"Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 10-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3419. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ережелеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

     1. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылғы 27 тамызында N 3041 тіркелген) "Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

     Көрсетілген бұйрықпен бекітілген телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережесінің 6-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "IP-телефония - бұл телефон байланысы және IP-хаттамасы арқылы нақты уақыт режімінде факсимильдік хабарларды беру қызметтерін ұсыну";

     мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "нақты уақыт режімінде факсимильдік хабарларды беру (соның ішінде алдын-ала төленген карточкалар бойынша) және телефон байланысы қызметінің IP- желісін қолдануға мүмкіндік беретін IP-хаттамасы базасында технологияны қолдана отырып ұсынатын байланыс операторы - IP-телефон операторы";

     мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "IP-телефонын пайдаланушысы - IP-хаттамасы базасында технологияны қолдана отырып телефон және факсимильдік байланыс хабарлары қызметі ұсынылатын телекоммуникация желісінің абоненті немесе басқа пайдаланушысы.";

     43-тармақта:
     "мәліметтерді беруші желі операторлары," деген сөздерден кейін "IP-телефон операторлары" деген сөздермен толықтырылсын, әрі қарай мәтін бойынша;

     43-тармақтың 4) тармақшасы және 44-тармақ алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы параграфпен толықтырылсын:
     "5-1. IP-желісінің құрылғыларын қосу ерекшеліктері
     46-1. IP-желісінің құрылғыларын (интеллектуалды платформа) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желісіне қосу ҚаТТ немесе ОПТЖ АҚТС деңгейінде DEF кодын пайдаланумен жүзеге асады (нөмірлеудің географиялық емес аймағы).
     46-2. DEF коды және ab Х1Х2 оператор коды. DEF аймағында байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы тәртіппен анықталған уәкілетті органмен тағайындалады.
     46-3. Бір IP-желісінен басқа IP-желісіне IP-телефония қызметін ұсыну қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желісі арқылы жүзеге асады.
     46-4. IP-желісін пайдаланушымен жасалынған телефондық трафикті өткізу IP-желісінің нүктесіне қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желісін қосу арқылы жүзеге асады.".

     2. Байланыс саласындағы Мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (А.А.Сейтімбеков) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновке жүктелсін.

     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді, таратылуға жатады және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің сайтына қойылады.

    Төраға м. а.                    А.Жумағалиев

     Қазақстан Республикасының
     Табиғи монополияларды реттеу
     және бәсекелестікті қорғау
     жөніндегі агенттігінің Төрағасы
     24 қаңтар 2005 жыл

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 12 июля 2004 года № 145-п "Об утверждении Правил присоединения сетей телекоммуникаций к сети телекоммуникаций общего пользования и регулирования пропуска трафика по сети телекоммуникаций общего пользования Республики Казахстан"

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 17 января 2005 года N 10-п. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 февраля 2005 года N 3419. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 июня 2012 года № 313

      Сноска. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 06.06.2012 № 313.

      В соответствии с Положением Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2003 года № 724, ПРИКАЗЫВАЮ:

     1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 12 июля 2004 года № 145-п "Об утверждении Правил присоединения сетей телекоммуникаций к сети телекоммуникаций общего пользования и регулирования пропуска трафика по сети телекоммуникаций общего пользования Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 27 августа 2004 года № 3041), следующие изменения и дополнения:
     в Правилах присоединения сетей телекоммуникаций к сети телекоммуникаций общего пользования и регулирования пропуска трафика по сети телекоммуникаций общего пользования Республики Казахстан, утвержденных вышеуказанным приказом:
     в пункте 6:
     подпункт 5) изложить в следующей редакции:
     "IP-телефония - это услуга по предоставлению телефонной связи и передаче факсимильных сообщений в режиме реального времени посредством IP-протокола";
     дополнить подпунктом 8-1) следующего содержания:
     "оператор IP-телефонии - оператор связи, предоставляющий услуги телефонной связи и по передаче факсимильных сообщений в режиме реального времени (в том числе по предоплаченным карточкам), с применением технологии на базе IP-протокола, позволяющего использовать IP-сети;";
     дополнить подпунктом 9-1) следующего содержания:
     "пользователь IP-телефонии - абонент или иной пользователь сети телекоммуникаций, которому предоставляются услуги телефонной и факсимильной связи с применением технологии на базе IP-протокола;";
     в пункте 43 после слов "операторов сетей передачи данных," дополнить словами "операторов IP-телефонии," далее по тексту;
     подпункт 4) пункта 43 и пункт 44 исключить;
     дополнить параграфом следующего содержания:
     "§ 5-1. Особенности присоединения оборудования IP-сети
 
     46-1. Присоединение оборудования (интеллектуальные платформы) IP-сети к сети операторов междугородной и (или) международной связи осуществляется на уровне АМТС или МЦК/ТУ с использованием кода DEF (негеографической зоны нумерации).
     46-2. Код DEF и код оператора ab X1X2 в зоне DEF назначаются уполномоченным органом в области связи в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан.
     46-3. Предоставление услуг IP-телефонии с одной IP-сети на другую IP-сеть осуществляется через сети телекоммуникаций операторов междугородной и (или) международной связи.
     46-4. Пропуск телефонного трафика, создаваемого пользователями IP-сетей, осуществляется через точки присоединения IP-сетей (оборудования) к сети оператора междугородной и (или) международной связи.".

     2. Департаменту государственной политики в области связи и финансового регулирования (Сейтимбеков А.А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи Оразалинова Д.С.

     4. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, подлежит ознакомлению и размещению на сайте Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи.

     И.о. Председателя

     Согласовано:
     Председатель Агентства Республики
     Казахстан по регулированию естественных
     монополий
     24 января 2005 года