"Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 02-01-02/59 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-02/94 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3766. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 31 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 11.02.2016 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңының 12-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 319 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру тәртібінің  7-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 02-01-02/59  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2290 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырда N 123-124 "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 23 мамырда N 150-151 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған (N 3142 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 02-01-02/100  бұйрығымен толықтырулар енгізілген, 2004 жылғы 19 қазанда N 127 "Заң газеті", 2004 жылғы 19 қазанда N 127 "Юридическая газета" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықтың қосымшасында "Аттестацияның күні және нәтижелері" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазалар туралы мәлімет (бұйрықтың нөмірі және күні, жазаның түрі)";
      "Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің ант беру күні".

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады