Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 № 56 (қабылданған күнінен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн жетiлдiру және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кредиттерi, несиелерi және депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде) есептеу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 20 қыркүйектегi N 293 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 954 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 1999 жылғы 25 қазан-7 қарашада жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1293 тiркелген) өзгерiстерiмен бiрге) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
атауындағы және бүкiл мәтiн бойынша "кредиттерi, несиелерi және депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде)" деген сөздер "банктiк заемдары, заемдары және салымдары (депозиттерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктiк заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесiнде:
атауындағы және бүкiл мәтiн бойынша "депозиттерi", "депозит" "депозиттiң", "депозиттi" және "депозиттер" деген сөздер тиiсiнше "салымдары (депозиттерi)", "салым (депозит)", "салымның (депозиттiң)", "салымды (депозиттi)" және "салымдар (депозиттер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына " деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мемлекеттiк тiлде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Банктiк заем шартында, заем шартында және банктiк салым шартында осы талап болған жағдайда, соның негiзiнде банктiк заем, заем берiлгенде немесе депозит орналастырылғанда Ұлттық Банктiң банктiк заемдары, заемдары және тартылған депозиттерi бойынша сыйақы есептеледi.";
5 және 7-тармақтарда "депозит шарты", "депозит шартын" деген сөздер "банктiк салым шарты", "банктiк салым шартын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "депозит шартында" деген сөздер "банктiк салым шартында" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер шартта сыйақы есептеудiң нақты әдiсiн қолдану айтылмаса, қарапайым сыйақы әдiсi қолданылады.";
15-тармақта: i*p*n"
1) тармақшадағы "I = i*p*n/360*100%" формуласы "I = ______
36000
формуласымен ауыстырылсын;
2) тармақшаның алтыншы абзацындағы "салымның" деген сөз "салымның (депозиттiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтағы "(депозит)" деген сөз "(салымдардың (депозиттердiң)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
3. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы