"Улы заттарды (уларды) қолдануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 232 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3705. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Улы заттармен (улармен) жұмыс істеу кезінде еңбек ету жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі

      7 маусым 2005 жыл

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау министрінің   
м.а 2005 жылғы 13 мамырдағы   
N 232 бұйрығымен бекітілген   

"Улы заттарды (уларды) қолдануға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық ережесі
мен нормалары

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы ережелер

      1. "Улы заттарды (уларды) қолдануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) улы заттарды (уларды) қолдануға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
      2. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) улы заттар (улар) (бұдан әрі - улы заттар) - ең аз дозада және қанықпа түрінде организмге түскен жағдайда патологиялық өзгерістер тудыратын, қауіптілік жағынан 1-2 сыныпқа жататын жоғарғы биологиялық белсенділігі бар химиялық, биологиялық қосылыстар;
      2) зиянсыздандыру - улы қосылыстардың уыттылығын төмендетуге арналған шаралар кешені;
      3) базистық қоймалар - үлкен көлемдегі улы заттарды сақтауға және тұтынушының жұмсауына арналған улы заттарды сақтайтын қоймалар;
      4) улы заттарды жіберетін қоймалар - улы заттардың ұйымдардың өндірістік қажеттілік көлеміне қарай сақтауға арналған қоймалар;
      5) улы заттарды (уларды) қолдану - Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қауіпсіздігін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында оларды сақтауды, тасымалдауды, залалсыздандыру мен жоюды қамтитын улы заттармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Улы заттарды сақтайтын қойма
үй-жайларына және сақтау жағдайына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Улы заттар үшін қойма ретінде жертөлелерді, палаткаларды, жанар-жағармай материалдарын сақтайтын қоймалардың үй-жайды пайдалануға, сондай-ақ улы заттарды ашық аспан астында немесе күрке астында сақтауға болмайды.
      4. Улы заттарды сақтауға арналған қоймаларда табиғи және жасанды жарық көздері қарастырылып, сумен және канализация жүйесімен, жылумен қамтамасыз етіліп, табиғи және қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелердің талаптарына сай, сорып-шығаратын желдету жүйесі қарастырылуы керек.
      5. Қоймалар базистық қоймалар, улы заттарды жіберетін қоймалар болып екіге бөлінеді:
      Қоймалар елді мекеннің тұрғын үйлерінің ық жағында орналасып, құрылысы жоқ жерде орналасуы керек. Олар ашық, жақсы желденетін, су астында қалмайтын учаскелерде орналасып, жер асты суларының деңгейі 2 метрден (бұдан әрі - м) кем болмай, биіктігі 2,4 м қоршаумен қаршалуы керек.
      6. Базистық және улы заттарды жіберетін қоймалар орналасқан учаскеде автокөліктерге арналған жол қарастырылып, олар үлкен жолдармен жалғасуы керек. Базистік қоймалар теміржолмен жабдықталып, олар жалпы қолданыстағы теміржолдармен жалғасуы керек.
      7. Улы заттардың кез келген тобын сақтауға, қораптауға және құюға арналған қоймалық үй-жайлардың қабырғасын, төбесін және ішкі құрылғыларын әрлеу Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етіліп, химиялық, ыстық және механикалық факторлардың әсеріне шыдамды және тез тазартуға, жууға болатын материалдан жасалуға тиіс. Қабырғаның төбемен және еденмен түйісетін жерлері доғалданып келуге тиіс.
      8. Уларды сақтайтын қоймалар берік есіктермен жабдықталынуы керек.
      9. Қоймаларда дәрі-дәрмектер табандықтарда, сөрелерде, стеллаждарда сақталуға тиіс, олардың қабырға мен арасы 1,5 м кем болмауға тиіс.
      10. Бір қоймалық үй-жайда біріне-бірі әсер ететін улы заттарды сақтауға болмайды.
      11. Улы заттардың әрбір бөлігі сандық есепке алынып, ол туралы мәліметтер осы санитарлық ереженің қосымшасында көрсетілгендей ұйымның басшысының қолмен және мөрмен расталынған, беттері нөмірленген, түбі тігілген жорналда тіркелінуі керек.
      12. Улы заттарды өлшеу және өлшеп алу ауасы сорып-шағырылатын шкафта жүргізіліп, ол үшін арнайы бөлінген ыдыстарды пайдалану керек.
      13. Жұмыс барысында пайдаланылмаған улы заттар жұмыс аяғында қоймаға қайтарылуы керек.
      14. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар қоймалардан бөлек орналасуы керек. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамына өзінің және арнайы киімдерін, аяқ киімдерін бөлек сақтайтын шкафтармен жабдықталған киім ілгіш орын болуы керек. Ол жерде себезгі, дәретхана, ыстық және суық суды араластыратын қондырғысы болып, тамақ ішетін бөлме қарастырылуы керек.
      15. Улы заттарды қабылдайтын, жіберетін, тиеп түсіретін қойма жұмыскерлері улы заттарды зиянсыздандыратын химиялық заттармен қамтамасыз етіліп, әрқайсысының қорғаныс құралдары болуы керек.
      16. Қойма жұмыскерлері, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы "Міндетті түрде алдын-ала, кезеңді медициналық тексерістерден өтетін зиянды өндірістік факторлардың, мамандықтардың тізімі және алдын-ала зиянды, қауіпті және өндірістік қолайсыз факторлардың әсеріне тап болатын жұмыскерлерге кезеңді медициналық тексерістер жүргізу туралы нұсқауды бекіту туралы" N 243 бұйрығына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу реестрінде N 2780 тіркелген, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы  нұсқауымен танысып, жұмысқа алынардың алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өтіп отырулары керек.

3. Зертханада пайдаланылатын улы заттарды сақтауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      17. Улы заттарды сақтауға арналған өндірістік және зертханалық үй-жайлар жеке орналасуы керек.
      18. Зертханадағы улы заттар бөлек төмендегідей реактивтер тобынан бөлек сақталуға тиіс:
      1) жарылыс беретін заттардан;
      2) жанатын және сығымдалған газдардан (ацетилен, сутегі, пропан-бутан);
      3) өздігінен жанатын және жалын беретін заттардан (карбид, кальций, сілтілік металлдар, ақ фосфор);
      4) оңай тұтанып, жанатын сұйық заттардан (диэтилді эфир, ацетон, петролдық эфир, бензин, бензол);
      5) өздігінен от шығуынан мүмкіндік беретін заттардан (азот қышқылы, марганецқышқылды калий, күкірт қышқылы).

4. Улы заттарды тасымалдауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      19. Улы заттарды тасымалдау үшін қолданыстағы стандарттардың талаптарына сай көлік құралдарын пайдалану керек.
      20. Улы заттарды тасымалдау кезінде бірге болатын адамдар мен жүргізушілер техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысуы керек; өздерімен қоса газтұтқыш, тығыз матадан тігілген комбинизон, резеңкеден жасалған саусақты техникалық қолғап, етік, улы заттардың уытын қайтаратын немесе бейтараптандыратын дәрмектер салынған қобдишамен жабдықталып, керек болғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын болуы керек.
      21. Улы заттарды тасымалдау кезінде бірге болатын адамдар улы заттар салынған ыдыстың дұрыстығын тексеріп отырулары керек. Егер дәрмек салынған ыдыс бүлінген жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, көлікті тоқтатып, шашылған улы заттарды артық ыдыстарға қайта салып, немесе қауіпсіз жерге апарып, жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
      Сынған ыдысты жөндеу, шашылып төгілген улы заттарды жинау жұмыстарын арнайы киімді киіп барып, қорғаныш құралдарын қолдана отырып жүргізу керек.
      22. Әрбір улы заттар салынған ыдыстың бүлінуі туралы немесе улы заттардың шашылғаны туралы акті жасалынып, ол санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына жіберілуі керек.
      Актіде улы заттың атауы, салмағы, жүрген жолы, ыдыстың сынған себептері, шашылған (төгілген) заттың көлемі көрсетілуі керек. Актіні жүкті сақтауға жауапты немесе дәріні тасымалдау кезінде бірге болған адам толтырып қол қояды.
      23. Улы заттарды тасымалдау жұмысы аяқталғаннан кейін, тасымалдау бөлігін мұқият тазалап, жуу керек. Тасымалдау көліктерін жуу арнайы бөлінген су өткізбейтін жабындымен жабылған учаскеде жүргізілуі керек. Жуылған ағынды су бетондалған су өткізбейтін сыйымдылықтарға жиналынып, зиянсыздандырылуы (бейтараптандырылу) керек. Ол үшін жергілікті тазалағыш қондырғылардан өтіп, суғару үшін пайдаланылады немесе канализацияға жіберу керек.
      24. Улы заттарды тасымалдау барысында қолданыстағы стандарттың талаптарына сай берік, бүлінбеген, сынбаған, таза ыдыспен қаптау керек. Улы заттар былай қапталуға тиіс:
      1) тығыны тығыздала жабылатын шыны банкілерге (міндетті түрде тексерілуі керек), банкінің аузы мен мойны парафинделініп, оған резеңке қалпақ кигізіледі. Шыны ыдыстар темір, қаңылтыр құндақтарға қойылып, астына, қырына, жанына жұмсақ материалдармен тығыздалынады;
      2) төсеніші, бұрандалы тығыны бар темір қалайы банкілер қақпағымен біріккен жерде дәнекерленеді, ағаш жәшіктерге салынып, шайқалмас үшін үстіне бос топырақ немесе ағаш үгіндісін төгіп қояды. Жәшіктер жүкті жіберушімен пломбаланады. Жәшіктің қақпағында "Жоғарғы жағы, абайла" деген жазу жазылады;
      3) төртмилиметрлік фанера мен ағаштан жасалған ағаш барабандарда орналастырылып, тұмшаланып жабылатын металдан жасалған барабандарға. Барабандардың жоғарғы және төменгі қабаттары темір сақинамен қапталады, фанералық барабандардың көлденең тігістері темір сақиналармен тігу арқылы бекітіледі;
      4) төртқабатты крафтцеллюлозалық қаптар арқылы;
      5) кендір қаптарға салынған көп қабатты қағаз қаптарға, сол сияқты фанералық немесе темір барабанға салынған қағаз, зығыр немесе кендір қаптар арқылы;
      6) ағаш жәшіктерге салынған төсеніштермен бекітілген болаттан жасалған баллондар арқылы.
      25. Әрбір қорап затбелгісімен қамтамасыз етіледі. Затбелгіде төмендегідей ақпараттар болуға тиіс: атауы, қажетті сақтану шаралары, қолданудың арнайы ережелері, өндірушінің атауы, өндірілген уақыты және жарамдылық мерзімі.
      26. Қораптың сыртында "у" деген жазу жазылып және бас сүйек пен түтікті айқастырылған сүйектер суретін жапсыру керек.
      27. Улы заттарды тасымалдауға арналған баллондарға, цистерналарға басқа да ыдыстарға техникалық тексеріс жүргізу айына бір рет қайталанылып отыруы керек. Базистік және улы заттарды пайдалануға жіберетін қоймалар теміржол цистерналарын улы заттарды сақтау үшін пайдаланылуына болмайды.

5. Қолдануға жарамсыз улы заттарды
зиянсыздандыруға және жоюға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      28. Улы заттарды дегазациялау үшін (зиянсыздандыру) мына заттарды пайдалану керек:
      1) цианидтер метилен көгімен, амилнитритпен, натрий нитритімен зиянсыздандырылады;
      2) ауыр металдар, атап айтқанда сынап утилинмен немесе натрий тиосульфатымен зиянсыздандырылады;
      3) құрамында күшән бар дәрі-дәрмектер тотияйын және аммоний сульфатымен зиянсыздандырылады;
      4) сілтілік қосылыстар қышқылдармен зиянсыздандырылады.
      29. Уларды зиянсыздандыру мүмкін болмаған жағдайда улы заттар жойылады:
      1) 100 граммға дейінгі күшәнді 10% сілтіде ерітіп, шұңқырға біркелкі құйып, бетін топырақпен жабады. Бір жерге 100 г артық күшән көмуге рұқсат етілмейді;
      2) сынаптың қостотығы ыстық суда ерітіліп, арақатынасы сынаптың қостотығының бөлігі судың 1000 бөлігімен еселенеді. Ерітінді ауладағы дәретхананың тазаланатын шұңқырына төгіледі немесе зарарсыздандыру мақсатына қолданылады;
      3) сары фосфор өртеу арқылы жойылады. Өртеу ашық жерде, тұрғын үйлерден, азық-түлік қоймаларынан, жұмыс орындарынан, қоғамдық ғимараттардан және ағаш екпелерінен кем дегенде 1 км қашықтықта, кеңдігі 0,75 м, тереңдігі 1 м кем болмайтын шұңқырда жүргізіледі. Бір кезекте 200 г ғана өртеуге рұқсат етіледі;
      4) никотин, стрихнин, цинхонин өртеу арқылы жойылады. Алкалоидтарды 10 г артық емес шағын партиялармен өртеуге рұқсат етіледі. Алкалоидтарды жоюмен айналысқаннан кейін қолды 1% тұз қышқылының ертіндісімен өңдеп, одан соң сабындап жуу керек;
      5) жоюға жататын синил қышқылын, оның тұздарын және цианқорытпасын алдын ала темір тотияйынының жүзгіндерімен және өртелген әкпен төмендегідей есепте зиянсыздандырады: синиль қышқылының әрбір өлшенген бөлігі үшін 24 темір тотияйынының өлшемдік бөлігі және 12 өртелген әктің өлшемдік бөлігі; синил қышқылының тұздары үшін - 6 темір тотияйынының өлшемдік бөлігі және 3 өртелген әктің өлшемдік бөлігі. Жүзгіндер әрдайым қолданар алдында әк пен темір тотияйынын суда еріту арқылы дайындалады. Ерітінді 10% қанықпа түрінде дайындалады.
      Синиль қышқылын жабық ыдысты зиянсыздандыратын суық ерітіндіге батырып, әрі қарай сұйықтың ішінде ыдысты ақырын ашып, синиль қышқылын жүзгінмен біртіндеп 30 минөт бойы араластырады және толық зиянсыздандыру үшін әрі қарай 3-4 сағатқа қалдырады, содан кейін ғана төгеді. Сыртқы температура +20 0 С жоғары болғанда синиль қышқылымен абайлап жұмыс істеу керек (+27 0 С температурада синиль қышқылы қайнайды).
      Синиль қышқылының тұздары және цианқорытпасы біртіндеп және сақтықпен жаңадан дайындалған зиянсыздандыратын ерітіндіге енгізіліп, 30 минөт бойы араластырылады, әрі қарай толық зиянсыздандыру үшін 4 сағатқа қалдырады, содан кейін жергілікті немесе орталықтандырылған канализация жүйесіне құйылады. Бір мезгілде жойылуға жататын синиль қышқылы немесе оның тұздарының мөлшері 200 г аспауға тиіс;
      6) күкірткөміртек өртеу арқылы жойылады. Өртеу кезінде жел жағында тұру керек;
      7) хлорпикрин кез келген жайпақ ыдыста буландыру арқылы жойылады. Легенге немесе басқа жайпақ ыдысқа хлорпикрин 5 мм аспайтын деңгейде құйылады. Хлорпикрин толық буланып біткен жағдайда жойылған болып есептеледі. Хлорпикринді жою мүмкін болмаған жағдайда, оны газтұтқыш кию арқылы тікелей оттың үстінде жоюға болады, себебі оны қыздырған кезде уландырушы зат - фосген түзіледі.
      30. Қолдану мерзімі өткен улы заттарды қолданыстан алып, дегазация (зиянсыздандырылған) жұмыстарын жүргізгеннен кейін, комиссия арқылы, белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік бөлген материалды жауап беретін адамның қатысуымен жойылады.
      31. Дегазацияланған (зиянсыздандырылған) улы заттарды жою қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонда жүргізіледі.
      32. Улы заттардың суда ерітілу мүмкіндігіне қарай, оларды көму әдістері.
      Суда еритін улы заттарды көму жұмысы қабырғасының қалыңдығы 100 мм кем емес, толтырардан бұрын және толтырғаннан кейін толық тұмшалануына 2 рет тексеріліп, арнайы металл контейнерлерінде жүргізіледі. Ол контейнерлер темір бетонды бункерлерде көмілуі керек.
      Суда ерімейтін улы заттарды көму жұмысы, оның ішінде құрамында сынап, мырыш фосфиден бар заттарды темір бетонды бункерлерде суда еритін улы заттармен бірге көмуге болады. Әрбір контейнерлерде улы заттардың тек бір ғана түрі көмілуі керек. Контейнердің сыртында онда көмілген улы заттың атауы көрсетіледі.

                                     "Улы заттарды (уларды)
                                 қолдануға қойылатын санитарлық-
                                   эпидемиологиялық талаптар"
                                туралы санитарлық-эпидемиологиялық
                                  ережелер мен нормаларға қосымша

Қауіптілігі жағынан бірінші сыныпқа
жататын заттарды есепке алу жорналы

Қабылдау айы, күні

Улы заттардың атауы, өндіруші фирманың атауы

Қабылданғаны кг (л)

Жұмсалғаны кг (л)

Қалғаны

Қабылдап алушының қолы







Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к применению ядовитых веществ (ядов)"

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 мая 2005 года № 232. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 1 июля 2005 года № 3705. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от от 30 июня 2010 года № 476

    Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 30.06.2010 № 476.

    В соответствии с подпунктом 10) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения",  ПРИКАЗЫВАЮ:

    1. Утвердить прилагаемые санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к применению ядовитых веществ (ядов)".

    2. Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Байсеркин Б.С.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

    3. Департаменту организационно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Акрачкова Д.В.) направить настоящий приказ на официальное опубликование после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

    4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения, Главного государственного санитарного врача Республики Казахстан Белоног А.А.

    5. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

    И.о.Министра

    "СОГЛАСОВАН"
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
7 июля 2005 г.

Утверждены приказом       
И.о. Министра здравоохранения  
Республики Казахстан       
"13" мая 2005 года N 232    

Санитарно-эпидемиологические правила и нормы
"Санитарно-эпидемиологические требования к применению
ядовитых веществ (ядов)"

  1. Общие положения

    1. Санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к применению ядовитых веществ (ядов)" (далее - санитарные правила) устанавливают санитарно-эпидемиологические требования к применению ядовитых веществ (ядов).

    2. В настоящих санитарных правилах использованы следующие термины и определения:
    1) ядовитые вещества (яды) (далее - ядовитые вещества) - химические, биологические соединения с высокой биологической активностью, способные вызывать патологические изменения при их попадании в организм в малых дозах и концентрациях;
    2) дегазация (обезвреживание) - комплекс мероприятий, направленных на снижение токсичности;
    3) базисные склады - склады, предназначенные для длительного хранения больших количеств ядовитых веществ и для отпуска их в расходные склады потребителей;
    4) расходные склады - склады, предназначенные для хранения ядовитых веществ в количествах, необходимых для производственных нужд организации;
    5) применение ядовитых веществ (ядов) - условия хранения, транспортировки, обезвреживания и уничтожения ядовитых веществ (ядов) в целях обеспечения санитарно-эпидемиологического благополучия, безопасности и охраны здоровья населения Республики Казахстан.

  2. Санитарно-эпидемиологические требования
к складским помещениям и условиям хранения
ядовитых веществ

    3. Не допускается использовать под склады землянки, палатки, помещения складов горюче-смазочных материалов, а также хранить ядовитые вещества под навесом или открытым небом.
    4. Склады должны иметь естественное и искусственное освещение, водоснабжение и канализацию, отопление, естественное проветривание и приточно-вытяжную вентиляцию на механическом побуждении в соответствии с требованиями действующих строительных норм и правил.
    5. Склады подразделяются - базисные и расходные.
    Склады размещаются вне населенных пунктов с подветренной стороны по отношению к жилому поселку, на обособленных, свободных от застройки. Должны располагаться на открытых, хорошо проветриваемых, незатопляемых земельных участках, с уровнем стояния грунтовых вод не выше 2,0 метров (далее - м), огороженных забором высотой не менее 2,4 м.
    6. Базисные и расходные склады должны обеспечиваться внутренними автомобильными дорогами, связывающими склады с дорогами общего пользования, базисные железнодорожные склады - железнодорожными путями, связывающими склады с железными дорогами общего пользования.
    7. Отделка стен, потолков и внутренних конструкций складских помещений для хранения, расфасовки и розлива ядовитых веществ любой группы должна производиться материалами, устойчивыми к воздействию химических, термических и механических факторов, разрешенных к применению в Республики Казахстан, и допускать легкую очистку и мытье. Сопряжение стен с потолком и полом должно иметь закругленную форму.
    8. Склады для хранения ядовитых веществ должны оборудоваться прочными входными металлическими дверями.
    9. В складах ядовитые вещества должны храниться на поддонах, полках и стеллажах, расстояние между которыми и от них до стен здания должно быть не менее 1,5 м.
    10. Не допускается совместное хранение в одном складском помещении ядовитых веществ, вступающих во взаимодействие друг с другом.
    11. Ядовитые вещества должны подлежать предметно-количественному учету, регистрироваться в пронумерованном, прошнурованном, скрепленном журнале с печатью и подписью руководителя организации согласно приложению к настоящим санитарным правилам.
    12. Взвешивание и отмеривание ядовитых веществ должно производиться в вытяжном шкафу с использованием специально выделенной для этой цели посуды.
    13. Неиспользованные ядовитые вещества должны приниматься на склад в конце рабочего дня.
    14. Санитарно-бытовые помещения должны размещаться изолированно от складских помещений. В составе санитарно-бытовых помещений должны быть гардеробная со шкафами для раздельного хранения личной и специальной одежды и обуви, душ, туалет, раковина с подводкой горячей и холодной воды через смеситель, а так же комната для приема пищи.
    15. Работники склада, выполняющие приемку и отпуск, разгрузку и погрузку ядовитых веществ должны обеспечиваться химическими веществами для нейтрализации ядовитых веществ, индивидуальными средствами защиты.
    16. Работники склада при поступлении на работу должны проходить предварительные и периодические медицинские осмотры в соответствии с   приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 марта 2004 года N 243 "Об утверждении Перечня вредных производственных факторов, профессий, при которых обязательны предварительные и периодические медицинские осмотры и Инструкции по проведению обязательных предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных, опасных и неблагоприятных производственных факторов", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2780, а также вводный и периодический инструктаж по технике безопасности.

  3. Санитарно-эпидемиологические требования
к условиям хранения ядовитых веществ,
используемых в лабораториях

    17. В производственных и лабораторных помещениях для хранения ядовитых веществ должно быть отдельное помещение.
    18. В лабораторных условиях ядовитые вещества должны храниться обособленно от следующих групп реактивов:
    1) взрывчатые вещества;
    2) горючие и сжиженные газы (ацетилен, водород, пропан-бутан);
    3) самовозгорающие и воспламеняющие вещества (карбид кальция, щелочные металлы, белый фосфор);
    4) легковоспламеняющиеся жидкости (диэтиловый эфир, ацетон, петролейный эфир, бензин, бензол);
    5) вещества, способные вызывать воспламенения (азотная кислота, марганцевокислый калий, серная кислота).

  4. Санитарно-эпидемиологические требования
к условиям транспортировки ядовитых веществ

    19. Для перевозки ядовитых веществ должен использоваться транспорт, соответствующий требованиям действующих стандартов.
    20. Лица, сопровождающие ядовитые вещества, в том числе водители транспорта должны проходить инструктаж по правилам технической безопасности; иметь при себе исправные противогазы, комбинезоны из плотной ткани и резиновые технические перчатки и сапоги, аптечку с противоядиями и нейтрализующие вещества на случай оказания первой медицинской помощи.
    21. Лица, сопровождающие ядовитые вещества, должны следить за состоянием тары. В случае ее повреждения, сопровождающее лицо должно принять необходимые меры предосторожности, немедленно остановить машину, собрать и сложить рассыпанные ядовитые вещества в запасную тару, обеспечить сохранность груза путем его переноса в безопасное место.
    Исправление тары и сбор рассыпанных, разлитых ядовитых веществ должен производиться в специальной одежде и с применением защитных приспособлений.
    22. В каждом случае при повреждении тары или россыпи ядовитых веществ должен составляться акт, который направляется в течение 24 часов в государственный орган санитарно-эпидемиологической службы.
    В акте указывается наименование ядовитого вещества, его вес, путь следования, причины повреждения тары или россыпи (разлива), объем россыпей (разливов). Акт подписывается ответственным лицом за хранение и сопровождение груза.
    23. По окончании перевозки ядовитых веществ, транспортное средство должно тщательно вычищаться, вымываться. Промывка транспортного средства должна производиться на специально отведенном участке с водонепроницаемым покрытием. Стоки должны собираться в водонепроницаемые бетонированные резервуары, обезвреживаться (нейтрализация), очищаться на местных очистных сооружениях с последующим сбросом на поля орошения или на канализационно-очистные сооружения.
    24. Ядовитые вещества при транспортировке должны упаковываться:
    1) в стеклянные банки с притертыми пробками (обязательная проверка), горловина банки парафинируется и на нее надевается резиновый колпачок. Стеклянные банки вставляются в металлические жестяные футляры и прокладываются мягким материалом (под дно, с боков емкости и сверху);
    2) в железные луженые банки, закрывающиеся винтовыми пробками с прокладками. Жестяные банки в местах соединения с крышкой запаиваются, вставляются в деревянные ящики и засыпаются кизельгуром или опилками чтобы банки не шатались. Ящики опломбировываются пломбами отправителя. На крышке ящика выполняется надпись: "Верх, осторожно";
    3) в барабаны металлические, герметично закупоренные, помещенные в деревянные барабаны из четырехмиллиметровой фанеры и древесины. Верхний и нижний слой барабанов обтягивают железными обручами, продольные швы фанерных барабанов скрепляются прошивкой из обручного железа;
    4) в четырехслойные крафтцеллюлозные мешки;
    5) в многослойные бумажные мешки, вложенные в джутовые мешки или льняные мешки, вложенные в фанерные или железные барабаны;
    6) в стальные баллоны, которые укладываются в деревянные ящики и закрепляются в них прокладками.
    25. Каждая упаковка должна быть обеспечена этикеткой с наименованием, необходимыми мерами предосторожности, правилами использования, именем и адресом изготовителя, датой производства и сроком годности.
    26. На тару наклеиваются ярлыки с надписью "яд".
    27. Технический осмотр и проверка состояния баллонов, цистерн и другой тары, предназначенных для перевозки ядовитых веществ должны проводиться один раз в месяц. Не допускается использование железнодорожных цистерн в качестве емкостей для хранения ядовитых веществ на расходных и базисных складах.

  5. Санитарно-эпидемиологические требования
к обезвреживанию и уничтожению ядовитых веществ,
непригодных к применению

    28. Для дегазации (обезвреживания) ядовитых веществ должны использоваться следующие вещества:
    1) цианиды обезвреживаются метиленовой синью, амилнитритом, нитритом натрия;
    2) тяжелые металлы, в частности ртуть, обезвреживаются унитиолом или тиосульфатом натрия;
    3) мышьяксодержащие препараты обезвреживаются медным купоросом и сульфатом аммония;
    4) щелочные соединения обезвреживаются кислотами.
    29. В тех случаях, когда нет возможности обезвредить ядовитые вещества уничтожаются:
    1) мышьяк в количестве до 100 грамм (далее - г) растворяют в 10 % растворе щелочи, равномерно заливают в яму и засыпают сверху землей. В одном месте допускается закапывание мышьяка не более 100 г;
    2) сулема растворяется в горячей воде и разбавляется до концентрации 1 часть сулемы на 1000 частей воды. Раствор выливается в выгреб надворной уборной или используется в целях дезинфекции;
    3) фосфор желтый уничтожается путем сжигания. Сжигание производится на открытом месте, отстоящем не менее 1 километра от жилья, пищевых складов, рабочих мест, общественных зданий и древонасаждений, в яме не менее 0,75 м шириной и глубиной не менее 1 м. В один прием разрешается сжигать не более 200 г;
    4) никотин, стрихнин, цинхонин уничтожаются путем сжигания. Сжигание алкалоидов допускается производить небольшими партиями не более 10 г. Руки после работы по уничтожению алкалоидов обрабатываются 1 % раствором соляной кислоты, а затем моются с мылом;
    5) подлежащие уничтожению синильная кислота, ее соли и цианплав предварительно обезвреживают суспензией железного купороса и гашеной извести из расчета: для синильной кислоты - 24 весовые части железного купороса и 12 весовых частей гашеной извести на каждую весовую часть синильной кислоты; для солей синильной кислоты - соответственно 6 весовых частей железного купороса и 3 весовые части гашеной извести. Суспензия готовится каждый раз перед употреблением путем растворения извести и железного купороса в воде. Раствор готовится 10 % концентрации.
    Синильная кислота обезвреживается путем погружения закрытого сосуда с синильной кислотой в сосуд с холодным обезвреживающим раствором, после чего под слоем жидкости первый сосуд осторожно постепенно открывают и синильную кислоту перемешивают с суспензией в течение 30 минут, оставляют стоять для полноты обезвреживания еще 3-4 часа и затем выливают. Особая осторожность в отношении синильной кислоты необходима при температуре наружного воздуха выше плюс 20 градусов Цельсия (далее -  О С) (при температуре плюс 27 О С синильная кислота кипит).
    Соли синильной кислоты и циансплава постепенно и осторожно вводят в свежеприготовленный обезвреживающий раствор, перемешивают около 30 минут, оставляют стоять для полноты обезвреживания еще 4 часа, а затем выливают в местную или централизованную канализационную сеть. Количество одновременно уничтожаемой синильной кислоты или ее солей не должно превышать 200 г;
    6) сероуглерод уничтожается путем сжигания. При поджигании следует находиться с наветренной стороны;
    7) хлорпикрин может быть уничтожен испарением из любой плоской посуды. В подносы или другую плоскую посуду хлорпикрин наливается слоем не выше 5 миллиметров (далее - мм). Уничтожение закончено, когда весь хлорпикрин испарится. При невозможности проведения уничтожения хлорпикрина он может быть уничтожен непосредственно на голом огне с использованием противогаза, так как при нагревании образуется отравляющее вещество - фосген.
    30. Ядовитые вещества с истекшим сроком годности, непригодные для применения изымаются из оборота и уничтожаются после дегазации (обезвреживания) комиссионно в присутствии материально-ответственного лица, выделенного руководством организации в установленном порядке.
    31. Уничтожение ядовитых веществ, прошедших процедуру дегазации (обезвреживания) должно производиться на полигонах для твердых бытовых отходов.
    32. Способ захоронения ядовитых веществ определяется в зависимости от растворимости в воде.
    Захоронение водорастворимых ядовитых веществ предусматривается в специальных герметичных металлических контейнерах с толщиной стенок не менее 10 мм с двойным контролем на герметичность до и после заполнения их. Контейнеры подлежат захоронению в железобетонных бункерах.
    Захоронение нерастворимых в воде ядовитых веществ, в том числе ртуть содержащих, и фосфида цинка целесообразно производить в бетонных бункерах совместно с водорастворимыми ядовитыми веществами этих химических групп. В каждом контейнере размещаются один вид ядовитого вещества. На контейнере краской указывается наименование содержащихся в них ядовитых веществ.

Приложение                        
к санитарно-эпидемиологическим    
правилам и нормам "Санитарно-     
эпидемиологические требования к   
применению ядовитых               
веществ (ядов)                    

Журнал
учета веществ первого класса опасности

Дата приема

Наименование
ядовитого
вещества,
наименование
фирмы-
производителя

Приход
в кг (л)

Расход
в кг (л)

Оста-
ток

Роспись
получа-
теля