Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылға арналған Қазақстан халқына 2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауында айтылған сайлаушылар тізімін жасаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасын, Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының сайлаушылар тізімін жасау тәртібі және салыстырып тексеру туралы 24-бабын іске асыру мақсатында, сондай-ақ әрбір сайлау участогы бойынша сайлаушылар тізімін тиісті тәртіпке келтіру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері:
1) әрбір тұрғын үй нөмірін және көшелердің дұрыс атауын енгізу арқылы, оларды тиісті ономастикалық комиссиялар арқылы тәртіпке келтіріп, бір айлық мерзім ішінде сайлау учаскелер шекарасын нақтылап, олардың жазбасын жасасын;
2) бір айлық мерзім ішінде қолданыстағы "Сайлаушы" автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (ілгері қарай - "Сайлаушы" ААЖ) жаңартылған базасын 2003 жылғы 20 қыркүйектегі соңғы сайлау қорытындылары бойынша оны сайлаушылар туралы мәліметтермен толықтыра отырып қалыптастырсын;
3) әрбір селолық (ауылдық) округті, поселкені "Сайлаушы" ААЖ енгізу үшін қаражат іздестірсін және компьютерлік техникамен қамтамасыз етсін.
2. Атырау қаласы мен Құлсары қаласы әкімдері бір айлық мерзімде ішкі істер бөлімдерімен, пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен бірлесіп, аула және пәтерлер бойынша аралап шықсын, онда тұратын азаматтардың паспорттық режимін тексерсін.
3. Атырау облысы ішкі істер басқармасы (келісім бойынша):
1) жартыжылдық мерзімділік арқылы облыстық және аудандық маңыздағы қалаларда паспорттық режимді тексеруге жәрдемдессін және оны ұйымдастырсын;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және облысқа тұрақты тұруға келген азаматтар туралы мәліметтерді сайлаушылар тізіміне қосу мақсатында олардың сенімділігін қамтамасыз етсін;
3) тоқсан сайын сайлаушылар тізімін жасаумен айналысатын жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті лауазымды тұлғаларына облыс халқының күші-қоны туралы мәліметтер ұсынып тұрсын.
4. Атырау облысы Әділет басқармасы (келісім бойынша) тоқсан сайын сайлаушылар тізімін жасаумен айналысатын жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті лауазымды тұлғаларына облыс азаматтарының өлімін тіркеу туралы мәліметтер беріп тұрсын.
5. Атырау облысы әкімінің аппараты, Атырау қаласы және аудандар әкімдері "Сайлаушы" ААЖ бойынша сайлаушылар тізімінде көрсетілген сайлаушылар туралы мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етсін.
6. Осы шешімнің атқарылуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Мусин |