Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 31.05.2023 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Әскери полиция органдары туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.03.2018 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
3. Бұйрық ресми түрде жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығымен бекітілген |
Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2021 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына (бұдан әрі – әскери полиция органдары) алғашқы әскери қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.
2. Әскери полиция органдарына алғашқы әскери қызметке қабылданатын адамдармен (бұдан әрі – кандидаттар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары тиісті сөйлесу парағын рәсімдеумен әңгімелесу жүргізеді.
Кандидаттарға әскери полиция органдарының әскери қызметшісіне қойылатын, екі ай бойы сынақ мерзімін, оның ішінде бір айы Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында (бұдан әрі – орталық) оқытып-үйретуге және бір айы тікелей болашақ қызмет орны бойынша тағылымдамадан өтуді белгілеу туралы талаптар жеткізіледі.
3. Кандидаттармен сынақ мерзімінен өту кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес үш айдан аспайтын мерзімге еңбек шарты жасалады.
2-тарау. Орталықта оқытып-үйрету
4. Кандидаттар сынақ мерзімінен өту уақытында орталықта бір ай бойы арнайы бастапқы оқытып-үйретуден өтеді.
Арнайы бастапқы оқытып-үйретуден өту кезеңінде кандидаттар орталық аумағына орналастырылады.
5. Арнайы бастапқы оқытып-үйретуден өту кезінде орталық бастығының бұйрығымен кандидаттар ауыспалы құрамның тізіміне енгізіледі.
6. Кандидаттар орталықтың оқу дәрісханаларын, кабинеттерін, сыныптарын, кітапханаларды, спорт залдары мен оқу құралдарын пайдалана алады.
7. Кандидаттар оқу уақытында:
1) мемлекеттік құпияларды құрайтын не таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерге жіберілмей, әскери полиция органдарының, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін зерделейді;
2) теориялық білім алады және практикалық дағдылар, әскери полиция қызметтерінің, бөлімшелерінің әрекет ету тәжірибесін алады;
3) белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасында көзделген оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды;
4) үлкен бастықтардың заңды талаптарын орындайды.
8. Екі және одан көп пән бойынша ағымдағы және қорытынды бақылауда қанағаттанарлықсыз баға алумен сипатталатын оқу жоспарын орындамаған кезде кандидаттар орталықтан шығарылады және олар еңбек шарты жасалған әскери полиция органына жіберіледі.
9. Кандидат он немесе одан да көп оқу күні болмауымен сипатталған науқастанған жағдайда кандидат қайта арнайы бастапқы оқытып-үйретуге жіберіледі.
Кандидат он оқу күнінен аз күн науқастанған жағдайда кандидатқа оқытушылардың жетекшілік етуімен оқу материалдары дербес даярлану үшін беріледі.
Кандидат науқастанған жағдайда оны растайтын құжаттар ұсынады.
10. Оқу бітіру емтихандарын табысты тапсырған кандидаттарға мінездеме, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы бастапқы оқытып-үйретуді аяқтау туралы куәлік беріледі.
3-тарау. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту
11. Орталықта оқуды аяқтағаннан кейін кандидаттар сынақ мерзімінен өту орнына жіберіледі.
12. Сынақ нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған кезде кандидатпен сынақ мерзімінен өтпеген ретінде жасалған еңбек шарты бұзылады.
13. Сынақ мерзімінен табысты өткен кандидат:
1) үш ай ішінде офицерлер құрамының лауазымына;
2) екі ай ішінде сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар құрамының лауазымына әскерге шақырылады.
14. Сынақ мерзімінен өтіп жатқан кандидаттарға төлем "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес төленеді.
15. Кандидаттар тағылымдамасының негізгі мақсаты:
1) кәсіби деңгейін және даярлығын анықтау;
2) орталықта алған білімін және кәсіби дағдыларын бекіту болып табылады.
16. Тағылымдама кезеңінде кандидаттар ол тағылымдамадан өтетін тиісті бөлімшенің бастығына бағынады.
17. Әскери полиция органдары құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кандидаттың жұмыс режимін белгілейді.
18. Тағылымадаманың негізгі міндеттері:
1) кандидаттардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың жолын кесу және одан сақтандыру бойынша кәсіптік білім алу, шеберлік пен дағдыларды меңгеру мен оны жетілдіру;
2) кандидаттарда жеке басының және іскерлік қасиеттерді, тәртіптілікті дамыту;
3) "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес кандидаттардың арнайы құралдарды пайдалану дағдыларын меңгеру және оны жетілдіру;
4) қызметтік құжаттарды ресімдеу дағдыларын меңгеру.
19. Кандидат тағылымдама кезеңінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция органының іс жүргізуіндегі қызметтік құжаттармен және жеке тапсырмамен, жұмыс жоспарымен айқындалған ауқымды басқа да материалдармен танысады.
20. Тағылымдамадан өтетін кандидат:
1) атқаратын лауазымы бойынша функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке тапсырманы, жұмыс жоспарын әзірлейді, оны тікелей бастық келіседі, бақылайды және әскери полиция органының бастығы бекітеді;
2) мамандығы бойынша әскери қызмет өткеру ерекшеліктерін зерделейді;
3) қызмет өткеру тәсілдері мен әдістерін зерделейді;
4) әскери қызмет өткеру дағдыларын меңгереді және бекітеді;
5) әскери полиция органдарының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделейді;
6) жеке жұмыс жоспарына атқарылған жұмыс туралы жазбаны уақтылы енгізеді;
7) апта сайын тағылымдама жетекшісінің алдында атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
21. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін әрбір кандидатқа тікелей бастық мінездеме жазады.
Мінездемеде кандидат орындаған тапсырмалардың және жеке жоспарлардың сапасы, қызметтік міндеттерді орындауға оның кәсіби даярлығы дәрежесі, басшылық құжаттарды білуі және оларды жұмыста пайдалана алуы, моральдық-жігерлік қасиеттері, тәртіптілігі, орындаушылығы, жалпы даму деңгейі, тиісті лауазым бойынша қызмет өткеруге дайындығы көрсетіледі.
Кандидаттың сынақ мерзімінен өткенін растайтын барлық материалдар әскери полиция органына әскерге шақыру бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасына жолданады.
22. Орталықтан шығару не сынақ мерзімінен қанағаттанарлықсыз өту нәтижесінде кандидатпен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде кандидат әскери полиция органдары бастықтарының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Әскери полиция органына кіретін кандидатпен әңгімелесу парағы
Р/с № | Әңгімелесу мазмұны | Жауабы |
1. | ||
2. | ||
3. | ||
4. | ||
5. |
Әңгімелесу парағымен таныстым, онда мазмұндалған талаптар:_____________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кандидат ___________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)
Әңгімелесуді жүргізген:_____________ ____________ ___________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
20____ жылғы "___" ________
Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Бет жағы:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы КУӘЛІК |
---|
Ішкі жағы:
Арнайы бастапқы оқудан өту туралы КУӘЛІК №________ Запастағы________________________________ ________________________________________ ________________________________________ оның Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында 20__жылғы "__" ___ – 20 __жылғы "__"___ кезеңде оқу курсынан өткені туралы берілді жәнемынадай білімді көрсетті: Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету _____________ Қылмыстық қудалау _____________ Құқықтық даярлық және арнайы пәндер _____________ Дене шынықтыру дайындығы _____________ Әскери полиция мамандарын даярлау орталығының бастығы ____________ ___________ (әскери атағы) (аты, тегі) М.О. 20___ жылғы "__"____ |
СВИДЕТЕЛЬСТВО №________ о прохождении специального первоначального обучения Выдано________________________запаса ____________________________________ ____________________________________ о том, что он прошел курс обучения в Центре подготовки специалистов военной полиции в период с "__" ____20__ года по "__" ____20__ года и показал следующие знания: Обеспечение общественной безопасности ______________ Уголовное преследование _______________ Правовая подготовка и специальные дисциплины _______________ Физическая подготовка ______________ Начальник Центра подготовки специалистов военной полиции ____________ ______________ (воинское звание) (имя, фамилия) М.П. "__"____ 20__ года |
---|
Ескертпе:
1. Куәлік жылтыр қағаздан жасалған альбом түрінде (өлшемі 297х210 миллиметр) А4 форматындағы мұқабадан, бет жағы – ашық көгілдір түсті негізде, ішкі жағы – ақ түсті негізде.
2. Куәлік мұқабасында мыналар орналасқан:
1) қара түсті жазба жазылған: "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы";
2) ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының белгісі бейнеленген;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы белгісінің бейнесі астында – атауы қазақ тілінде жазылған.
3. Куәліктің ішкі жағына типографиялық тәсілмен басылады (толтырылатын деректерді ескермегенде, оларға жазылатын жазбалар каллиграфиялық жазумен немесе баспа құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуға тиіс).
4. Куәліктің сол жақ ішкі жағында қазақ тілінде жазылған мәтін, ал оң жағында – орыс тілінде жазылған бірдей мәтін көрсетіледі.
Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Кандидаттың тағылымдамадан өту кезеңіндегі жеке тапсырмасы және жұмыс жоспары
Бекітемін | |
_______________________ | |
гарнизонының (гарнизонның атауы ) | |
____________________ бастығы | |
(әскери полиция органының атауы) | |
___________ _______ _________ | |
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде) | |
20 __ жылғы "___" ________ |
20 __жылғы "___" ________ ________________
(елді мекен)
1. Жеке тапсырма
Кандидат __________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
__________________________________________________________________
(жоспарланған лауазым мен бөлімше атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кандидат _________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)
Келісілген Бөлімше бастығы: __________ ____________ _________________
(әскери атағы) (қолы (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
2. Жеке жұмыс жоспары
Кандидат ____________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
(жоспарланған лауазым мен бөлімше атауы)
Күні | Іс-шара атауы | Бақылау нәтижелері |
Тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша қорытынды: ___________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бөлімше бастығы:
__________ ____________ ___________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
20__ жылғы "___"_____
Тағылымдама нәтижелері бойынша қорытынды ___________________________
____________________________________________________________________
__________________________ гарнизонының
(гарнизон атауы)
_______________________________ бастығы
(әскери полиция органының атауы)
_______ ______ _________________ _______
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
20 __жылғы "___" ________