Семей қаласын көркейту Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы N 8/71-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 шілдеде N 5-2-92 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012 жылғы 15 мамырдағы N 5/38-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2012.05.15 N 5/38-V шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағы, 8-тармақшасының негізінде, сондай-ақ көркейту деңгейін жоғарылату және қаланың әкімшілік аумағында тиісті санитарлық жай-күйді қолдау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету мақсатында, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Семей қаласын көркейту Қағидасы бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес, қалалық мәслихат шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің атқарылуын бақылау өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      
      
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                            Е. Сұлтанов
      
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                         Қ. Мирашев

2008 жылғы 20 маусымдағы
№ 8/71-IV шешіммен
бекітілді

Семей қаласын көркейту
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы Семей қаласын көркейту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер туралы Кодексінің 19-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет-қала құрылысы және құрылыс істері туралы» Заңының 22-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.
      Қағидалар Семей қаласында көркейту, инфрақұрылым нысандарын ұстау және қорғау аясындағы жеке және заңды тұлғалардың қарым- қатынастарын реттейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      2. Қала аумағында адамзаттың қолайлы және ыңғайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін, Семей қаласында көркейту, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, жер жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтау осы қағидалардың мақсаты болып табылады.
      3. Тұрақты тазалық пен тәртіпті қолдау мақсатында, кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйымдар ұжымдарының, тұрғындардың өздеріне бөлінген және бекітілген аумақтарды жинауға және жасыл екпелерді күтуге қатысуы міндетті болып саналсын.
      4. Кәсіпорындар, меншік түріне қарамастан, жекеменшік үй иелері бөлінген және бекітілген аумақтарда сәулет және санитарлық нормаларға сәйкес өз қаражаты есебінен:
      1) тұрғын, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіптік және сауда ғимараттарын, бекеттерді, әуежайларды, кеме тұрақтарын, стадиондар мен басқа нысандарды;
      2) көшелерді, алаңдарды, өту жолдарын, аула аумақтарын, жаяужолдарды, жағажайларды, демалыс аймақтары мен көпшілік қыдыру орындарын, базарларды және базар алаңдарын, қалалық зираттарды жанама аумақтарымен, автокөлік тұрақтарын;
      3) қоршауларды, қашаларды, көгал қоршауларын, жарнаманың барлық түрлері мен жарнама қондырғыларын, ғимараттар мен ескерткіштерді сәнді жарықтандыру қондырғыларын, көше жарықтарының шамдарын, маңдайшадағы жазуларды, витриналарды, тірек бағандарын, көше сағаттарын, мемориалдық тақталарды, көше атауларының көрсеткіштерін, үйлердің нөмірлік белгілерін, бақ-парк орындықтарын, урналарды, қол арбаларды, науаларды, жолаушылар көлігі аялдамаларындағы отырғызу алаңшалары мен павильондарды;
      4) жол өткелдерін, су құбырларын, трансформаторлық қондырғыларды, көшелер мен алаңдардың жол жабынын, көше қозғалысын реттеу белгілерін, телефон будкаларын, радиотрансляциялық қондырғыларды, антенналарды, телефон байланысының және метеорологиялық қызметтердің будка-постарын, диспетчерлік қызметтердің сөйлесу қондырғыларын, қайық, құтқару станциялары және басқа гидротехникалық, инженерлік-техникалық және санитарлық имараттарды күтіп ұстауға;
      5) бөлінген және бекітілген аула аумақтарын: оларды үнемі көркейту, жөндеу, жинау, сыпыру, суару, жуу, қар мен қоқысты тасып шығару, құм себу, суаққылар мен дренаждарды тазарту, қоқыс пен жапырақтарды өртеуге жол бермеу керек;
      6) жұмсалмайтын қорды құрайтын және заңмен қатаң қорғалатын жасыл екпелерді, олардың ведомстволық қарастылығынан тәуелсіз, аялап қорғауға;
      7) агротехникалық іс-шаралардың толық кешенін: суару, бұталарын кесу, діңгектерін әктеу, тамыр маңындағы өскіндерді жою, тыңайтқыштар себу, діңгек маңын қопсыту, жарақаттарын залалсыздау және майлау, тесіктерін бітеу, көгалдарды ору жүргізуге;
      8) зиянкестер мен карантиндік арамшөптерді (арам шырмауық, ойраншөп, кендір және басқаларды) жою жөніндегі жұмыстарды өз күштерімен немесе осы жұмыстарды орындауға лицензиясы бар мамандандырылған қызметтермен шарттар жасау бойынша жүйелі жүргізуге;
      9) қала әкімдігінің қаулысы бойынша жыл сайын сәуір-мамыр айларында қала аумақтарын көркейту жөніндегі айлықтарды өткізуге;
      10) жерасты коммуникацияларының иелері жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін бүлдірілген көркін қалпына келтіруді уақытында жүргізуге міндетті.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.

2. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

      5. Қаланы көркейту – қала аумағында халықтың тіршілігін және бос уақытын өткізуге қолайлы, салауатты және мәдени жағдайлар жасауға бағытталған жұмыстар мен іс-шаралар кешені, оған көркейту нысандарының шағын сәулет формаларын салу және жөндеу, аумақтарды тиісті санитарлық жағдайда ұстау, жарықтандыру, көгалдандыру, сыртқы жарнама, қаланың сыртқы келбетін қалыптастыру жөніндегі жұмыстар кіреді.
      6. Қалалық инфрақұрылым – қала аумағында орналасқан, адамдардың тіршілік әрекеті үшін қалыпты жағдайлар жасайтын әртүрлі мақсаттағы нысандардың, коммуникациялардың және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы.
      7. Инженерлік желілер мен имараттар – қала тұрғындарын және кәсіпорындарды жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қала аумағынан беткі суды жинауға және бұруға арналған қаланы инженерлік көркейтудің маңызды элементтері.
      8. Жасыл екпелер – санитарлық-гигиеналық және экологиялық ахуалды, көркейту және сәулеттік-ландшафтық әшекейлеу деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ететін қаланың жоспарлық шешімінің элементтері.
      9. Жер жұмыстары – аумақты қазумен, үйінділер төгумен, қайта толтырумен, қазаншұңқырларды әзірлеумен байланысты жұмыстар.
      10. Жерпайдаланушы – мақсатына және меншік түріне қарамастан, қала шегінде жер телімдерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, жеке кәсіпкерлер, үй иелері, жалдаушылар, пәтер иелерінің кооперативтері және басқалар).
      11. Үй иесі – жеке меншігінде немесе үй құрылысы бар заңды немесе жеке тұлға.
      12. ҚТҚ мен ірігабаритті қоқысты тасып шығаруға арналған шарт – тапсырыс беруші мен мердігерлік қоқысжинаушы кәсіпорын арасында жасалған ҚТҚ мен ірігабаритті қоқысты тасып шығаруға арналған, заңды күші бар жазбаша келісім.
      13. Уәкілетті орган – атқару органының шешімімен белгіленген мемлекеттік мекеме.
      14. Бөлінген аумақ – уәкілетті органдардың шешіміне сәйкес жер пайдаланушының меншігіне немесе жерді өзіне тиесілі нысандарды (ғимараттарды, имараттарды, көлік магистралдарын және басқаларды) жайластыру үшін пайдалануға берілген жер телімі.
      15. Бекітілген аумақ – заңды немесе жеке тұлғаға бөлінген аумаққа жалғас жатқан, ол пайдаланатын және тазалау және көркейту үшін уәкілетті орган қосқан жер телімі.
      Қала аумағында бекітілген аумақтар болып мыналар табылады:
      1) қала көшелерінің аумақтары (жаяужолдар, көгалдар, және көркейтудің басқа элементтері) ұзындығына – құрылыс аумағының бойымен, еніне – 5 метр;
      2) пәтер иелері кооперативтеріне, кондоминиумдарға және басқаларға бөлінбеген аулаішіндік аумақтар (бір аулада бірнеше жерпайдаланушы болған кезде, бекітілген аумақ шекаралары пайдаланылатын аумақтардың шекараларына сай немесе жақтардың келісімі бойынша белгіленеді);
      3) бөлінген аумақтың периметрі бойынша 5 метр қашықтықтағы аумақ.
      16. Көше – жүргін бөлік, жаяужолдар, жасыл екпелер, аялдамалар, жер асты және жер бетіндегі инженерлік желілер жайластырылған қала аумағы.
      17. Жүргін бөлік, өту жолы – көлік құралдарының мөлтекаудандар, махаллалар ішіндегі тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және өзге де қалалық құрылыс нысандарына өтуін қамтамасыз ететін жол элементі.
      18. Жаяужолдар – жүргін бөлікке жапсарлас жатқан немесе одан көгалмен бөлінген, жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін арналған жол элементі.
      19. Қоғамдық орындар – ортақ пайдаланудағы демалыс аймақтары, парктер, саябақтар, алаңдар, желекжолдар, жағажайлар және басқа нысандар.
      20. Құрылыспен толтырылмаған аумақ – жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектейтін жерүсті және жерасты құрылыстарының барлық түрі жоқ аумақ.
      21. Қызыл сызықтар – махаллаларды, мөлтекаудандарды, елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы өзге элементтерді (өтпелерді, алаңдарды) бөлетін шекаралар. Қызыл сызықтар, ереже ретінде, құрылыспен толтыру шекараларын реттеу үшін қолданады.

3. Қала аумағын тазалау тәртібі

      22. Меншігінде жайлары бар немесе оларды жалдаушы кәсіпорындар (меншіктің кез келген үлгісіндегі), мекемелер, қоғамдық ұйымдар, пәтер иелерінің кооперативтері, кондоминиумдар, жеке тұлғалар, азаматтар бөлінген және бекітілген аумақтарды тазартуды жүргізеді, арнайы бөлінген жерлерде жабдықталған контейнерлік алаңшаларда орнатылған өздерінің үлгілік контейнерлеріне қоқысты жинайды, аула сыпырушылар штатын ұстайды, мамандандырылған кәсіпорындармен қоқысты тасып шығаруға шарттар жасайды немесе қатты тұрмыстық қалдықтардың қалалық полигонына арнайы жабдықталған көлікпен өздері тасып шығарады.
      Бөлінген және бекітілген аумақтарды жинаудан басқа, көшелерді, алаңдарды және басқа аумақтарды суару және жуу жүргізілуі қажет.
      23. Жетілдіріліген жабындары бар көшелердің жүргін бөліктерін және алаңшаларды механикалық тазалау жоспарлы түрде таңғы сағат 4-тен 6-ға дейін және күні бойы қажеттілік бойынша қайталап жүргізіледі.
      Түнгі уақытта тазалау кезінде (маусымға қарамастан) шуды төмендететін шаралар қолданылуы керек.
      Көшелердің жүргін бөліктерін, жаяужолдарды, алаңшаларды жуу жоспарлы тәртіпте, механикаландырылған қызметтермен сағат 24-тен таңғы сағат 6-ға дейін аптасына екі рет жүргізілуі қажет.
      Шаңдылығы жоғары көшелерді жуу күнделікті кемі екі рет, оның ішінде күндіз кемі бір рет жүргізіледі.
      24. Көшелердің жол төсемін, маңындағы көгалдарды, жаяужолдарды, құламаларды, «қызыл сызық» шектеріндегі қоғамдық көлік қозғалысы қиылыстарын, жалға алынғандардан басқа автобус аялдамаларының қалташалары мен отырғызу алаңшаларын, алаңдарды, автожол көпірлерін, жол өткелдерін, жер асты өту жолдарын, парктерді, саябақтарды, желекжолдарды, зираттардың (жеке меншіктегіден басқаларының) аумақтарын тазалау қалалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.
      25. Теміржолдар мен көпірлер, еңістер, үйінділер, өту жолдары, жолдар арқылы өтетін жерлер, шеткі рельстерден кейін ені 10 метр аумақтар осы имараттарды пайдаланатын теміржол ұйымдарының күшімен және қаражаты есебінен тазаланады.
      26. Автобекеттерді, көлік шаруашылығының диспетчерлік пункттерін, диспетчерлік қызметтермен сөйлесу құрылғылары мен оларға бөлінген аумақтарды тазалау және ұстау, осы нысандар балансында тұратын көлік шаруашылығының ведомстволарымен жүзеге асырылады.
      27. Бөлінген аумақтардағы инженерлік-техникалық және гидротехникалық имараттарды (газгольдерлер, ТШС және басқаларды) тазалау және ұстау осы имараттардың иелерімен жүргізіледі.
      28. Өндірістік кәсіпорындар, сауда жасайтын ұйымдар, сауда нүктелері және халыққа қызмет көрсететін басқа пункттері бар жеке тұлғалар, сондай-ақ осы жайларды жалдаушылар және тұрғын үй иелері аумақты күні бойы тазалауды ұйымдастырады және жұмыс аяқталғаннан кейін аумақтың 10 метр радиусын қоқыстан және батпақтан тазалайды.
      Дүңгіршектердің, палаткалардың, ұсақбөлшек сауда павильондары мен дүкендердің қасына ыдыстарды және тауар қорын қоймалауға, сондай-ақ бекітілген аумақтарды қойма үшін пайдалануға тыйым салынады.
      29. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны және қоғамдық дәретханалар меншік субьектілерімен шарт негізінде қалалық бюджет есебінен тиісті жағдайда ұсталады.
      30. Базар аумағын, базар маңындағы аумақпен бірге жинау, қалдық жинауыштарды тазарту және оларды тиісті ұстау базарлардың меншік иелерімен жүргізіледі. Базарлар аумақтарының (оның ішінде шаруашылық, базар алаңдарының) қатты жамылғылары (асфальт, тақтайша, жұмыртас және басқа) болуы керек.
      Жылдың жылы маусымында, міндетті түрде сыпырудан басқа, базар аумағын жуу жүргізіледі.
      31. Орындалған көркейту жобаларына сәйкес, жағажайлар аумақтарында, демалыс аймақтарында, көпшілік қыдыру орындарында мыналар болуы керек:
      1) 75 келушіге бір орын есебінен қоғамдық дәретханалар жағажайда суға шомылу орнынан кемінде 200 метр қашықтықта жабдықталады;
      2) урналардың ара қашықтықтары 40 метрден аспау керек;
      3) 3500-4000 шаршы метр алаңға бір контейнер есебінен қоқыс жинағыштар, шешінетін орындар, киім ілгіштер;
      4) стационарлық дәретханалары жоқ қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, ашық алаңдарда, кәуәп сататын орындарда, дүңгіршектерде, сауда павильондарында және тағы басқаларда персоналдары мен келушілер үшін жылжымалы дәретханалар орнату міндетті болып табылады;
      5) канализациясы жоқ базарларда өткізгіш емес тазаланатын шұңқырлары бар қоғамдық дәретханаларды сауда орындарынан кемінде 50 метр қашықтықта орнату қажет. Олардың ішінде есептік орындардың саны әр 50 сауда орнына кем дегенде біреуден болуы керек.
      32. Жағажайлар аумақтарын, демалыс аймақтары мен көпшілік қыдыратын орындарды тазалауды, сондай-ақ, жыл сайын таза құм немесе ұсақ тас себуді, құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсытуды жиналған қалдықтарды жоя отырып жүргізуді осы аумақтар бөлінген жеке және заңды тұлғалармен жүргізіледі.
      Жағажайдың техникалық жұмысшылары жағажай жабылғаннан кейін жағалауды, шешініп-киінетін орындарды, дәретханалардың, жасыл аймақтарды негізгі тазалауды, ыдыстарды жууды және дәретханаларды залалсыздандыруды жүргізеді. Күндіз патрулдік тазарту жұмыстарын жүргізу қажет. Жиналған қалдықтарды шығару таңғы сағат сегізге дейін рұқсат етіледі.
      33. Жағажай аумақтарында арнайы көліктен басқа көліктердің тұрағына тыйым салынады.
      34. Жағажайлардағы, парктердегі, саябақтардағы, демалыс аймақтарындағы және көпшілік қыдыратын орындардағы сауда нүктелерін жинауды сауда ұйымдары күні бойы, міндетті түрде қоқысты тасып шығару арқылы жүргізеді.
      35. Стадиондарды, спорт алаңшаларын ұстау және тазалау жұмыстарын баланста ұстаушының техникалық персоналдары жүзеге асырады.
      36. Кооперативтік гараждарға, саяжайларға, бау-бақша қоғамдарына бөлінген және бекітілген жасыл екпелері бар аумақтарды ұстауды және тазалауды меншік иелері, кооперативтер, қоғамдар 10 метр радиус аумағында жүргізеді, қоқысжинауыштар болуы керек.
      37. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар аулаларының ішінде металдан жасалған гараждар мен жертөлелер орнатуға тыйым салынады. Өз бетімен орнатылған гараждар мен жер қоймалары бұзуға жатады.
      38. Зираттардың аумағы қоршалуы керек, өту жолдарының қатты жабыны, қоқыс жинауыштары болуы керек.

4. ҚТҚ жинау және тасып шығару

      39. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, мектепке дейінгі балалар бақшасы, оқу, емделу мекемелерінен, мәдениет кәсіпорындарынан, қоғамдық ұйымдардан ҚТҚ полигонына қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару өз күштерімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен жасалған шарттар бойынша жүргізіледі.
      Мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасу кезінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына әкеткенге дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды үю орнын көрсету қажет. Өз меншігіндегі мамандандырылған көлікпен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару кезінде тұрғын үй секторындағы тұрғындардың санына тең, қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау нормасына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау туралы түбіртегі болуы қажет.
      40. Қоқысты және қалдықтарды жинау үшін контейнерлерді орнатуды үй иелері, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жеке тұлғалар өз балансында контейнерлері бар мамандандырылған кәсіпорындармен шарт бойынша жүзеге асырады.
      Әрбір кәсіпорын, қоғамдық ұйым, пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиум және басқалар өз балансында арнайы бөлінген жерлерде контейнерлер ұстауға міндетті.
      41. Контейнерлер орнатылатын алаңдардың су өткізбейтін қатты жамылғылары және кірме жолдары болуы керек, сәулет және қала құрылысы органдарының, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша құрылыстардан кемінде 20 метр қашықтықта, бірақ 100 метрден аспауы керек, үй иелерімен және басқа жерпайдаланушылармен ұсталуы керек.
      42. Контейнерлер, қоқыс жинауыштар, контейнерлік алаңшалар уақытында мамандандырылған кәсіпорындармен тазаланып, жөнделген күйде ұсталынуы және залалсыздандырылуы керек.
      43. Қалада ҚТҚ жинау мен төгудің, оларды белгіленген кезеңде өтінімсіз қалдықтар жинайтын нысандар аумақтарынан тұрақты шығарылуын қарастыратын жоспарлы-тұрақты жүйесі пайдаланы-лады:
      1) тұрғын сілемдер үшін - контейнерлерде ҚТҚ жиналуын болдырмайтын, қызмет көрсетуші мамандандырылған кәсіпорынмен жасалған келісім бойынша үй иесімен, пәтер иелері кооперативтерімен белгіленген кестеге сәйкес;
      2) қоғамдық және мәдениет мақсатындағы нысандар үшін – қажеттігіне байланысты, бірақ аптасына 2 реттен кем емес;
      3) аз қабатты құрылыс үй иелері үшін – қажеттілік мөлшері бойынша, бірақ аптасына 2 реттен кем емес;
      4) ірі габариттік ҚТҚ, металлоломдарды, бұтақтарды, сыпырындыларды шығару тапсырыстар бойынша жүзеге асырылады;
      5) камераларды, қоқыс құбырларын, қоқыс жинауыштарды және камералардан қалдықтарды төгу орнына бөлінген аумақты ұстау үй иелерімен жүзеге асырылады;
      6) жекелеген жағдайларда, қоқысты, ҚТҚ жинау және шығару қатаң түрде сағат кестесі бойынша қолмен тиеп, қоқысты тасымалдауға жабдықталған автокөлікпен орындалуы мүмкін;
      7) барлық меншік түріндегі кәрізделмеген нысандардың бетондалған шұңқырлары және мамандандырылған кәсіпорындармен сұйық ағындыларды тасып шығаруға арналған шарты болуы керек;
      8) дәретханаларға, қазылған шұңқырларға және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарына баратын жолдарды қамтамасыз етуді жеке меншік құқығында үйі және үйге жапсарлас жер телімдері бар азаматтар жүзеге асырады.
      44. Мамандандырылған кәсіпорындармен тасып шығарылған қатты тұрмыстық қалдықтар үшін төлемді заңды және жеке тұлғалар жасалған шартқа сәйкес жүргізеді. Шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда туындайтын таластар заңнамамен белгіленген тәртіпте шешіледі.

5. Аумақты қыс жағдайларында тазалау және ұстау

      45. Қыс кезінде қала аумағын тазалау, қоқысты, қарды, мұзды, балшықты және құмды тасып шығару сағат 7-ден бастап 21-ге дейін және қажеттілікке байланысты күн ағымында жүргізілуі қажет.
      Ауа райына байланысты, тазалаудың бұл тәртібі өзгеруі мүмкін.
      46. Қарды тазалау алғаш қар жауған кезден басталуы керек және қардың басылып тапталып қалмауы үшін қар жауу аяқталғанға дейін барлық меншік нысандарымен бекітілген және бөлінген аумақтарда үздіксіз жалғасуы керек. Жаңа жауған қарды дуал және үйме етіп барлық көшелер мен алаңдарға, соңынан қар тоқтағаннан кейін тезарада тасып шығару арқылы жинауға рұқсат етіледі.
      Өткелдерді және жолдарды жабуға, екпелері бар көгалдарға қар мен мұзды үюге тыйым салынады.
      47. Шатырлардағы қарды тазалау және ернеулердегі, шатырлар мен ағынды су құбырларындағы бұлтықтарды жою ғимараттар мен имараттар иелері мен жалдаушыларының күшімен және қаражаты есебінен, жүргіншілердің бақытсыз жағдайға душар болуына жол бермейтін және әуе желілеріне, шырақтарға, жасыл желектерге нұқсан келтірмеу шаралары міндетті түрде сақтала отырып, жүргізілуі керек.
      Шатырдан күрелген қар шапшаң тасып әкетілуі керек. Қар мен мұз жергілікті басқару органдарымен белгіленген, су нысандары мен аумақтарының әрі қарай ластануына жол бермейтін, көншілік ақпарат құралдарында жарияланатын арнайы бөлінген орындарға шығарылады.
      48. Көшелердің жүру бөліктерін, алаңдарды, көпірлер мен жол өткелдерін, қиылыстарды, өрлерді және еңістерді, жаяужолдарды, жаяу жүргіншілер өткелдерін, баспалдақ сатыларын механикаландырылған тазарту және құм себу жоспарлы түрде мамандандырылған кәсіпорындармен қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      49. Меншік түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалар жаяужолдарды, өткелдерді, алаңдарды және бөлінген және бекітілген аумақтарда орналасқан басқа да адамдар көп өтетін және жиналатын жерлерді қардан механикаландырылған тазалауға және құм себуге мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасауға немесе осы жұмыстарды өз күшімен жүргізеді.
      50. Жер пайдаланушылар бөлінген және бекітілген аумақтарда көктайғаққа қарсы іс-шаралар (мұзды, қарды жарып бұзу, тайғақ жерлерге инерттік материалдар себу) қарастыруға міндетті.
      51. Қала көшелерінде, көшелерді қардан аршуға кедергі жасайтын автокөліктің стихиялық тұрақтарына тыйым салынады.

6. Көшелерді, жолдарды, жол имараттарын пайдалану
тәртібі, оларды ұстау және қорғау тәртібі

      52. Көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету көшелерді, жолдарды инженерлік имараттарымен бірге пайдаланушылардың барлығының міндеті болып табылады, осыған байланысты:
      Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      1) көшелерді, жолдарды және жол имараттарын, белгілерді, жол қозғалысын реттеу құралдарын, жасыл екпелерді және басқа жол қондырғыларын бүлдіруге;
      2) көшелерді және жолдарды бөгеуге немесе қандай да болмасын заттармен, құрылыс материалдарымен, машиналармен бөгеуге;
      3) жұмыстарды, уәкіл орган берген рұқсат беру құжаттамаларында көрсетілген, белгіленген шекаралардан асырып орындауға;
      4) ағаштарды, бұталарды, көгалдарды, құдық ауыздарын, суаққылардың торларын, науалар мен жол шетін, өткізу құбырлары мен дренаждарды топырақпен және құрылыс материалдарымен жабуға;
      5) кәріздік, өндірістік және ағынды суларды көшелердің және жолдардың жүргін бөлігіне ағызуға, машиналарды жууға;
      6) жол төсемін бұзуға байланысты жұмыстарды келісімсіз жүргізуге;
      7) батпақты жолдардың жүргін бөлігіне алып шығатын, кірлеп шаң басқан көлік құралдарын шығаруға;
      8) мемлекеттік стандартпен белгіленген нормалардан жалпы көлемі, салмағы және білікке түсетін жүктеме салмағы жоғары немесе тыйым салған белгілерде көрсетілгендерден үлкен көлік құралдарының көшелермен және жолдармен өтуіне;
      9) көшелер мен жолдармен белгіленбеген жерлер арқылы және жиектастар арқылы көлік құралдарының және басқа техниканың түсуіне және кіруіне;
      10) жаяужолдарда, жаяу жүргіншілер жолдарында, бөлу жолақтарында, көгалдарда, тұрғын үйлердің, дүкендердің, дәріханалардың, базарлардың, қызмет бабындағы ғимараттардың қасындағы ортақ пайдалану орындарында көлік құралдарының тұрағына;
      11) көшелер мен жолдарды ластайтын төкпелі және басқа жүктерді сәйкес орауышсыз тасуға;
      12) көшелердің жүргін бөлігін қардан және тапталған қардан тазарту үшін айрықша жағдайлардан басқа уақытта шынжыр табанды техниканың жүріп өтуіне жол берілмейді.
      53. Қала көшелері және жолдары жабындарының ұсталуын бақылауды баланста ұстаушы және қалалық ішкі істер бөлімінің жол полициясы бөлімі, тұрақты байқау және үнемі қарап тексеру жолымен мына мақсаттарда жүзеге асырады:
      1) қалалық көлік пен жаяу жүргіншілердің тәулік бойы бөгетсіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету;
      2) жол жабынын уақытынан бұрын тозудан және бұзылудан сақтау;
      3) қала жолдарының жай-күйін, дамып келе жатқан қалалық көліктің талаптарына сәйкес жүйелі жақсарту;
      4) жол жабынының қалыпты жай-күйден ауытқуын уақытында анықтау, соңынан оларды жою үшін кемістіктерді және бүлінген жерлерді анықтау, жекелеген жағдайларда, қозғалыстың қалыпты жай-күйін қалпына келтіру жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау үшін (жүргін бөліктегі ойылып түскен жерлер, көктайғақ, апатты жағдайларда көшелер мен жолдардың бүлінуі) көшелердің жекелеген телімдерінде көлік қозғалысын шектеуге және тыйым салуға.

7. Қала аумағында шағын сәулеттік нысандарды
орнату және ұстау тәртібі

      54. Сыртқы көріктендірудің барлық элементтері, оның ішінде ғимараттардың қасбеттерін жөндеу, кіреберіс топтарын ресімдеу, жаяужолдар мен қоршауларды жайластыру бекітілген жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес орындалуы керек.
      Меншік түріне қарамастан, балансында жалдайтын үй-жайы, құрылысы бар заңды және жеке тұлғалар, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар ғимараттардың көше, алаң, жағалау және басқа қоғамдық орындар жаққа қарайтын қас беттерін мерекелік безендендіру бойынша жұмыстарды орындауға құқылы.
      55. Дүңгіршектерді, дүкеншелерді, палаткаларды, павильондарды, баубақша-парк орындықтарын, жарнама стендтерін, маңдайшаларды ресімдеу, әртүрлі көрнекі және басқа қондырғыларды салуға және орнатуға тек қаланың сәулет бөлімімен келісілгеннен кейін ғана жол беріледі.
      56. Сыртқы көріктендірудің барлық элементтері жөнделген күйде ұсталып, жылына кемінде бір рет жаңартылуы керек.
      57. Барлық алаңдар мен көшелерде, бақтарда, парктерде, бекеттерде, әуежайларда, базарларда, қалалық көлік аялдамалары мен басқа орындарда жеткілікті көлемде кісі көп жүретін жерлерде бір-бірінің ара қашықтығы 40 метрден, кісі аз жүретін жерлерде 100 метрден аспайтын, урналар қойылуы керек.
      Қалалық көлік аялдамаларына, жер асты өту жолдарына, дүкендердің, дүкеншелердің, дүңгіршектердің қасына және үй кіребестеріне урналар орнатылады. Бөлінген және бекітілген аумақтарға урналарды жерпайдаланушылар орнатады, ортақ пайдалану жерлерде қалалық бюджет есебінен орнатылады.
      Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      58. Урналардың ң көлемінің толуына жол беріледі. Бөлінген және бекітілген аумақтарда урналарды орнатуға, таза және жөнделген күйде ұсталуына, олардың сақталуына жерпайдаланушылар, ортақ пайдалану орындарында қалалық бюджет қаражатының есебінен шарттық жағдайларда осы аумақты жинайтын кәсіпорындар жауап береді.
      59. Қызметтік, өндірістік және өзге ғимараттардың, имараттардың иелерінде кәсіпорын атауы жазылған маңдайшалардың болуы міндетті.
      60. Жарнама қондырғыларды, маңдайшалар және басқа да көрнекілік құрылғыларды иелері ортақ жүйеге сәйкес әсемдеп, қажетті шағын ақпаратпен рәсімделеді.
      Ескерту.60-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.

8. Жол жамылғыларын, жаяужолдарды, көгалдарды және
басқа нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерін
бұзуға байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі

      61. Заңды және жеке тұлғалар қала аумағында жер жұмыстарын, немесе жол жамылғыларын, жаяу жолдарды, көгалдарды және басқа нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты басқа жұмыстарды уәкілетті орган берген жазбаша рұқсат (ордер) болған кезде ғана жүргізе алады.
      62. Кідіртуге болмайтын, жол жабындарын ашу, көшелерді, алаңдарды және жалпы қолданыстағы басқа орындарды қазуды қалпына келтіруді қажет ететін инженерлік желілердің апаты кезінде осы орынға уәкілетті органның өкілдерін шақыру керек. Жұмыс өндірісін бастауға тек жұмыс өндірісіне рұқсат алғаннан кейін ғана жіберіледі. Заңды және жеке тұлғалар меншік нысанына қарамастан, апаттың бөгетсіз жоюын қамтамасыз ету үшін апатты жұмыстар өндірісі орнындағы қандай да бір жиналған мүлік немесе материалдары бар учаскілерді босатуға көмектесулері қажет.
      Қаланың негізгі маңызды нысандарының тіршілігін қамтамасыз ету үшін, шұғыл түрде апатты жоюды қажет ететін уәкілетті орган өкілінің қатысуымен, рұқсатты рәсімдемеусіз апатты жоюға кірісуге жіберіледі, артынан 24 сағат ішінде жұмыс өндірісіне рұқсатты рәсімдеуі керек.;
      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      63. Құрылыс немесе инженерлік желілерді, жолдарды, жаяужолдарды және қала шаруашылығындағы басқа да элементтерді қайта құру бойынша жұмыс жоспарлаған заңды және жеке тұлғалар, осы жөнінде уәкілетті органға жоспарланған жылдың алдыңғы жылында 15 қарашаға дейін және қайталанба түрде жоспарланған жылдың 1 наурызына дейін қажетті сызбалардың қосымшаларымен жұмыс өндірісінің мерзімін көрсете отырып, уәкілетті органға тапсырыс береді.;
      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      64. Жер асты инженерлік желілерін төсеу, қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу уақытын көшелерді, алаңдарды және басқа да ортақ пайдаланудағы орындарды салу, қайта жаңарту жөніндегі жұмыстармен сабақтастыру үшін, салынған жылы және одан кейінгі 5 жыл ішінде асфальтбетон жамылғылардың ашылуының алдын алу үшін, осы жұмыстарды жоспарлап отырған қала ұйымдары жоспарланған жылдың алдындағы жылы наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға жұмыстарды орындау көзделген мерзімдерді көрсете отырып, оларға трассалар және мекенжай тізімдерінің қосымшасын тіркей отырып өтінім беруге міндетті.
      65. Көшелерде жұмыс жүргізу кезінде, көлік қозғалысын шектеумен немесе жабуға байланысты жағдайларда, тапсырыс беруші қала әкімінің автокөлік қозғалысын жабуға арналған тиісті келісімін ресімдейді, ал қоғамдық көлік қозғалыстарының бағытын өзгерту қажет болған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарын хабардар етеді.
      66. Қала шаруашылығының элементі, объекті рұқсатта көрсетілген жұмыс мерзімінің аяқталуына дейін қажетті жағдайға келтіруі керек. Мерзімі өткен рұқсат бойынша атқарылған жұмыстар өз еркімен қазған деп есептеледі.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      67. Инженерлік желілер мен құрылғылардың зақымдануының алдын алуға және сақтауға қажетті шараларды қолдану үшін, жұмыс жүргізуші жұмысты бастағанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей сол жерге мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыруға, солармен бірлесе отырып, бар желілер мен имараттардың нақты орналасқан жерін анықтауға және олардың толық сақталуы үшін шаралар қолдануға міндетті.
      68. Жұмыс жүргізуші жұмысты бастағанға дейін мыналарды орындауы қажет:
      1) құрылыс алаңдарын барлық периметрі бойынша, ескерту белгілері бар, белгіленген үлгідегі тұтас қашамен қоршауы және шығатын көлік көшені ластамайтындай етіп көркейтілуі қажет;
      2) өтетін жолдар қосымша көшелерге шығып, шлагбаумдармен жабдықталуы керек. Қоршауларда өтетін жолдар аз мөлшерде болуы керек;
      3) құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде құрылыс ұйымына негізгі магистралды жолдың бойымен, салынып жатқан нысаннан екі жаққа, күнделікті ластан тазартып отыру үшін, 600 метр телім бекітіледі;
      4) жаяу жүргіншілер жүретін орындарда бір-бірінен 200 метр қашықтықта жаяу жүргіншілер көпірін орнату және түнгі уақытта құрылыс немесе күрделі жөндеу телімін жарықтандыруды қамтамасыз ету;
      5) нөсер кәріздерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
      6) жасыл екпелер бар болған жағдайларда механизмдер жұмыс істейтін аймақтарда, олардың сақталуын қамтамасыз етуге кепілдік беретін тұтас қалқандармен қоршау;
      7) өтетін жолдарды немесе жаяу жүргіншілер жүретін жолдарды жабу қажет болған кезде айналма жолдар дайындау және айналма жолды тиісті белгілермен айқын белгілеу.
      69. Жұмысты жүргізу қолданыстағы нормалар мен қағидаларға, сондай-ақ, ордерде көрсетілген шарттарға сәйкес жүргізіледі.
      70. Жабыннан алынған асфальт пен қайта жабуға жарамсыз топырақ жұмыс барысында арнайы бөлінген жерлерге тасып шығарылады. Жиектастар мен жаяужолдар тасы бұзып алынады, үйіледі және сақтап, қайтадан пайдалану үшін акт бойынша өткізіледі. Жасыл екпелерді, су ағатын торларды, науаларды және т.б. топырақпен және құрылыс материалдарымен жабуға тыйым салынады. Аталған имараттардың элементтерін қорғау үшін, люктер мен құдықтарға баруды қамтамасыз ететін ағаш қалқандар мен қораптар қолданылуы керек.
      71. Жер асты желілері мен имараттар құрылымдарының, сыртқы көркейту элементтерінің бұзылуына ордер алған тұлға жауапкершілік жүктейді.
      Зақымданған жағдайда мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуымен акт жасалады, онда зақымдану себебі, кінәлі адамдар, зақымдануды жою жөніндегі шаралар, қалпына келтіру жұмыстарының құны және мерзімдері көрсетіледі. Зақымдануларды жою бойынша мерзімдер мен техникалық шарттар сақталмаған жағдайда кінәлі адамдар қалпына келтіру жұмыстарының барлық құнын өтейді.
      Бұзылған жабындар мен көркейту элементтерін қалпына келтіру топырақпен қайта жабу жұмыстары аяқталғаннан кейін екі тәуліктен кешіктірілмей басталуы керек. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына ордер алған ұйым жауап береді.
      72. Жұмыс жүргізу мерзімі қолданыстағы құрылыс ұзақтылығының нормаларына сәйкес күнтізбелік кестеге сай белгіленеді. Жұмыс ұзақтылығы екі айдан артық жер асты коммуникацияларын салу немесе жөндеу кезінде ордерлер олардың барлық жұмыс кешенінің аяқталу мөлшеріне байланысты телімдерге беріледі.
      73. Жолдардың, жаяу жолдардың және алаңдардың жабындарын жайластырғаннан кейінгі немесе күрделі жөндегеннен кейінгі бес жыл ішінде, оларды бұзуға байланысты жұмыстарды, қала әкімінің шешімі бойынша ерекше жағдайлардан басқасында, өндіруге тыйым салынады.
      74. Қазылған жерлердегі бұзылған жабынды қалпына келтіру уәкілетті орган жұмысты қабылдағаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына, жабындардың отыруына және сыны бұзылуына ордер алушы тұлға жауап береді.
      75. Жұмысты өндіру шарттары бұзылған жағдайда, қалпына келтіру сапасыз орындалса немесе жұмыстарды орындау мерзімдері бұзылса, уәкілетті орган басталған жұмыстарды тоқтатуға, жіберілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге құқылы.
      76. Қалпына келтіру жұмыстарының орындалу сапасын уәкілетті орган қабылдайды.
      77. Жол жамылғыларын ашу және көшелерді, алаңдар мен ортақ пайдаланудағы басқа орындарды қазу жөніндегі жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар жұмысты жүргізу орындарында ақпараттық қалқандар орнатулары қажет.

