"Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 461 бұйрығына өзгерістр енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 170 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3638. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.12.30 N 644 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 461 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3368 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесінде:
      9-тармақтың он бірінші абзацындағы "өткен жылдардың дебиторлық берешегі есебінде ағымдағы жылы алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер)" деген сөздер "өзге негіздер бойынша (сот шешімдері бойынша есептен шығарылған ағымдағы жылда алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебінен және басқа) өтелген дебиторлық берешек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақтың үшінші абзацындағы "5 және 6-баған" деген сөздер "4 және 5-баған, олар бір бағдарламалық қамтамасыз ету анықталған кодтармен толтырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:
      9-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ереженің 2-қосымшасында:
      10-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ереженің 3-қосымшасында:
      8-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ереженің 4-қосымшасында:
      9-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 461 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов о дебиторской задолженности государственных учреждений"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 мая 2005 года N 170. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 12 мая 2005 года N 3638. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года N 644

     Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 30.12.2008 N 644 (вводится в действие с 01.01.2009).  

     ПРИКАЗЫВАЮ:

     1. Внести в приказ  Министра финансов Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года № 461 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов о дебиторской задолженности государственных учреждений" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3368), следующие изменения:
     в Правилах составления и представления отчетов о дебиторской задолженности государственных учреждений, утвержденных указанным приказом:
     в абзаце одиннадцатом пункта 9 слова "полученных в счет погашения дебиторской задолженности прошлых лет товаров (работ, услуг) в текущем году" заменить словами "дебиторской задолженности, погашенной по иным основаниям (за счет полученных в текущем году товаров (работ, услуг), списанной по решению суда и др.)";
     в абзаце третьем пункта 11 слова "граф 5 и 6" заменить словами "граф 4 и 5, которые заполняются кодами, определенными программным обеспечением";
     в Приложении 1 к указанным Правилам:
     в графе 9 слова "получено товаров (работ, услуг)" заменить словами "по иным основаниям";
     в Приложении 2 к указанным Правилам:
     в графе 10 слова "получено товаров (работ, услуг)" заменить словами "по иным основаниям";
     в Приложении 3 к указанным Правилам:
     в графе 8 слова "получено товаров (работ, услуг)" заменить словами "по иным основаниям";
     в Приложении 4 к указанным Правилам:
     в графе 9 слова "получено товаров (работ, услуг)" заменить словами "по иным основаниям".

     2. Департаменту отчетности и статистики (Парусимова Л.И.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее опубликование в официальных средствах массовой информации в установленном законодательством порядке.

     3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     Министр