Жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геологиялық және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 71-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3771. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 187 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008.07.14 N 187 бұйрығымен.

      ---------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 1-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) ..;
      2) ..;
      3) ..;
      4) " Жер қ ойнауы туралы геологиялы қ а қ парат алу ж ө ніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қ аза қ стан Республикасы Энергетика және минералдық   ресурстар министрлігі Геологиялы қ ж ә не жер қ ойнауын пайдалану комитеті т ө ра ғ асыны ң 2005 жыл ғ ы 29 маусымда ғ ы N 71-п  бұйрығы (Нормативтік құқ ы қ ты қ актілерді ң мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3771 тіркелген " Қ аза қ станны ң минералды қ ресурстары" журналыны ң 2006 жыл ғ ы 12 қ арашада ғ ы N 3 а қ паратты қ - құқ ы қ ты қ бюлетенінде жариялан ғ ан).
      2. ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
 
      Министр                                    С. Мыңбаев

      "Заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінде жеке және заңды тұлғаларға геологиялық ақпарат берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы нөмірсіз бұйрығының күші жойылсын.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының бірінші орынбасары М.А.Сайдуақасовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрлігінің   
геология және жер қойнауын  
пайдалану комитеті төрағасының
2005 жылғы 29 маусымдағы   
N 71-п бұйрығымен бекітілген 

Жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 қарашадағы N 1357 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік меншіктегі геологиялық ақпарат, және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және басқа мақсаттарға пайдалану тәртібі туралы ережеге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы ережеге сәйкес әзірленді.

2. Геологиялық зерттеулерді жүргізетін, Қазақстан
Республикасының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдарға
жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат беру

      2. Мемлекеттік меншіктегі жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты (бұдан әрі - жер қойнауы туралы ақпарат) жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізетін, Қазақстан Республикасының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдарға пайдалануға беру өтеусіз жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының бюджетінен қаржыландырылатын, геологиялық зерттеулерді жүргізетін ұйым (бұдан әрі - пайдаланушы), жер қойнауы туралы ақпарат алу үшін геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органға (бұдан әрі - мемлекеттік орган) өтінім жібереді. Өтінімде жер қойнауы туралы ақпарат алудың негіздемесі, зерттеу объектісінің аты, сұралатын геологиялық материалдардың тізбесі көрсетіледі. Өтінімге жұмыстардың бюджеттік қаржыландырылуын және жұмыстардың орындалу мерзімдерін куәландыратын құжаттар қоса беріледі. Өтінімнің негізінде мемлекеттік орган мен пайдаланушының арасында құпиялылық туралы келісім жасалады. Құпиялылық туралы келісім пайдаланушыға жер қойнауы туралы ақпаратты берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      4. Құпиялылық туралы келісімнің негізінде пайдаланушы құпиялылық туралы келісімде көрсетілген, мемлекеттік органның геологиялық қорларындағы геологиялық материалдармен жұмыс істеуге жіберіледі.

      5. Мемлекеттік органда пайдаланушы геологиялық қордан таңдаған материалдардың көшірмесі жасалады, ол белгіленген тәртіппен акті бойынша пайдаланушыға беріледі.

3. Мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалану
құқығын алу үшін инвестициялық бағдарламалар конкурсына
қатысушы жеке және заңды тұлғаларға жер қойнауы туралы
ақпаратты беруі

      6. Мемлекеттік меншіктегі екінші деңгейдегі жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты беру жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.

      7. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысушы жеке және заңды тұлғалар (конкурсқа қатысушы), конкурс объектісі бойынша конкурс шартында көзделген ақпараттық пакеттің (конкурстық пакет) құнын төлегеннен кейін, мемлекеттік органға өтінім береді. Мемлекеттік орган өтінімді қарап, конкурстық пакетті дайындауды жүзеге асырады.

      8. Мемлекеттік орган төлем құжаты бар болса, конкурсқа қатысушыға акті бойынша конкурстық пакетті береді.

4. Мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалану
құқығын алған инвестициялық бағдарламалар конкурсына
қатысушы жеке және заңды тұлғаларға үшінші
деңгейдегі жер қойнауы туралы ақпаратты беруі

      9. Үшінші деңгейдегі жер қойнауы туралы ақпарат (бұдан әрі - жер қойнауы туралы ақпараттың толық пакеті) қайтарымды (ақылы) негізде беріледі.

      10. Жер қойнауын пайдалану құқығын алған жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - жер қойнауын пайдаланушы), жер қойнауын пайдалану объектісі ведомстволық бағынысты аумағында тұрған аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасына (бұдан әрі - аумақтық басқарма), жер қойнауын пайдалану объектісі бойынша тарихи шығындардың есептеулерін дайындауға өтінім береді.

      11. Тарихи шығындардың есептеулерін аумақтық басқарма басшысы бекітеді және ол мына мекен-жайларға жіберіледі: жер қойнауын пайдаланушыға - жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартқа енгізу үшін, мемлекеттік органға - жер қойнауы туралы іске асырылатын ақпараттың құнын бағалау кезінде пайдалану және оны іске асыратын келісімді дайындау үшін.

      12. Жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындардың есептеулерін алғаннан кейін жер қойнауы туралы ақпараттың толық пакетін алу үшін мемлекеттік органға өтінім жолдайды. Өтінімге тарихи шығындардың есептеулеріне кірген геологиялық материалдар ғана енгізіледі.

      13. Мемлекеттік орган өтінімді қарайды, және оны оң шешкен жағдайда, жер қойнауы туралы ақпаратты бағалайды, сонан соң жер қойнауын пайдаланушымен жер қойнауы туралы ақпараттың толық пакетін алу туралы келісім жасасады (бұдан әрі - келісім). Келісімге мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының бірінші басшысылары қол қояды.

      14. Келісім мынадай негізгі ұстанымдарды қамтиды:
      тарихи шығындардың құны;
      жер қойнауы туралы ақпараттың толық пакетінің құны;
      жер қойнауы туралы ақпараттың толық пакетінің құнын төлеу мерзімдері;
      жер қойнауы туралы ақпараттың толық пакетін берудің шарттары;
      құпиялылық шарттары.

      15. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының бюджетіне жер қойнауы туралы ақпараттың толық пакетінің құнын төлегені туралы құжатты тапсырғаннан кейін мемлекеттік орган жер қойнауы туралы ақпараттың толық пакетін дайындауды және жер қойнауын пайдаланушыға акті бойынша беруді жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалану
құқығы жоқ жеке және заңды тұлғаларға жер қойнауы
туралы ақпаратты беруі

      16. Жер қойнауын пайдалану құқығы жоқ жеке және заңды тұлғаларға жер қойнауы туралы ақпарат қайтарымды (ақылы) негізде беріледі.

      17. Жер қойнауын пайдалану құқығы жоқ жеке және заңды тұлға (бұдан әрі - тапсырыс беруші) жер қойнауы туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік органға өтінім береді.

      18. Егер мемлекеттік меншіктегі жер қойнауы туралы ақпарат жер қойнауын пайдаланудан бос жатқан аумақ бойынша сұралатын болса, онда мемлекеттік орган өтінімді қабылдай отырып, белгіленген тәртіппен сұратылған ақпаратты бағалайды және тапсырыс берушімен жер қойнауы туралы ақпарат алу туралы келісім жасасады.

      19. Егер мемлекеттік меншіктегі жер қойнауы туралы ақпарат жер қойнауын пайдаланудағы объект бойынша сұралатын болса, онда өтінімге жер қойнауын пайдаланушының жазбаша келісімі қоса тіркеледі. Жер қойнауын пайдаланушының келісімінсіз тапсырыс берушіге жер қойнауы туралы ақпарат берілмейді.

      20. Егер сұратылып отырған жер қойнауы туралы ақпарат жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен алынса, мемлекеттік орган жер қойнауы туралы ақпараттың көшірмелерін сатуды онымен келіседі. Жер қойнауын пайдаланушының келісімі болса, мемлекеттік органның, жер қойнауын пайдаланушы-ақпарат иесінің және тапсырыс берушінің арасында комиссиялық шарт жасасылады.
      Комиссиялық шартта жер қойнауы туралы мәлімделіп отырған ақпараттың жалпы құны, оның ішінде тапсырыс берушінің мемлекет бюджетіне және жер қойнауын пайдаланушы-ақпарат иесінің шотына аударылатын сомалары көрсетіледі.

      21. Тапсырыс беруші келісімге қол қойып, осы Нұсқаулықтың 18, 19, 20-тармақтарына сәйкес жер қойнауы туралы мәлімделген ақпараттың құнын төлегеннен кейін мемлекеттік орган оны дайындауды және акті бойынша тапсырыс берушіге беруді жүзеге асырады.

Об утверждении Инструкции по получению геологической информации о недрах

Приказ Председателя Комитета геологии и недропользования Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 29 июня 2005 года N 71-п. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 4 августа 2005 года N 3771. Утратил силу приказом Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 14 июля 2008 года N 187

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики и минеральных ресурсов РК от 14.07.2008 N 187

Извлечение из приказа
Министра энергетики и минеральных ресурсов РК
от 14.07.2008 N 187 "О признании утратившими силу
некоторых приказов Комитета геологии и охраны недр
Министерства энергетики и минеральных ресурсов
Республики Казахстан и приказа Председателя Комитета
геологии и недропользования Министерства энергетики
и минеральных ресурсов Республики Казахстан от
29 июня 2005 года № 71-п «Об утверждении Инструкции
по получению геологической информации о недрах»

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 5 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам модернизации системы государственного управления», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу:
      1) - 3) ...;
      4) приказ Председателя Комитета геологии и недропользования Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 29 июня 2005 года № 71-п «Об утверждении Инструкции по получению геологической информации о недрах» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3771, опубликованный в Информационно-правовом бюллетене журнала «Минеральные ресурсы Казахстана» от 12 ноября 2006 года № 3) .
      2. Комитету геологии и недропользования Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан (Ужкенов Б.С.) в недельный срок с момента принятия настоящего приказа направить копии в Министерство юстиции Республики Казахстан и официальные печатные издания.
      3. Настоящий приказ вступает в силу с момента подписания.

      Министр                                    С. Мынбаев

      Во исполнение  распоряжения  Премьер-Министра Республики Казахстан от 20 марта 2004 года N 77-р "О мерах по совершенствованию подзаконных актов" и в соответствии с Положением о Комитете геологии и недропользования Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, утвержденным  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1107,  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по получению геологической информации о недрах.

      2. Отменить приказ Министра геологии и охраны недр Республики Казахстан от 18 декабря 1995 года б/н "Об утверждении Положения о порядке предоставления геологической информации физическим и юридическим лицам в Министерстве геологии и охраны недр Республики Казахстан".

      3. Направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Председателя Комитета геологии и недропользования Сайдуакасова М.А.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти дней с момента его первого официального опубликования.

      Председатель
 


Утверждена                  
приказом Председателя            
Комитета геологии и недропользования     
Министерства энергетики и         
минеральных ресурсов            
Республики Казахстан            
от 29 июня 2005 года N 71-п        


ИНСТРУКЦИЯ
по получению геологической информации о недрах
 
1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция по получению геологической информации о недрах (далее - Инструкция) разработана в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О недрах и недропользовании", Положением о геологической информации, находящейся в государственной собственности, и порядке ее использования в учебных, научных, коммерческих и иных целях, утвержденным  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 7 ноября 1996 года N 1357 и Положением о Комитете геологии и недропользования Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, утвержденным  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1107. 


2. Предоставление геологической информации 
о недрах организациям, выполняющим геологические 
исследования недр, финансируемые 
из бюджета Республики Казахстан

      2. Предоставление в пользование геологической информации о недрах (далее - информация о недрах), находящейся в государственной собственности, организациям, выполняющим геологические исследования недр, финансируемое из бюджета Республики Казахстан, осуществляется на безвозмездной основе.

      3. Организация, выполняющая геологические исследования недр, финансируемые из бюджета Республики Казахстан (далее - пользователь), для получения информации о недрах направляет в государственный орган в области геологии и использования недр (далее - государственный орган) заявку. В заявке указывается основание приобретения информации о недрах, название объекта исследований, перечень запрашиваемых геологических материалов. К заявке прилагаются документы, удостоверяющие бюджетное финансирование работ и сроки выполнения работ. На основании заявки заключается соглашение о конфиденциальности между государственным органом и пользователем. Соглашение о конфиденциальности определяет порядок и условия передачи пользователю информации о недрах.

      4. На основании соглашения о конфиденциальности пользователь допускается к работе с геологическими материалами, указанными в соглашении о конфиденциальности, в геологических фондах государственного органа. 

      5. С выбранных пользователем в геологическом фонде материалов, в государственном органе изготавливаются копии, которые в установленном порядке по акту передаются пользователю.


3. Предоставление государственным органом 
информации о недрах физическим и юридическим лицам - 
участникам конкурса инвестиционных программ на 
получение права недропользования


      6. Предоставление информации о недрах, находящейся в государственной собственности, второго уровня осуществляется на платной основе в соответствии с условиями конкурса на предоставление права недропользования. 

      7. Физическое или юридическое лицо - участник конкурса инвестиционных программ (участник конкурса) - после оплаты, предусмотренной условиями конкурса, стоимости информационного пакета по конкурсному объекту (конкурсный пакет), подает в государственный орган заявку. Государственный орган, рассмотрев заявку, осуществляет подготовку конкурсного пакета.

      8. Конкурсный пакет передается государственным органом участнику конкурса по акту при наличии платежного документа. 


4. Предоставление государственным органом информации 
о недрах третьего уровня физическим и юридическим 
лицам, получившим право недропользования 

      9. Информация о недрах третьего уровня (далее - полный пакет информации о недрах) предоставляется на возмездной (платной) основе. 

      10. Физическое или юридическое лицо, получившее право недропользования (далее - недропользователь), подает заявку в территориальное управление геологии и недропользования (далее - территориальное управление), на подведомственной территории которого находится объект недропользования, на подготовку расчета исторических затрат по объекту недропользования.

      11. Расчет исторических затрат утверждается руководителем территориального управления и передается в следующие адреса: недропользователю - для включения в контракт на недропользование, в государственный орган - для использования при оценке стоимости реализуемой информации о недрах и подготовки соглашения на ее реализацию. 

      12. Недропользователь, после получения расчета исторических затрат, направляет в государственный орган заявку на приобретение полного пакета информации о недрах. В заявку включаются только те геологические материалы, которые вошли в расчет исторических затрат.

      13. Государственный орган рассматривает заявку и, в случае положительного решения, оценивает информацию о недрах и заключает с недропользователем соглашение о приобретении полного пакета информации о недрах (далее - соглашение). Соглашение подписывается первыми руководителями государственного органа и недропользователя. 

      14. Соглашение содержит следующие основные позиции:
      стоимость исторических затрат;
      стоимость полного пакета информации о недрах;
      сроки оплаты стоимости полного пакета информации о недрах;
      условия передачи полного пакета информации о недрах; 
      условия конфиденциальности. 

      15. После предоставления недропользователем в государственный орган документа об оплате в бюджет Республики Казахстан стоимости полного пакета информации о недрах, государственный орган осуществляет подготовку и передачу недропользователю по акту полного пакета информации о недрах. 


5. Предоставление государственным органом 
информации о недрах физическим и юридическим лицам, 
не имеющим права недропользования

      16. Физическим и юридическим лицам, не имеющим права недропользования, информация о недрах предоставляется на возмездной (платной) основе.

      17. Физическое или юридическое лицо (далее - заказчик), не имеющее права недропользования, для получения информации о недрах подает заявку в государственный орган. 

      18. Если информация о недрах, находящаяся в государственной собственности, запрашивается по территории, свободной от недропользования, то государственный орган, приняв заявку, в установленном порядке оценивает запрашиваемую информацию и заключает с заказчиком соглашение о приобретении информации о недрах. 

      19. Если информация о недрах, находящаяся в государственной собственности, запрашивается по объекту, находящемуся в недропользовании, то к заявке прикладывается письменное согласие недропользователя. Без согласия недропользователя информация о недрах заказчику не выдается.

      20. Если запрашиваемая информация о недрах получена за счет средств недропользователя, государственный орган согласовывает с ним реализацию копий информации о недрах. При наличии согласия недропользователя заключается комиссионный договор между государственным органом, недропользователем-владельцем информации и заказчиком. 
      В комиссионном договоре декларируется общая стоимость заявляемой информации о недрах, в том числе суммы, перечисляемые заказчиком в бюджет государства и на счет недропользователя - владельца информации.

      21. После подписания соглашения и оплаты заказчиком в соответствии с пунктами 18, 19, 20 настоящей Инструкции стоимости заявленной информации о недрах, государственный орган осуществляет подготовку и передачу ее по акту заказчику.