"Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестаттау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 911 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 311 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 30 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3653. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 125 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.04.2013 № 125 бұйрығымен.

     БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестаттау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 911  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2171 тiркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенi", 2003 ж., N 23-24) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестаттау ережесiнде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау жүргiзiлетiн ғылыми ұйымдардың басшылары, кадр және заң қызметiнiң өкiлдерi, басқа да ғылыми ұйымдардың және ғылыми қызметкерлер кәсiподағының өкiлдерi енедi. Аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң арасынан комиссия төрағасы және хатшысы сайланады.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осыған байланысты аттестаттау көрсетiлген мерзiмнiң басталу күнiнен бастап алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "Өзiндiк пiкiрi бар аттестаттау комиссиясының мүшелерi комиссия шешiмiмен келiспеген жағдайда оны жазбаша түрде аттестаттау парағына қосып беруi мүмкiн.
      Аттестатталушының аттестаттауға келмеген жағдайында бiр айдан кейiн қайтадан аттестаттау тағайындалады. Қызметкер қайтадан дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда оны аттестаттаудан өтпеген деп есептейдi.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Қызметкерлердiң аттестаттау қорытындыларын бақылау тәртiбiнде ұйымның ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңесiнiң отырыстарында қарастырылады".

      2. Ғылым департаментi (В.В.Могильный) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Қ.Әбдiмомыновқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 911 "Об утверждении Правил аттестации научных и инженерно-технических работников государственных научных организаций"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 мая 2005 года N 311. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 30 мая 2005 года N 3653. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 апреля 2013 года № 125

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 05.04.2013 № 125.

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в  приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 911 "Об утверждении Правил аттестации научных и инженерно-технических работников государственных научных организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2171, "Бюллетень нормативных правовых актов Республики Казахстан, 2003 г., N 23-24") следующие изменения и дополнения:
     в Правилах аттестации научных и инженерно-технических работников государственных научных организаций, утвержденных указанным приказом:
     пункт 9 изложить в следующей редакции:
     "9. В состав аттестационной комиссии включаются руководители, представители кадровой и юридической служб научной организации, в которой проводится аттестация, представители других научных организаций и профсоюза работников науки. Из числа членов аттестационной комиссии назначается председатель и секретарь комиссии.";
     пункт 12 дополнить предложением следующего содержания: "При этом аттестация проводится не позднее шести месяцев со дня наступления указанного срока.";
     пункт 22 дополнить абзацами следующего содержания: "Члены аттестационной комиссии, имеющие мнение, не совпадающее с выводами комиссии, могут изложить его в письменной форме, приложив к аттестационному листу.
     В случае отсутствия аттестуемого через месяц назначается повторная аттестация. При повторной неявке по неуважительной причине работник считается неаттестованным.";
     пункт 23 изложить в следующей редакции:
     "23. В порядке контроля итоги аттестации работников рассматриваются на заседаниях научного (научно-технического) совета организации.".
     2. Департаменту науки (Могильный В.В.) представить в установленном порядке настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.
     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Абдымомунова А.У.
     4. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.
 

       Министр