9. Инженерлік желілерді, имараттар мен
коммуникацияларды ұстау тәртібі

      78. Ведомстволардың, кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың инженерлік имараттары мен коммуникацияларына олардың иелері қызмет көрсетеді.
      79. Иелігінде инженерлік коммуникациялары мен имараттары бар жеке және заңды тұлғалар олардың қаланы көркейтілуін бұзылуына әкеп соғатын техникалық жай-күйін үнемі байқап отыруы, атап айтқанда:
      1) аумақтарды су басуына жол бермеу;
      2) бөлінген және қорғалатын аймақтардың санитарлық жағдайын байқау;
      3) люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындары, нөсер құдықтардың торлары жол жамылғыларының деңгейінде және үнемі жөнделген күйде ұсталуын байқау;
      4) қыс уақытында құдықтардың орналасқан жерін тез анықтау үшін, оларға белгі қоюды жүргізу;
      5) жер асты желілерінің үстіндегі қатты немесе топырақ жабындардың, құру, қайта жабу және пайдалану ережелерін сақтамау барысында бұзылып құлауы мүмкін болғандықтан, жай-күйін байқау;
      80. Жер асты инженерлік желілерді төсеу және барларын қайта орнату жұмыс өндірісіне арналған техникалық шарттарға сәйкес қатаң түрде жүргізілуі қажет.
      81. Жер асты коммуникацияларын салу, күрделі жөндеу, қайта жаңарту автожолдарды, алаңдарды және басқа ортақ пайдалану орындарын қайта жаңарту басталғанға дейін жүргізілуі қажет.
      82. Қатты жабыны бар аумақтарды күрделі жөндеу немесе қайта жаңарту, инженерлік желілердің құдық люктерінің белгілерін талап етілген жерге, жаяужолдарды, көгалдарды, автожолдарды коммуникациялардың қорғау аймағының еніне дейін жеткізу жөндеуге тапсырыс берушінің есебінен жүргізіледі.
      83. Көшелер мен жолдардан жоғарғы және жер асты суларын бұру үшін арналған каналдарды, құбырларды, дренаждарды тазалау және тазарту, коллекторлар мен нөсерлі кәріздердің жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарын тазарту, қатты тұнбаларды алу қажеттілігіне байланысты оларды тез арада қалалық қоқыс орнына тасып әкету қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жер пайдаланушыларға бөлінген аулалар мен басқа аумақтарда суөткізгіш құрылғыларды тазартуды жерпайдаланушылар жүргізеді.
      Жалпы қалалық аумақ пен мөлекаудандар шекарасының шегінде өтетін коллекторларды, нөсер кәріздерінің құдықтарын тазарту қала бюджеті қаражатының есебінен жүргізіледі.
      Байқау құдықтары бар кәсіпорындар жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, байқау құдықтарын тұнбадан және басқа ластан тазартуды жүргізеді, жұмыстарды аяқтағаннан кейін жанама аумақты қоқыстан, топырақтан, тұнбадан және т.б. өз күшімен тазартуы қажет.
      84. Қаланың сутартқы құдықтарының жанындағы радиусы 5 метрлік аумақтарды мұздан (қыс кезінде) және қоқыстан тазалау, оларды шығару, құдықтарға баратын жолдарды ұстау сутартқы құдықтарының иелерімен жүргізіледі.
      85. Өндірістік кәсіпорындар алаңынан атмосфералық сулар кәріздерге құйылуы керек. Осы суларды қалалық нөсер желісіне жіберуге жол берілмейді.

10. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау

      86. Қала көшелерінде, алаңдарында, парктерінде, саябақтарында сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау, қызмет көрсету, ағымды және күрделі жөндеу мамандандырылған кәсіпорындармен қала бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      87. Тұрғын аудандар мен басқа да ортақ пайдалану орындарында бұл жұмыстар, олар кімнің ведомствосында болса, сол қызметтерге жүктеледі.
      88. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстауға және қызмет көрсетуге мынадай іс-шаралар кіреді:
      1) қондырғыларды техникалық жөнделген күйде ұстау, сонымен бірге сандық және сапалық көрсеткіштері тапсырылған өлшемдерге сәйкес келеді;
      2) қондырғылардың регламенттік жұмыс тәртібін қамтамасыз ету, қала әкімімен бекітілген кесте бойынша уақытында қосу және өшіру, ішінара немесе толық өшіруді бақылау, жанбай тұрған шамдарды, зақымдануын және басқаларды анықтау, оларды шұғыл жою.
      89. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының жану пайызын және жағдайын анықтау үшін пайдаланатын кәсіпорындар бақылау тексерулерін жүргізіп, актілер жасайды. Шамдардың жану пайызы кемінде 95 % болуы қажет.
      90. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының металдан жасалған тіректері, кронштейндер мен басқа да элементтері жамылғыларының жағдайына байланысты, бірақ жылына кемі 3 рет боялады.

11. Тұрғын ғимараттарда орналастырылған сауда
кәсіпорындарының және халыққа қызмет көрсету пункттерінің
      аумақтарын көркейту және қас беттерін әсемдеу тәртібі

      91. Тұрғын үй, әкімшілік пен басқа ғимараттардың және оларға бөлінген аумақтардың сәулеттік келбетін сақтау және жақсарту үшін, оларда сауда кәсіпорындарын, халыққа қызмет көрсету пункттерін, офистер мен басқа да нысандарды орналастыру кезінде иелері – меншік түріне қарамастан, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өздері әзірлеген және келісілген жобаға сай бөлінген аумақты көркейту және ғимарат қас беттерін әсемдеу бойынша іс-шаралар кешенін орындайды.
      Ескерту. 91-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      92. Іс-шаралар кешеніне, жобамен қарастырылған көлемде, мына жұмыстарды орындау кіреді:
      1) қас бетті әрлеу (ғимараттың сәулеттік келбетіне сәйкес);
      2) сәулет ескерткіші болып табылатын немесе тарихи құндылығы бар ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін әрлеу (бояу, әртүрлі материалдармен қаптау және басқалар) міндетті түрде жоба әзірлеу арқылы және оны сәулет және қала құрылысы бөлімімен және ескерткіштерді қорғау жөніндегі инспекциямен келісу арқылы жүргізіледі;
      3) ғимараттың жалпы стиліне сай келетін қанатнаршалар, маңдайша күнқағарларын жайластыру;
      4) жаяужолдар, кіреберістер, автомашиналар кіретін жолдар мен тұрақтар алаңшаларын, төсеніштер, көгалдар, жасыл екпелер жайластыру кіретін аумақты көркейту жөніндегі жұмыстарды орындау;
      5) орындықтарды, урналарды, қоршауларды орнату жаяжолдарды және жасыл желектерді құру.;
      6) ғимаратқа жанама аумақты жарықтандыру үшін жеткілікті сыртқы жарықты (сәулелік жарнаманы) орнату, ғимараттардың көшелерге, алаңдарға және басқа қоғамдық орындарға шығатын қас беттерінің жарықтарын орнату;
      7) әсем орындалған, жалпы үлгідегі қажетті мөлшерде ақпараты бар маңдайшаларды орнату.
      Ескерту. 92-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      93. Ғимаратта бір кәсіпорын орналасқан жағдайда барлық қас беттерді немесе оның бөлігін әсемдейді (қаланың бас сәулетшісінің келісімі бойынша), сондай-ақ, бөлінген аумақты көріктендіреді және санитарлық тазарту жүргізеді. Бірнеше кәсіпорындар болса, қас бетті әсемдеу, бөлінген аумақты көріктендіру және санитарлық тазарту олармен тиісті үлесте біркелкі сәулеттік-көркемдік келбеті сақталына отырып, жұмыстар бір уақытта орындалады.

12. Ақылы автомобиль тұрақтарын ұстау

      94. Ақылы тұрақтар әзірленген және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамалар негізінде ұйымдастырылады.
      95. Көлік құралдарының ақылы тұрақтарының асфальтты бетонды жабындары бар жеке көркейтілген алаңшасы, жол белгілерімен белгіленген, қоршауы бар, таңбаланған, суқайтару желісі және тазарту құрылғылары бар, көгалдандырылған, көркейтілген, жарығы бар, диспетчерлік павильон орнатылған, өрт сөндіргіш құралдары, қалдықтарды жинайтын және сақтайтын контейнерлік алаңшасы бар автомобильдер тұрақтау үшін қарастырылған қалтасы болуы керек.
      Ақылы тұрақтың кіреберісінде тұрақтың атауы, жұмыс тәртібі қарастырылуы қажет.
      Ескерту. 95-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.
      96. Ақылы автомотокөлік тұрақтарын, автосервис қызметтерінің және оларға жанама аумақтарды ұстауды, тазалауды, қоқысты тек контейнерлерге жинауды олардың меншік иелері жүзеге асырады.

13. Қала аумағында жөндеу және құрылыс жұмыстарын
жүргізетін жерпайдаланушылар мен тұлғалардың
міндеттері

      97. Жерпайдаланушы:
      1) бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік желілерді және олардың элементтерін (құдықтар, люктер, торлар, тіреулер, насос станциялары, жылу пункттері, трансформаторлық шағын станциялар және т.б.) қолданыстағы санитарлық нормалармен белгіленген тиісті жағдайларын қолдауға;
      2) құрылыстық қоқыстың, қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондарға (қалалық қоқыс жинау орындарына) тасып шығарылуын және көмілуін қамтамасыз етуге;
      3) сұйық қалдықтарды жинау үшін санитарлық талаптарға сай тазаланатын шұңқыры болуы;
      4) қажетті болған кезде өз аумағында залалсыздау және (шыбындарды, тарақандарды, тышқандарды, егеуқұйрықтарды құрту үшін) зиянды кеміргіштерді жою жұмыстарын жүргізуге міндетті.
      98. Қала аумағында жөндеу және құрылыс жүргізетін ұйымдар:
      1) құрылыс алаңын, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысы үшін, ені 1 метрден кем емес қорғау қалқаншасын орнату арқылы биіктігі 2 метрден кем емес тұтас қашамен қоршауға;
      2) батпақтың жолға тасылуын болдырмау үшін, құрылыс алаңшаларына қатты жабыны бар кіреберіс жолдар жайластыруға;
      3) құрылыс кезеңінде, автожолдың құрылыс алаңынан шығатын автокөлік доңғалағы былғайтын телімін және қоршау маңындағы аумақты бекітілген аумақ шегінде тазалауға;
      4) құрылыс заттарын олардың желмен шашылуын және шаңданып ұшуын болдырмайтын шараларды сақтай отырып сақтауға міндетті.

14. Елді мекендердің аумақтарын санитарлық ұстау
жөніндегі уәкілетті органдар мен қызметтердің
міндеттері

      99. Үй иеліктерінің меншік иелері (пайдаланушылар), кондоминиум нысандарын басқару органдары:
      1) ҚТҚ шығарылуына шарттарды өз уақытында жасауға;
      2) елді-мекендердің аумақтарын ұстаудың санитарлық қағидаларын сақтау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және халықты ұйымдастыруға;
      3) қоқысжауыштар мен ірігабаритті қоқыстарға арналған су өтпейтін жабыны бар алаңшалар жабдықтауға;
      4) техникалық персоналдарды тамақ қалдықтарын, көше және аула сыпырындыларын жинау үшін қолданылатын жинауыштармен және құрал- жабдықтармен қамтамасыз етуге;
      5) қоқыс қабылдайтын камераларды, жинауыштарға арналған алаңшалар мен қуыстарды, сондай-ақ қалдықтар жинауыштардың үнемі жуылуын, залалсыздануын және улануын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
      100. Жинау жөніндегі кәсіпорындар:
      1) үйлердің, ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың аумақтарынан қоқысты тасып шығаруды өз уақытында жүзеге асыруға (шарттарға сәйкес);
      2) әрбір арнайы машинаға қозғалыс сұлбасымен бағыттық кестелер құрастыруға;
      3) пайдалану жағдайының өзгертілуіне сәйкес бағыттық кестелерді түзетуге;
      4) бекітілген бағыттық кестелердің міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етуге;
      5) азаматтардың жекеменшік құқығына жататын үйлер құрылысы аудандарында ҚТҚ тазартудың жоспарлы-реттік жүйесін аптасына кемі екі рет жүзеге асыруға міндетті.

15. Осы Қағидамен тыйым салынған іс-әрекеттер

      101. Тыйым салынады:
      1) санитарлық тазарту мен жинаудың бас сұлбасын, қоқысты шығару кестесін бұзуға;
      2) қарау құдықтарына, өзендерге, және басқа су айдындарына, көгалдарға, ағаштардың және бұталардың түбіне, жаяужолдарға қоқыс, батпақ, жарылған мұз, кірленген қар тастауға;
      3) әртүрлі құрылыс, тұрмыс және тамақ қалдықтарын көшелерге, бос алаңдарға, орман аймағына, жол бойына, өзендер мен басқа су айдындарына және осы мақсаттар үшін бөлінбеген барлық басқа орындарға төгуге;
      4) машиналарды, тракторларды көшелерде, өзендер мен басқа су айдындарында, суқұбыры крандары мен құдықтарының жанында, тұрғын үйлердің аулаларында жууға;
      5) көшелерде, аулаларда және басқа ортақ пайдалану орындарында сауда науашаларын, ыдысын және сауда аяқталғаннан кейін жинауға болатын басқа жылжымалы сауда жабдықтарын, жиналған қоқысты, жуынды-шайындыны, балшықты, жарылған мұз бен қарды, құрылыс және басқа қалдықтарды тасып шығармай қалдыруға;
      6) көшелерде құрылыс материалдарын, отын ағаштарын, көмірді үюге;
      7) өндірістік қалдықтармен өзендерді және басқа су айдындарын ластауға;
      8) дүңгіршектерді орнату Заңға сәйкес аумақтарды аймақтандырудың қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитарлық-гигиеналық және т.б. нормаларға сәйкес жүргізіледі;
      9) үйлердің қабырғаларына, көше жарықтандыру тіреулеріне, ағаштарға, аялдама павильондарында, бетонды және темір қоршауларда әр түрлі хабарландыруларды ілуге;
      10) жуындыларды, тазаланбаған кір суларды аулалар мен көше аумағына төгуге, ҚТҚ, түскен жапырақтар, кесілген бұтақтар өртеуге;
      11) қысқы кезеңде су құбырлары, жылу жүйелері, канализация апаттарын жою кезінде нөсерлі канализацияға суды жіберуге;
      12) шанағы жөнделмеген кез келген көлік түрінің, қала аумағының ластануына әкеліп соқтыратын дұрыс қойылмаған жүкпен жүруіне;
      13) сусымалы жүкті, қосалқы шикізатты және макулатураны қапшықсыз ашық шанақтарда тасуға;
      14) қашаны көшенің «қызыл сызығынан» шығара отырып, құрылыс алаңшаларын қоршауға;
      15) қала аумақтарын өз бетімен қазуға;
      16) инженерлік желілердегі апатты жойғаннан кейін қазылған жерлерді қанықты ылғалды топырақпен толтырып жабуға;
      17) қала аумағын санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу мерзімдерін бұзуға;
      18) контейнерлерді тұрмыстық мақсаттағы ірі габариттік заттармен және құрылыс материалдарымен толтыра тиеуге, жуынды-шайындыларды контейнерге төгуге, онда қоқысты өртеуге;
      19) өкілетті органның келісімінсіз, мемлекеттік қорғауға жататын нысандардан, саябақтардан, парктерден тұрақты немесе уақытша сипаттағы құрылысқа телімдер беруге;
      20) жолдың жүру бөлігінде және жаяу жолдарда қоршалмаған газ люктерін, канализация, жаңбыр суын қабылдайтын және басқа да құдықтарды ашық қалдыруға;
      21) көшелерде, саябақтарда, бақтарда, орман парктерінде, стадиондарда, мектептің жанындағы телімдерде және басқа жалпы пайдаланудағы орындарда құсты, малды жаюға;
      22) иттерді қыдырту үшін бөлінбеген аумақтарда оларды қыдыртуға, иттердің нәжістерін тазалаусыз қалдыруға;
      23) жол және жер жұмыстарын жүргізу кезінде бар имараттарды (жол жамылғыларын, жиектемелерді, құдықтардың люктерін, су ағатын торларды, лотоктар мен кюветтерді, қайта өткізгіш құбырларды және дренаждарды, геодезиялық белгілер мен тағы басқаларды), жасыл желектерді бұзуға, сонымен бірге оларды топырақпен жабуға, жылумен жабдықтау, сумен қамту және канализация жүйелеріндегі бүлінушілікті жою бойынша апаттық жұмыстарды суларды тікелей жаяу жолдарға, көгалдарға және жүру бөлігіне ағыза отырып, жүргізуге;
      24) кәсіпорындар, ұйымдар аумақтарында, көшелер мен көгалдарда, тұрғын үй кварталдарында, жеке меншік телімдерде қоқысты, жапырақтарды өртеуге;
      25) хабарландыруларды, жарнамаларды, жарқағаздарды және тағы басқаларды өз бетімен жапсыруға;
      26) жасыл желегі бар орындарда (көгалдар, ағаштар, гүлзарлар):
      көгалдармен жүруге, жасыл желектерді сындыруға, жұлуға және кесуге;
      жолдарды тазарту мақсатында жасыл желектер үшін зиянды ас тұзын және басқа заттарды қолдануға;
      автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен және басқа көлік құралдарымен жүруге (мамандандырылған көлікті есептемегенде);
      көгалдарда, өсімдіктерден жасалған қоршаулардың жанында жолаушылар көлігінің аялдамасын ұйымдастыруға;
      алау оттарын ұйымдастыруға, басқа өртке қарсы қажаларды бұзуға;
      ағаштарды электр желілерін, сымдарын, алтыбақандарды, жарнамалық тақталарды және көрсеткіштерді, қоршауларды бекіту үшін пайдалануға;
      бекітілген агрономдық мерзімдерден тыс уақыттарда және кесу ережесін сақтамай ағаштардың бөрікбасын кесуге;
      мамандандырылған қызметтердің келісімінсіз ағаштар мен бұталарды өз бетімен шабуға;
      Жалпы қолданыстағы жерлердегі (жаяжолдар, жүргін бөлігі, жасыл аумақ) өз бетімен қоршаулар орнатуға;
      экологияға зиян келтіретін басқа да іс-әрекеттерге тыйым салынады.
      Ескерту. 101-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 16/129-IV шешімімен.

16. Семей қаласын көркейтудің, санитарлық ұстаудың,
аумағын тазартуды ұйымдастырудың жай-күйін бақылау
жөніндегі уәкіл органдар

      102. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы қағидалардың сақталуын бақылауды және қала аумағын көркейту қағидаларының бұзылғаны үшін, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым нысандарының бүлдірілгені үшін шаралар қолдануды өз құзырының шегінде:
      1) ішкі істер органдары;
      2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.
      3) Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар.

17. Жеке және заңды тұлғалардың
Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі

      103. Осы Қағидалардың бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану бұзушыларды, олар келтірген материалдық зиянды қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу және жіберілген бұзушылықтарды жою міндетінен босатпайды.
      
      
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                          Қ. Мирашев

2008 жылғы 20 маусымдағы
№ 8/71-IV шешімге
қосымша

Қалалық мәслихаттың күші жойылған шешімдерінің
тізбесі

      1. Семей қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 мамырдағы № 6-7 «Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерін бекіту туралы» шешімі (2004 жылдың 10 маусымда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 1829 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 22 шілдедегі № 28 «Семей таңы» және 2004 жылғы 2 шілдедегі № 25 «Семипалатинские вести» газеттерінде жарияланған);
      2. Семей қалалық мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 19-7 «2004 жылғы 14 мамырдағы № 6-7 «Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі(2005 жылдың 31 қазанда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 5-2-13 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 11 қарашадағы № 45 «Семей таңы» және 2005 жылғы 18 қарашадағы № 46 «Семипалатинские вести» газеттерінде жарияланған)
      3. Семей қалалық мәслихатының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 29-8 «2004 жылғы 14 мамырдағы № 6-7 «Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (2006 жылдың 20 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 5-2-43 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 27 шілдеде № 30 «Семипалатинские вести», 2006 жылғы 27 тамызда № 30 «Семей таңы» газеттерінде жарияланған);
      4. Семей қалалық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 33-15 «2004 жылғы 14 мамырдағы № 6-7 «Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (2006 жылдың 20 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 5-2-56 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 25 қаңтарда № 4 (17835) «Семей таңы», 2007 жылғы 25 қаңтарда № 4 (257) «Семипалатинские вести» газеттерінде жарияланған);
      5. Семей қалалық мәслихатының 2007 жылғы 29 қарашадағы № 3/25-IV «2004 жылғы 14 мамырдағы № 6-7 «Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (2008 жылдың 14 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 5-2-74 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 27 желтоқсанда № 52 (17883), 2008 жылғы 3 қаңтарда № 1 (17884) «Семей таңы», 2008 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (305), 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 1 (306) «Вести Семей» газеттерінде жарияланған);
      6. Семей қаласы мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 4/40-ІV «2004 жылғы 14 мамырдағы № 6-7 «Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (2008 жылдың 10 қаңтарда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5-2-77 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 3 (308) «Вести Семей», 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 3 «Семей таңы» газеттерінде жарияланған).
      
      
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                          Қ. Мирашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады