Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.09.2013 № 375 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiп отырған Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымы туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментi (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi (басқармалары) аталған бұйрықты аудандық, қалалық бөлiмдерiне және бiлiм беру ұйымдарына жеткiзсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсiн.
Министр
"Келісілді" "Келісілді"
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі Денсаулық сақтау министрі
2005 жылғы 25 наурыздағы 2005 жылғы 19 ақпандағы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2005 жылғы 5 ақпандағы
N 68 бұйрығымен бекітілген
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 10-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие беру мекемелері болып табылады және қылмыстық белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы қызметін Қазақстан
Республикасының Конституциясына , " Білім туралы ", "Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Ережеге және кәмелетке толмағандардың
құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
4. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының негізгі міндеттері:
1) тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімденуі мен оңалуы;
2) кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардан, қадағалаусыз және панасыз қалудан және қоғамға жат қылықтардан сақтануда, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды табу және болдырмауда мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
4) кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлықтарын қалыптастыру;
5) оқу мен тәрбие процесінің үздіксіздігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету.
2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру
ұйымын құру тәртібі
5. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы 11 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін ер балалар мен қыз балаларға жеке құрылады.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
6. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ететін үй-жайлар мен ғимараттар:
тәрбиеленушілерге арналған оқу және тұрғын үйлер, тағам блогі, изолятормен қоса медициналық пунктке арналған үй-жай, клуб, спорт алаңы, оқу-өндірістік шеберханалар, ауылдық оқу-тәжірибе немесе бау-бақша шаруашылығы болады.
7. Изоляторымен қоса медициналық пункттің қызметі білім беру және денсаулық сақтау уәкілетті органдары бекіткен белгіленген тәртіппен регламенттеледі. Қажет болған жағдайда ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы денсаулық сақтау органдарының бейінді медициналық мекемелерінің көмегін пайдаланады.
8. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ұйымдық құқықтық заңды тұлға болып табылады, мөртаңбасы және мемлекеттік тілдегі өзінің атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
3. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын басқару
9. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын басқару алқалылық принциптерде жүзеге асырылады. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын тікелей басқаруды директор жүзеге асырады.
10. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын алқалық басқаруды сайланған орган - кеңес жүзеге асырады, оның құрамына педагог қызметкерлер, 5-11 сынып тәрбиеленушілері, ата-аналар немесе оларды ауыстыратын тұлғалар және жұртшылық өкілдері кіреді. Қоғамдық кеңесті сайлау тәртібі және оның жұмысы ұйымның жарғысымен айқындалады.
11. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының режим бойынша директорының көмекшісін, режим бойынша аға кезекші мен режим бойынша кезекшіні педагогикалық немесе заң білімі бар және балалармен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар арасынан арнаулы ұйымның директоры тағайындайды.
Аға кезекшілер мен режим бойынша кезекшілердің саны оқушылар санының 10 пайызы есебінен анықталады.
12. Аға тәрбиешіні әрбір төрт сыныпқа (тәрбиелеу топтарына) балалар ұжымының іскер басшысы деп өзін ұсынымдаған жоғары педагогикалық білімі бар тұлғалар арасынан ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының директоры тағайындайды.
13. Еңбек шеберінің немесе өндірістік оқыту шеберінің жоғары немесе кәсіптік орта білімі, жоғары өндірістік білікті және тиісті кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі болуы қажет.
14. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының медициналық пунктінің меңгерушісін және медициналық қызметкерді штаттық кестеге сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының келісімімен ұйымның директоры тағайындайды.
15. Психологты жоғары білімі бар, балалардың жастық және педагогикалық психология, психодиагностика және психотүзеу бойынша арнайы дайындық алған адамдар арасынан арнаулы білім беру ұйымының директоры тағайындайды.
16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы өзінің жарғысын әзірлейді, онда кеңестің өкілеттілігі, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін және оның қызметін жүзеге асыруға қажетті өзге де мәселелер айқындалады.
4. Арнаулы білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді
қабылдау, оқуын бітірту тәртібі
17. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруға қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.
18. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.
19. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарды ұстаудың жағдайы мыналармен:
1) тәрбиеленушілердің жеке бастарының қауіпсіздігін және оларды теріс қылықтардан барынша қорғауды қосатын көрсетілген мекеменің аумағын қорғаумен;
2) күн тәртібімен, оқу, тәрбие жұмысының жүйесімен және тәрбиеленушілердің пайдалы жұмыспен қамтамасыз ететін бос уақытын ұйымдастырумен;
3) тәбиеленушілердің мінез-құлқына тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта бақылау жасаумен;
4) ұйымның аумағына бөтен адамдардың келуіне шектеу жасаумен және одан тәрбиеленушілердің өз бетімен кетіп қалуын болдырмаумен анықталады.
20. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына оларды бағып-күтуге және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандар аталған мекемелерге орналастырылмайды.
21. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағандардың жеке істерін ресімдеу ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағандардың жеке істерін қалыптастыру үшін құжаттар тізбесіне (осы Ереженің 1-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
22. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына қабылдау директордың бұйрығымен немесе оның міндетін атқарушы лауазым иесімен ресімделеді.
23. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын ұйымға жеткізу белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарының қарамағындағы Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
24. Жұқпалы аурулардың барлығына тексеріс жүргізудің қажеттілігі болған кезде ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына түсетін кәмелетке толмағандарды карантиндік бөлімшеге медициналық қызметкерлердің бақылауымен 7 күндік мерзімге орналастыруға болады.
Кәмелетке толмағандар оқитын сыныпты анықтау бар білімі туралы құжаттардың негізінде, ал олар жоқ болған жағдайда немесе даулы жағдайларда олардың білімін тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
25. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының әкімшілігі кәмелетке толмағандарды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде осы туралы ата-анасын немесе оларды ауыстыратын тұлғаларды, қамқоршылық және қорғаншылық органдарын, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны жазбаша түрде хабардар етіп, өзінің заңды мекен-жайын хабарлауы қажет.
Тәрбиеленушінің ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағынан өз бетімен кетіп қалған жағдайда мекеменің әкімшілігі осы туралы аталған мекеменің тұрғылықты жеріндегі, кәмелетке толмағанның тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарын жедел түрде хабардар етеді және оларды іздеуге және қайтаруға тікелей қатысады.
26. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан тәрбиеленушіні оқытып шығарту сот белгілеген мерзім аяқталғаннан кейін директордың бұйрығымен жүзеге асырылады.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағанның болуы оның кәмелетке толғанына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін, сондай-ақ ұйым әкімшілігінің ұсынысы негізінде сот аталған шараны қолдануда кәмелетке толмағандар түзеу мекемесінде болуға мұқтаж емес деген ұйғарымға келеді.
27. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандардың сот белгілеген болу мерзімі мынадай жағдайларда ғана:
1) кәмелетке толмағандарға жалпы білім беретін немесе кәсіби даярлықты аяқтау қажет болғанда бірақ ол кәмелетке толғанға дейін ғана;
2) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ол жастан бастап қылмыстық жазаға тартылатын қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін ұзартылуы мүмкін.
28. Тәрбиеленушілерді ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында тәрбиелеу, оқыту және ұстау жағдайлары туралы мәселені тоқсанына кемінде бір рет кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тексеріс материалдарын кейін қараумен қоса білім беру органдарымен бірлесіп кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссия зерделейді.
29. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының әкімшілігі тәрбиеленушіні күтілген бітіртіп шығаруға дейін кешіктірмей бір ай бұрын тәрбиеленушінің тұрғылықты жеріндегі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға оның аталған мекемені бітіріп шыққаны туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмағанға мінездеме және онымен одан әрі жеке алдын алу жұмыстарын жүргізудің және оның еңбекпен қамтылуына және тұрмыстық жағдайына жәрдем көрсету қажеттілігі туралы ұсыным жібереді.
30. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан мерзімінен бұрын немесе сот белгілеген мерзімнің аяқталуына байланысты кететін кәмелетке толмағандар ата-анасының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың алып жүруімен одан әрі орналасу жеріне жіберіледі, ал олар келе алмаған жағдайда - ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының қаражаттары есебінен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының қызметкері алып жүреді.
31. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан кәмелетке толғандығына байланысты кететін кәмелетке толмағандар тұрақты тұратын жеріне өз бетімен ұйымның қаражаты есебінен жіберіледі.
32. Жетім бітірушілер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жастарына қарамастан ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының қызметкерінің алып жүруімен ары қарай орналасатын жеріне ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымның қаражаты есебінен жіберіледі.
33. Кетудің барлық жағдайларында ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының әкімдігі бітірушілерге аталған мекемеде болған кезеңде олар бұрын пайдаланған маусымдық киімдер мен аяқ-киімдердің комплектісін тегін береді және оларға тапқан ақшаларын береді.
Жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан бітірушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес материалдық көмек көрсетіледі.
34. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын бітірушілер бітіріп шыққан кезде оларды алып жүретін адамдарға: іссапар шығыстарына және оның тұратын жеріне жетуге дейінгі уақыттағы тағам өнімдеріне жұмсалатын қаражат, жасөспірімге тиесілі заттарын, ақша, жеке құжаттарын, білімі және еңбек даярлығы туралы куәлік немесе анықтама, мінездеме, егілген егілімдері туралы және эпидемиологиялық
ортасы туралы мәліметтері бар міндетті медициналық картасынан көшірме беріледі.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының кәмелетке толмағандарды алып жүретін қызметкерлеріне іссапар шығыстары төленеді және баратын жеріне дейінгі уақытта тамақтануы үшін азық-түлік беріледі.
35. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының әкімшілігі кәмелетке толмағанның тұратын жеріндегі ішкі істер органдарынан олардың келгендігі фактісі туралы жазбаша растауды сұратады.
5. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
36. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, денсаулық сақтау және білім беру органдарының оқу жоспарлары мен ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен анықталады.
37. Үлкен педагогикалық қараусыз жүрген тәрбиеленушілер үшін ерекше режимде ұстайтын ұйымның педагогикалық кеңесі бекіткен білімін теңестіру бағдарламасы қолданылады. Өз бетінше даярлық сабақтары педагогтардың басшылығымен күн тәртібінде арнаулы бөлінген сағатта жүргізіледі.
38. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының тәрбиеленушілерін оқыту және тәрбиелеу сараланып олардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті әртүрлі бейінді өндірістік және қоғамға пайдалы еңбекпен, үйірмелердің көп және әртүрлі желілерімен жүргізіледі.
39. Оқу-тәрбие процесімен және әлеуметтік оңалтумен байланысты емес іс-шараларға тәрбиеленушілерді тартуға тиым салынады.
40. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымындағы еңбекке баулу мен тәрбиелеу балалар мен жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу құралдарының бірі болып табылады. Олар оқу-өндірістік шеберханаларында және оқу-тәжірибелік ауыл шаруашылығында балалардың жастары мен физикалық дамуын ескере отырып, күніне екі сағаттан төрт сағатқа дейінгі шекте жүзеге асырылады.
41. Өндірістік оқыту процесінде тәрбиеленушілер оқу бағдарламаларының талаптарына жауап беретін өндірістік тапсырыстар орындауларына болады.
42. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің өндірістік практикасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады. Тәрбиеленушілердің өндірістік практикасы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханаларында немесе өндірісте өтеді.
43. Өндірістік оқыту процесінде жасөспірімдер дайындаған өнім үшін, сондай-ақ өндірістік практикасы кезеңінде орындалған жұмыс үшін кәмелетке толмағандарға тәрбиеленушілердің жеке есеп шотына аударылатын ақшалай сома аударылады және белгіленген тәртіппен қажеттілігіне қарай беріледі.
44. Жалпы негізгі немесе жалпы орта білім алған ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының тәрбиеленушілері тиісті білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты алады, ол жеке істерінде сақталады және ерекше режимде ұстайтын ұйымдарын бітірген кезде қолхат жаздырып оларға қолдарына береді. Қалған тәрбиеленушілерге бітірген кезде барлық пәндер бойынша бағалары көрсетілген табель беріледі.
45. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында көтермелеудің мынадай шаралары белгіленеді:
1) ауызша алғыс айту немесе тәрбиеленушінің жеке ісіне тігілетін бұйрық шығару;
2) бұрын қолданылған шараны уақытынан бұрын алып тастау;
3) грамотамен, сыйлықпен, сыйақымен наградтау;
4) құрмет тақтасына енгізу;
5) тәрбиеленушінің жақсы мінез-құлқы және оның оқудағы және еңбектегі жетістіктері туралы ата-анасына немесе бұрынғы оқыған жеріне хабарлау;
6) үздік сыныпқа немесе топқа жалауша, грамота немесе бағалы сыйлық беру;
7) "Кәсібі бойынша үздік" атағын беру.
46. Режимді және жүріп-тұру ережелерін бұзғаны үшін кәмелетке толмағандарға мынадай жаза қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) тәрбиеленушілерді қатарға тұрғызып қойып, ауызша сөгіс немесе арнаулы ұйым директорының бұйрығы жарияланады;
3) ерекше режимде ұстайтын ұйымның педагогикалық кеңесінде кәмелетке толмағандардың жалпы жиналасында топтарды немесе сыныпты талқылау;
4) ұйықтағанға дейін (бір сағаттан аспауы қажет) оқудан бос уақытта ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының үй-жайы мен аумағын (қоғамдық пайдалану жерінен басқа) жинауға кезектен тыс кезекшілікке қою.
Осы Ережеде көзделмеген жаза шарасын қолдануға болмайды.
47. Тәрбиеленушіге Ереженің 45 және 46-тармақтарында санамаланған көтермелеу мен жаза қолданудың құқығы директорға немесе оның орынбасарына берілген.
48. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ата-аналары немесе оларды ауыстыратын адамдар, жақын туыстары қайтыс болған, ауыр науқас жағдайында тәрбиеленушілерге 7 тәулікке дейінгі мерзімде (жолда жүрген уақытын санамағанда) қысқа мерзімді демалыс беруге құқығы бар. Демалыс өткізу жеріне дейін кәмелетке толмағанды ата-анасы, оның заңды өкілдері немесе арнаулы білім беру ұйымының қызметкерлері алып жүруді жүзеге асырады.
49. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының директоры, оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер кәмелетке толмағандардың ата-анасымен немесе оларды ауыстыратын адамдармен хат алмасу, жеке әңгімелесу, ата-аналар жиналысын өткізу жолымен жүйелі байланыста болады.
50. Тәрбиеленушілерге белгіленген тәртіппен хат алмасу, беріп жіберген затты алу, сәлемдеме бандерольдер (рұқсат етілген заттар мен өнімдердің тізбесін сақтай отырып), ақшалай аударылымдар заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсат етіледі.
Оқушыларға ақша қаражаттарын жұмсау ерекше режимде ұстайтын ұйым тәрбиешісінің рұқсаты бойынша және бақылауымен жүргізіледі.
51. Сақтауға болмайтын заттардың тұрған жері туралы мәлімет бар болғанда ұйымның әкімшілігі оқушылардың заттарын, келіп түсетін сәлемдемелерді, бандеролдерді, сәлем-сауқатты тексеруге құқылы.
52. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағындағы сенбіліктер, аумақты басты жинау, өз-өзіне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар кезеңінде оқушыларды тәрбиеленушілердің денсаулығына қауіпті жерлерді, қоғамдық пайдалану жерлерін жинауға пайдалануға тиым салынады.
6. Материалдық-техникалық база
53. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасы бекіткен нысандар бойынша өз қызметінің нәтижелері туралы статистикалық есеп береді.
54. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының құжаттамасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру
ұйымы туралы ережеге 1-қосымша
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына
жіберілетін кәмелетке толмағандардың жеке істерін
қалыптастыруға арналған құжаттардың тізбесі
1. Келу мерзімін көрсете отырып, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағанды жіберу туралы соттың шешімі.
2. 16 жасқа толмаған тұлғалардың тууы туралы жеке куәлігі немесе куәлігі (көшірмесі).
3. Тіркелу куәлігі (әскерге шақыру жасындағы тұлға үшін).
4. Жалпы білім беретін мектептің, мектеп-интернаттың, балалар үйінің, кәсіптік мектептің оқушыларының жеке істері.
Мектеп сыныбын немесе кәсіптік мектептің курсын бітіргені туралы анықтама, соңғы немесе ағымдағы жылға үлгерім табелі немесе негізгі мектепті, кәсіптік мектепті бітіргені туралы куәлік.
5. Кәмелетке толмағанның ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына баратын болып белгіленген сәттен бастап, соңғы оқыған жерінен оған берілетін мінездеме.
6. Тұрғылықты жерінен, тұрып жатқан тұрғын алаңы және отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың жұмыс орнынан анықтама.
7. * Баланың медициналық картасы - N 026/У нысаны және амбулаториялық аурудың медициналық картасына қоса салынатын парақ - N 025-1/У нысаны.
8. Алдын алу екпелердің картасы - N 063/У нысаны және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберуден кемінде бір ай бұрынғы зертханалық анализдердің мәліметтері.
9. Дәрігер-психоневрологтің (қыз балалар мен ұл балалар үшін), дәрігер-гинекологтің (қыз балалар үшін), дәрігер-дермато-венерологтің (ұл балалар мен 14 жастан жоғары қыз балалар үшін) анықтамасы.
10. Егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілуге жататын жасөспірім ЦВИАРН-де ұсталған болса, жұқпалы аурулардың жоқтығы туралы дәрігердің анықтамасы. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына бекітілуге қарама-қайшы келмейтін аталған жасөспірімде ауру табылған жағдайда ол емделіп болғанға дейін кідіреді.
11. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағанды ұстаудың мүмкіндігі туралы дәрігердің тұжырымы медициналық куәландыру және 9, 10, 11-тармақтарда санамаланған құжаттарды зерделеу негізінде шығарылады.
* Ескерту : баланың медициналық картасы баланың денсаулық паспортымен ауыстырылады (N 02/у-3 есепке алу нысаны)