Кеме капитанын аттестаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 18-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3415. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Кеме капитанын аттестаттау ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.Ж. Қошановқа жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

Көлік және коммуникация  
министрінің        
2005 жылғы 10 қаңтардағы 
N 18-І бұйрығымен    
бекітілген        

Кеме капитанын аттестаттау ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Кеме капитанын аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) кеме капитанын аттестаттауды өткізу тәртібін белгілейді және Қазақстан Республикасының "Ішкі су көлігі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

     2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
     1) кеме капитанын аттестаттау - кеменi басқару, оның iшiнде кеме жүргiзу, кеменiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету, кемедегi тәртiптi сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегi адамдарға, багажға және жүкке зиян келтiрiлуiн болдырмау жөнiндегі шараларды қабылдауға қажетті кеме капитанының білім деңгейін айқындау жөнінде мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім;
     2) әуе көлігін қоспағанда, көлiктегі мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;
     3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау басқармасы.

     3. Кеме капитанын аттестаттау кезіндегі негізгі бағалау өлшемі кеме капитанының өзіне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.

     4. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің қадағалауындағы кемелердің капитандары аттестаттауға жатады.

     5. Кеме капитандары әрбір келесі үш жыл өткен сайын аттестаттаудан өтеді.

     6. Тиісті мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарын кезекті аттестаттау жылында бітірген, сондай-ақ дипломдаудан сол жылы өткен тұлғалар аттестаттаудан босатылады.

     7. Кеме капитанын аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
     1) аттестаттауды өткізуге дайындық;
     2) кеме қауіпсіздігін реттейтін нормативтік-құқықтық кесімдер бойынша білімін тексеру мақсатында аттестатталушымен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
     3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

2. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру

     8. Кеме капитанын аттестаттауды ұйымдастыру және оны өткізу үшін аумақтық бөлімшенің басшысы құрамында кемінде бес адам бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады:
     төраға - аумақтық бөлімшенің басшысы немесе оның орынбасары;
     комиссия мүшелері - су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкерлері, сондай-ақ жұмыс өтілі бес жылдан кем емес тәжірибелі мамандар (кеме жүргізушілер, механиктер, электр механиктер).
     Комиссия ісін жүргізетін аумақтық бөлімшенің қызметкері аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады.

     9. Аттестаттауды өткізуге дайындықты аттестаттау комиссиясының хатшысы ұйымдастырады. Ол мынадай шараларды:
     1) аттестатталушыларға қажетті құжаттарды дайындауды;
     2) аттестаттауды өткізудің кестесін әзірлеуді;
     3) аттестаттауды өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды;
     4) аттестаттау мерзімдері мен оны өткізу орны жөнінде кеме жүргізушімен келісуді қамтиды.

     10. Аумақтық бөлімше басшысы аттестаттау комиссиясы хатшысының ұсынуымен аттестатталуға тиіс кеме капитандарының тізімі бекітілген, аттестаттауды өткізу мерзімі, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесі белгіленген бұйрық шығарады.

     11. Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей кеме иелеріне жазбаша хабарлайды.

3. Аттестаттау комиссиясы

     12. Аттестаттау комиссиясын аумақтық бөлімшенің басшысы осы Ереженің 8-тармағына сәйкес құрады.

     13. Аттестаттаудан өтуге тиіс аттестаттау комиссиясының мүшелері аттестаттаудан жалпы негіздерде өтеді.

     14. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы деп есептеледі.

     15. Дауыс берудің нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

4. Кеме капитанын аттестаттаудан өткізу тәртібі

     16. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталушы кеме капитанының қатысуымен өткізеді.
     Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған кеме капитаны, жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.
     Аттестаттау комиссиясының отырысына кеме капитаны дәлелсіз себеппен келмеген жағдайда, комиссия қолда бар материалдардың негізінде оның қатысуынсыз аттестаттау өткізу туралы шешім қабылдауға хұқылы.

     17. Аттестаттау комиссиясы кеме капитанын аттестаттаудан өткізгенде мына шешімдердің бірін қабылдайды:
     1) атқаратын лауазымына сәйкес;
     2) қайтадан аттестатталуға тиіс;
     3) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

     18. Егер кеме капитаны қайта аттестаттаудан өтпесе, аттестаттау комиссиясы атқаратын лауазымына сәйкес еместігі жөнінде шешім шығарады.

     19. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру тәсілі аттестаттау комиссиясының қалауы бойынша таңдалады. Аттестаттау комиссиясының құрамына енген аттестаттаудан өтуші кеме капитаны өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

     20. Аттестаттау комиссиясының шешімі, аумақтық бөлімшеде сақталатын, бір данада жасалған хаттамамен (1-қосымша) ресімделеді.
     Кеме капитаны аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылуы тиіс.
     Аттестаттаудан өткен тұлғаларға анықтама (2-қосымша) беріледі.
     Аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өтпеген тұлғаларға алғашқы аттестаттау өткізілген күннен кейін екі айдан соң осы Ережеде айқындалған тәртіппен өткізілетін қайта аттестаттауды белгілейді.
     Қайта аттестаттаудан өтпеген тұлғалар кеме капитаны лауазымын атқаруға жіберілмейді.

                                      Кеме капитанын аттестаттау
                                         ережесіне 1-қосымша

                        Қазақстан Республикасы
                Көлік және коммуникация министрлігі
                      Көліктік бақылау комитеті

_______________________ облысы бойынша Көліктік бақылау басқармасы

               Кеме капитанын аттестаттауды өткізудің
                         N ___ хаттамасы

200___жылғы "______" _____________
            (күні)      (айы)

Мынадай құрамдағы аттестаттау комиссиясы:
Төраға_____________________________________________________________
               (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

комиссия мүшелері__________________________________________________
                     (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
Хатшы______________________________________________________________
                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
    (тексерілетін тұлғаның атқаратын лауазымы және жұмыс орны)
____________________________________________ аттестаттаудан өткізді
    (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

Аттестаттау нәтижесі:

р/с N 

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Баға










  Аттестатталушы тұлға туралы қысқаша мәліметтер:

Туған жылы ________________________________________________________
Білімі ____________________________________________________________
          (оқу орнының атауы, бітірген жылы және біліктілігі)

Оқу орнын бітіргендігі туралы диплом N ____________________________
___________________________________________________________________
                    (кім және қашан берген)

Жүзу құрамындағы жұмыс өтілі ______________________________________

Командалық лауазымды атқару құқығына дипломы ______________________
___________________________________________________________________
         (лауазым, кемелер тобының және дипломның атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                      (кім және қашан берген)

Атқарған командалық лауазымдағы жұмыс өтілі________________________
___________________________________________________________________
       (лауазым, кемелер тобының және дипломның атауы)

Комиссияның шешімі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Комиссия төрағасы _____________  _________________________
                     (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты)

Комиссия мүшелері _____________  _________________________
                     (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты)

                 _____________  _________________________
                     (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты)
                 _____________  _________________________
                     (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты)

Хатшы             _____________  _________________________
                     (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты)

Шешіммен таныстым _________________________________________________
      (аттестатталушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

                                      Кеме капитанын аттестаттау
                                         ережесіне 2-қосымша

                 Аттестаттаудан өткені туралы
                        N___ АНЫҚТАМА

Т.А.Ә.а.___________________________________________________ берілді
Туған жылы ________________________________________________________
Білімі_____________________________________________________________
Оқу орнын бітіргені жөніндегі диплом N ____________________________
___________________________________________________________________
                       (кім және қашан берген)
Лауазымы __________________________________________________________
Аттестаттау хаттамасының N____ және күні __________________________
Анықтаманың жарамдылық мерзімі ____________________________________
_________________ облысы бойынша Көліктік бақылау басқармасы берген

Көліктік бақылау        ______________    _________________
басқармасының бастығы       (қолы)             Т.А.Ә.а.

200___ жылғы "______" _______________
             (күні)      (айы)

Об утверждении Правил аттестации капитана судна

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 января 2005 года № 18-I. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 февраля 2005 года № 3415. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 августа 2011 года № 496

     Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций РК от 06.08.2011 № 496.

     В соответствии с подпунктом 13) пункта 1  статьи 9 Закона Республики Казахстан "О внутреннем водном транспорте"  ПРИКАЗЫВАЮ :
     1. Утвердить прилагаемые Правила аттестации капитана судна.
     2. Комитету транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Мустафин К.С.) в установленном законодательством порядке обеспечить представление настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан для государственной регистрации.
     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Кошанова Е.Ж.
     4. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     Министр

 Утверждены            
приказом Министра        
транспорта и коммуникаций    
Республики Казахстан      
от 10 января 2005 года N 18-I 

Правила аттестации капитана судна 1. Общие положения

     1. Правила аттестации капитана судна (далее - Правила) определяют порядок проведения аттестации капитана судна и разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О внутреннем водном транспорте».
     2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
     1) аттестация капитана судна - периодически осуществляемая процедура по определению уровня знаний капитана судна, необходимых для управления судном, в том числе судовождения, принятия мер по обеспечению безопасности плавания судна, поддержания порядка на судне, защиты окружающей среды, предотвращения причинения вреда судну, находящимся на судне людям, багажу и грузу;
     2) уполномоченный орган по осуществлению государственного контроля и надзора на транспорте, за исключением воздушного (далее - уполномоченный орган) - Комитет транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан;
     3) территориальное подразделение уполномоченного органа (далее - территориальное подразделение) - территориальное управление транспортного контроля Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
     3. Основным критерием оценки при аттестации капитана судна является способность капитана судна выполнять возложенные на него обязанности.
     4. Аттестации подлежат капитаны судов, поднадзорных территориальным подразделениям уполномоченного органа.
     5. Капитаны судов проходят аттестацию по истечении каждых последующих трех лет.
     6. Лица, окончившие учебные заведения по соответствующей специальности в год очередной аттестации, а также прошедшие в том же году дипломирование, от аттестации освобождаются.
     7. Аттестация капитана судна включает в себя ряд последовательных этапов:
     1) подготовка к проведению аттестации;
     2) собеседование с аттестуемым, проводимое аттестационной комиссией с целью проверки знаний нормативных правовых актов, регулирующих безопасность судоходства;
     3) вынесение решения аттестационной комиссии.

  2. Организация подготовки к проведению аттестации

     8. Для организации и проведения аттестации капитана судна руководителем территориального подразделения издается соответствующий приказ о создании аттестационной комиссии в составе не менее пяти человек:
     председатель - руководитель территориального подразделения или его заместитель;
     члены комиссии - работники территориального подразделения, осуществляющие контроль за обеспечением безопасности на водном транспорте, а также опытные специалисты (судоводители, механики, электромеханики) со стажем работы не менее пяти лет.
     Секретарем аттестационной комиссии является работник территориального подразделения, который ведет делопроизводство комиссии.
     9. Подготовка к проведению аттестации организуется секретарем аттестационной комиссии. Она включает следующие мероприятия:
     1) подготовку необходимых документов на аттестуемых;
     2) разработку графиков проведения аттестации;
     3) организацию разъяснительной работы о целях и порядке проведения аттестации;
     4) согласование сроков и места проведения аттестации с судовладельцем.

     10. Руководитель территориального подразделения по представлению секретаря аттестационной комиссии издает приказ, которым утверждается список капитанов судов, подлежащих аттестации, устанавливаются сроки проведения аттестации, а также график работы аттестационной комиссии.
     11. Секретарь аттестационной комиссии письменно уведомляет судовладельцев о сроках проведения аттестации не позднее, чем за два месяца до начала ее проведения.

3. Аттестационная комиссия

     12. Аттестационная комиссия создается руководителем территориального подразделения в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил.
     13. Члены аттестационной комиссии, подлежащие аттестации, проходят аттестацию на общих основаниях.
     14. Заседание аттестационной комиссии считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.
     15. Результаты голосования определяются большинством голосов членов аттестационной комиссии. При равенстве голосов голос председателя аттестационной комиссии является решающим.

