Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 107 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3592. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 298 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 298 (мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi) Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 349  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2550 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысында N 23, 2003 жыл жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "1-1) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы, трансфер-агенттің қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;";
      3-тармақта "бағалы қағаздар рыногын" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен жасалған шарт болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар трансфер-агенттің клиенттері болып табылады.
      Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын клиенттер трансфер-агентке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесін;
      2) жеке тұлғалар үшін - клиенттің қолы не оның өкілінің қолы бар есепке алу карточкасын, осы карточкаға құжатты қабылдауға уәкілетті трансфер-агент қызметкерінің қатысуымен есепке алу жүргізіледі (бұдан әрі - есепке алу карточкасы);
      заңды тұлғалар үшін - 5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес жасалған қол қою үлгілерінің карточкасын.";
      8-тармақта:
      "және 2) тармақшаларының" деген сөздер алып тасталсын, олардың орнына "тармақшасының" деген сөзбен толықтырылсын;
      "5" деген цифрдан кейін "және 5-1-тармақтың 2) тармақшасының" деген сөздермен толықтырылсын.
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
 

      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына және Ұлттық почта операторына жіберсін.
 

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылық байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 349 "Об утверждении Правил осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 107. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2005 года № 3592. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 сентября 2012 года № 298

     Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 21.09.2012 № 298.

     В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих трансфер-агентскую деятельность на рынке ценных бумаг, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года N 349 "Об утверждении Правил осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2550, опубликованное в Вестнике Национального Банка Республики Казахстан, N 23, 2003 год) следующие изменения и дополнения:
     в Правилах осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
     пункт 1 дополнить абзацем третьим следующего содержания:
     "1-1) клиент - профессиональный участник рынка ценных бумаг, физическое или юридическое лицо, пользующееся или намеренное воспользоваться услугами трансфер-агента;";
     в пункте 3 слова "за рынком ценных бумаг" заменить словами "финансового рынка и финансовых организаций";
     подпункт 2) пункта 5 исключить;
     дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:
     "5-1. Физические или юридические лица являются клиентами трансфер-агента при наличии договора, заключенного ими с профессиональным участником рынка ценных бумаг, являющимся клиентом трансфер-агента.
     Клиенты, не являющиеся профессиональными участниками рынка ценных бумаг, представляют трансфер-агенту следующие документы:
     1) копию договора с профессиональным участником рынка ценных бумаг;
     2) физические лица - учетную карточку клиента, содержащую его подпись либо подпись его представителя, которая должна быть внесена в эту карточку в присутствии работника трансфер-агента, уполномоченного на прием документов (далее - учетная карточка);
     юридические лица - карточку образцов подписей, составленную в соответствии с абзацем третьим подпункта 1) пункта 5.";
     в пункте 8:
     слова "и подпункте 2)" исключить;
     после цифры "5" дополнить словами "и подпункте 2) пункта 5-1".

     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     3. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Токобаев Н.Т.):

     1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", профессиональных участников рынка ценных бумаг и Национального оператора почты.

  
     4. Отделу международных отношений Агентства (Пернебаев Т.Ш.) принять меры к публикации настоящего постановления в официальных печатных изданиях Республики Казахстан.

     5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

    Председатель