріде-Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады және қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселесінде ауданның атқарушы және құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін құрылды.
      2. Комиссия өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, ел Президенті мен Үкіметтің, облыстың және аудандық әкімдіктің актілеріне, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, осы Ережеге сәйкес және жоспарлы негізде жүзеге асырады.
      3. Комиссия өз құзыретінде қорытынды береді, комиссия хаттамасымен ресімделген, қаралған мәселенің сипаты мен мазмұнына байланысты ұсынымдар әзірлейді.
      4. Комиссия аудан әкімі болып табылатын төрағадан, аудан прокуроры (келісім бойынша) тұлғасында төраға орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.
      5. Комиссия мүшелері лауазымы бойынша Ұлттық қауіпсіздік Комитеті департаментінің (келісім бойынша) Мамлют аудандық бөлімшесінің, аудандық ішкі істер бөлімінің (келісім бойынша), Мамлют ауданы бойынша қаржы полициясының Аймақаралық бөлімшесінің (келісім бойынша) бастықтары, аудан әкімі аппаратының басшысы және аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып табылады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      6. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті мыналар болып табылады:
      1) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру салаларында ауданның атқарушы органдарының қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
      2) аудандағы криминогендік жағдайды талдау, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарау және бекіту;
      3) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі құқық қорғау, бақылаушы және басқа да мемлекеттік органдар қызметін қорытындылау;
      4)атқарушы, құқық қорғау, бақылаушы және басқа да мемлекеттік органдармен қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы заңдарын, ел Президенті мен Үкімет актілерін, облыс және аудан әкімдігі қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау жағдайын зерделеу;
      5)ауданда құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға ұсынымдар дайындау.

3. Ведомствоаралық комиссияның функциялары

      7. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:
      1) мәжілістерде ауданның атқарушы, құқық қорғау органдарында қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерін қарауды;
      2) комиссия мүшелерінің сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөніндегі ақпаратын тыңдауды;
      3) жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жақсарту жөнінде ұсынымдарды пысықтауды;
      4) сәйкес кезеңге қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрестің бағдарламасын әзірлеуді және ілгеріде аудандық мәслихатпен бекіту үшін жіберуді;
      5) қабылданған бағдарламалардың, сонымен қатар қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі»мемлекеттік бағдарламамен қарастырылған іс-шаралардың барынша және дер уақытында орындауды қамтамасыз етуді.

4. Ведомствоаралық комиссияның өкілеттігі

      8. Ведомствоаралық комиссия негізгі міндеттерін іске асыруда және өз функциясын жүзеге асыру кезінде мыналарға құқылы:
      1) өз құзыреті шегінде атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі» мемлекеттік, аудандық бағдарламаларды және өзінің жеке іс-шараларының жүзеге асырылуы туралы ақпарат сұрауға және алуға;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі қызметке қатысатын мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;
      3) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мәселелері бойынша комиссия мүшелерінің ақпаратын тыңдауға;
      4) аудан әкімінің және аудандық мәслихат сессиясының қарауына қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында өзекті және қоғамдық қызу пікірталас тудырған мәселелерді енгізуге.
      9. Ведомствоаралық комиссия мыналарға міндетті:
      1) ол қызметін үйлестірілетін мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдардың олардың құзыретіне енетін, олармен қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес функцияларды жүзеге асыру кезінде дербестіктердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      2) аудандық мәслихат алдында комиссия қызметі, өңірдегі криминогендік жағдай және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы есеп беруге.

5. Ведомствоаралық комиссия жұмысын ұйымдастыру

       10. Комиссияның жеке құрамы аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихатпен бекітіледі.
      11. Комиссия өз құрамында кіші комиссия, кеңес құра алады.
      12. Комиссия жұмысы алқалық және жариялылық негізінде құрылады.
      13. Комиссия өз жұмысын мемлекеттік, құқық қорғау органдары, басқа ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер қызметімен, осы Ережеден және қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрестің аудандық бағдарламасында көзделген іс-шаралардың тізбесінде көрсетілген негізгі міндеттер мен функцияларды ұстау негізінде үйлестіреді.
      14. Комиссия өзінің кезекті мәжілісін тоқсанына бір рет өткізеді. Мәжіліске комиссия мүшесінің жартысынан артығы қатысса заңды деп есептеледі. Кезектен тыс мәжілістер аудан әкімінің комиссия төрағасының бастамасымен немесе комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан артығының бастамасымен шақырылады.
      15. Комиссия төрағасы:
      1) комиссия қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оның қызметіне басшылық жасайды;
      2) комиссия құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен өзара әрекет етеді;
      3) тиімді жоғары тұрған мемлекеттік органдар алдында комиссия қызметі үшін есеп береді;
      4) осы Ережемен көзделген басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
      16. Комиссия мүшелері:
      1) осы алқалық органның құзыретіне жататын мәселелерді комиссияда қарау кезінде кеңесші дауысқа құқы бар;
      2) комиссия қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда аудан әкіміне жазбаша түрде жеткізілетін ерекше ойын білдіруге құқылы;
      3) комиссия төрағасы тапсырмаларын орындауға міндетті;
      4) комиссия төрағасының рұқсатымен мемлекеттік органдардың, басқа да ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің лауазымдық тұлғаларынан "Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес" мемлекеттік және аудандық бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша қажетті мәліметтерді талап етуге құқылы;
      5) төраға тапсырысы бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылық құрамы мен ұжымдарының мәжілістеріне, отырыстарына, жиналыстарына қатысуға құқылы.

О межведомственной комиссии по борьбе с преступностью и коррупцией при акимате Мамлютского района

Постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 28 января 2004 года N 16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 26 февраля 2004 года за N 1165. Утратило силу - постановлением акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 14 июня 2010 года N 166

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 14.06.2010 N 166

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 20 апреля 2000 года N 377 "О мерах по совершенствованию системы борьбы с преступностью и коррупцией", поручений главы государства, данных на республиканском совещании руководителей правоохранительных органов 10 сентября 2003 году по вопросу "О состоянии законности и борьбы с преступностью" и в целях повышения координирующей роли и эффективности местных исполнительных, правоохранительных и государственных органов в сфере борьбы с преступностью и коррупцией  акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Образовать консультативно-совещательный орган Межведомственную комиссию по борьбе с преступностью и коррупцией при акимате Мамлютского района.
      2. Утвердить Положение о Межведомственной комиссии по борьбе с преступностью и коррупцией при акимате Мамлютского района (прилагается).
      3. Консультативно-совещательному органу свою деятельность осуществлять в соответствии с Конституцией, действующим законодательством Республики Казахстан и данным положением.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Артимовича В.П.

      Аким района

      Согласовано:
      Начальник межрегионального отдела
      финансовой полиции по Мамлютскому району

      Прокурор района

      Начальник Мамлютского районного
      отделения департамента Комитета

      Национальной Безопасности

      Начальник районного отдела
      внутренних дел

Утверждено
постановлением акимата Мамлютского района
от 28 января 2004 года N 16
"О Межведомственной комиссии по борьбе
с преступностью и коррупцией при
акимате Мамлютского района"

ПОЛОЖЕНИЕ
о Межведомственной комиссии по борьбе с преступностью
и коррупцией при акимате Мамлютского района

1. Общие положения

      1. Межведомственная комиссия по борьбе с преступностью и коррупцией при акимате Мамлютского района (далее - комиссия) является консультативно-совещательным органом и образована для обеспечения эффективности деятельности исполнительных и правоохранительных органов района в вопросах организации борьбы с преступностью и коррупцией.
      2. Комиссия осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства страны, областного и районного акимата, решений и распоряжения акима области и района, настоящим положением и на плановой основе.
      3. Комиссия по вопросам своей компетенции дает заключения, вырабатывает рекомендации, оформляемыми протоколом комиссии, в зависимости от характера и содержания рассматриваемых вопросов.
      4. Комиссия состоит из председателя, являющегося акимом района, заместителя в лице прокурора района (по согласованию) и членов комиссии.
      5. Членами комиссии по должности является начальники Мамлютского районного отделения департамента Комитета Национальной Безопасности Республики Казахстан (по согласованию), районного отдела внутренних дел (по согласованию), Межрегионального отдела финансовой полиции по Мамлютскому району (по согласованию), руководитель аппарата акима района и советник акима района по правовым вопросам.

2. Основные задачи комиссии

      6. Основными задачами Межведомственной комиссии являются:
      1) обеспечение Межведомственной координации деятельности исполнительных органов района в сферах организации борьбы с преступностью и коррупцией;
      2) анализ криминогенной обстановки в районе, рассмотрение и утверждение планов мероприятий по усилению борьбы с преступностью и коррупцией;
      3) обобщение деятельности правоохранительных, контролирующих и иных государственных органов по борьбе с преступностью и коррупцией;
      4) изучение состояния исполнения законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства страны, постановлений областного и районного акиматов, решений и распоряжений областного и районного акимов по вопросам борьбы с преступностью и коррупцией исполнительными, правоохранительными и иными государственными органами;
      5) подготовка рекомендаций исполнительным, правоохранительным и иными государственным органам по обеспечению правопорядка и законности в районе.

3. Функции Межведомственной комиссии

      7. Комиссия осуществляет следующие функции:
      1) рассматривает на заседаниях вопросы организации борьбы с преступностью и коррупцией в исполнительных, правоохранительных органах района;
      2) заслушивает информацию членов комиссии по организации борьбы с преступностью и коррупцией;
      3) вырабатывает рекомендации по улучшению вышеуказанной работы;
      4) разрабатывает и направляет для последующего утверждению районным маслихатом программы борьбы с преступностью и коррупцией на соответствующий период;
      5) обеспечивает надлежащее и своевременное выполнение принятых программ, а также реализацию на территории района, предусмотренных государственной программой «Борьбы с преступностью и коррупцией»мероприятий.

4. Полномочия Межведомственной комиссии

      8. Межведомственная комиссия при реализации основных задач и осуществлении своих функций имеет право:
      1) запрашивать и получать от исполнительных, правоохранительных и иных государственных органов в пределах своей компетенции информацию о реализации государственной, районной программ Борьбы с преступностью и коррупцией и своих собственных мероприятий по вопросам борьбы с преступностью и коррупцией;
      2) вносить предложения по совершенствованию деятельности государственных органов, участвующих в деятельности по реализации антикоррупционной политики;
      3) заслушивать информацию членов комиссии в пределах компетенции по вопросам борьбы с преступностью и коррупцией;
      4) вносить на рассмотрение акима района и сессии районного маслихата наиболее актуальные и вызвавшие широкий общественный резонанс вопросы в области борьбы с преступностью и коррупцией.
      9. Межведомственная комиссия обязана:
      1) обеспечивать соблюдение самостоятельности деятельности координируемых ею государственных органов, других организаций при осуществлении ими в соответствии с действующим законодательством функций, входящих в их компетенции;
      2) отчитываться перед районным маслихатом о деятельности комиссии, криминогенной ситуации в регионе и мерах по ее улучшению.

5. Организация работы Межведомственной комиссии

      10. Персональный состав комиссии по представлению акима района утверждается районным маслихатом.
      11. Комиссия может образовывать в своем составе подкомиссии, советы.
      12. Работа комиссии строится на основе коллегиальности и гласности.
      13. Комиссия координирует свою работу с деятельностью государственных, правоохранительных органов, других организаций и общественных объединений на основании содержания основных задач и функций, указанных в настоящем положении и основного перечня мероприятий, предусмотренных районной программой борьбы  с преступностью и коррупцией.
      14. Комиссия проводит свои очередные заседания один раз в квартал. Заседания считаются правомочными при наличии более половины членов комиссии. Внеочередные заседания созываются по инициативе акима района председателя комиссии или по инициативе более половины членов комиссии.
      15. Председатель комиссии:
      1) обеспечивает организацию деятельности комиссии и руководит ее деятельностью;
      2) взаимодействует с государственными, правоохранительными и иными органами, общественными объединениями и гражданами по вопросам, входящим в компетенцию комиссии;
      3) отчитывается перед соответствующими вышестоящими органами за деятельность комиссии;
      4) осуществляет иные полномочия, предусмотренные настоящим положением.
      16. Члены комиссии:
      1) имеют право совещательного голоса при рассмотрении на комиссии вопросов, относящихся к компетенции данного коллегиального органа;
      2) вправе, в случае несогласия с принятым комиссией решением, выразить особое мнение, которое в письменной форме доводится до сведения акима района;
      3) обязаны исполнять поручения председателя комиссии;
      4) вправе с разрешения председателя комиссии истребовать у должностных лиц государственных органов, других организаций и общественных объединений необходимые сведения по вопросам реализации государственной и районной программ "Борьбы с преступностью и коррупцией";
      5) вправе участвовать по поручению председателя в совещаниях, заседаниях и собраниях руководящего состава и коллективов государственных органов, организаций и общественных объединений.