Әскери полиция органдары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 ақпандағы N 32 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 14 наурыздағы № 205-VII Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР 14.03.2023 № 205-VII Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi, ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдары әскери полициясы органдарының (бұдан әрi - әскери полиция органдары) құқықтық негiздерiн, принциптерiн, мiндеттерiн және жүйесiн белгiлейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесi

      Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсіздiк органдарының, Ұлттық ұланының құрамына ұйымдық тұрғыдан кiретiн және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын арнайы әскери бөлiмшелер болып табылады.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2015 № 275-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

2-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзi

      Әскери полиция органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар құрайды.

3-бап. Әскери полиция органдары қызметiнiң принциптерi

      Әскери полиция органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, жариялылық, заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерiне құрылады.

4-бап. Әскери полиция органдарының жүйесi мен құрылымы

      1. Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсіздiк органдарында және Ұлттық ұланында құрылады.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы əскери полиция органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады, ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды жүргізу туралы шешімдер қабылдайды, құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.

      3. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Әскери полиция органдарының мiндеттерi

      Әскери полиция органдарының мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы, олардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу;

      2-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау;

      3) қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн мән-жайларды анықтау;

      4) Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру iсiн жүргiзу;

      5) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлiмдер орналасқан жердi өз бетiмен тастап кеткен әскери қызметшiлердi iздестiру;

      6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      7) заңнамада көзделген жағдайларда әскери қызметшiлердi гауптвахтаға жабу арқылы ұстауды орындау, сондай-ақ әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны орындау;

      7-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

      7-2) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу;

      7-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;

      8) өздеріне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

      Бұдан басқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының міндеттері:

      1) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу;

      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша (арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын жүргізетін адамдар жасаған жол жүру қағидаларын бұзу бөлігінде) іс жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен жəне шектерде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерін, оның ішінде қару-жарақты, арнайы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін жəне өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып күзету, сондай-ақ көрсетілген объектілерде рұқсаттамалық жəне объектішілік режимдерді қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу саласындағы қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен және шектерде үйлестіру болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріндегі тəуліктік наряд қызметін, ішкі жəне гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыру да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының міндеті болып табылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10 № 177-IV, 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Әскери полиция органдарының мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауы және ынтымақтастығы

      1. Әскери полиция органдары өз қызметiн заңнамада белгiленген шекте Қазақстан Республикасының құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимылда жүзеге асырады және өздерiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша бiр-бiрiн хабардар етiп отырады.

      Әскери полиция органдарының мемлекеттік органдармен, олардың құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      2. Әскери құралымдар қолбасшылығы, әскери басқару органдары мен әскери қызметшiлер әскери полиция органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдемдесуге мiндеттi.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

7-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының өкілеттіктері

      Қарулы Күштердің, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының өкілеттіктері

      1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу бөлігіндегі өкілеттіктері арнаулы мемлекеттік органдардың əскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қолданылады.

      2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін өкілеттіктері шегінде жəне заңда белгіленген тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын тоқтатып кідіртуге, тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақаулар мен жағдайлар болған кезде оларды пайдалануға тыйым салуға, тораптары мен агрегаттарының нөмірлері не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасырылған, қолдан жасалған, өзгертілген, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сəйкес келмеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға, алкогольдік, есiрткiлік жəне уытқұмарлық масаң күйдегi адамдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен жəне жағдайларда оларды медициналық зерттеп-қарауға жіберуге құқылы.

      Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Әскери полиция органдарының құқықтары

      Әскери полиция органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңмен белгiленген тәртiпте:

      1) әскери қызметшiлерден, әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтардан, сондай-ақ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметтегi адамдарынан өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қоғамдық тәртiптi, әскери нысанды киiм киiп жүру ережелерiн сақтауды, құқыққа қарсы iс-әрекеттердi және әскери полиция органдарының мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн iс-әрекеттердi тоқтатуын талап етуге;

      2) әскери қызметшiлер және әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар, ал әскери бөлiмдер (әскери объектiлер) және гарнизондар аумақтарында өзге де адамдар құқық бұзушылықтар жасаған кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, құқық бұзушылықты тоқтатуды қамтамасыз ететiн шаралар қолдануға;

