"Металл сынықтарына радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 335 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3791. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 565 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.29 № 565 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабының 10) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған "Металл сынықтарына радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жолдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi А.А. Белоногқа жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң
      мiндетiн атқарушы

      "КЕЛІСІЛДІ"

       Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрлiгi
      Атом энергетикасы жөнiндегi
      комитетiнің төрағасы
      2005 жылғы 14 шілде

Қазақстан Республикасының    
Денсаулық сақтау министрінің  
М.а N 335 бұйрығымен     
2005 жылғы 8 шілдеде      
бекітілген          

"Металлсынықтарындағы радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормалар 1. Жалпы ережелер

      1. "Металлсынықтарындағы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін гигиеналық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) қара және түсті металлдардың сынықтарын (металлсынықтары) сақтағанда, тасымалдағанда және сатқанда халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдарға және жеке тұлғаларға арналған.

      2. Осы ережелерде мынандай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) металлсынықтары (түсті және қара металлдардың сынығы) - өнеркәсіптік және тұрмыстық салада өзінің тұтынушылық қасиетін жоғалтқан немесе істен шыққан өнімдерден тұратын, құрамында түсті немесе қара металл бар және қайта өңдеуге ғана жарамды өндірістік және тұтыну кәсіпорындарының қалдықтары;
      2) металлсынықтарының тобы - металлсынықтарын жекеше түрде жинау (бір немесе бірнеше көліктік бірліктерге - платформаға, вагонға, автокөлікке жүк тиейтін контейнерге тиелген металлсынықтарының мөлшері);
      3) балама доза қуатының жергілікті көзі - металлсынығының жеке фрагменттерінің маңында немесе оның бетінен (10 см-ден аспайтын ара қашықтықтағы) гамма-сәуле көзінің радионуклидтерді шығару мүмкіндігі 0,2 мкЗв/с (бұдан әрі - зиверт сағаттан) асатын (оның құрамындағы табиғи фонды есепке алмағанда) болатын балама доза қуатының (бұдан әрі - БДҚ) мәні;
      4) гамма сәуле көзінің БДҚ-сы-металл сынықтарының (табиғи фонды есепке алмағанда) партиясының (фрагменттерінің) бетінің жанындағы (10 см-ден аспайтын ара қашықтықтағы) радионуклидтер құрамындағы гамма-сәулесінің балама дозасының қуаты;
      5) гамма-сәуле көзінің ең жоғарғы балама доза қуаты (бұдан әрі - ЕЖБДҚ) - металл сынықтары (табиғи фонды есепке алмағанда) партиясының (фрагментерінің) беті жанындағы (10 см-ден аспайтын ара қашықтықтағы) радионуклидтер құрамындағы гамма-сәулесінің ең жоғарғы балама дозасының қуатының тіркелген мәні;
      6) металлсынықтарының радиоактивті ластануы - материалдардың бетінде, ішінде, ауада, адамның денесінде және басқа да жерлерде бекітілген радиациялық қауіпсіздік нормасы деңгейінен асатын радиоактивті заттардың болуы.

  2. Металлсынықтар өндірістік радиациялық бақылау
жұмыстарын жүргізгенде радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Металлсынықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, қайта өңдеумен және сатумен шұғылдануға лицензиясы бар заңды тұлғалар, ұйымға келіп түсетін барлық металлсынықтарының тобына өндірістік радиациялық бақылау жасауды қамтамасыз етуі керек.

      4. Металлсынықтарына жүргізілетін радиациялық бақылау мыналарды қамтамасыз етуі керек:
      1) металлсынықтарының партиясы беті жанында гамма-сәулесінің деңгейі табиғи фоннан 0,05 мкЗв/с асқанын анық түрде анықтау;
      2) металлсынықтары партиясының үстінен (көлік жүйесінен) 10 см ара қашықтықта гамма-сәулесінің БДҚ-сын 0,2 мкЗв/с асатын барлық жергілікті сәуле көздерін анықтау;
      3) тексеріс жүргізетін орындардағы альфа сәуле көзі ағынының тығыздығын нақты анықтау;
      4) тексеріс жүргізетін орындардағы бета сәуле көзі ағынының тығыздығын нақты анықтау;

      5. Металлсынықтарына жасалынатын өндірістік радиациялық бақылау мынандай жағдайларда жүргізіледі:
      1) металлсынықтарын сақтап жинайтын орындарға, қоймаларға (алаңдарға) қабылдағанда;
      2) металл сынықтарының партиясын сатуға дайындағанда;
      3) металл сынықтары тиелген көліктерді тұтынушыға жіберердің алдында;
      4) тұтынушы металл сынықтарын алғанда;
      5) иондайтын сәуле көздері бар құралдарды, аппараттарды немесе басқа да жабдықтарды тасыған көліктерді өңдегенде;
      6) көліктегі құралдардың сәуле көзінің шкаласы құрамында тұрақты түрде әсер ететін радионуклидтері бар екені анықталған көліктерді өңдегенде;
      7) радиоактивті заттар сақталған немесе тасымалдаған көліктерді өңдегенде.

      6. Металл сынықтары партиясының радиоактивті ластануының бақыланатын өлшемдеріне мыналар жатады:
      1) гамма-сәулесінің БДҚ-сы;
      2) альфа-бөлшектері ағынының тығыздығы;
      3) бета-бөлшектері ағынының тығыздығы.

      7. Өндірістік радиациялық бақылау жүргізу үшін, металлсынықтары осы ережелер бойынша радиоактивті түрде ластанғанда, дозиметриялық және радиометриялық аппаратураларды қолданады. Өндірістік радиациялық бақылау жүргізетін аппаратуралардың Мемлекеттік тексерістен өткендігі туралы сертификаты болуы керек.

      8. Радиациялық бақылаудың қорытындысы осы санитарлық ережелердің 1 қосымшасында көрсетілген арнайы жорналға тіркеледі.

      9. Өндірістік радиациялық бақылау, осы санитарлық ереженің 2-қосымшасында көрсетілген металлсынықтарына өндірістік радиациялық бақылау жүргізетін әдістемеге сай жүргізілуі керек.

      10. Әртүрлі құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және басқа да түсті және қара металлдан жасалған бұйымдар бөлшектенер алында радиациялық бақылаудан өтуі керек. Радиоактивті көз бар құрал-жабдықтардың, сондай-ақ тұрақты әсер ететін жарық құрамы бар аспаптардың иесі, оларды бөлшектеп тексеріске дайындауы керек.

      11. Құрал-жабдықтар мен аспаптарды бөлшектегеннен кейін оларға қайтадан өндірістік бақылау жүргізіледі.

      12. Металлсынықтарын пайдаланудан бұрын, оларды жинауға арналған алаңдар мен үй-жайларға өндірістік радиациялық бақылау жүргізіледі.
      Алаңның үсті қатты жабындымен жабылып, жауын-шашын сулары ағып кететіндей еңіс ойықтармен жабдықталып, жан-жағынан қоршалып, жарықтандырылуы керек.

      13. Металлсынықтарының партиясын мынандай жағдайда сатуға рұқсат етіледі:
      1) металлсынықтарының бетіндегі гамма-сәуле көзінің БДҚ-сы табиғи фонның үстінде 0,2 мкЗв/сағ аспаса;
      2) альфа сәулесінің тығыздығы 1 шаршы сантиметрге 0,04 беккерель (бұдан әрі - Бк/см 2 ) аспаса;
      3) бета сәулесінің тығыздығы 1 шаршы сантиметрге 0,4 Бк/см аспаса.

  3. Металлсынықтарында радиобелсенді ластану анықталғанда
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      14. Заңды тұлғалар гамма-сәуле көзінің деңгейі табиғи фонның үстінен 0,2 мкЗв/сағ асатын аумаққа бөтен адамдардың кіруін шектейтін шараларды қолдануы керек.

      15. Металлсынықтарының радиобелсенді ластану анықталған жағдайда, заңды тұлғалар жұмысты шұғыл тоқтатып, ол туралы 24 сағат ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарын хабардар етуі керек.

      16. Металлсынықтары топтамасының кейбір учаскелерінде радиациялық ластану анықталған жағдайда жүргізілетін өндірістік радиациялық бақылау мынандай жұмыстарды қамтуы керек:
      1) металлсынықтарының топтамасын толық тексеріп, ондағы локалді түрде кездесетін барлық гамма-сәуле көзін анықтау;
      2) металл сынықтары партиясының бетіндегі гамма-сәулесінің БДҚ-сына өлшеу жүргізу;
      3) металл сынықтарының бетінде альфа және бета радионуклидтерімен ластануы орын алғанда міндетті және толық түрде тексеріс жүргізу;
      4) металл сынықтарындағы радионуклидттердің гамма-сәулесі (табиғи радиациялық фон үстіндегі) БДҚ-сының 0,05 мкЗв/сағ. аспайтын төменгі сенімді шегімен қоса гамма-сәулесінің барлығын анықтау;
      5) өлшеу жүргізілетін орындағы альфа-сәуле көзі ағынының тығыздығы 0,04 (бөлшектен (см 2. с) асатындығын анық түрде анықтау;
      6) өлшем жүргізілетін орындағы бета-сәуле көзі ағынының тығыздығы 0,4 (бөлшектен (см 2. с) асатындығын анық түрде анықтау.

      17. Металлсынықтарының тобында анықталған барлық локалді радиобелсенді көздер алынып тасталынып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыста жүрген нормативтік-құқықтық актілерге сай қайта өңделуге жіберілуі керек.

      18. Радиобелсендік сәуле көзін металлсынықтарының арасынан алып тастау жұмыстарын осы ұйымның арнайы дайындалған қызметкері жүргізеді.

      19. Металлсынықтарының тобынан алынған локалді радиобелсенді көздерді уақытша сақтау үшін, металлдан жасалған контейнерге салып, сақталуын және бөтен адамдардың рұқсатсыз кіруіне мүмкіндік тудырмайтын осындай жағдайға арнайы жасалған үй-жайларда орналастырады. Жергілікті сәуле көзі бар контейнер орналасқан үй-жайдың сыртқы қабырғаларының бетіндегі гамма-сәулесінің БДҚ-сы (табиғи фонды есепке алмағанда) 0,1 мкЗв/с аспауы керек. Жергілікті сәуле көзін сақтау және оны көму тәртібі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық органдарымен келісіледі.

                                         "Металлсынықтарындағы
                                        радиациялық қауіпсіздікті
                                       қамтамасыз ететін санитарлық-
                                        эпидемиологиялық талаптар"
                                           туралы санитарлық-
                                        эпидемиологиялық ережелер
                                             мен нормаларға
                                                 1-қосымша

           Металл сынықтарына жасалатын өндірістік
          радиациялық бақылауды тіркейтін жорнал

Өнеркәсіптің атауы_____________________________________________
Мекен-жайы, телефоны___________________________________________
Радиациялық бақылауға жауапты адамның аты-жөні және қызметі
_______________________________________________________________

Жорнал 200__ж. "____"_______________ басталды
Жорнал 200__ж. "____"_______________ аяқталды

                                           Беттерінің саны

N
р/н

Айы, күні

Ме-
талл сы-
нық-
тары-
ның
ата-
уы, мөл-
шері
(кг)

Жаб-
дық-
тау-
шы 

Тау-
ар
құ-
жат-
та-
ма-
сы-
ның нө-
мірі
мен
бе-
ріл-
ген
күні

Өл-
шеу-
ді
жүр-
гіз-
ген, қол-
да-
ныл-
ған құ-
рал-
дар (ата-
уы,
нө-
мірі)

Радиациялық бақылаудың
қорытындысы

Фон-
дық
мән-
дер

Беткі
қа-
бат-
тағы фон-
ның
жо-
ғарғы
мөл-
шері

Беткі
қабат-
тағы
ЕЖБДҚ

Өлшеуді
жүр-
гізген
адамның
қолы





















  "Металлсынықтарындағы       
радиациялық қауіпсіздікті    
қамтамасыз ететін санитарлық-  
эпидемиологиялық талаптар"    
туралы санитарлық-        
эпидемиологиялық ережелер     
мен нормаларға          
2-қосымша             

Металлсынықтарына өндірістік радиациялық
бақылау жүргізудің әдістемесі

      Металлсынықтарында радиациялық ластану орын алса, жүргізілетін өлшеу жұмыстары міндетті түрде оны анықтайтындай жағдайда жүргізілуі керек.
      Ол үшін топталған металлсынықтары бір қабат болып орналастырылып, гамма сәуле көзінің мөлшерін жан-жағынан өлшеу керек, ал альфа және бета бөлшектерін бір жағынан ғана өлшеу керек.
      Топталып жиналмаған металлсынықтарын аумаққа қалыңдығы 0,5 м аспайтындай етіп жинап, мұндағы гамма сәуле көзінің қуатын БДҚ деңгейі табиғи фонның үстінде артық болғанда радиометр арқылы 1 м тор ішіндегі деңгей анықталынады. Егер сәуле көзінің барлығы анықталған жағдайда тор жиілігі арта түсуі керек. Альфа және бета бөлшектерінің тығыздығын өлшеу өлшенетін топтың ұзындығы мен ені бойынша әрбір 0,5 м аралықта үздіксіз бақыланып, әрбір 0,5 м сайын белгіленген нүктеде өлшеудің саны анықталынады.
      Үлкен мөлшердегі механизмдерді, станоктарды, көлік, жол, құрылыс техникаларын басқа да салмағы 1 тоннадан артық заттарға өндірістік бақылау жүргізгенде, өлшеу жұмыстары басқару механизмдерінің арасында сырт жағынан жүргізіліп, керек болса іш жағынанада өлшеніледі.
      Металлсынықтарын 0,5 м қалыңдықта алаңда жинауға мүмкіндік болмаған жағдайда, өлшеу жұмыстары тиерде немесе түсірерде жүргізіледі. Мұндай да БДҚ-ны және бөлшектер ағынының тығыздығын өлшеу көтеру механизмімен (кран, тельфер, экскаватор және т.б.) әрбір топқа жүргізіледі. Өлшеу саны көтерілетін металлтоптарының санына сай болуы керек.
      БДҚ-ны өлшеу өлшейтін беттен 10 сантиметр (бұдан әрі - см) алыстықта, ал альфа, бета бөлшектерін өлшеу өлшенетін беттерден 1 см қашықтықта жүргізілуі керек.
      Металлсынықтарын жинайтын орында металлсынықтарына радиациялық өндірістік бақылау жүргізерден бұрын аумақтың табиғи БДҚ-сы өлшеніледі. Ол үшін бақыланатын металлсынықтарынан 15-20 м жерде 10 см биіктіктегі табиғи фон өлшеніледі. Бөлшек ағындарының тығыздығын өлшеу жұмыстарын жүргізерден бұрын өлшейтін құралдың өз фонын өлшеп, оны алып тастау керек.
      Аумақтағы табиғи радиациялық фон 5 рет жүргізілген өлшемнің орта арифметикалық саны арқылы анықталынады.
      Металлсынықтарының радиобелсенді ластануына баға беру радиометр немесе дозиметрдің ең жоғарғы көрсеткіштер арқылы бағаланылады. Металлсынықтарының тобы немесе топтың бөлігі (жеке заттар) мынандай жағдайда радиобелсенді ластанған деп табылады, егер:
      1) металлсынықтарының бетіндегі гамма-сәуле көзінің БДҚ-сы табиғи фонның үстінде 0,2 мкЗв/сағ аспаса;
      2) альфа сәулесінің тығыздығы 1 шаршы сантиметрге 0,04 беккерель (бұдан әрі - Бк/см 2 ) аспаса;
      3) бета сәулесінің тығыздығы 1 шаршы сантиметрге 0,4 Бк/см аспаса.

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности металлолома"

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 июля 2005 года N 335. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 16 августа 2005 года N 3791. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 июля 2010 года N 565

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 29.07.2010 N 565 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 10)  статьи 7  Закона Республики Казахстан "О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения",  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности металлолома".

      2. Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Байсеркин Б.С.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту организационно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Акрачкова Д.В.) направить настоящий приказ на официальное опубликование после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения, Главного государственного санитарного врача Республики Казахстан Белоног А.А. 

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

       И.о.Министра

"СОГЛАСОВАНО"
Председатель Комитета 
по атомной энергетике
Министерства энергетики 
и минеральных ресурсов
Республики Казахстан
14 июля 2005 г.

Утверждены приказом      
и.о.Министра здравоохранения    
Республики Казахстан     
от 8 июля 2005 года N 335    

Санитарно-эпидемиологические правила и нормы
"Санитарно-эпидемиологические требования к 
обеспечению радиационной безопасности металлолома"

  1. Общие положения

      1. Санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности металлолома" (далее - санитарные правила) устанавливают санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности при проведении радиационного контроля и при выявлении радиоактивного загрязнения лома черных и цветных металлов (металлолома). 

      2. В настоящих санитарных правилах использованы следующие термины и определения:

      1) металлолом (лом цветных и черных металлов) - это отходы производства и потребления, содержащие цветные или черные металлы, образовавшиеся из пришедших в негодность или утративших потребительские свойства изделий промышленного и бытового назначения и годные только для переработки;

      2) партия металлолома - отдельно складированное количество металлолома (количество металлолома, загруженные в одну или несколько транспортных единиц - платформа, вагон, автомашины, грузовой контейнер);

      3) локальный источник - отдельный фрагмент металлолома, вблизи поверхности которого (на расстоянии не более 10 сантиметров, далее - см) значение мощности эквивалентной дозы (далее - МЭД) гамма-излучения содержащихся в нем радионуклидов (за вычетом вклада природного фона) превышает 0,2 микрозиверт в час (далее - мкЗв/ч);

      4) МЭД гамма-излучения - мощность эквивалентной дозы вблизи поверхности (на расстоянии не более 10 сантиметров) партии (фрагмента) металлолома за вычетом вклада природного фона;

      5) ММЭД гамма-излучения - максимальное зарегистрированное значение мощности эквивалентной дозы вблизи поверхности (на расстоянии не более 10 сантиметров) партии (фрагмента) металлолома за вычетом вклада природного фона;

      6) радиоактивное загрязнение металлолома - отдельный фрагмент металлолома, содержащий или загрязненный радионуклидами превышающие значения, установленные нормами радиационной безопасности. 


  2. Санитарно-эпидемиологические требования к 
обеспечению радиационной безопасности при проведении 
производственного радиационного контроля металлолома

      3. Юридические лица, имеющие лицензию на право выполнения работ, связанные со сбором (заготовкой), хранением, переработкой и реализацией металлолома, должны обеспечивать производственный радиационный контроль всего поступающего в организацию металлолома. 

      4. Производственный радиационный контроль должен обеспечивать:
      1) достоверное выявление превышения уровней гамма-излучения вблизи поверхности партии металлолома над природным фоном более чем на 0,05 мкЗв/ч; 
      2) выявление всех находящихся в партии металлолома локальных источников, создающих МЭД гамма-излучения на расстоянии 10 см от поверхности партии (транспортного средства) более 0,2 мкЗв/ч;
      3) достоверное выявление, в местах проведения измерений, наличия плотности потока альфа излучения;
      4) достоверное выявление, в местах проведения измерений, наличия плотности потока бета излучения.

      5. Производственный радиационный контроль должен проводиться:
      1) при приемке металлолома на хранение в пунктах сбора, складах (площадках);
      2) при подготовке партии металлолома к реализации;
      3) перед отправкой загруженных металлоломом транспортных средств потребителю;
      4) при получении металлолома потребителем;
      5) при утилизации транспортных средств, имевших приборы, аппараты или другое оборудование с источниками ионизирующего излучения;
      6) при утилизации транспортных средств, если шкалы их приборов имели световой состав, содержащий радионуклиды постоянного действия;
      7) при утилизации транспортных средств, на которых осуществлялось хранение или транспортирование радиоактивных веществ.

      6. Измерение радиоактивного загрязнения партии металлолома проводится по следующим параметрам:
      1) МЭД гамма-излучение;
      2) плотность потока альфа-частиц; 
      3) плотность потока бета-частиц.

      7. Для проведения производственного радиационного контроля должна использоваться дозиметрическая и радиометрическая аппаратура, обеспечивающая обнаружение в металлоломе радиоактивные загрязнения превышающие уровни, установленные настоящими правилами. Аппаратура производственного радиационного контроля должна иметь сертификаты Государственной поверки.

      8. Результаты производственного радиационного контроля должны регистрироваться в специальном журнале согласно приложению 1 к настоящим санитарным правилам.

      9. Производственный радиационный контроль должен проводится согласно методике проведения производственного радиационного контроля металлолома, указанного в приложении 2 к настоящим санитарным правилам.

      10. Различное оборудование, транспортные средства и другие изделия из цветных и черных металлов перед разделкой на металлолом должны подвергаться производственному радиационному контролю. Владелец оборудования должен провести демонтаж всех приборов содержащих радиоактивные источники, а также приборов со световым составом постоянного действия. 

      11. После демонтажа приборов и оборудования проводится повторный производственный радиационный контроль.

      12. Площадки и помещения, предназначенные для размещения металлолома, перед началом их эксплуатацией должны подвергаться производственному радиационному контролю. 
      Площадки должны быть огорожены, иметь освещение, твердое покрытие и каналы для удаления атмосферных вод. 

      13. Партия металлолома допускается к реализации если:
      1) МЭД гамма-излучения от поверхности лома не превышает 0,2 мкЗв/ч над естественным радиационным фоном местности; 
      2) плотность альфа излучения, не более 0,04 беккерель на сантиметр квадратный (далее - Бк/см 2 );
      3) плотность потока бета излучения, не более 0,4 Бк/см 2 .


  3. Санитарно-эпидемиологические требования к 
обеспечению радиационной безопасности при выявлении 
радиоактивного загрязнения металлолома  

      14. Юридические лица должны принять меры к ограничению доступа посторонних лиц в зону с уровнем гамма-излучения более 0,2 мкЗв/ч над природным фоном. 

      15. При обнаружении радиоактивного загрязнения металлолома, юридические лица должны немедленно прекратить дальнейшие работы и проинформировать государственные органы санитарно-эпидемиологической службы в течение 24 часов.

      16. При выявлении радиационного загрязнения на отдельных участках партии металлолома, производственный радиационный контроль должен включать:
      1) полное обследование всей партии металлолома с целью обнаружения всех локальных источников гамма-излучения;
      2) проведение измерений МЭД гамма-излучения на поверхности партии металлолома;
      3) обязательную и полную проверку наличия поверхностного загрязнения металлолома альфа и бета активными радионуклидами;
      4) определение наличия гамма-излучения содержащихся в металлоломе радионуклидов с доверительным значением нижней границы определения МЭД гамма-излучения (над естественным радиационным фоном) не более 0,05 мкЗв/ч;
      5) достоверное выявление, в местах проведения измерений, наличия плотности потока альфа излучения, превышающей 0,04 Бк/см 2 ;
      6) достоверное выявление, в местах проведения измерений, наличия плотности потока бета излучения, превышающей 0,4 Бк/см 2 .

      17. Все обнаруженные в металлоломе локальные источники должны быть из него удалены, и утилизироваться в соответствии с действующими нормативными правовыми актами в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения. 

      18. Извлечение радиоактивного источника из металлолома должны производить специально подготовленные сотрудники. 

      19. Извлеченные из партии металлолома локальные источники помещаются для временного хранения в металлические контейнеры, расположенные в специально предназначенных помещениях, обеспечивающих их сохранность и исключающих возможность несанкционированного доступа к ним посторонних лиц. МЭД гамма-излучения (за вычетом природного фона) на внешней поверхности стен помещения, в котором размещается контейнер с извлеченными локальными источниками, не должна превышать 0,1 мкЗв/ч. 


Приложение 1                
к санитарно-эпидемиологическим правилам 
и нормам "Санитарно-эпидемиологические 
требования к обеспечению радиационной 
безопасности металлолома"         



                             Журнал 
    производственного радиационного контроля металлолома


Наименование организации________________________________________
Адрес, телефон__________________________________________________
 
Фамилия, имя, отчество и должность,
ответственного лица за радиационный контроль____________________


Журнал начат   "______" ____________ 200__г.
Журнал окончен "______" ____________ 200__г.

                                          Количество страниц

N
п/п

Дата

Наимено-
вание ме-
таллоло-
ма, коли-
чество (кг)

Постав-
щик

Номер и
дата
накладной

Приборы, применявшиеся при проведении замеров (наименование, номер)













Продолжение таблицы

Результаты радиационного контроля

Фоно-
вые значе-ния

Превыше-
ние фона на поверх-
ности

ММЭД
на по-
верхности

Подпись лица, проводившего замеры










Приложение 2                
к санитарно-эпидемиологическим правилам 
и нормам "Санитарно-эпидемиологические 
требования к обеспечению радиационной 
безопасности металлолома"         



Методика проведения производственного 
радиационного контроля металлолома 


      Условия измерений должны обеспечить обязательное обнаружение радиоактивного загрязнения металлолома при его наличии.
      Для этого брикетированный металлолом раскладывается слоем в один брикет. На каждой стороне брикета проводится одно измерение мощности дозы гамма-излучения и по одному измерению плотности потока альфа и бета-частиц.
      Небрикетированный металлолом должен быть разложен на территории слоем не более 0,5 м. Измерения мощности гамма-излучения с помощью поискового радиометра проводится по сетке в 1 м, а в случае повышения уровня МЭД над естественным фоном, сетка измерений сгущается до обнаружения источника излучения. Измерение плотности потока альфа, бета частиц осуществляются методом непрерывного слежения по длине или ширине обследуемой партии с расстоянием между профилями слежения 0,5 м, количество замеров определяется по фиксированным точкам измерения через каждые 0,5 м.
      При производственном контроле за радиоактивным загрязнением крупногабаритных механизмов, станков, транспортной, дорожной, строительной техники и других изделий с массой более 1 тонны, измерение проводится по наружной поверхности с расстоянием между других управляемых механизмов, также внутри механизма.
      При невозможности разложить металлолом слоем в 0,5 м, измерения проводятся при его выгрузке или погрузке. При этом измерение МЭД и плотности потока частиц осуществляется в каждой партии металла, поднимаемого подъемным механизмом (краном, тельфером, экскаватором и другие). Число измерений определяется числом поднятых партий металла.
      При наличии в металлоломе емкостей или труб, на внутренней поверхности которых имеются солевые отложения, измерения проводятся на внутренней и наружной поверхности этих изделий.
      Измерения МЭД проводятся на расстоянии 10 сантиметров (далее - см) от измеряемой поверхности, измерения плотности потока альфа и бета частиц на расстоянии 1 см от измеряемой поверхности.
      До начала производственного радиационного контроля металлолома проводится измерение МЭД естественного радиационного фона на территории, где складируется металлоломом, на расстоянии 15-20 м от контролируемого металлолома на высоте 10 см. Перед началом измерения плотности потока частиц должна быть произведена компенсация собственного фона прибора.
      Оценка мощности экспозиционной дозы на территории от естественного радиационного фона осуществляется как средняя арифметическая величина из 5 измерений.
      Оценка степени радиоактивного загрязнения металлолома осуществляется в зоне максимального показания поискового радиометра или дозиметра. Партия металлолома или часть партии (отдельные изделия) считаются радиоактивно загрязненными, если: 
      1) МЭД гамма-излучения от поверхности лома превышает 0,2 мкЗв/ч над естественным радиационным фоном местности; 
      2) плотность альфа излучения, более 0,04 беккерель на сантиметр квадратный (далее - Бк/см2);
      3) плотность потока бета излучения, более 0,4 Бк/см 2 .