Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 11.02.2016 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 12-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 319 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру тәртібінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 02-01-02/59 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2290 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырда N 123-124 "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 23 мамырда N 150-151 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған (N 3142 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 02-01-02/100 бұйрығымен толықтырулар енгізілген, 2004 жылғы 19 қазанда N 127 "Заң газеті", 2004 жылғы 19 қазанда N 127 "Юридическая газета" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықтың қосымшасында "Аттестацияның күні және нәтижелері" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазалар туралы мәлімет (бұйрықтың нөмірі және күні, жазаның түрі)";
"Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің ант беру күні".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға