Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған ден тану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 110 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3615. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 196 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 196 Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар нарығы жұмысының айқындылығы мен тиiмдiлiгiнiң дәрежесiн арттыру, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, сондай-ақ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 80 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2799 тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушыға, бағалы қағаздар нарығында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
агенттiгi Басқармасының    
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 110 қаулысымен бекiтiлген 

Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны
манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесi

      Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 3-тармағында көзделген бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 312 қаулысымен .

      1. Мәмiле тараптары арасында алдын ала келiсiлген баға бойынша жасалатын, бағалы қағаздар нарығында мұндай мәмiленi жасағанға дейiн қалыптасқан осы бағалы қағаздарға бағалардан елеулi ерекшеленетiн мәмiле сауда-саттықты ұйымдастырушы тiкелей мәмiлелердi жасау әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған мәмiле деп танылады, егер:
      мәмiленi акциялармен жасаған кезде акциялармен осы мәмiле бағасының осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес есептелген осы акциялардың орташа алғандағы нарықтық бағасының ауытқуы отыз және одан астам проценттiк құрайды;
      облигациялармен мәмiленi жасаған кезде (оның iшiне мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздармен) осы облигациялар кiрiстiлiгiнiң осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес есептелген өтеуге осы облигациялардың орташа алғандағы нарықтық кiрiстiлiгiнiң осы мәмiленiң бағасына сәйкес өтеуге ауытқуы үш және одан астам проценттiк тармақты құрайды.

      2. Шамамен бiрдей бағамен және жасалу уақытымен қарсы бағыттылығы бар мынадай мәмiлелер бағаны манипуляциялау мақсатында жасалмаған болып табылады:
      1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мұндай операцияларға арналған сауда жүйесi секторында жүзеге асырылатын сол бiр репо операциясына жататын репоны ашу және жабу мәмiлелерi;
      2) бiрдей көлемдегі және сол бағалы қағаздармен жасалған екi мәмiле, олардың екiншiсi осы мәмiлелердiң бiрiншiсiн жасаған кезде жiберiлген техникалық қатенi түзету мақсатында жасалған болса;
      3) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде бағалы қағаздар бойынша міндетті баға белгілеуін қолдау мақсатында маркет-мейкермен жасалған мәмілелер;
      4) мәміле жасалған күнге дейінгі соңғы отыз күн ішінде, бірақ осы кезеңнің кемінде он күн ішінде осы атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының кемінде он мүшесі тараптары болып табылатын, жиынтық көлемі елу миллион теңгеден кем емес кем дегенде жиырма мәміле жасалу шартымен сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде бағалы қағаздармен ашық сауда әдісімен жасалған мәмілелер.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008.05.26 N 78 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен .

      3. Акцияның орташа алғандағы нарықтық бағасы сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен отыз күнтiзбелiк күн iшiнде ашық сауда әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған акциялармен (ақшалай) мәмiлелердiң жиынтық көлемiнiң мұндай мәмiлелердiң жиынтық мөлшерiне бағалы қағаздармен) ара-қатынасы ретiнде есептеледі (осы тармақтың екiншi абзацында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып).
      Егер көрсетiлген кезең iшiнде акциялармен жасалған мәмiлелер саны бестен кем болған жағдайда, осы акциялардың орташа алғандағы нарықтық бағасы сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен бiр жүз сексен күн iшiнде ашық сауда әдісiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған осы акциялармен (ақшалай) соңғы бес мәмiленiң жиынтық көлемiнiң мұндай соңғы бес (бағалы қағаздармен) мәмiленiң жиынтық мөлшерiне ара-қатынасы ретiнде есептеледi.

      4. Өтеуге арналған облигациялардың орташа алғандағы нарықтық кiрiстiлiгi мына формула бойынша есептеледi:

           n
           Е [in X Vn]
          i=l
      I = ------------ , мұнда
           Е Vn

      I, % - өтеуге арналған облигациялардың орташа алғандағы нарықтық кiрiстiлiгi, жылдық процентпен;
      i - осы облигациялармен мәмiле бағасына сәйкес өтеуге арналған облигациялардың кiрiстiлiгi, жылдық процентпен;
      V - облигациялармен мәмiлелер саны, ақшалай;
      n - сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен отыз күнтiзбелiк күн iшiнде ашық сауда әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған облигациялармен мәмiлелер саны (көрсетiлген кезең iшiнде облигациялармен жасалған мәмiлелер саны бестен аз болған жағдайда, n сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен бiр жүз сексен күн iшiнде ашық сауда әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған облигациялармен мәмiлелер саны бес және одан астам құраса).

      5. Уәкiлеттi орган бағалы қағаздармен бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған ретiнде мәмiлелердi:
      сауда-саттықты ұйымдастырушының және бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының есептерiндегi;
      бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың және өзге жеке және заңды тұлғалардың хаттарындағы (өтiнiштерiндегi, шағымдарындағы, хабарласуларындағы);
      бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдардағы ақпарат негiзiнде анықтайды.

      6. Бағаны манипуляциялау фактiлерiн растау мақсатында уәкiлеттi орган бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiнен қажеттi ақпарат берудi сұрата алады және қажет болғанда бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiне инспекциялық тексерудi жүзеге асырады.

      7. Мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалды деп тану қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бiрiншi басшысының немесе оның орынбасарының шешiмiмен ресiмделедi.

      8. Уәкiлеттi орган бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп танылған бағалы қағаздармен мәмiле тараптарын осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген шешiм ресiмделген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мұндай тану туралы жазбаша хабардар етедi.

      9. Реттеу тәртiбi осы Ережеде айқындалмаған мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

Об утверждении Правил признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года N 110. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2005 года N 3615. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года N 196

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28.11.2008 N 196 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

     В целях повышения степени прозрачности и эффективности функционирования рынка ценных бумаг, защиты прав и интересов инвесторов, а также в соответствии со статьей 56 Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ :

     1. Утвердить прилагаемые Правила признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами.

     2. Признать утратившим силу постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций "Об утверждении Правил признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами" от 15 марта 2004 года N 80 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2799).

     3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     4. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Токобаев Н.Т.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, организатора торгов, организаций, осуществляющих брокерско-дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

     5. Отделу международных отношений и связей с общественностью (Пернебаев Т.Ш.) обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

     6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

     Председатель
 

     Утверждены         
постановлением Правления 
Агентства Республики Казахстан
по регулированию и надзору
финансового рынка и   
финансовых организаций  
от 26 марта 2005 года N 110

Правила признания сделок с ценными бумагами
как заключенных с целью манипулирования ценами

     Настоящие Правила определяют порядок признания сделок с ценными бумагами, предусмотренных пунктом 3 статьи 56 Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг", как заключенных с целью манипулирования ценами. <*>
     Сноска. В преамбулу внесены изменения - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций РК от 27 августа 2005 года N 312 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня его гос.регистрации в МЮ РК).
     1. Сделкой, совершаемой по предварительно оговоренной между ее сторонами цене, существенно отличающейся от цен на данные ценные бумаги, которые сложились на рынке ценных бумаг до заключения такой сделки, признается сделка, заключенная на торгах, проведенных организатором торгов методом заключения прямых сделок, если:
     при заключении сделки с акциями отклонение цены данной сделки с акциями от средневзвешенной рыночной цены этих акций, рассчитанной в соответствии с пунктом 3 настоящих Правил, составляет тридцать и более процентов;
     при заключении сделки с облигациями (в том числе с государственными эмиссионными ценными бумагами) отклонение доходности этих облигаций к погашению в соответствии с ценой данной сделки от средневзвешенной рыночной доходности этих облигаций к погашению, рассчитанной в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил, составляет три и более процентных пункта.

     2. Не являются заключенными с целью манипулирования ценами, следующие сделки, имеющие встречную направленность с примерно одинаковыми ценами и временем совершения:
     1) сделки открытия и закрытия репо, которые относятся к одной и той же операции репо, осуществляемой в предназначенном для таких операций секторе торговой системы организатора торгов;
     2) две сделки одного и того же объема с одними и теми же ценными бумагами, вторая из которых заключена в целях исправления технической ошибки, допущенной при заключении первой из данных сделок;
     3) сделки, совершенные маркет-мейкером с целью поддержания в торговой системе организатора торгов обязательной котировки по ценным бумагам;
     4) сделки с ценными бумагами, заключенные в торговой системе организатора торгов методом открытых торгов, при условии, что в течение последних тридцати дней, предшествующих дате заключения сделки, но не менее чем в течение десяти дней из этого периода, с ценными бумагами данного наименования было заключено не менее двадцати сделок суммарным объемом не менее пятидесяти миллионов тенге, сторонами которых являлись не менее десяти членов организатора торгов.
     Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.05.2008 N 78 (порядок введения в действие см. п. 2 ).
 

     3. Средневзвешенная рыночная цена акций рассчитывается как отношение суммарного объема сделок с акциями (в деньгах), которые заключены на торгах, проведенных организатором торгов методом открытых торгов в течение последних тридцати полностью истекших календарных дней, к суммарному размеру таких сделок (в ценных бумагах) (с учетом особенности, установленной абзацем вторым настоящего пункта).
     В случае, если количество сделок с акциями, заключенных в течение указанного периода, составляет менее пяти, то средневзвешенная рыночная цена этих акций рассчитывается как отношение суммарного объема последних пяти сделок с этими акциями (в деньгах), которые заключены на торгах, проведенных организатором торгов методами открытых торгов в течение последних ста восьмидесяти полностью истекших дней, к суммарному размеру таких последних пяти сделок (в ценных бумагах).

     4. Средневзвешенная рыночная доходность облигаций к погашению рассчитывается по формуле:
          __n
          \   (in * Vn)
          /
           i=1
      I = --------------  , где
          __
          \  Vn
          /
 

              I - средневзвешенная рыночная доходность облигаций к погашению, в процентах годовых;

     i - доходность облигаций к погашению в соответствии с ценой сделки с этими облигациями, в процентах годовых;

     V - объем сделки с облигациями, в деньгах;

     n - количество сделок с облигациями, которые заключены на торгах, проведенных организатором торгов методом открытых торгов в течение последних тридцати полностью истекших календарных дней (в случае, если количество сделок с облигациями, заключенных в течение указанного периода, составляет менее пяти, n равно пяти при условии, что количество сделок с облигациями, которые заключены на торгах, проведенных организатором торгов методом открытых торгов в течение последних ста восьмидесяти полностью истекших календарных дней, составляет пять и более).

     5. Выявление сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами осуществляется уполномоченным органом на основании информации, которая содержится в:
     отчетах организаторов торгов и профессиональных участников рынка ценных бумаг;
     письмах (заявлениях, жалобах, обращениях) субъектов рынка ценных бумаг, государственных органов и иных физических и юридических лиц;
     публикациях средств массовой информации.

     6. В целях подтверждения факта манипулирования ценами уполномоченный орган запрашивает у субъектов рынка ценных бумаг предоставление необходимой информации либо, при необходимости, осуществляет инспекционную проверку субъектов рынка ценных бумаг.

     7. Признание сделки с ценными бумагами как заключенной с целью манипулирования ценами оформляется решением первого руководителя уполномоченного государственного органа, осуществляющего регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган), или его заместителя.
     8. Уполномоченный орган письменно уведомляет стороны сделки с ценными бумагами, признанной как заключенной с целью манипулирования ценами, о таком признании в течение десяти рабочих дней со дня оформления решения, указанного в пункте 7 настоящих Правил.
     9. Вопросы, порядок урегулирования которых не определен настоящими Правилами, подлежат разрешению в соответствии с законодательством Республики Казахстан.