Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2008.06.20 N 8/71-IV шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 1 тармағы, 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сәулеттік, қала құрылысы және құрылыстық қызмет туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабы, 1 тармағы, 2) 3) тармақшаларына, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1 Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабы, 1 тармағы негізінде, сонымен бірге көркейту тәртібін анықтау, тазалықты қолдау мен жасыл желекті қорғап, сақтау мақсатында Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелері бекітілсін (беріледі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өндірістік және әлеуметтік инфраструктураны дамыту, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Семей қалалық мәслихатының
2004 жылғы 14 мамырдағы
N 6-7 шешіміне Қосымша
Семей қаласын көркейту, көгалдандыру
және санитарлық тазарту ережесi
Осы ережелер Семей қаласындағы қалалық инфраструктура элементтерiн көркейту, ұстау, қорғау және пайдалану, жер қазу жұмыстарын және жол төсемдерiнiң бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргiзу, тазалықты қолдау, аумақтар мен көшелердi жинау, жасыл желектердi ұстау және қорғау тәртiбiн, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларды осы мәселемен байланысты құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн анықтайды.
Бұл ережелер қаланың әкiмшiлiк аумағында барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
Семей қаласын көркейту, санитарлық жай-күйiн қамтамасыз ету және қала аумағындағы жасыл желектердi қорғау ережелерiнiң жеке тармақтарында Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихатының 2001 жылғы 15 маусымдағы N 10/7-II шешiмiмен бекiтiлген "Шығыс Қазақстан облысының қалаларын, поселкелерiн және ауылдарын көркейту, санитарлық жай-күйiн қамтамасыз ету, жерлерiн және жасыл желектерiн қорғау ережелерiнiң" талаптары қолданылды. Осы ережелер талаптарының аталған облыстық ережелер қағидаларынан айырмашылығы болған жағдайларда, облыстық ережелерге басымдық берiледi.
Семей қаласын көркейту, көгалдандыру
және санитарлық тазарту ережесi
Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, "Елдi мекендердiң санитарлық-эпидемиологиялық орайлығы туралы" Заңына, "Сәулеттiк, қала құрылысы және құрылыстық қызмет туралы" Заңына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңына, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Су кодексiне, облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 15 маусымдағы шешiмiмен бекiтiлген "Шығыс Қазақстан облысының қалаларын, поселкелерiн және ауылдарын көркейту, санитарлық жай-күйiн қамтамасыз ету, жерлерiн және жасыл желектерiн қорғау ережелерiне" сәйкес әзiрленген. Осы Ережелермен Семей қаласының әкiмшiлiк аумағында барлық заңды және жеке тұлғаларға мiндеттi болып табылатын қаланы көркейтудiң, нормаға сәйкес санитарлық жай-күйдi қамтамасыз етудiң және жасыл желектердi қорғаудың бiрыңғай тәртiбi орнатылады.
Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес қолданылуы мүмкiн.
1. НЕГIЗГI ҰҒЫМДАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
1. Осы ережелерде қолданылатын ұғымдар, анықтамалар және қысқартулар мына мағыналарды бiлдiредi:
аумақты көркейту - қаланың әкiмшiлiк аумағында адамдардың жайлы, қолайлы өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн жұмыстар мен элементтердiң жиынтығы;
инженерлiк жүйелер мен құрылымдар - халықты және кәсiпорындарды жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ қала аумағынан үстiрт суларды жинау және бұру үшiн арналған инженерлiк жабдықтаудың маңызды элементтерi;
жасыл желектер - санитарлық-гигиеналық жағдайларды, көркейту және сәулеттi-ландшафттық безендiру (газондар, гүлзәрлар, ағаштар, талдар) деңгейiн көтеруді қамтамасыз ететiн жоспарлық шешiмдердiң элементтерi;
жер қазу жұмыстары - аумақтарды қазуға, топырақты үюге, қазылған жердi қайта жабуға, котловандарды әзiрлеуге байланысты жұмыстар;
жер пайдаланушы - қаланың әкiмшiлiк аумағында, мақсатына қарамай меншiктiң барлық түрiндегi жер учаскелерiн пайдаланушы заңды және жеке тұлғалар (кәсiпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, жеке кәсiпкерлер, үй иелерi, жалға алушылар, жекеменшiк пәтерлер кооперативтерi және басқалар;.
үй иесi - жеке меншiгiнде үйi немесе үйдiң бөлiгi (ортақ иелiк) бар заңды немесе жеке тұлға;
бөлiнген аумақ - жер иеленушiге меншiкке, немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмдерiне сәйкес өзiне тиесiлi объектiлердi (үйлердi, құрылымдарды, көлiк желiлерiн және басқаларды) орналастыру үшiн, пайдалануға берiлген жер учаскесi;
бекiтiлген аумақ - атқарушы органмен заңды немесе жеке тұлғаға, күту және қызмет көрсету үшiн анықталып қоса тiркелген, бөлiнген аумаққа жапсарлас жатқан, сол бөлiнген аумаққа қызмет көрсетуге пайдаланылатын жер бөлiгi.
Қала аумағында бекiтiлген аумақтар болып табылады:
- көше аумақтары (тротуарлар, газондар және басқа көркейту элементтерi);
- кондоминиумдарға және басқаларға бөлiнбеген iшкi аула аумақтары (егер бiр аулада бiрнеше жер пайдаланушы болса. Бекiтiлген аумақ бөлiнген аумақтарды шекараларына сайма-сай немесе тараптардың келiсiмi бойынша анықталады.);
- бөлiнген аумақтың» периметрi бойынша 5 метр қашықтыққа дейiнгi, ал көше жақтан - көшенiң "қызыл сызығынан" аспайтын аумақ.
Көше - жолдың жүргiн бөлiгi, тротуарлар, жасыл желеңдер, аялдамалар, жер асты және жер үстi инженерлiк жүйелерi орналасқан аумақ.
Қоғамдық орындар - ортақ пайдаланатын демалыс аумақтары (парктер, жағажайлар және басқалар), алаңдар, бульварлар және басқалар.
Құрылыс жүргiзiлмеген бос аумақтар - жобалаудың негiзгi нормаларын қолдануды шектейтiн жер үстi және жер асты құрылыстары жоқ аумақ.
Басқарма - "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының көркейту жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесі.
IIБ ЖПБ - iшкi iстер басқармасының жол полициясы бөлiмi.
МСЭББ - "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекеме.
Ескерту. 1 тараудың 1 тармағына өзгертулер енгізілген - Семей қалалық мәслихатының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 29-8 шешімімен.
2. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
2. Заңды тұлғалар, тұрғын үй иелерi, олардың жекеменшiк пәтерлер кооперативi (ЖПК) нысанындағы бiрлестiктерi, сондай-ақ тұрғын үйлердегi жапсарлас салынған тұрмайтын бос жайлардың иелерi мен жалдаушылары тұрғын үй қорын техникалық пайдаланудың және ұстаудың "Қазақстан Республикасының құрылыс жөнiндегi Ережелерi. Тұрғын үй қорын техникалық пайдалану және ұстау" ережелерiне сәйкес қамтамасыз етуге мiндеттi (ПР РК 07-22-99).
Кәсiпорындар, мекемелер, үй құрылысының иелерi және оларды жалға алушылар:
1) үйлердi, шаруашылық және тұрмыстық ғимараттарды және құрылымдарды техникалық күтiп ұстауға, оларға дер кезiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге және олардың сырт келбетiн тиiстi жағдайда ұстауға, үйлердiң қасбеттерiн, тақтай қоршауларды, қоршауларды және қақпаларды бояуды, жөндеудi және қайта жаңартуды қалалық сәулет органдарымен келiсiп iстеуге;
2) үйлердiң подъездерiнде белгiленген үлгiдегi шамдардың болуына, үйлердiң реттiк саны және көшенiң (шолақ көшенiң) атауының анық жазылуына, хабарландырулар тақтасы және қоқыс жинау үшiн урналар қоюға;
3) көп пәтерлi үйлердiң подъездерiнiң есiгiнде пәтерлердiң реттiк сандары белгiленген тақтайшаларды iлуге;
4) үйлердiң шатырлары мен жерқабаттарына құлып салуға және жерқабат терезелерiнiң кейбiреуiн оларды желдету үшiн жыл бойына ашық қалдыруға;
5) аулаларда, подъездерде, жерқабаттарда және баспалдақ ала шаларында электр жарықтарының болуына және оларды күтiп ұстауға;
6) суқұбырлары, канализация, жылу беру жүйелерiн күтiп ұстауға және жерқабат бөлмелерiне судың жайылуын жiбермеуге;
7) үйдiң кiре берiс есiктерiн күтiп ұстауға;
8) барлық құрылыстық-монтаждау жұмыстарын құрылыс жүргiзу нормалары мен ережелерiне сәйкес жүргiзуге;
9) жер және асфальттыбетон қабаттарын қазуға байланысты шұғыл апаттық жұмыстарды жүргiзуге, IIБ ЖПБ-мен және жер асты коммуникацияларының иелерiмен келiсiлiп, басқармада жазбаша рұқсат (ордер) ресiмделгеннен кейiн орындауға;
10) қалалық сәулет органдарының келiсiмiмен құрылыс алаңдарын қоршауға, жаяу жүргiншiлер үшiн уақытша өту жолдарын сәйкес ескерту белгiлерiмен қоса белгiлеуге; жасыл желектер аумағында құрылыс және жоспарлау жұмыстарын орындаған кезде олардың зақымдануына жол бермеу шараларын қабылдауға; тапсырыс берушiлер сақталатын жасыл желектердi құрылыс жүргiзушi ұйымдарға сақтау қолхаты арқылы өткiзiп беруге; құрылысқа немесе басқа жұмыстарды жүргiзуге бөлiнген учаскелердегi жасыл желектердi сақтап қалу мүмкiндiгi болмаған жағдайда тапсырыс берушi ағаштар отырғызуды өз күшiмен және қаражатына жүргiзуге;
11) қазылған орындарды, құрылыс жүргiзiлген алаңдарды өз уақытында тәртiпке келтiруге, қызмет бабындағы ғимараттар мен тұрғын үйлердi салу немесе жөндеу кезiнде пайда болған қоқысты жұмыс жүргiзушiлердiң күшiмен және өз қаражатына қалалық қоқыс төгу орнына тасуға (тасып шығарғанын растайтын құжаттардың болуы, атап айтқанда тығыз тұрмыстық қалдықтардың қалалық полигонының талондары немесе түбiртiктерi);
12) өндiрiстiк, қызметтiк және тұрғын үйлерге апаратын жолдарды күтiп және бос ұстауға;
13) канализация жүйесiне қосылмаған қызмет бабындағы ғимараттар мен тұрғын үйлердiң аулаларында су өтпейтiн шұңқыры мен ауа алмастырғышы бар әжетханалар және сұйық жуынды-шайынды төгетiн шұңқырлардың болуына, олардың маңайы асфальтпен немесе басқа жабын материалдарымен жабылуына, сұйық жуынды-шайындыларды мамандандырылған кәсiпорындарды тасып әкетуi туралы шарт немесе растайтын басқа құжаттардың болуына;
14) жасыл желектердi отырғызуды Басқарма мен құрылыс және сәулет басқармасымен келiсiлген жоба бойынша жүргiзуге, жаз кезiнде арам шөптердi жүйелi жоюға, қыс кезiнде мұзды аршып тазалауға мiндеттi.
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, жекеменшiк пәтерлер кооперативтерi мен үйлердi ортақ иеленушiлер, жекеменшiк тұрғын үйлердiң иелерi өздерiне оларға бөлінген учаскелерде арам шөптердi өз уақытында және жүйелi тұрда жойып отыруға мiндеттi;<*>
15) объектiнi салуға (орналастыруға) жер учаскесiн беру, немесе осы мақсаттар үшiн меншiк немесе жер пайдалану құқығында тапсырыс берушiге қарайтын учаскенi пайдалануға рұқсат беру туралы әкiмдiктiң шешiмдерi уақытша құрылғыларды орналастыру және күрделi құрылғыларды салуға рұқсат беретiн негiзгi құжаттар болып табылады. Объектiнiң сырт келбетi қаланың бас сәулетшiсiмен бекiтiлген сыртқы жөндеу паспортына (жобалық шешiмге) сәйкес болуы қажет.
16) аялдаманың павильондарын, дүңгiршiктердi, офистердi, әкiмшiлiк ғимараттарды, қоғамдық және мәдени орталықтарды, вокзалдарды, қонақ үйлердi, мейрамханаларды, жағалауларды, қалаға кiреберiстердi, жанар май құю стансаларын, көпiрлер мен жол айналымдарын жарық шамдарымен әшекейлеу, аула аумақтарын жарықтандыру, үйдiң қасбеттерiн, жаяу жүргiншiлер аумақтарын, жасыл желеңдердi түстi шамдармен жарықтандыру құрылыс және сәулет басқармасымен анықталған талаптарға сәйкес болуы қажет және жарық гирляндаларын, жүгiрiп тұратын оттарды және басқа да жаңадан шыққан жарықтандыру техникаларын қолдану арқылы орындалуы қажет. Көшелердi, үйлердiң қасбеттерiн, аула аумақтарын жарықтандыру үшiн сынапты толтырғыштары бар шамдарды қолданған кезде СанПиН 1.10.083-94 талаптарын орындау қажет.
17) жанар май құю стансаларына (АЗС) келiсiлген бас бағдарламаға сәйкес (жол белгiлерi, сызықтары, жарнамалық қондырғылар, қоршаулар), жанар май құю стансаларының алаңдары топырақ бетiн сулардан құрғату шұқырларына немесе өндiрiстiк-нөсерлiк канализацияларға қарай су жинайтын ағызғылар бағытына қарай еңiс болуы қажет, топырақ қабатының және су айдындарының мұнай өнiмдерiмен ластануынан сақтау жөнiнде шаралар қолданылуы қажет;
18) жанар май құю стансаларының иелерi қоқысты өздерi жинап тасып әкетедi, өз аумағындағы суаққылар мен топырақ бетiн сулардан құрғату құрылғыларын тазалайды немесе мамандандырылған кәсiпорындармен осы жұмыстарды атқаруға шарт жасайды, белгiленбеген жерлерде (су алатын колонкалардың жаны, жасыл желектер орналасқан аумақтар, жолдардың шетi және т.б.) шыны ыдыстарды жинау пункттерiн орнатуға, шөлмектердi жууға рұқсат берiлмейдi;
19) автокөлiк тұрақтарын, жанар май құю стансаларындағы қызмет көрсету объектiлерiн көркейту кезiнде оларға кiретiн және шығатын жерлерге дейiнгi арақашықтық магистральдi көшелер қиылысынан 50 метр, жергiлiктi маңызы бар жолдардан 20 метр, қоғамдық көлiктер аялдамасынан 30 метр болуын сақтау қажет.
Ескерту. 2 тараудың 2 тармағы 14) тармақшасына өзгертулер енгізілген - Семей қалалық мәслихатының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 29-8 шешімімен.
3. Көшелерде мыналарға тыйым салынады:
1) хабарламаларды, жарнамаларды бұл мақсаттар үшiн белгiленбеген жерлерге жапсыруға;
2) жасыл желектердi сындыруға және бүлдiруге, ағаштарға аспалы төсектер, әткеншектер iлуге, кiр жаятын жiптер байлауға, электр және телефон сымдарын бекiтуге, жапырақтар мен жемiстердi үзуге, газондар мен гүлзарларда ойнауға, гүлдердi жұлуға;
3) көшелердi, жолдарды және жол құрылғыларын, жол қозғалысын реттеу және ұйымдастыру белгiлерiн, жасыл желектер мен басқа да жол жайластыру құрылғыларын зақымдауға;
4) жалпы өлшемi, салмағы және өзiнiң жүгi ГОСТ-пен белгiленген нормадан артық болған жағдайда көшелермен және жолдармен жүрiп өтуге;
5) енi мен биiктiгi көлiк өлшемiнен, артқы жағынан 2 метрден асатын немесе жүргiн жол бөлiгiнде сүйретiлiп келетiн жүктi тасуға;
6) көлiк құралдарының немесе басқа техниканың жүруiне жабдықталып белгiленбеген көшеге және жолға түсу және кiру, немесе оларды кесiп өтуге жабдықталмаған жерлер мен жиегiндегi тастарды (бордюр) басып өтуге;
7) көлiктiң қай түрi болмасын жолды бөлу сызықтарын, тротуарларды, жаяу жүргiншiлер жүретiн жолдарды және газондарды басып жүруге;
8) көшелердiң, жолдардың, жол айналымдарының жүргiн бөлiгiн, топырақ бетiн сулардан құрғату қондырғыларын ластауға, сондай-ақ көшелер мен жолдарды қоқыстайтын жүктердi ораусыз тасуға;
9) көшелердi және жолдарды небiр заттармен, құрылыс материалдарымен, машиналармен және т.б. бөгеуге немесе толтыруға;
10) көшелер мен жолдардың жүргiн бөлiгiне канализациялық, өнеркәсiптiк және ағын суларды ағызуға;
11) ерекше жағдайлардан (көшелердiң жүргiн бөлiгiн қыста мұздан аршу үшiн) басқа уақытта жүру табаны темiр техниканың жүрiп өтуiне;
12) жанар-жағар материалдарды құюға, көлiк құралдарын жөндеуге және майлауға, жүктi тиеуге, түсiруге, қайта тиеуге және бекiтiп таңуға, машиналарды тазартуға және жууға;
13) Басқарманың және iшкi iстер басқармасының жол полициясы бөлiмiнiң келiсiмiнсiз жол жабындысын бұзумен байланысты жұмыстарды жүргiзуге, жол ақпаратына қатысы жоқ жарнамалар, плакаттар, маңдайшалар және хабарландырулар орнатуға;
14) спорт шараларын өткiзуге (жаяу жарыстар, автомобиль, велосипед және басқа жарыстар, осыған ұқсас шаралар);
15) скверлерде, саябақтарда, пляждарда және басқа да халық демалатын орындарда мал жаюға, иттердi қыдыртуға;
16) көшелерде, су айдындарында, өзендерде, су алатын шөмектердiң, колонкалардың қасында, жекеменшiк үй иелiктерiнен басқа аулаларда автокөлiк, тракторлар, мотоциклдер, велосипедтер және басқа көлiк құралдарын жууға;
17) көшелерде, тротуарларда, алаңдарда сауда жүргiзу аяқталған соң сауда ыдыстарын, жәшiктерiн, ыдыстарын, бөшкелерiн, жылжымалы сауда жабдықтарын тастап кетуге.
4. Жаз кезiнде тазалық пен тәртiптi үнемi қолдау мақсатында аптасына бiр рет тазалық күнi - бейсенбi белгiленедi, оған бөлiнген және бекiтiлген аумақтарды тазарту, жасыл желектердi күту үшiн меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар, ұйымдар ұжымдарының, ЖПК, сондай-ақ жекеменшiк үй иелерiнiң қатысуы мiндет.
5. Меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдар, ЖПК-мен шарт жасамаған жекеменшiк үй иелерi, сәулеттiк және санитарлық талаптарға сәйкес, жүйелi түрде өз қаражаты есебiнен бөлiнген және бекiтiлген аумақтар шегiнде мына жұмыстарды орындауға мiндеттi:
Аула аумақтарын тазарту күнделiктi және жыл мезгiлi мен ауа райына байланысты тротуарларға су шашу және құм себу, қажеттiгiне қарай қар мен қоқысты тасып шығару, суаққылар мен топырақ бетiн судан құрғату арықтарын тазалау.
6. Жыл сайын сәуiр және қазан айларында көркейту айлықтарын, қала аумағын санитарлық тазартуды өткiзу.
7. Жер асты коммуникацияларының иелерi коммуникацияларды жөндегеннен кейiн газондарды, тротуарларды және автожолдарды қайта қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттi.
3. ҚАЛА АУМАҒЫН ЖИНАУ ТӘРТIБI
8. Көшелерді, алаңдарды, аяқжолдарды тазалау кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және жеке тұрғын үй құрылыстарының иелерімен оларға бөлінген территориялар шегінде жүргізіледі.<*>
Ескерту. 3 тараудың 8 тармағына өзгертулер енгізілген - Семей қалалық мәслихатының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 29-8 шешімімен.
9. Аумақтар бекiтiлген үй-жайларды иеленушi немесе жалдаушы заңды және жеке тұлғалар аумақтарды тазартуды өз қаражатына өз күштерiмен немесе мамандандырылған немесе өзге кәсiпорындармен механикаландырылған тазарту жұмыстарын орындауға бекiтiлген мердiгерлiк негiзiнде жүргiзедi.
Қоқысты және тығыз тұрмыстық қалдықтарды қалалық қоқыс орнына тасып шығару жайты сәйкес құжаттармен расталуы қажет.
10. 15 сәуiрден бастап 15 қарашаға дейiнгi кезеңде көшелердi, алаңдарды және басқа аумақтарды тазартудан басқа жуу және суғару жұмыстары жүргiзiлуi қажет. Ауа райының өзгеруiне байланысты бұл кезең өзгеруi мүмкiн. Түнгi уақытта (23.00-ден кейiн 7.00-ге дейiн) тазарту жұмыстарын жүргiзуге, қай кезең де болмасын, тыйым салынады (СанПиН 3.01.035-97).
11. Қоғамдық көлiк жүретiн көшелердiң, көше қиылыстарының жол төсемiн қызыл сызық шекарасында, автобус аялдамаларының қалтасын және аумақтарын, такси аялдамаларын, көлiк құралдарының тұрақтарын, алаңдарды, жол айналымдарын, саябақтар мен скверлердi тазалау және техникалық күтiп ұстау, осы жұмыстарды қалалық бюджет қаражаты есебiнен орындау құқығын конкурста жеңiп алған кәсiпорындармен немесе, меншiктi барлық түрiндегi заңды тұлғамен жүргiзiледi.
12. Темiр жолдар, көпiрлер, еңiстер, үйiндiлер, темiр жол өтпелерi, шеткi рельстерден енi 50 метрден кем емес темiр жолға бөлiнген аумақтар шегiнде темiр жол ұйымдарының және осы құрылғыларды пайдаланушы жол иелерiнiң күшiмен және қаражатына жиналады.
13. Құлатуға арналған барлық ғимараттар оларды иелерiмен қоршалып, жапсарлас аумақтар 15 метрге дейiн тазартылуға тиiс. Жұмыстар аяқталған соң аумақтарға тегiстеу жүргiзу мiндеттi. Ғимараттарды құлату шартпен белгiленген мерзiмде дәлме-дәл жүргiзiлуi тиiс, ғимаратты құлатқаннан кейiн құрылыстық қоқыс қалалық қоқыс төгу орнына тасып шығарылу керек.
14. Тұрғын үйлерге қарсы орналасқан автобус аялдамаларының және такси тұрақтарының аумағын тазарту осы аумақтар бекiтiлген сәйкес коммуналдық қызметтерге, кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға жүктеледi. Көлiк шаруашылығының автостансаларын, диспетчерлiк пункттерiн, сөйлесу құрылғыларын диспетчерлiк қызметтерiмен және оларға бекiтiлген, радиусы 15 метр аумақтарды күтiп ұстау және тазарту, өздерi балансында тұратын көлiк шаруашылығының ведомстволарымен жүзеге асырылады.
15. Автобус аялдамаларын, тосу павильондарын және оларға бекiтiлген, радиусы 15 метр аумақтарды жинау және қоқыс пен мұздан тазарту осы объектiлер мүліктiк кешенiне кiретiн кәсiпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға жүктеледi.
16. Меншiгiнде сауда нүктелерi және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi басқа да пункіттері бар заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ осы үй-жайларды жалға алушылар, күнi бойы тазалықты қолдауға және жұмыс аяқталған соң» үй-жай маңындағы оларға бөлінген территорияларда қоқыстан және батпақтан тазартуға мiндеттi.<*>
17. Су алатын колонкалардың аумағын 15 метр радиус шегiнде тазарту оларға қызмет көрсетушi кәсiпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен жүргiзiледi.
18. Өзендердi және су айдындарының жағасымен шектескен аумақтарды жинап тазарту осы аймақтар бекiтiлген кәсiпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен жүргiзiледi.
19. Көшелердi, тротуарларды, алаңдарды механизациялық жинау, елдi мекендердiң жүргiн бөлiгiн тазарту 23.00 сағатқа дейiн аяқталуы (СанПиН 3.01.035-97) және күнi бойы қажеттiлiгiне байланысты қайталануы тиiс.
20. Әр түрлi қоқысты, елдi мекендердiң аумағын тазартқаннан кейiнгi қарды осы мақсаттарға арнап бөлiнген орындарға ғана төгуге рұқсат етiледi.
21. Барлық алаңдар мен көшелерге, бақтарға, парктерге, вокзалдарда, аэропортта, пристаньдарда, базарларда, қала көлiгiнiң аялдамаларында және басқа қоғамдық орындарға қажеттi мөлшерде, кiсi көп жүретiн көшелерге бiр бiрiнен 40 метрден көп емес, ал кiсi аз жүретiн көшелерде 100 метр ара қашықтықта урналар қойылуы қажет. Қала көлiгiнiң аялдамаларында, жер асты өту жолдарының шыға берiсiне, дүкендердiң, ларектердiң, дүңгiршiктердiң алдына, үйлердiң кiре берiсiне мiндеттi түрде, құрылыс және сәулет басқармасымен белгiленген үлгiдегi, кемi 2 урна орнатылуы тиiс. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда урналар жер пайдаланушылармен, ал ортақ пайдаланатын орындарда қалалық бюджет қаражаты есебiнен орнатылады. Урналар бекiтiлген және тазалауға ыңғайлы болуы керек.
22. Урналарды көлемi 3/4 бөлiгiне дейiн толтыруға рұқсат етiледi. Қоқыс жинау урналары қыста айына бiр рет және жазда аптасына бiр рет қоқыстан тазартылып дезинфекцияланады. Урналардың тазалықта ұсталуына бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда жер пайдаланушылар, ортақ пайдаланатын орындарда Басқармамен шарттық қатынаста осы аумақтардың тазартылуын жүзеге асыратын кәсiпорындар жауапты.
23. Дүңгiршiктердi орнату құрылыс және сәулет басқармасымен, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен, "ШҚО Семей қалалық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетпен келiсiледi және қала әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi.
1) дүңгiршiктер меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен арнайы дайындалған қатты төсенiштi алаңдарға орнатылады, олардың көлемi енi 2 метрден кем емес бетонды алаңқай жоспарлауды қамтамасыз етерлiктей болуы керек;
2) дүңгiршiктердiң тiркеу нөмiрi болуы керек;
3) дүңгiршiктердi жыл сайын бояу керек;
4) дүңгiршiктердiң сыртқы жарықтандыру құралдары белгiленген үлгiде болуы керек.
24. Тұрғын үй кеңiстiктерiнiң аумақтарын қолмен жинау таңертең сағат 7.00-ден 8.00-ге дейiн немесе кешке сағат 19.00-ден кейiн жүргiзiледi: аумақты сыпыру және сыпырылған қоқысты жинау, жиналған қоқысты белгiлi орынға тасу, тротуарлық плиткалардың арасындағы шөптердi жою, урналарды, контейнерлердi және олар орналасқан орындарды, аула төсенiштерiн тазалау және өңдеу.
25. Шаруашылық аумақтары, ауыспалы қоқыс жинағыштарды орнату үшiн бөлiнген парк учаскелерiнiң аумақтары дем алушылардың шоғырланып жиналатын орындарға (би алаңдары, эстрадалар, фонтандар, бас аллеялар, көру павильондары және басқаларға) 50 метрден жақын орналаспауы керек:
1) урналарды орнату кезiнде мынаны есепке алу керек - парктiң 1000 шаршы метрiне бiр урна, бас аллеяларда урналардың ара қашықтығы 40 метрден аспау керек;
2) парктердi тазалау жабылғаннан кейiн жүргiзiледi, күндiз қалдықтарды, түскен жапырақтарды жинау, жасыл желектердi суару жүргiзiледi.
26. Жағажайлар аумағын, жасыл аумақтарды тазалау, ыдыстарды жуу және демалыс аумағындағы әжетханаларды дезинфекциялау олар жабылғаннан кейiн жүргiзiледi. Күндiз патрульдiк тазарту жүргiзiледi.
1) жағажай және демалыс аумақтарында урналар жасыл желектер алқабынан 3-5 метр ал су жағасынан 10 метр арақашықтықта, жағажай аумағының 50 шаршы метрiне кемi 1 урнадан орнатылады;
2) әжетханалар 75 адамға 1 орын есебiнен, шомылу орындарынан 50 метрден кем емес және 200 метрден қашық емес арақашықтықтарға орнатылады;
3) қоқыс жинағыштар 3500 шаршы метр алаңға 1 контейнер есебiнен орнатылады;
4) фонтаншалар, ГОСТ-ң талабына сәйкес, ауыз сумен бiрге жарақталады;
5) жағажайлар мен демалыс аумақтарын тазарту мiндеттi түрде құм қабатының бетiн апта сайын қопсытып тегiстеу, жыл сайын құм себу арқылы жүргiзiледi;
6) сауда ұйымдары және жеке кәсiпкерлер жұмыс орындарын тазалауды қоқысты жиi қалалық қоқыс төгу орнына тасып шығару арқылы жүргiзедi;
7) шомылуға арналған орындарда көлiк және кiр жууға, иттердi, мысықтарды шомылдыруға және қыдыртуға жол берiлмейдi.
27. Базарлар аумағы (соның iшiнде шаруашылық, сауда алаңдары) жаңбыр және ерiген қар сулары ағып кету үшiн бiр жағына еңiс қатты төсенiшпен (асфальт, тас, қыш кiрпiш) жабылып, канализация, су құбыры және жабық су бұру жүйесiмен жабдықталуы керек:
1) қоғамдық әжетханалар ауа өткiзбейтiн шұңқырымен сауда орындарынан 50 метрден кем емес қашықтыққа орнатылады. Олардағы орындар 50 сауда орнына кемi бiреуден есептеледi;
2) бөлiнген және бекiтiлген алаңдарды жинау, қоқыс жинағыштарды тазарту және оларды тиiстi қалыпта ұстау базар иелерiмен жүргiзiледi. Қоқысты жинауға арналған контейнерлер саны есептеп анықталады;
3) қала көлiгiнiң қозғалысына бөгет болмайтындай және автокөлiктер тұрағы үшiн жетерлiктей алаңдармен қамтамасыз етiлуi керек.
28. Кооперативтiк гараждарды, шаруашылық қораларды, ұраларды, саяжай қоғамдарының аумақтарын және жасыл желектерi бар бекiтiлген аумақтарды ұстау және тазалау осы кооперативтер мен қоғамдардың меншiк иелерiмен немесе қоғамдық ұйымдармен жүргiзiледi.
29. Зираттардың»аумағын ұстау және жинау басқармамен бекiтiлген шарт негiзiнде, жұмыстарды орындаушы кәсiпорындармен жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Зират аумақтары қоршалып, зират iшiндегi көлiк жүретiн жолдар қатты төсенiштi болуы керек. Зираттардың шекарасы қала әкiмдiгiмен анықталады.
Ескерту. 3 тараудың 16 тармағына өзгертулер енгізілген - Семей қалалық мәслихатының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 29-8 шешімімен.
4. ҚОҚЫСТЫ ЖӘНЕ ТЫҒЫЗ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ
ЖИНАУ ЖӘНЕ ТАСЫП ШЫҒАРУ ТӘРТIБI
30. Қоқыс және қалдықтарды жинауға арналған контейнерлердi орнату мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының келiсiмi бойынша, мамандандырылған кәсiпорындардың» үй иелерiмен, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң басшыларымен жасаған шарты бойынша жүзеге асырылады. Қоқыс контейнерлерi жиналу нормасы есебiнен 350-400 адамға 1 стандартты қоқыс жинау контейнерi қойылады. Контейнерлер орнатылатын алаңшалардың су өтпейтiн төсенiшi және оған көлiк баратын жолы болуы керек, контейнерлер үнемi күтiмдi жағдайда ұсталып, қақпақты және боялған болуы, немесе биiктiгi 1,8 метрден кем емес үш жақты бiтеу қоршаумен машинаның» жүрiп-тұруына ыңғайланып қоршалуы қажет. Алаңшалардың мөлшерi контейнерлердiң қажеттi, бiрақ 5 данадан артық емес, санын орнатуға есептелу керек. Контейнерлерден алаңшаның шетiне дейiнгi арақашықтық 1 метрден кем болмау керек. Қоқыс жинайтын контейнерлердi ұсталуына қоқыс шығару жөнiндегi арнайы кәсiпорындар, ал қоқыс жинау алаңшаларының және оларға шектескен аумақтардың ұсталуына ғимаратты немесе тұрғын үй қорын пайдаланушы кәсiпорын, ұйым жауап бередi.
31. Қоқыс құбырлары, қоқыс камералары таза ұсталуы керек. Шарттармен анықталған, тығыз тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесi шартпен белгiленген мерзiмде жинаушы-объектiлердiң аумағынан тығыз тұрмыстық қалдықтарды ретiмен тасып шығаруды қарастыруы керек:
1) тұрғын үй кеңiстiктерi үшiн - үй иесiмен (ЖПК) белгiленген, контейнерлерде қоқыс пен тығыз тұрмыстық қалдықтарды жиналуына жол бермейтiн кестеге сәйкес, бiрақ үш күнде бiр реттен сирек емес, ал 15 градустан жоғары жылулықта - күнде;
2) қоғамдық және мәдени тұрғыдағы объектiлер үшiн - қажеттiлiгiне қарай, бiрақ аптасына екi реттен кем емес;
3) аз қабатты үйлер иелiктерi үшiн - қажеттiлiгiне қарай, бiрақ аптасына бiр реттен кем емес;
4) iрi өлшемдегi тығыз қалдықтар үшiн тапсырыс бойынша.
32. Жекеменшiк пәтерлер кооперативтерi (ЖПК), пәтер жалдаушылар және жекеменшiк құқығында үй иелiктерi бар азаматтар:
1) тұрмыстық қоқысты жинауға арналған ыдысты таза және жабық ұстауға;
2) қоқыс салынған ыдысты көшеге шығарып қойып қоймай, қоқысты алып шығып машинаға төгуге;
3) пәтерлердi, баспалдақ клеткаларын және басқа да қоғамдық пайдалану орындарын иттер мен мысықтардың ластауына, ортақ пайдаланатын көркейтiлген жерлерде иттер мен мысықтардың қыдыруына жол бермеуге; иттердi арнайы бөлiнген орындарда, ал қоғамдық орындарда тек мұрындықпен және қарғымен қыдыртуға; ит ұстаушы азаматтарда иттер үшiн ветеринарлық-санитарлық паспорттар болуға, жоспарлық сақтандыру вакцинасын егудi жүргiзуге;
4) ауладағы әжетханалар мен тазаланатын шұңқырларды көлiк келiп-кететiн жолдармен қамтамасыз етуге;
5) көп пәтерлi үйлерден және усадьба үлгiсiндегi үйлерден, жалға алынған үй-жайлардан қоқысты, тұрмыстық қалдықтарды, тығыз және сұйық жуынды-шайындыларды тасып шығаруды азаматтар өздiгiнен, немесе коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарымен, сондай-ақ осы мақсаттарға арналған техникасы мен механизмдерi бар жеке тұлғалармен және кәсiпорындармен жасалған шарттар бойынша жүргiзуге мiндеттi.
33. Камераларды, қоқыс құбырларын, қоқыс жинағыштарды және қалдықтарды камерадан төгiп алу орындарымен шектелген аумақтарды ұстау жауапкершiлiгiн үй иелерi, ЖПК өз мойнына алады.
34. Кейбiр жағдайларда қоқысты және тығыз тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасып шығаруды қолмен тиеп қоқысты тасуға қайта жабдықталған автокөлiкпен бұлжымайтын сағатты кесте бойынша жүргiзуге болады.
Кәсiпорындардағы, мекемелердегi, ұйымдардағы, меншiктi барлық түрiндегi тұрғын үй кеңiстiктерi мен тұрғын үйлердегi қоқыс жәшiктерiн, қоқыс жинағыш бактердi, контейнерлердi, тазаланатын шұңқырларды дезинфекциялау үй-жайларды иелерiне жүктеледi.
35. Қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды тасып шығаруды бақылау МСЭБ басқармасымен және IIБ-санитарлық полиция бөлiмiмен жүзеге асырылады. Заңды және жеке тұлғаларда тексеру сәтiнде мамандандырылған кәсiпорынмен қоқысты және тығыз тұрмыстық қалдықтарды тасып шығаруға жасалған шарт пен қоқысты шығаруға алдын ала төлем жүргiзгенi туралы түбiртек (төленген банкiлiк тапсырма) болуы тиiс. Шарт болмаған жағдайда қоқысты қалалық қоқыс төгу орнына тасып шығарылғанын растайтын сәйкес құжат көрсетiлуi тиiс.
5. АУМАҚТЫ ҚЫСТА ЖИНАУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
36. Қала көшелерiн және аумақты қыста жинау және ұстау қалада тұрудың қалыпты жағдайын жасауға және қолдауға бағытталған маңызды iстердiң бiрi болып табылады. Осы мақсатта жұмыстардың мына түрлерi жүзеге асырылады:
1) жолдарды, көшелердi, тротуарларды, үй маңындағы аумақтарды, демалыс орындарын, қардың тапталуының және қарлы мұздың пайда болуының алдын алу мақсатында, жауған қардан аршып тазалау;
2) қардың»көшуiнiң нәтижесiнде пайда болған қарлы сiлемдердi жою, көк тайғақ мұзбен күресу;
3) қарды төгу орындарын пайдалану.
16 қарашадан бастап 15 сәуiрге дейiнгi кезеңде елдi мекен аумақтарын тазалау, қоқысты, қарды, мұзды, батпақты және құмды тасып шығару сағат 6.00-ден бастап сағат 19.00-ге дейiн және қажетiне қарай күн ұзағына жүргiзiлуi керек. Ауа райына байланысты бұл тәртiп өзгеруi мүмкiн.
37. Қарды тазалау қар жауа бастағанда басталып, қарды тапталып үйiлiп қалуын болдырмау үшiн қардың жаууы басылғанша үздiксiз жүргiзiлуi қажет. Жаңа жауған қарды барлық көшелерде және алаңдарда, қар жаууы басыла салысымен тасып әкету үшiн, сiлемдеп және үйемелеп жинауға рұқсат етiледi. Қарды тасып шығару орындары Семей аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен алдын-ала келiсiледi.
38. Жол айналымдарынан, магистральдi көшелерден және автобус трассаларынан қар мен мұзды тазалау және тасып шығару алдымен жүргiзiледi.
Тротуарларды, жаяу жүргiншiлер өтетiн жер асты жолдарын, қиылыстарды және аялдама қалталарын қолмен тазалау қырып тазалау арқылы жүргiзiледi. Көлiктердiң және адамдардың өтуiне арналған жолдарға және отырғызылған газондарға лас қарды жинауға, үюге тыйым салынады.
39. Шатырларды қардан тазалау, жақтаулардағы, шатырлардағы, су ағатын құбырлардағы қатқан мұзды аршып түсiру үйлердiң»және құрылғылардың иелерi мен жалға алушылардың» күшiне және қаражатына жүйелi түрде, жаяу жүргiншiлермен бақытсыз жағдайларды болдырмауға және әуе жүйелерiне, шамдар мен жасыл желектерге зақым келдiрмеу үшiн қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып жүргiзiлуi керек. Шатырлардан түсiрiлген қар, жинайтын орындар болмаған жағдайларда, тасып шығарылуы керек.
40. Көшелердiң жүргiн бөлiгiне, алаңдарға, көпiрлерге, қиылыстарға, көтерiлу және төмен түсу жолдарына механикамен құм шашуды Басқармамен шарт жасаған кәсiпорындар жоспарланған тәртiпте жүргiзедi.
41. Үй-жайды жалға алушы меншiктiң барлық түрiндегi заңды және жеке тұлғалар арнайы техникасы бар мамандандырылған кәсiпорындармен тротуарларды, алаңшаларды және адамдар көп жиналып жүретiн жерлердi механикаландырып жинауға және құм шашуға шарттар бекiтуге немесе көрсетiлген орындарда осы жұмыстарды өз күштерi мен қаражаттарына жүргiзуге мiндеттi.
Жер пайдаланушылар бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда көк тайғақ мұзға қарсы шаралар қарастыруға мiндеттi (мұзды, қарды жару, тайғанақ жерлерге инерттi материалдар себу).
42. Қала көшелерiнде автокөлiктердiң стихиялық тұрақтарына тыйым салынады.
6. КӨШЕЛЕРДI, ЖОЛДАРДЫ, ЖОЛ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН
ПАЙДАЛАНУ, ОЛАРДЫ ҰСТАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ТӘРТIБI
43. Көшелер мен жолдар, көше шаруашылығына кiретiн барлық құрылғыларымен мемлекет меншiгi болып табылады және ортақ қолдануға арналған. Көшелердi, жолдарды және жол құрылғыларын пайдалану, оларды ұстау және қорғау тәртiбi, жол қозғалысы Ережелерiнiң талаптарына сәйкес қабылданған, осы "Ережелердi" қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
44. Автобус және таксомоторлық парктердiң, автокәсiпорындардың, гараждар мен басқалардың»әкiмшiлiктерi, жеке көлiк иелерi автомашиналар мен басқа көлiк құралдарын қала көшелерi мен жолдарына таза күйiнде шығаруға және ұқыпты ұстауға тиiстi. Қала бойынша тым ластанған автобустардың, автомашиналардың» және басқа көлiк құралдарының»жүруiне тыйым салынады.
45. Көлiк құралдарымен тасылатын, көшелердi кiрлететiн төгiлгiш және басқа жүктер, көшелердiң ластануына жол бермеу үшiн, ұқыптап қымталып жабылуы тиiс.
46. Базалардың, қоймалардың, каръералардың, құрылыс алаңдарының, зауыттар, фабрикалардың және басқа объектiлердiң басшылары мен иелерi келiп-кетер жолдардың, көлiктiң бұрылуына арналған алаңдарды» күтiмдi ұсталуын қамтамасыз етедi. Шығу жолдары мен құрылыс жүргiзiлiп жатқан жерлердегi жолдардың қатты төсенiшi болуы, әмбе бөлiнген және бекiтiлген аумақтардың»сыртына шаң мен батпақтың шығуына жол бермеуi керек.
47. Көлiк құралдарының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету көшелер мен жолдарды пайдаланушылардың, жол қозғалысын бақылау және реттеу органдарының мiндетi болып табылады.
48. Барлық көлiк құралдарын жүргiзушiлер мен азаматтар көшелердегi, жолдардағы, жасанды құрылғылардағы және қозғалысты реттеудiң техникалық құралдарындағы өздерi көрген, жол қозғалысына қауiп төндiретiн ақаулар туралы IIБ ЖПБ-не және Басқармаға шұғыл хабарлауы керек.
49. Пайдалану процесiнде жолдардың, жол қозғалысын техникалық реттеу құралдарының белгiленген ережелерге, стандарттарға, техникалық және басқа нормативтi құжаттарға сәйкестiгiн қамтамасыз ету мiндетi қызмет көрсетуге тендердi ұтып алған заңды және жеке тұлғаларға жүктеледi. Ведомстволық қала жолдарының, жол айналымдарының және темiр жол өтпелерiнiң ұсталуына, өздерi ведомствосына қарайтын кәсiпорындар немесе мекемелер жауапты.
50. Қала көшелерi мен жолдарының жол төсемдерiнiң күтiп ұсталуын бақылау Басқармамен және IIБ ЖПБ-мен, үнемi байқау және жиi қарап тексеру жолымен, мына мақсаттарда iске асырылады:
1) қала көлiгi мен жаяу жүргiншiлердiң тәулiк бойы, үзiлiссiз, қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ету;
2) жол төсенiшiн мезгiлсiз тозудан және бұзылудан сақтау;
3) дамып келе жатқан қала көлiгiнiң талаптарына сәйкес қала жолдарының жай-күйiн үнемi жақсарту;
4) жол төсенiшiнiң қалыпты жағдайдан ауытқуын дер кезiнде анықтау, ақаулар мен зақымданған жерлердi (жүргiн бөлiктiң ойылуы, көк тайғақ мұз) табу, автокөлiк қозғалысының қалыпты жағдайын қалпына келтiру жөнiндегi шұғыл шараларды қабылдау үшiн көшенiң кейбiр учаскелерiнде көлiк қозғалысын шектеу немесе тыйым салу.
7. ҚАЛА АУМАҒЫНДА ЖОЛ ТӨСЕМДЕРIНIҢ, ТРОТУАРЛАРДЫҢ,
ГАЗОНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚАЛА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСҚА ОБЪЕКТIЛЕРIНIҢ,
ЭЛЕМЕНТТЕРIНIҢ ЗАҚЫМДАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГIЗУ
ТӘРТIБI
51. Заңды және жеке тұлғалар қала аумағында жер қазу жұмыстарын, немесе жол төсенiштерiнiң, тротуарлардың, газондардың және басқа да қала шаруашылығы объектiлерiнiң, элементтерiнiң бөлiнуiне әкеп соғатын басқа жұмыстарды Басқармамен берiлген жазбаша рұқсат (ордер) болғанда №ғана жүргiзе алады.
52. Инженерлiк жүйелерде қайта қалпына келтiру жұмыстарын шұғыл жүргiзу, жол төсемдерiн ашу, көшелердi, алаңдарды және басқа да ортақ қолдану орындарын қазуды талап ететiн апаттар болған жағдайларда Басқарманы, IIБ ЖПБ-н, инженерлiк жүйелердiң иелерiн, соңынан 24 сағат iшiнде жұмыстарды жүргiзуге рұқсат (ордер) ресiмдеу арқылы, хабарландыру қажет.
53. Жұмыстарды жүргiзуге рұқсат (ордер) тапсырыс берушiнiң өкiлiне немесе жұмыстарды жүргiзушiнiң өкiлiне, бұдан былай "Ордер алушыға" берiледi.
Ордердi ресiмдеу үшiн Басқармаға мына құжаттарды тапсыру қажет:
1) жұмыстарды жүргiзуге ордер беру туралы тапсырыс хат;
2) инженерлiк жүйелер мен коммуникациялар иелерiмен жұмыстарды жүргiзуге келiсiлген жоба;
3) объектi бойынша жұмыстарды жүргiзу жобасы немесе жұмыстарды жүргiзу кестесi;
4) жасыл желектердi, газондарды қосқанда, шабуға тапсырыс хат (қажет болған жағдайда);
5) асфальтты бетонды және топырақ төсемдерiн, сондай-ақ басқа да, жұмыстарды жүргiзуге кiретiн көркейту элементтерiн қайта қалпына келтiру туралы кепiл.
54. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар негiзiнде Басқарма жұмыстарды жүргiзуге рұқсат (ордер) бередi. Қажет болғанда жасыл желектердi шабуға рұқсат берiледi.
Жұмыстар жол қозғалысы қауiпсiздiгiне ықпал ететiн жағдайда, жұмыстарды жүргiзушi жұмыстарды бастамас бұрын рұқсат қағазды (ордердi) IIБ ЖПБ-де тiркеуге мiндеттi.
Қала көшелерiнде көлiк қозғалысын шектеумен және жабумен байланысты жұмыстарды жүргiзгенде, көлiк қозғалысын жабуға сәйкес рұқсат ресiмделедi, ал қоғамдық көлiк қозғалысының бағытын өзгерту қажет болғанда - қала халқын көпшiлiк ақпарат құралдары арқылы құлақтандыру қажет.
55. Қала шаруашылығының объектiсi, элементi ордерде көрсетiлген жұмыстарды аяқтау мерзiмiне дейiн тиiстi жағдайға келтiрiлуi қажет.
56. Жетiлдiрiлген төсемдерi бар көшелерде, алаңдарда жер асты құрылғыларын жүргiзу және қайта орнату, мүмкiндiгiнше, жабық әдiспен (тесу арқылы), төсемге зақым келтiрмейтiндей жүргiзiлуi тиiс.
Жүргiзудiң ашық әдiсi кварталдар iшiнде, көркейтiлмеген көшелер мен алаңдарда, сондай-ақ жер асты құрылғыларын қайта жаңарту және күрделi жөндеу кезiнде рұқсат етiледi.
57. Қажеттi сақтық шараларын қабылдау және инженерлiк жүйелер мен құрылғылардың зақымдануының алдын алу үшiн, жұмыстарды жүргiзушi, жұмыс басталардан бiр тәулік бұрын, жұмыс орнына мүдделi ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға, олармен бiрiгiп iстегi жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан орнын анықтауға және олардың толықтай сақталуы үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi.
Мүдделi ұйымдардың басшылары өздерiнiң жауапты өкiлдерiнiң жұмыстарды жүргiзу орнына келуiне және жұмыстарды жүргiзу кезiнде өздерiне қарайтын жүйелер мен құрылғылардың сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi жағдайлар туралы жазбаша түрде нақты нұсқаулар беруге мiндеттi.
58. Жұмыстарды жүргiзушi жұмыстардың басталуына дейiн мыналарды орындауға мiндеттi:
1) қазылатын жердiң шегiнде белгiленген үлгiде қоршау және ескерту белгiлерiн орнатуға;
2) жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлерге өту көпiршелерiн орнату және қазылған учаскенiң түнгi уақытта жарықтануын қамтамасыз ету;
3) нөсер сулары ағатын канализацияның үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
4) механизмдер жұмыс жасайтын аумақта жасыл желектер болған жағдайда, жасыл желектердi олардың сақталуына кепiл беретiн бiтеу қалқандармен қоршау;
5) өту жолдары мен жаяу жүргiншiлер қозғалысы жолдарын жабу қажет болғанда, айналып өту жолдарын дайындау және объектiнi сәйкес белгiлермен белгiлеу.
6) инженерлік жерасты жолдарын салу және барын қайтадан құру қатаң түрде жұмыс істеудің техникалық жағдайларына сәйкес жүргізуді.
59. Жасыл желектердi, жер асты құрылғылары құдықтарының қақпақтарын, су ағатын шарбақшаларды, науаларды және т.б. топырақ және құрылыс материалдарын үйiп-төгiп жабуға тыйым салынады.
60. Егер жер қазу кезiнде жобада белгiленбеген жер асты коммуникациялары табылса, жұмысты жүргiзушi бұл жайт туралы Басқармаға және осы коммуникациялар қарайды-ау деген ұйымға хабарлауға мiндеттi. Пайдаланушы ұйымдар жұмысты жүргiзушiнiң шақыруымен жұмыстарды орындау орнына өзiнiң өкiлiн жiберуге мiндеттi. Келмеген жағдайда, келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктi шақыруға өкiлi келмеген ұйым өз мойнына алады.
61. Жобада белгiленген жер асты жүйелерi мен құрылғыларының, сыртқы көркейту элементтерiнiң, сондай-ақ жасыл желектердiң бөлiнгенi үшiн жауапкершiлiктi ордер алушы ұйым өз мойнына алады.
62. Жұмыстар аяқталғаннан кейiн қазылған орындарды қайта жабу нығыздалмаған топырақпен орындалады. Жұмыстардың аяқталғаны туралы Басқармаға жазбаша хабар берiледi, бұл жағдайда жабу жұмыстарына актi жасалады.
Бүлдiрiлген төсемдер мен көркейту элементтерiн қалпына келтiру, топырақпен қайта жабу жөнiндегi жұмыстар аяқталған соң, екi тәуліктен кешiктiрiлмей басталуы қажет.
Қалпына келтiру жұмыстарының сапасы үшiн жауапкершiлiктi ордер алушы ұйым өзiне алады. Жер асты коммуникацияларын тарту орындарындағы төсемнiң жоғарғы қабатының отыруы, бөлiнуi анықталған жағдайда, осы коммуникацияларды пайдаланушы ұйымдар төсемдi қалпына келтiрудi жүргiзуге мiндеттi.
63. Жолдардың, тротуарлардың және алаңдардың жол төсемдерiн бұзумен байланысты жұмыстарды жүргiзуге, оларды орнату және күрделi жөндеуден кейiнгi 3 жыл iшiнде, айрықша жағдайлардан басқа, тыйым салынады.
64. Жұмыстарды жүргiзу шарты бұзылған, қалпына келтiру сапасыз жасалынған және қалпына келтiру мерзiмдерi бұзылған жағдайларда Басқарма IIБ ЖПБ-мен бiрiгiп басталған жұмыстарды тоқтатуға, жiберiлген кемшiлiктердi жоюды талап етуге, келтiрiлген шығындарды төлеттiрiп алуға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн шара қолдануға құқылы.
65. Жол төсемдерiн ашу және көшелердi, алаңдар мен басқа да ортақ пайдалану орындарын қазу жөнiндегi жұмыстарды орындаушы ұйымдар мен кәсiпорындар, жұмыстарды жүргiзу орындарында ақпарат қалқандарын орнатуға тиiстi.
66. Жер қазу жүргiзiлген жерлерде асфальтты бетон төсемiн қалпына келтiру кезiнде, Басқарма мен IIБ ЖПБ-өкiлдерiн шақыру арқылы жұмыстарды орындалғаны туралы актi жасалады, онда осы жол учаскесiне жөндеу жүргiзiлген кезде жiберiлген барлық кемшiлiктер көрсетiледi. Бұндай жағдайларда жұмыстарды жүргiзушi кемшiлiктердi жоюға кепiлдiк мiндеттемелер бередi.
Ескерту. 8-бөлім алынып тасталсын - Семей қалалық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 33-15 шешімімен.
9. СЫРТҚЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ МЕН
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРIН ҰСТАУ
77. Қала көшелерiндегi, алаңдарындағы, скверлерiндегi сыртқы жарықтандыру қондырғыларын (бұдан былай тексте - СЖҚ) ұстау, қызмет көрсету, ағымды және күрделi жөндеу Басқармамен жасаған шарт бойынша мамандандырылған кәсiпорындарға жүктеледi.
СЖҚ-ға мыналар жатады:
1) электрмен жабдықтау қондырғылары: қоректендiру жүйелерi, қоректендiру пункттерi, тарату жүйелерi;
2) қорғау және электр жүйелерiн жерлендiру қондырғылары;
3) басқару қондырғылары;
4) кронштейн, трос iлгiштерiнiң бағаналары.
78. СЖҚ-ы ұстауға және қызмет көрсетуге мына шаралар жатады:
1) СЖҚ-н техникалық тиiстi жағдайда ұстау, бұл жағдайда сандық және сапалық көрсеткiштер, шамдарды және жарық берушiлердегi жарық шашқыштардың iстен шыққандарының ауыстырылуын қосқанда, жарық берушiлердi тазарту, жарық шашу деңгейiн өлшеу берiлген параметрлерге сәйкес болса;
2) СЖҚ-ң кесiмдi жұмыс тәртiбiн, кестеге сәйкес өз уақытында жану және өшуiн бақылауды, кейбiр бөлiгiнiң немесе тұтас өшуiн, жанбайтын жарық бергiштердi, зақымдарды және т.б., оларды кезек күттiрмей жөндеудi қамтамасыз ету.
79. Балансында трансформаторлық кiшi стансасы және қиыстырылған трансформаторлық кiшi стансасы бар кәсiпорындар жабдықтарды жөндеу және үй-жайды жөндеу жөнiндегi профилактикалық жұмыстарды өз уақытында жүргiзуi, ғимараттан 15 метрден кем емес бөлiнген және бекiтiлген аумақты жинау жұмыстарын (қоқысты, арам шөп, бұтақтарды жинау) жүргiзуi керек.
80. СЖҚ-ң металды бағандары, кронштейндерi және басқа элементтерi жай-күйiне қарай, бiрақ үш жылда бiр реттен кем емес, боялып отырады.
81. Сыртқы жарықтандыру жүйелерiне өз бетiмен қосылуға тыйым салынады.
10. ИНЖЕНЕРЛIК ЖҮЙЕЛЕРДI, ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ЖӘНЕ
КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ҰСТАУ ТӘРТIБI
82. Шаруашылық жүргiзуде инженерлiк коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар қаланың көркейуiн бұзуға әкеп соғатын инженерлiк жүйелер мен құрылғылардың техникалық жай-күйiн үнемi қарап отыруға мiндеттi, атап айтқанда:
1) аумаққа су жайылуын болдырмау;
2) бөлiнген және қорғау аумақтарының санитарлық жай-күйiн қарап отыру;
3) люктердiң қақпағының, құдықтар мен камералар жабындыларының, нөсер сулары канализацияларының тор шарбақтарының жол төсенiшi деңгейiнде болуын және үнемi тиiстi жағдайда ұсталуын қадағалау;
4) құдықтарды, қыс кезiнде оларды орналасқан жерiн тез анықтау үшiн таңбалап белгiлеудi жүргiзу;
5) қайта жабу және пайдалану кезiнде монтаждау ережесi сақталмағандықтан бұзылуы мүмкiн жер асты жүйелерiнiң тығыз және топырақты төсемiнiң жай күйiн қарап отыру.
83. Қатты төсемдi аумақтарда күрделi жөндеу және қайта жаңарту жүргiзiлген жағдайларда, инженерлiк жүйелер құдықтарының люктерiнiң белгiлерiн талап етiлген деңгейге жеткiзу, газондарды, тротуарларды, атомобиль жолдарын коммуникациялар аумағының қорғау аумағына дейiн қалпына келтiру жөндеуге тапсырыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
84. Көшелер мен жолдардан жоғарғы және жер асты суларын бұруға арналған арықтарды, құбырларды және дренаждарды тазалау және тазарту, нөсер канализацияларының коллекторларын, жаңбыр суларын қабылдап алатын құдықтарды тазарту, лай мен қоқысты тез арада қалалық қоқыс төгу орнына тасып шығару Басқармамен жасасқан шарт негiзiнде мамандандырылған кәсiпорынмен; аулаларда және кәсiпорын аумақтарында ЖПК-мен, пәтер және үй иелерiнiң басқа да нысандарымен, кәсiпорындармен жүргiзiледi. Тұрғын аудандар аумағындағы су құбырларының, газ, канализациялық құдықтар қақпақтарын тазалау үй иелерiмен (ЖПК) жүргiзiледi.
85. Жер асты коммуникацияларын салу, күрделi жөндеу және қайта жаңарту автомобиль жолдарын, алаңдарды және басқа да ортақ пайдалану орындарын қайта жаңарту басталар алдында жүргiзiлуге тиiс.
86. Қаладағы су алатын колонкалардың жанындағы радиусы 1,5 метр аумақты мұздан (қыста) және қоқыстан, оларды қалалық қоқыс төгу орнына тасып шығару арқылы тазартуды, колонкаға келiп-кетер жолдарды ұстауды, және судың ағып кетуi үшiн қондырғы орнатуды су алатын колонканың иесi жүргiзедi.
87. Жаңбыр суларын, ерiген қар суларын өндiрiстiк кәсiпорын алаңдарынан канализация жүйесiне, 2000 жылғы 1 ақпандағы В.2.5-11-99 Қазақстан Республикасындағы құрылыс жүргiзудегi басшылыққа алынатын құжат "Елдi мекендердегi канализация жүйелерiне ағынды суларды қабылдау Ережесiне" сәйкес, канализациялық жүйе иесiнiң рұқсатынсыз ағызып тастауға рұқсат етiлмейдi. Егер кәсiпорын аумағы жоғарғы қабатта жиналатын қоспалар құрамы мен көлемiнен селитебтiктен аз мөлшерде ауытқыса атмосфералық сулар нөсер сулары жүйесiне бағытталып жiберiлуi мүмкiн (СНиП 2.04.03-85 сәйкес).
88. Күз кезiнде күн суытар алдында су ағатын жүйелердiң торларын жауып жылыту жүргiзiлуi керек.
89. Iстегi жер асты коммуникацияларын қайта жаңарту кезiнде оларды жолдың жүргiн бөлiгiнiң астынан шығару қарастырылу керек.
11. САУДА КӘСIПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI ПУНКТТЕРДIҢ ОЛАРДЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ
ОРНАЛАСТЫРУ КЕЗIНДЕ ҚАС БЕТТЕРIН РЕСIМДЕУ ЖӘНЕ АУМАҒЫН
КӨРКЕЙТУ ТӘРТIБI
90. Сауда кәсiпорындарын және халыққа қызмет көрсету пункттерiн, офистердi және басқа объектiлердi орналастыру кезiнде, тұрғын, әкiмшiлiк және басқа да үй-жайларды және оларға жапсарлас аумақтардың»сәулеттiк келбетiн сақтау және жақсарту үшiн иелерi- меншiктiң» барлық түрiндегi заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер үйдiң қасбеттерiн ресiмдеу және жапсарлас аумақты көркейту жөнiнде, өздерiмен әзiрленген, құрылыс және сәулет басқармасымен және Басқармамен келiсiлген жобаға сәйкес шаралар кешенiн орындауға, сондай-ақ үй маңындағы аумақты санитарлық жинап тазалауға шарт бекiтуге тиiс.
91. Шаралар кешенiне жобамен қарастырылған көлемде мына жұмыстарды орындау енгiзiледi:
1) қасбеттердi жөндеу (ғимараттың қасбетiнiң тұтас сәулеттiк келбетiн қамтамасыз ете отырып бояу, әртүрлi материалдармен және басқалармен қаптау);
2) ғимаратты жалпы стилiне сәйкес келетiн, маңдайшалы баспалдақтар орнату;
3) тротуарлар, жүрiп-тұруға ыңғайлы алаңшалар мен автомашина тұрақтарын, алаңқайлар, газондар, жасыл желектер және т.б. орнатуды қарастыратын аумақты көркейту жұмыстарын орындау;
4) көркейту элементтерiн көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында орындықтар, урналар, қоршаулар, балалар ойнайтын алаңшалар және т.б. орнату;
5) үй маңындағы аумақты және көшенi автожолдың жүргiн бөлiгiнiң ортасына дейiн жарықтандыруға жеткiлiктi сыртқы жарықтандыру шамдарын (отты жарнамалар) орнату;
6) әдемi, ортақ стильде орындалған, қажеттi шамадағы ақпаратпен маңдайшалар iлу;
7) үйлердiң (сәулеттiк, тарихи және мәдени ескерткiштердiң) қасбеттерiн жөндеу және ресiмдеу құрылыс және сәулет басқармасымен мiндеттi тәртiпте келiсiледi.
92. Ғимаратта бiр №ғана кәсiпорын орналасқан жағдайда үйдi қасбетi тұтас немесе (құрылыс және сәулет басқармасының келiсiмi бойынша) оның бөлiгi ресiмдеуге, сондай-ақ үйден бастап "қызыл сызыққа" дейiнгi барлық аумақты көркейту және санитарлық тазалауға үйдiң барлық енi немесе оның бөлiгi жатады немесе, басқа құрылысқа қатысушылар пайда болған жағдайда осы шығындардың орнын толтыруға үлестiк қатысу арқылы жүзеге асырылады. Бiрнеше кәсiпорын болғанда қасбеттi рәсiмдеу, үй маңындағы аумақты көркейту және санитарлық тазалау олардың сәйкес үлесi арқылы, бiрыңғай сәулеттi-көркемдiк келбетiн сақтай отырып және жұмыстарды бiр уақытта орындау арқылы жүргiзiледi.
12. АҚЫЛЫ АВТОМОБИЛЬ ТҰРАҚТАРЫН ҰСТАУ
93. Тұрақтарды көркейту әзiрленген және бекiтiлген жобаларға сәйкес орындалуы керек. Тұрақтардың меншiк иелерi тұрақ аумағын жинауды жүргiзуге және оның су қайтару және тазарту құрылғылары жүйесiмен, көгалдандырумен, диспетчерлiк павильонмен, өрт қауiпсiздiгi, жарықтандыру жабдықтарымен, қалдықтарды жинау және сақтау үшiн контейнерлi алаңшармен көркейтiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Тұраққа кiре берiсте тұрақты атауы, жұмыс iстеу тәртiбi қарастырылуы қажет.
94. Бас жоспарға сәйкес жайғастыруды техникалық құрал-жабдықтары орындалуы керек: жол белгiлерi, сызықтары, жарнамалық қондырғылар, сондай-ақ қоршаулар, павильондар, жарықтандыру.
95. Тұрақ иелерi мамандандырылған кәсiпорындармен бекiтiлген аумақты санитарлық жинауға және көркейтуге шарт жасаулары керек, немесе қоқысты қалалық тығыз тұрмыстық қалдықтар полигонына тасып шығаруды өз күштерiмен жүргiзулерi керек.
13. ҚАЛА АУМАҒЫНДА ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГIЗУШI ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАР МЕН
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МIНДЕТТЕРI
96. Жер пайдаланушылар:
1) бөлiнген және бекiтiлген аумақтарды, өзiне қарасты инженерлiк жүйелердi және оның элементтерiн (құдықтар, люктер, торлар, тiреуiштер, насос стансалары, жылу пункттерi, трансформаторлық кiшi стансалар және т.б.) қолданылып жүрген санитарлық нормалармен анықталатын тиiстi жағдайда ұстауға;
2) сұйық қалдықтарды жинау үшiн санитарлық нормаларға сәйкес келетiн тазарту шұңқырын орнатуға;
3) құрылыстық қоқыстың, тығыз тұрмыстық қалдықтардың қалалық қоқыс төгу орнына тасып шығарылуын және көмiлуiн қамтамасыз етуге;
4) қажет болғанда өз аумағын дезинфекциялауды және дератизациялауды жүргiзуге (шыбындарды, тарақандарды, тышқандарды, көртышқандарды жою үшiн) мiндеттi.
97. Қала аумағында жұмыстар жүргiзушi жөндеу және құрылыс ұйымдары:
1) құрылыс жүретiн алаңды, жаяу жүргiншiлер қозғалысының қауiпсiздiгi үшiн, енi бiр метрден кем емес маңдайшасы бар биiктiгi екi метрден кем емес тұтас қоршаумен айналдыра қоршауға;
2) құрылыс алаңдарына апаратын жолдарды, жолға топырақ-батпақтың тасылмауы үшiн, қатты төсенiшпен жасауға;
3) құрылыс жүрген кезеңде құрылыс жүретiн алаңның бойындағы автожолдарды, сондай-ақ бекітiлген аумақ шегiнде тазалау жұмыстарын жүргiзуге;
4) құрылыс материалдарын, олардың желмен ұшып шашылмау шараларын қарастыра отырып, сақтауға мiндеттi.
14. Семей каласының Полковничий аралындағы рекреациялық
аумақты пайдалану тәртібі және режимі
98. Пайдаланушылар Полковничий аралының рекреациялық аумағын мәдени-сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттарға пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, ағаштар мен бұталардың сындырылып шабылуына, орман ағаштары түрлерінің бүлдірілуіне, аумақтың қоқыстануына, құмырсқа илеулерінің, құстардың ұяларының бұзылуына жол бермеуге міндетті.
99. Полковничий аралының рекреациялық аумағында, рекреациялық аумақтық қызметімен тікелей байланысты емес жаңа өнеркәсіптік, коммуналдық және қоймалық объектілерді, ғимараттарды және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды орналастыруға (салуға) және қолданыстағыларын кеңейтуге жол берілмейді.
100. Полковничий аралының рекреациялық аумағындағы жер телімдері мәдени-сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттарға арналған объектілерді орнату үшін ғана берілуі мүмкін.
Бұндай объектілерді салу орындары су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі, халықтық санитарлық-эпидемиологиялық игілігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органдарымен келісіледі.
101. Полковничий аралының рекреациялық аумағындағы мәдени-сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін берілген телімдерде объектілерді жайластыру, жобалау, салу және пайдалануға енгізу кезінде жер пайдаланушылар табиғат ортасын ағынды сулардың, тұрмыстық тастамалардың, қалдықтардың және қоқыстардың кері әсерінен қорғалуын қамтамасыз ететін іс-шаралар қарастыруы және жүзеге асыруы қажет.
102. Полковничий аралының рекреациялық аумағында жайластырылған объектілердің иелері, маңайдағы (бекітілуге сәйкес) көркейтілген аумақтардың сақталуын қадағалауға, осы аумақтарды тазалауға және қоқысты тасып шығаруға қызметтердің осы түрлерін көрсететін ұйымдармен шарт жасауға немесе осы жұмыстарды өз күштерімен орындауға міндетті.
Полковничий аралының рекреациялық аумағындағы заңды және жеке тұлғаларға бекітілмеген аумақтарын жинастыру жөніндегі жұмыстарды мамандандырылған ұйымдар, сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен жасалған шарттар негізінде, жүргізеді.
103. Полковничий аралының рекреациялық аумағында жер пайдаланушыларға мәдени-сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін берілген телімдерге салынған объектілер, пайдалану мерзімі аяқталғанда жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен бұзып алуға немесе тасып шығаруға жатады.
104. Полковничий аралының рекреациялық аумағында:
- жер жыртуға және құнарлы қабатты басқаша бүлдіруге;
- малдың барлық түрін ұстауға және жаюға;
- қоқыс орындарын ұйымдастыруға, мал қиын, минералды тыңайтқыштарды, гербицидтерді және басқа да улы химикаттарды жинап қоймалауға;
- өз бетімен тоғайды шабуға және бұталар мен қураған ағаштарды жинауға;
- жолдан басқа жерлерде, басқа жалпы мақсаттардақы жолдарда және арнайы қарастырылмаған жерлерде механикалық көлік құралдарының қозғалысына және тұрағына;
- автомобильдерді жууға, от жағуға, музыканы қатты қосуға тыйым салынады, рұқсат етілген іс-шаралардан басқа.
Ескерту. Ереже 14 бөлімімен толықтырылған-Семей қаласы мәслихатының 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/25-IV шешімімен.
15. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДIҢ ОРЫНДАЛМАҒАНДЫҒЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
105. Осы Ережелердiң талаптарының» орындалмағандығы үшiн Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Ескерту. Ережеге өзгертулер енгізілген - Семей қаласы мәслихатының 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/25-IV шешімімен.
Қалалық мәслихат хатшысы