Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 қаулысының 5-тармағына сәйкес, «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының орманды алқаптарын ерекше күзетуді, қолайсыз сыртқы әсерден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 14.04.2014 № 105 қаулысымен.
1. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің сыртқы шекарасы жанынан көлемі 2 км жер учаскелерін жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен алмай, жалпы алаңы 252,0 мың га (екі жүз елу екі мың га) қорғалатын аймақ белгіленсін, соның ішінде:
Бесқарағай ауданы бойынша - 190,0 мың га;
Бородулиха ауданы бойынша - 38,0 мың га;
Семей қаласы бойынша - 24,0 мың га.
2. Қорғалатын аймақ аумағында қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес қызметтерге тыйым салынсын.
3. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесіне жергілікті орындарда қорғалатын аймақтың шекарасын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.М.Селихановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының
2004 жылғы 30 сәуірдегі N 453
қаулысына қосымша
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің қорғалатын аймақ аумағында тыйым салынатын қызметтердің тізбесі
1. Өндірістің және тұтынудың қалдықтарын, сондай-ақ радиобелсенді материалдар мен минералды тыңайтқыштарды қоймалау және көму.
2. Су қоймаларын ағынды суларды қашыртқылау үшін пайдалану.
3. Қоршаған ортаға физикалық әсер ететін қауіпті химиялық, биологиялық заттарды зиянды пайдалану.
4. Барлық пайдалану түрлерінде орман шабуға, шәйір, орманның екінші дәрежелі материалдарын және ағаш шырындарын дайындау.
5. Орманды қорғау күштерінің бақылауымен өткізілетіннен басқа, шөп өсімдіктерін жағу.
Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық шаруашылығы
аумақтық басқармасының бастығы