"Үйрек, қаз жұмыртқаларын сондай-ақ жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардан әкелiнген тауық жұмыртқаларын тағамдық мақсатта пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 203 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет минитрлігінде 2005 жылғы 10 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3672. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Үйрек, қаз жұмыртқаларын сондай-ақ жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардан әкелiнген тауық жұмыртқаларын тағамдық мақсатта пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрi

      2005 жылғы 20 мамыр

Қазақстан Республикасының       
Денсаулық сақтау министрінің м.а.  
2005 жылы 28 сәуірдегі         
N 203 бұйрығымен бекітілген      

"Үйректің, қаздың, сондай-ақ жұқпалы аурулар
бойынша қолайсыз шаруашылықтардан алынатын тауықтың
жұмыртқаларын тағамдық мақсатқа пайдаланғанда қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер (бұдан әрі - санитарлық ережелер) үйректің, қаздың, сондай-ақ жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардан алынатын тауықтың жұмыртқаларын сақтағанда, тасымалдағанда, тағам өнімдерін өндіретін өндірісте пайдаланғанда қолданылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.
      2. Осы санитарлық ережелердің талаптары жұқпалы аурулар тұрғысынан қолайсыз шаруашылықтардан алынатын үйректің, қаздың жұмыртқаларына, сондай-ақ тауық жұмыртқаларына таралады.
      3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:
      1) меланж - жұмыртқа ақ уызы мен сары уыз қосындысының тоңазытылған түрі;
      2) ұрықтандырылмаған жұмыртқа - техникалық тұрғыдан жарамсыз деп саналатын, инкубатордан алынған, ұрықтандырылмаған жұмыртқа;
      3) бүйірі майысқан жұмыртқа - сыртқы қабаттың астындағы қабат бүлінбеген, бүйірі майысқан жұмыртқа;
      4) жарылған жұмыртқа - сыртқы қабығында сызат бар жұмыртқа;
      5) жұмыртқаларды овоскоп арқылы қарау - электр шамы арқылы жарықтандырылатын арнайы овоскоп құралымен жұмыртқаларда өзгерістің бар екенін анықтау.

2. Жұмыртқаны сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Жұмыртқаларды жинап, сақтап және қаптау жұмыстары түрлеріне (үйрек, қаз, тауық) қарай бөлек жиналуы керек. Үйрек пен қаз жұмыртқалары жеке жәшіктерге салынып, "Үйрек жұмыртқалары", "Қаз жұмыртқалары" деген белгі салып, пайдалану тәртібі көрсетіледі. Үйрек, қаз немесе тауық жұмыртқаларын басқадай үй құстарының жұмыртқаларымен бірге қаптап, сақтауға болмайды.
      5. Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардан өндірілген тауық жұмыртақалары жеке үй-жайларда жиналынып, қапталынып, сақталуы керек. Қаптама сыртында "Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтан алынған тауық жұмыртқалары" деген белгі салынып, температураны біркелкі сақтайтын көлік арқылы, сау құстардан алынған жұмыртқалардан бөлек тасымалданылады.
      6. Қолайсыз шаруашылықтан өндірілген жұмыртқаның әр тобында мал дәрігері берген ілеспе куәлік болуы керек, онда қапталған және тиелген айы, күні көрсетіліп, қандай жағдайда пайдалануға болатыны туралы берілген ұсыныстар жазылуы керек.
      7. Жұмыртқаларды тасымалдауға арналған көлік құралдарында "Көлік құралдарына санитарлық төлқұжатты беру, есепке алу және жүргізу  ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің N 349 бұйрығы және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеуден өткізетін N 2840 Реестрінде тіркеліп, бекітілген үлгідегі санитарлық төлқұжаты болуы керек.
      8. Жұмыртқаның әр партиясын тасыған көлік құралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай жұмыстан соң жуылып, зарарсыздандырылуы керек.
      9. Үйрек, қаз, сондай-ақ қолайсыз шаруашылықтардан өндірілген тауық жұмыртқаларын мынандай өндірістерде пайдалануға болады:
      1) нан пісіретін және кондитерлік өндірістерде қамырдан жасалатын ұсақ өнімдерді (тоқаш, майқоспа, кептірілген нан, печенье, пряник) шығару өндірістерінде;
      2) алдын-ала пісіруден өткеннен кейін салат, көк сорпа басқа да тамақтарды дайындайтын қоғамдық тамақтану орындарында.
      Жұмыртқаларды қайнатып пісірердің алдында сорттап, овоскоп арқылы тексеріп, алдын-ала жуудан өткізу керек. Жарылған, бүйірі майысқан, ұрықтандырылмаған және сынған жұмыртқаларды қабылдауға болмайды.
      10. Қоғамдық тамақтану ұйымдарында пайдаланылатын үйрек жұмыртқалары кем дегенде 13 минөт, қаз жұмыртқалары кем дегенде 14 минөт, тауықтың жұмыртқалары 10 минөт қайнатылуы керек.
      11. Мыналарды істеуге болмайды:
      1) үйрек және қаз, сондай-ақ қолайсыз шаруашылықтан алынған тауық жұмыртқаларын азық-түлік сататын ұйымдар мен базарларда сатуға болмайды;
      2) үйрек, қаз және тауық жұмыртқаларын шикі күйінде қоғамдық тамақтану ұйымдарында пайдалануға болмайды;
      3) үйрек және қаз, сондай-ақ қолайсыз шаруашылықтан алынған ұрықтандырылмаған тауық жұмыртқаларын кондитерлік бұйымдар, балмұздақ, майонез, меланж, жұмыртқа концентраттарын дайындауға арналған крем және бұлғау арқылы алынатын кондитерлік өнімдер ретінде пайдалануға болмайды.