  4. Порядок проведения аттестации капитана судна

     16. Аттестационная комиссия проводит аттестацию в присутствии аттестуемого капитана судна.
     Капитан судна, отсутствовавший на заседании аттестационной комиссии по уважительной причине, проходит аттестацию после выхода на работу.
     В случае неявки капитана судна на заседание аттестационной комиссии без уважительных причин комиссия вправе принять решение о его повторной аттестации.
     17. Аттестационная комиссия, проведя аттестацию капитана судна, принимает одно из следующих решений:
     1) соответствует занимаемой должности;
     2) подлежит повторной аттестации;
     3) не соответствует занимаемой должности.
     18. Если капитан судна повторно не прошел аттестацию, аттестационная комиссия принимает решение о несоответствии занимаемой должности.
     19. Решение аттестационной комиссии принимается открытым или тайным голосованием. Способ голосования избирается по усмотрению аттестационной комиссии. Проходящий аттестацию капитан судна, входящий в состав аттестационной комиссии, в голосовании относительно себя не участвует.
     20. Решение аттестационной комиссии оформляется протоколом (приложение 1), составленным в одном экземпляре, который хранится в территориальном подразделении.
     Капитан судна должен быть ознакомлен с решением аттестационной комиссии.
     Лицам, прошедшим аттестацию выдается справка (приложение 2).
     Лицам, не прошедшим аттестацию, аттестационная комиссия назначает повторную аттестацию, проводимую через два месяца со дня проведения первоначальной аттестации в порядке, определенном настоящими Правилами.
     Лица, не прошедшие повторную аттестацию к занятию должности капитана судна не допускаются.

_____________________________________________

Приложение 1       
к Правилам аттестации   
капитана судна     

              Министерство транспорта и коммуникаций
                       Республики Казахстан
 
                    Комитет транспортного контроля

      Управление транспортного контроля по __________ области

                        ПРОТОКОЛ № _____
            проведения аттестации капитана судна

«_____» _______________200_г.
(дата)   (месяц) 

Аттестационная комиссия в составе:
Председатель ______________________________________________________
                   (должность, фамилия, имя, отчество)
члены комиссии_____________________________________________________
                   (должность, фамилия, имя, отчество)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Секретарь__________________________________________________________
                   (должность, фамилия, имя, отчество)
провела аттестацию_________________________________________________
                        (фамилия, имя, отчество)
___________________________________________________________________
     (занимаемая должность и место работы проверяемого лица)

Результаты аттестации: 


п/п

Наименование
нормативного правового акта

Оценка










  Краткие сведения аттестуемого лица:

Год рождения ______________________________________________________
Образование________________________________________________________
   (наименование учебного заведения, год окончания и квалификация)
___________________________________________________________________
Диплом об окончании учебного заведения № __________________________
___________________________________________________________________
                    (когда и кем выдан)

Стаж работы в плавсоставе__________________________________________
 
  Диплом на право занятия командной должности _______________________
___________________________________________________________________
        (наименование должности, группы судов и диплома)
___________________________________________________________________
                     (когда и кем выдан)
Стаж работы в занимаемой командной должности ______________________
___________________________________________________________________
        (наименование должности, группы судов и диплома)

Решение комиссии:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Председатель комиссии ______________  ________________________
                        (подпись)    (фамилия, имя, отчество)
 
  Члены комиссии ______________  _______________________
                (подпись)     (фамилия, имя, отчество)
              ______________  _______________________
                (подпись)     (фамилия, имя, отчество)
              ______________  _______________________
                (подпись)     (фамилия, имя, отчество)

Секретарь      ______________  _______________________
                (подпись)     (фамилия, имя, отчество)

С решением ознакомлен(а)__________________________________________
            (фамилия, имя, отчество и подпись аттестуемого лица)

Приложение 2       
к Правилам аттестации   
капитана судна     

                              СПРАВКА 
                   о прохождении аттестации № ____

Дана Ф.И.О. _______________________________________________________
Год рождения ______________________________________________________
Образование _______________________________________________________
Диплом об окончании учебного заведения № __________________________
                                          (когда и кем выдан)
___________________________________________________________________
Должность _________________________________________________________
№ _____ и дата протокола аттестации _______________________________
Срок действия справки _____________________________________________

Выдана Управлением транспортного контроля ________________ области

Начальник Управления       _______________ ___________________
транспортного контроля       (подпись)             Ф.И.О.

                                М. П.

«______» ______________ 200___ г.
(дата)        (месяц)