Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 43
қаулысымен
.
______________________________
Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың есебін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 332 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3336 тіркелген, Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" және "Финансовый вестник" басылымдарында N 2 (14/2005 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың есебін ұсыну ережесіне:
1-қосымшада:
1005-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1006 Жолдағы жол чектеріндегі ақша";
1008-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1009 кассадағы қымбат емес металдардан жасалған коллекциялық монеталар";
1052-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1054 Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша
шығынды жабуға арналған арнайы резервтер (провизиялар)
1104-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1105 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналасқан
салымдар бойынша дисконт
1106 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналасқан
салымдар бойынша сыйлықақы";
1264-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1265 Басқа банктерге орналасқан салымдар бойынша дисконт
1266 Басқа банктерге орналасқан салымдар бойынша сыйлықақы
1267 Банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық
компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде
(қардарлық, қарымжы) берілген ақша сақталатын шот";
1311-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1312 Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт
1313 Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы";
1329-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1330 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша дисконт"
1331 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша сыйлықақы";
1405-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1406 Клиенттердің ескерілген вексельдері бойынша осының
алдындағы вексель ұстаушыларға есептелген сыйақы";
1433-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1434 Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт"
1435 Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы";
1603-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1604 Қоймадағы қымбат емес металдардан жасалған коллекциялық
монеталар";
1755-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1756 Басқа операциялар бойынша есептелген кірістер";
2016-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
"2016 Басқа банктердің аффинирленген қымбат металдардағы металл шоттары";
2068-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"2069 Алынған заемдар бойынша сыйлықақы
2070 Алынған заемдар бойынша дисконт";
2130-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2131 Басқа банктердің міндеттемелерін (қардарлық, қарымжы)
қамтамасыз ету ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты";
2138-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"2139 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік
орталық және басқа банктерден тартылған салымдар
бойынша сыйлықақы
2140 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік
орталық және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша
дисконт";
2211-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"2212 Клиенттердің басқа банктердің аффинирленген қымбат
металдарындағы металл шоттары
2213 Салымдар (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік беру
(сақтандыру) объектісіне қатысты клиенттердің
міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым";
2237-шоттан кейін мынадай шоттамен толықтырылсын:
"2238 Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы
2239 Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт
2240 Клиенттердің міндеттемелерін (қардарлық, қарымжы)
қамтамасыз ету ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты";
2402-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"2403 Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша
сыйлықақы
2404 Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша
дисконт
2405 Сатып алынған реттелген облигациялар
2406 Реттелген облигациялар";
2700-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2701 Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар";
2708-шоттың атындағы "шоттар бойынша" деген сөзден кейін "басқа банктер" деген сөздермен толықтырылсын;
"Аудит және кеңес беру қызметтері бойынша есептелген шығыстар" 2716-шотының нөмірі мен аты алып тасталсын;
2715-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2717 Клиенттердің аффинирленген қымбат металдарындағы
металл шоттары бойынша есептелген шығыстар";
2730-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2731 Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар";
2755-шоттан кейін мынадай шоттармен тобымен толықтырылсын:
"2770 Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген
шығыстар";
2819-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2820 Аудит және кеңес беру қызметтері бойынша есептелген
шығыстар";
2860-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2861 Демалыс төлемдерінің резерві";
"Сатып алынған опцион сыйлықақысының міндеттемелері"
3001, 3025 және 3051-шоттарының атындағы "Жарияланған жарғылық" деген сөз "Жарғылық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3101-шоттан кейін мынадай шоттар тобымен толықтырылсын:
"3120 Кредиттік серіктестіктің қатысушыларының қосымша
жарналары";
4104-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"4105 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналасқан
салымдар дисконтының амортизациясы бойынша кірістер";
4265-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"4266 Басқа банктерде орналасқан дисконт амортизациясы
бойынша кірістер
4270 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік
орталық банктерден және басқа банктерден тартылған
салымдар сыйлықақысының амортизациясы бойынша кірістер";
4311-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"4312 Басқа банктерге берілген заемдар дисконтының
амортизациясы бойынша кірістер";
4326-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"4327 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға берілген мерзімі өткен заемдар
бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4328 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға берілген мерзімі өткен қаржы лизингі
бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4330 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша дисконт
амортизациясы жөніндегі кірістер
4331 Алынған заемдар бойынша сыйақының амортизациясы
жөніндегі кірістер";
4433-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"4434 Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт
амортизациясы жөніндегі кірістер";
4440 Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы
амортизациясы жөніндегі кірістер";
4454-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"4455 Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша
сыйақы амортизациясы жөніндегі кірістер";
4703-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
"4703 Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен игерілмеген
кipic";
4704-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
"4704 Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудан түскен
игерілмеген кipic";
4709-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
"4709 Сатуға арналған және сату үшін қолда бар бағалы
қағаздардың құнының өзгеруінен түскен игерілмеген
кipic";
4710-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
"4710 Басқа қайта бағалаудан түскен игерілмеген кipic";
4710-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"4711 Негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздануынан болған
шығынды қалпына келтіруден түскен кірістер
4712 Материалдың емес активтердің құнсыздануынан болған
шығынды қалпына келтіруден түскен кірістер
4713 Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған
инвестициялардың құнсыздануынан болған шығынды қалпына
келтіруден түскен кірістер";
4922 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"4923 Акциялар бойынша дивидендтер алуға байланысты кірістер";
5052 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5053 Басқа банктерден алынған қаржылық лизинг бойынша сыйақы
төлеуге байланысты шығыстар";
5060 шоттар тобынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5063 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан алынған қаржылық лизинг бойынша
сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";
5068 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"5069 Алынған заемдар бойынша дисконтты амортизациялау
бойынша шығыстар
5070 Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақыларды
амортизациялау бойынша шығыстар
5071 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша
сыйлықақыларды амортизациялау бойынша шығыстар";
5128 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5129 Басқа банктерден тартылған салымдар бойынша мерзімі
өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты
шығыстар";
5137 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"5138 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік
орталық банктерден және басқа банктерден тартылған
салымдар бойынша дисконтты амортизациялау жөніндегі
шығыстар;
5140 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне орналастырылған
салымдар бойынша сыйлықақыларды амортизациялау жөніндегі
сыйлықақылар
5141 Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша
сыйлықақыларды амортизациялау жөніндегі шығыстар";
5211 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5212 Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл
шоттар бойынша сыйақыны төлеуге байланысты шығыстар";
5229 шотының аты және нөмірі "Клиенттердің басқа салымдары бойынша сыйақыны төлеуге байланысты шығыстар" алып тасталсын;
5235 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"5236 Клиенттерден тартылған салымдар жөніндегі дисконтты
амортизациялау бойынша шығыстар
5240 Клиенттерге ұсынылған заемдар жөніндегі сыйлықақыларды
амортизациялау бойынша шығыстар";
5402 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5404 Айналысқа жіберілген реттелген облигациялар жөніндегі
дисконтты амортицазиялау бойынша шығыстар
5406 Реттелген облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты
шығыстар";
5465 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5466 Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар ұсынған заемдар және қаржылық лизинг
бойынша арнайы резервтерге (провизия) қаржы бөлу";
5703 шотының аты мынадай редакцияда жазылсын:
"5703 Шетелдік валютаны қайта бағалау кезінде орындалмаған шығыстар";
5704 шотының аты мынадай редакцияда жазылсын:
"5704 Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудан шыққан орындалмаған шығыстар";
5709 шотының аты мынадай редакцияда жазылсын:
"5709 Сауда-саттық үшін арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың құнының өзгеруінен шыққан орындалмаған шығыстар";
5710 шотының аты мынадай редакцияда жазылсын:
"5710 Басқа қайта бағалаудан шыққан орындалмаған шығыстар";
5710 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"5711 Негізгі қорлардың құнсыздану шығыстары
5712 Материалдық емес активтердің құнсыздану шығыстары
5713 Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталға салған
инвестициясының құнсыздану шығыстары";
6180 шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
"6180 Болуы мүмкін талаптар бойынша вексельдер";
6680 шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
"6680 Болуы мүмкін міндеттемелер бойынша вексельдер";
6025 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"6030 Банк-бенефициардың жабылмаған аккредитивтері бойынша
болуы мүмкін талаптар";
6525 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"6530 Банк-бенефициардың жабылмаған аккредитивтері бойынша
болуы мүмкін талаптар";
6915 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"6991 фьючерс операциялары бойынша позиция
6992 форвард операциялары бойынша позиция
6993 опциондық операциялар бойынша позиция
6994 спот операциялары бойынша позиция
6995 своп операциялары бойынша позиция
6996 Туынды қаржылық құралдармен басқа операциялар бойынша
позициясы
6997 бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша позиция";
7321 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"7330 Агенттік келісімінің негізінде қызмет көрсетілетін
заемдар
7331 Агенттік заемдары бойынша есептелген сыйақы";
7415 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"7416 Зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен
"кері РЕПО" операциялары";
7530 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"7535 Талап ету құқығы сенімгерлік басқару бойынша
қабылданған ипотекалық заемдар";
7540 шоттың атынан "(трастылық)" деген сөз алып тасталсын;
7542 шоттың атынан "(трастылық)" деген сөз алып тасталсын;
7543 шоттың атынан "(трастылық)" деген сөз алып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаментіне (Еденбаев Е.С.):
1) Осы қаулыны Заң департаментімен бірлесіп (Байсынов М.Б.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, кредиттік серіктестіктерге және ипотекалық компанияларға жіберсін.