3. Жұмыртқаларды нан пісіру өндірісінде пайдаланғанда
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      12. Нан өндіретін ұйымдарға қолайсыз шаруашылықтан алынатын қабығы жарылған, бүйірі майысқан, ұрықтандырылмаған және сынған тауық жұмыртқаларын қабылдауға болмайды.
      13. Жұмыртқаларды сақтау, жуу, зарарсыздандыру және жару жұмыстары жеке үй-жайларда жүргізілуі керек.
      14. Қолайсыз шаруашылықтардан алынған жұмыртқаларды өңдеу кезінде жеке үй-жайлар бөлінуі керек немесе сау жұмыртқаларды өңдегеннен кейін жүргізілуі керек. Одан соң керек жарақтарды, құрал-жабдықтарды және үй-жайды зарарсыздандыру керек.
      15. Нан-тоқаш және кондитерлік бұйымдарын өндіретін өндірістерде жұмыртқаны жарардан бұрын санитарлық өңдеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 31 қаңтарындағы "Нан, нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өнімдерді шығаратын ұйымдарға қойылатын санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы талаптар" туралы N 94 бұйрығына және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеуден өткізу Реестрінде N 2195 тіркелген тәртіпке сай жүргізіледі.
      16. Жұмыртқаларды жарғаннан кейін иісі мен сыртқы түрін тексеріп, сыйымдылығы үлкен ыдысқа құяды. Пайдалануға жіберердің алдында жарылған жұмыртқа массасын елеуіш арқылы сүзуден өткізіледі. Алынған массаны сақтауға болмайды, оны қамырға тез қосып, өнімді дайындау керек.
      17. Жұмыртқаны сорттайтын жұмыскерді жұмыртқаны өңдеуге және жұмыртқа массасын дайындауға жіберуге болмайды.
      18. Жұмыртқаларды тасымалдайтын ыдыстардың сыртында жұмыртқалардың сортталған күні көрсетілуі керек (айы, күні).
      19. Жұмыртқаны сақтауға және жұмыртқа массасын дайындауға керекті ыдыстар мен керек-жарақтар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, өңдеу жұмыстары оңай жүргізілетін материалдардан дайындалуы керек. Ыдыстар мен өңдеуге керекті керек-жарақтарға белгі салынып, жеке шкафта сақталынуы керек.
      20. Жұмыс соңында үстелдер, ыдыстар, керек-жарақ құралдар, жуғыш ерітінді және 0,5% кальцийлі сода қосылған сумен жуылып, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген басқадай зарарсыздандырғыш дәрмектермен (бұдан әрі - зарарсыздандырғыш дәрмектер) өңделеді де ыстық сумен шайылады (су температурасы +45 цельсиядан (бұдан әрі -  о С) төмен болмауы керек). Ұсақ керек-жарақтар 15-20 минөт бойы қайнатылып немесе +110 о С температурада 10 минөт бойы автоклав арқылы зарарсыздандырылуы керек.
      21. Шикі жұмыртқалардың қабығын және басқа да қалдықтары белгі салынған бөшкелерге салынып, зарарсыздандырғыш дәрмектермен зарарсыздандырылып, артынан қалдық салғыштарға тасталынуы керек. Босатылған бөшкелер тазаланылып, жуғыш заттардың ерітіндісімен жуылып, артынан зарарсыздандырылуы керек.
      22. Жұмыс соңынан қызметкерлер қолын сабынды сумен жуып, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен асептикалық дәрмектердің ерітінділермен қолдарын өңдеу керек.
      23. Арнайы берілетін киімдер, күн сайын ауыстырылып отырылуы керек.
      24. Арнайы киімдер кір жуатын орындарда немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының берген қорытындысы бар ұйымдарда жүргізілуі керек. Арнайы жұмыс киімдерін үйде жууға болмайды.