      3) iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша әскери қызметшiлердi және өзге де азаматтарды әскери полиция органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар немесе солардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуға және өзге де тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге, сондай-ақ дәлелсiз себеппен келуден жалтарған адамдарды заңда белгiленген тәртiппен күштеп әкелуге;

      4) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдікті, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу органдарынан немесе соттан жасырынып жүрген айыпталушы немесе сотталушы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұстап алуға;

      5) осы баптың 4) тармақшасында аталған, ұсталған адамдарға жеке тексеру жүргiзуге, олардың заттарын, құжаттарын, көлiк құралдарын тексеруге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңсыз айналымдағы заттарды алып қоюға;

      6) әскери тәртiптi немесе қоғамдық тәртiптi өрескел бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және әскери полиция органдары мекемелерiне немесе қызмет атқарып жатқан жерiне жеткiзуге;

      7) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әскери қызметшiлерге, әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтарға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;

      8) әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар жасаған тәртiптiк терiс қылықтар туралы материалдарды әскери бөлiмдердiң тиiстi командирлерiнiң (бастықтарының) қарауына беруге;

      9) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргiзуге;

      10) азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына сезiктi адамдарды қудалау кезiнде азаматтардың тұрғын үйiне және өзге де үй-жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың аумағына және үй-жайларына (шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық иммунитетi бар өкiлдiктерiнен басқа) кедергiсiз кiруге және оларды қарап шығуға не онда қылмыстық құқық бұзушылық жасалған немесе жасалып жатыр деуге жеткiлiктi негiздер бар болған жағдайда, соңынан бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорды хабардар етуге;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан және ұйымдардан іс жүргізуіндегі қылмыстық iстер бойынша ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;

      12) өз құзыретi шегiнде әскери қолбасшылыққа және өзге де лауазымды адамдарға қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн мән-жайларды жою жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

      13) қызмет мақсатында кезек күттiрмейтiн жағдайларда байланыс құралдарын орналасқан жерiне және кiмге тиесiлiгiне қарамастан пайдалануға;

      14) әскери бөлiм орналасқан жердi өз бетiмен тастап қаруымен кеткен әскери қызметшiлердi iздестiру және ұстау жөнiндегi ic-шараларды жүргiзу кезiнде құқық қорғау органдарымен келiсе отырып бақылау-өткiзу пункттерiн дербес орнатуға;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерiнiң және әскери құралымдарының көлiк құралдарын ұстауға, алкогольмен, есiрткiмен және уытқұмарлықпен масаң күйдегi адамдарды әскери көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге және оларды медициналық тексеруге жiберуге;

      16) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына күдiктi адамдарды ұстау жөнiндегi шараларды жүргізу кезiнде, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн мән-жайлар кезiнде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келiсу бойынша көшелердiң, автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiнде және басқа да аумақтарда көлiктің және жаяу жүргiншiлердің жол жүрісін шектеуге немесе оған тыйым салуға;

      17) әскери көлiк құралдарының колонналары өткен уақытта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен үйлесiмдi түрде автомобиль жолдары мен көшелерде жол жүрісін реттеуге, осы колонналарға және арнайы мақсаттағы көлiк құралдарына iлесiп жүрудi ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге;

      18) әскери бөлiмдер мен әскери мекемелерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi бақылау және профилактикалық iс-шараларының орындалуын тексеруге;

      18-1) әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеруге;

      19) өзге мүмкiндiктер болмаған кезде оқиға болған жерге бару, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әскери қызметшiлер мен азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн әскери көлiктi пайдалануға;

      20) әскери полиция органдары ұстап алған не тергеуде және сотта жатқан әскери қызметшілерді ұстау үшін не қамаққа алуды қолдану үшін арнайы үй-жайы – гаупвахтасы болуына;

      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріндегі тəуліктік наряд қызметін, ішкі жəне гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

      Бұған қоса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және профилактикалық іс-шаралардың орындалуын тексеруге құқылы.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10. N 177-IV; 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Әскери полиция органдарының мiндеттерi

      Әскери полиция органдары өздерiнiң алдына қойылған мiндеттерге сәйкес және өкiлеттіктерi шегiнде:

      1) әскери қызметшiлердiң және басқа да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауға;

      2) гарнизондарда құқық тәртiбiн қамтамасыз етуге, әскери қылмыстардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, ашуға және жолын кесуге, олардың жасалуына ықпал ететiн мән-жайларды белгiлеуге;

      3) азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, әскери қызметшiлер және әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ әскери бөлiмдер мен гарнизондардағы оқиғалар туралы жедел ақпараттың есебiн жүргiзуге және оны талдауға;

      4) әскери бөлiм орналасқан жердi өз бетiмен тастап кеткен, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, анықтау, алдын ала тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаны орындаудан жалтарып жүрген әскери қызметшiлердi басқа құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда iздестiрудi жүзеге асыруға;

      5) шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өту уақытында запастағы азаматтар; өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде азаматтық персонал адамдары жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзуге;

      6) өз құзыретi шегiнде әскери көлiк құралдарының жол жүрiсiн және оларды пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

      7) заңда белгіленген тәртiппен тергеушiнiң тапсырмасын, прокурордың нұсқауын, сот шешiмiн орындауға;

      8) әскери полиция органдарының құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргізудi жүзеге асыруға;

      9) төтенше жағдайларды жою кезiнде құқық тәртiбiн және қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;

      10) әскери қызметшiлер арасында әскери тәртiптi қамтамасыз етуде әскери қолбасшылыққа жәрдемдесуге;

      11) құқыққа қарсы қол сұғудан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ шарасыз не денсаулығы мен өмiрiне қауiп төнген өзге де жағдайды бастан кешiрiп жатқан азаматтарға көмек көрсетуге;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз етуге қатысуға, соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындауға;

      13) заңнамада көзделген жағдайларда әскери қызметшiлердi гауптвахтаға жабу арқылы ұстауға;

      14) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың жазбаша талаптары бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күзетпен ұсталатындарды айдауылмен апаруды қамтамасыз етуге;

      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-1-бап. Уəкілетті органдардың құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын;

      2) əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдарымен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын;

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тəртібі қағидаларын;

      4) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;

      5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау тəртібі қағидаларын;

      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;

      7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын;

      8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын;

      9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын;

      10) анықтау, тергеу органдарынан жəне соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен əскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.

      2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

      1) əскери қызметшілердің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;

      2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-бап. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлігі

      1. Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерi құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерiн әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібі әскери жарғылармен белгіленеді.

      2. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.22 N 255, 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
ATЫC ҚАРУЫН, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ
КYШІН ҚОЛДАНУЫ

11-бап. Атыс қаруын қолдану

      1. Атыс қаруын қолдану лажсыз шара болып табылады және оған басқа шаралар тиiмсiз болғанда немесе егер жағдайдың мән-жайы бойынша басқа шараларды қолдану мүмкiн болмағанда жол берiледi.

      2. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң:

      1) әскери қызметшiлердi, басқа да азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлге алынған адамдарды босату;

      2) әскери полиция органдарының қызметкерлерiне немесе олардың отбасы мүшелерiне, құқық тәртiбiн қорғау жөнiндегi қызметтiк және қоғамдық борышын орындап жүрген адамдарға жасалған шабуылды тойтару;

      3) күзетiлетiн объектiлерге, айдауылға, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, соның iшiнде әскери бөлiмдердiң әуе және теңiз кемелерiне жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ басып алынған жағдайда оларды босату;

      4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде ұсталған және (немесе) қарсылық көрсеткен, күзеттен қашқан адамдарды ұстап алу, сондай-ақ қарулы адамды ұстап алу;

      5) егер жүргiзушi әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса және әскери қызметшiлер мен азаматтардың өмiрiне не денсаулығына қауiп төндiрсе, әскери көлiк құралын зақымдау жолымен тоқтату;

      6) хайуанаттардың шабуылынан қорғану;

      7) дабыл қағу немесе көмек шақыру белгiлерiн беру;

      8) қажеттi қорғану және лажсыз қажеттiлiк жағдайларында атыс қаруын қолдануға құқығы бар.

      3. Қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепiлге алған, көлiк құралдарын басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайлардан басқа кезде, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.

      4. Әскери полиция органдарының қызметкерлерi атыс қаруы қолданылған барлық жағдайларда айналадағылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмeк көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, қару қолданылғаны туралы тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.

      5. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырған атыс қаруын қолдануының әрбiр жағдайы туралы әскери прокурор дереу хабардар етiледi.

      6. Атыс қаруын қолданудың әрбiр фактiсi бойынша қызметтiк тергеу жүргiзiледi. Атыс қаруын заңсыз қолдану фактiсi анықталған жағдайда, кiнәлi адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-бап. Арнайы құралдарды және дене күшiн қолдану

      1. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң дене күшiн және арнайы құралдарды, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсілдерін, кiсендердi, резеңке таяқтарды, үй-жайларды ашатын, көлiктi мәжбүрлеп тоқтататын құралдарды, қызметтiк иттердi, сондай-ақ тiзбесiн Қарулы Күштер саласындағы орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы органдарының бірінші басшылары айқындайтын арнайы көлiк құралдарын қолдануға мына жағдайларда:

      1) әскери қызметшiлердi, басқа да адамдарды олардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан және өзге де әрекеттерден қорғауға, өзiн-өзi қорғауға;

      2) әскери бөлiмдердегi жаппай тәртiпсiздiктiң, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң қоғамдық тәртiптi және әскери тәртiптi топтасып бұзуының жолын кесуге;

      3) әскери қалашықтарға, объектiлерге, құрылыстарға, үй-жайларға, ғимараттарға және әскери көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтаруға немесе оларды басып алған жағдайда босатуға;

      4) егер құқық бұзушылардың қашып кетуi, айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды әскери бөлiмдерге және гауптвахтаға жеткiзу, ұсталған, күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру және күзету үшiн, егер олар әскери полиция қызметкерлерiне, әскери тәртiптi сақтау және қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындайтын өзге де адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, құқық бұзушыларды ұстағанда;

      5) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз сақтау, қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттарды ұрлау жəне жоғалту, сондай-ақ əскери қызметшілерді іздестіру фактілерінің алдын алуға жəне оларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізгенде құқығы бар.

      2. Айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты арнайы құралдар мен дене күшiн қолдануға тыйым салынады.

      3. Әскери полиция қызметкерлерiнiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған арнайы құралдар және дене күшiн қолдануының әрбiр жағдайы туралы әскери прокурор дереу хабардар етiледi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
КАДР ҚҰРАМЫ, ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУЫ

13-бап. Әскери полиция органдарының кадр құрамы

      1. Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшiлермен және азаматтық персоналмен жасақталады.

      2. Әскери полиция органдарында қызмет өткеру үшiн шақырылатын әскери қызметшiлер және өзге де адамдар қызметке тағайындалар алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi арнайы тексеруден өтедi.

      Әскери полиция органдарына алғаш қызметке тұратын адамдар мiндеттi түрде арнайы бастапқы оқудан және тағылымдамадан өтедi, олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Олардың сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы айқындайды.

      3. Əскери қызмет өткеруді немесе құрылымына əскери полиция кіретін тиісті органдарда қызмет өткеруді регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда адамдар əскери полиция органдарына қызметке қабылданбайды.

      4. Әскери полиция органдарының азаматтық персоналын жұмысқа қабылдау мәселелерi және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.15 N 253, 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерiн әлеуметтік және құқықтық қорғау

      1. Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерiне әскери қызмет өткерудi регламенттейтiн , құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктердi, жеңiлдiктердi, медициналық, зейнеттiк және басқа да қамсыздандыру түрлерiн белгілейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ осы шарттарға қайшы келмейтiн, құрылымына әскери полиция кiретiн тиiстi органдарда қызмет өткерудi регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

      2. Әскери полиция органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады, оларға белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi мен омырауға тағатын белгiлер берiледi.

      3. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына кедергi келтiру, қорлау, қарсылық көрсету, күштеп қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне, мүлкiне қол сұғушылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

15-бап. Әскери полиция органдары қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Әскери полиция органдары қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты әскери прокурорлар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады