Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.12.30 N 644 Бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 461 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3368 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесінде:
9-тармақтың он бірінші абзацындағы "өткен жылдардың дебиторлық берешегі есебінде ағымдағы жылы алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер)" деген сөздер "өзге негіздер бойынша (сот шешімдері бойынша есептен шығарылған ағымдағы жылда алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебінен және басқа) өтелген дебиторлық берешек" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың үшінші абзацындағы "5 және 6-баған" деген сөздер "4 және 5-баған, олар бір бағдарламалық қамтамасыз ету анықталған кодтармен толтырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:
9-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 2-қосымшасында:
10-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 3-қосымшасында:
8-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 4-қосымшасында:
9-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр