«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрiнiң
2012 жылғы 6 маусымдағы
№ 313 бұйрығына
қосымша
Күшi жойылды деп танылған
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бұйрықтарының тiзбесi
1) «Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 145-п бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3041 тіркелген);
2) «Телефон байланысы қызметтерiн көрсету ережелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а. 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 204-п бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3177 тіркелген);
3) «Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 12 шiлдедегi № 145-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а. 2005 жылғы 17 қаңтардағы № 10-п бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 тіркелген);
4) «Почта байланысы қызметiн көрсету ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 1 шілдедегі № 210-п бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3783 тіркелген);
5) «Почта байланысы қызметтерiн ұсыну ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 1 шiлдедегi № 210-п бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а. 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 460-п бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3979 тіркелген);
6) «Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 12 шiлдедегi № 145-п бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2006 жылғы 5 қазандағы № 400-п бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4436 тіркелген);
7) «Почта байланысы қызметтерiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Төрағасының 2005 жылы 1 шiлдедегi № 210-п бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2008 жылғы 24 маусымдағы № 215 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5265 тіркелген);
8) «Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5561 тіркелген);
9) «Телефон байланысы қызметтерiн көрсету ережелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс aгенттiгi төрағасының мiндетi атқарушының 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 204-б бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 60 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5581 тіркелген);
10) «Радиоәуесқойлық қызметтердiң радиоэлектрондық құралдарын тiркеу және пайдалану ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 71 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5596 тіркелген);
11) «Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 12 шiлдедегi № 145-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 4 маусымдағы № 247 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5726 тіркелген);
12) «Пошта мөртабанын пошта жөнелтiмдерiнде қолдану ережелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 9 шілдедегі № 291 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5734 тіркелген);
13) «Телекоммуникация желiлерiнiң күзетiлетiн аймақтарын белгiлеу және олардағы жұмыс режимi ережелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 10 шілдедегі № 292 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5769 тіркелген);
14) «Жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, оларды шетелден әкелу, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiнiң есебiн жүргiзу ережелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 шілдедегі № 295 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5792 тіркелген);
15) «Ұялы байланыс қызметтерiн көрсету ережелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 436 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5970 тіркелген);
16) «Телефон байланысы қызметтерiн көрсету ережелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс aгенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 204-п бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 437 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5928 тіркелген);
17) «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай телекоммуникациялар желiлерiн нөмiрлеудiң ресурстарын бөлу және пайдалану ережелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 559 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 тіркелген).