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к использованию для пищевых целей утиных, гусиных яиц, а также куриных яиц из неблагополучных хозяйств по инфекционным заболеваниям"

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 апреля 2005 года № 203. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июня 2005 года № 3672. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от от 30 июня 2010 года № 476

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 30.06.2010 № 476.

      В соответствии с подпунктом 10) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения",  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к использованию для пищевых целей утиных, гусиных яиц, а также куриных яиц из неблагополучных хозяйств по инфекционным заболеваниям".

      2. Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Байсеркин Б.С.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту организационно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Акрачкова Д.В.) направить настоящий приказ на официальное опубликование после его
государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения, Главного государственного санитарного врача Республики Казахстан Белоног А.А.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

       И.о. Министра

       "СОГЛАСОВАН"
      Министр сельского хозяйства
      Республики Казахстан
      _________________
      20 мая 2005 года

Утверждены приказом          
Министра здравоохранения       
Республики Казахстан        
28 апреля 2005 года N 203      

Санитарно-эпидемиологические правила и нормы
"Санитарно-эпидемиологические требования по использованию
для пищевых целей утиных, гусиных яиц, а также куриных яиц
из неблагополучных хозяйств по инфекционным заболеваниям"

  1. Общие положения

      1. Настоящие санитарно-эпидемиологические правила и нормы (далее - санитарные правила) устанавливают санитарно-эпидемиологические требования к хранению, транспортировке и использованию утиных, гусиных яиц, а также куриных яиц из неблагополучных хозяйств по инфекционным заболеваниям в производстве пищевых продуктов.

      2. Настоящие санитарные правила распространяются на утиные, гусиные яйца, а также куриные яйца из неблагополучных хозяйств по инфекционным заболеваниям.

      3. В настоящих санитарных правилах использованы следующие термины и определения:
      1) меланж - замороженная смесь яичных белков и желтков;
      2) миражные яйца - неоплодотворенные яйца, изъятые из инкубатора, являющиеся техническим браком;
      3) мятый бок - яйцо с частично помятой скорлупой, без повреждения под скорлупной оболочки;
      4) яйцо с насечкой - яйцо с надтреснутой скорлупой;
      5) овоскопирование - просмотр яиц путем просвечивания электрической лампочкой через специальный прибор овоскоп с целью определения изменений в яйце.

  2. Санитарно-эпидемиологические требования
к хранению, транспортировке и использованию яиц

      4. Яйца должны собираться, храниться, упаковываться и маркироваться раздельно по видам (утиные, гусиные, куриные). Утиные и гусиные яйца должны упаковываться в отдельные ящики с надписью по трафарету "Яйца утиные", "Яйца гусиные", с указанием порядка использования. Не допускается совместная упаковка и хранение утиных, гусиных или куриных яиц с яйцами другой домашней птицы.

      5. Яйца куриные из хозяйств неблагополучных по инфекционным заболеваниям собираются, упаковываются и складируются в отдельных помещениях. Упаковки маркируются надписью "Яйца куриные из хозяйства неблагополучного по инфекционному заболеванию" и транспортируются в изотермическом транспорте, отдельно от яиц полученных от здоровой птицы.

      6. Каждая партия яиц из неблагополучных хозяйств должна сопровождаться ветеринарным свидетельством с указанием даты упаковки, погрузки и рекомендуемого способа использования.

      7. Транспортное средство для транспортировки яиц должно иметь санитарный паспорт установленного образца, в соответствии с утвержденным  приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 апреля 2004 года N 349 "Об утверждении правил выдачи, учета и ведения санитарного паспорта на транспортное средство", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2840. Не допускается использовать транспортное средство для перевозки других продуктов.

      8. Транспортное средство после каждой перевозки яиц должно подвергаться мойке и дезинфекции в соответствии с требованиями действующих нормативных правовых актов в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      9. Утиные, гусиные, а также куриные яйца из неблагополучных хозяйств допускаются использовать:
      1) в хлебопекарных и кондитерских производствах для выпечки мелкоштучных изделий из теста (булочки, сдоба, сухари, печенье, пряники);
      2) в сети общественного питания после предварительной варки для приготовления салатов, окрошки и других блюд.
      Перед варкой должна производиться сортировка, овоскопирование и мойка яиц. Не допускается прием и использование яиц с насечкой, мятым боком, миражных и битых яиц.

      10. Используемые на объектах общественного питания утиные яйца должны вариться не менее 13 минут, гусиные - не менее 14 минут, куриные не менее 10 минут.

      11. Не допускается:
      1) реализация населению утиных, гусиных, а также куриных яиц из неблагополучных хозяйств через объекты продовольственной торговли и на рынках;
      2) использование утиных, гусиных и куриных яиц в сыром виде на объектах общественного питания;
      3) использование утиных, гусиных, а также миражных куриных яиц из неблагополучных хозяйств для изготовления кремовых и взбивных кондитерских изделий, мороженого, майонеза, меланжа, яичных концентратов.

  3. Санитарно-эпидемиологические требования
к использованию яиц в хлебопекарных производствах

      12. В организациях по производству хлеба, хлебобулочных, макаронных и кондитерских изделий не допускается прием и использование куриных яиц из неблагополучных хозяйств с насечкой, мятым боком, миражных и битых яиц.

      13. Хранение, мойка, дезинфекция и разбивание яиц должны производиться в отдельных помещениях.

      14. Для обработки яиц из неблагополучных хозяйств выделяются отдельные помещения или обработка их проводится в основных помещениях после обработки здоровых яиц с последующей мойкой и дезинфекцией инвентаря, оборудования и помещения.

      15. В организациях по производству хлебобулочных и кондитерских изделий перед разбиванием яйца должны подвергаться санитарной обработке в соответствии санитарно-эпидемиологическим правилам и нормам "Санитарно-гигиенические и противоэпидемические требования к организациям по производству хлеба, хлебобулочных, макаронных и кондитерских изделий", утвержденным  приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 января 2003 года N 94, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2195.

      16. Яйца разбиваются и после проверки яичной массы на запах и внешний вид переливается в тару большей емкости. Перед употреблением яичная масса процеживается через сито. Полученная масса не подлежит хранению и сразу после ее изготовления вносится в тесто.

      17. Персонал, проводящий сортировку яиц не допускается к обработке яиц и приготовлению яичной массы.

      18. На транспортной таре яиц должна указываться дата сортировки (число и месяц).

      19. Посуда и инвентарь, используемые для хранения яиц и изготовления яичной массы, должна быть изготовлена из материалов, легко поддающихся обработке и разрешенных к применению в Республике Казахстан. Посуда и инвентарь должны маркироваться и храниться в отдельном шкафу.

      20. По окончании работы столы, посуда, инвентарь должны промываться моющим раствором с добавлением 0,5 % раствором кальцинированной соды и обрабатываться дезинфицирующим средством, разрешенным к применению в Республике Казахстан (далее - дезинфицирующие средства), с последующим ополаскиванием горячей водой (с температурой не ниже плюс 45  0 С. Мелкий инвентарь должен подвергаться кипячению в течение 15-20 минут или прогреванию в сухожаровом шкафу при температуре плюс 110  0 С в течение 10 минут.

      21. Скорлупа от сырых яиц и другие отходы должны собираться в маркированные бачки, обеззараживаться дезинфицирующими средствами и сбрасываться в мусоросборник. Баки после опорожнения должны очищаться, промываться моющим раствором и подвергаться дезинфекции.

      22. После завершения работы персонал должен вымыть руки с мылом и обработать антисептическими средствами, разрешенными к применению в Республике Казахстан.

      23. Смена санитарной одежды должна производиться ежедневно.

      24. Стирка санитарной одежды должна производиться в прачечной или в организациях, имеющих санитарно-эпидемиологическое заключение. Не допускается стирка санитарной одежды на дому.