Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2005 жылғы 9 тамыздағы N 59-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3818. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 32-п бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 32-п бұйрығымен.

------------Бұйрықтан үзінді--------------

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2005 жылғы 9 тамыздағы N 59-п (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативті құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 3818 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені 2005 ж. қазан, N 19, 168-құжат болып жарияланған) бұйрығының күші жойылды  деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.

      Төраға
--------------------------

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  134-1 563-1-баптарын , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-1-бабы  2-тармағын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ережесінің  11-тармағы  2) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. "Инвесторлар қызметінің мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 наурыздағы N 19-п (Мемлекеттік нормативті құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 2253 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 ж. N 23-24, 851-құжат болып жарияланған)  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда     
 министрлігінің Инвестиция  
 комитеті Төрағасының    
2005 жылғы 9 тамыздағы N 59-п 
бұйрығымен бекітілген     

  Инвестициялық преференцияларды көздейтін,
инвестицияларды жүзеге асыруға арналған
келісім-шарттардың жағдайын сақтаудың мониторингі мен
бақылауын жүзеге асыру ережесі

      Осы Инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің  134-1 563-1 баптарына , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысына  сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Инвестициялық преференцияларды қарастыратын, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру тәртібін белгілейді (бұдан әрі - келісім шарт).

  1. Инвестициялық преференцияларды көздейтін,
инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарттар
шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыру

      1. Келісім-шарттар шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауын жүзеге асырудың мақсаты болып, келісім-шарт шарттарына сәйкес шарт жасасқан заңды тұлғалардың (бұдан әрі - заңды тұлға) міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

      2. Келісім-шарттар шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауы статистика жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген нысанда заңды тұлғалармен берілетін есеп беруді, аудиторлық қорытындыларды талдау және заңды тұлғалардың келісім шарт міндеттерін орындау мәселелері бойынша тексеруді іске асыруды қарастырады.

      3. Мониторинг пен бақылау нәтижелері бойынша Комитет осы Ережеде және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы  заңнамада  көзделген тиісті шараларды қабылдайды.

  2. Мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      4. Келісім-шарттардың шарттарын сақтаудың мониторингі мен бақылауы тексерудің мынадай нысандарымен жүзеге асырылады:
      1) инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есептілік;
      2) берілген аудиторлық есептіліктердің негізінде;
      3) инвестициялық қызмет объектілеріне бару, сонымен қатар инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі құжаттарды қарау (барып тексеру).

      5. Инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есептілік, оның ішінде аудиторлық есептер, Заңның  21-1-бабының  1-тармағына сәйкес беріледі.

      6. Жоспарлы барып тексеру Комитет Төрағасының бұйрығымен бекітілген кестеге сай, Комитет Төрағасының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      7. Жоспардан тыс барып тексеру Келісім-шарттың немесе Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасының шарттарының бұзылуы жөніндегі салық, кеден, құқық қорғау немесе жергілікті атқару органдарының ақпараттары негізінде жүргізіледі.

  3. Барып тексеруді тағайындау жөніндегі акт

      8. Барып тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау жөніндегі актісі негізінде ереженің 1-Қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

      9. Жоспарлы тексеру жайлы заңды тұлғаға тексеруге екі аптадан кем емес уақыт қалғанда ескерту жіберіледі.

      10. Барып тексеруге келген Комитеттің лауазымды тұлғасы:
      1) барып тексеруді тағайындау жөніндегі актіні;
      2) қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.

      11. Барып тексерудің басталған уақыты болып, заңды тұлғаға тексеру тағайындау жөніндегі актіні табыс ету уақыты саналады.

      12. Барып тексеру тағайындау жөніндегі актіні алудан бас тарту тексеруді жоюға негіз болмайды.

      13. Барып тексеру тек барып тексеру тағайындау жөніндегі актіде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) ғана жүргізілуі мүмкін.

      14. Барып тексеру тағайындау жөніндегі акті тек бір ғана заңды тұлғаға ресімделеді.

  4. Барып тексеру нәтижелері жөніндегі акті

      15. Барып тексеру нәтижелері бойынша Комитеттің тексерісті жүзеге асыратын лауазымды тұлғасы барып тексеру нәтижелері жөнінде екі дана ереженің 2-Қосымшасына сәйкес акті жасайды.

      16. Барып тексеру нәтижелері жөніндегі актіге барып тексеру нәтижелерімен байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

      17. Барып тексеру нәтижелері жөніндегі ескертулер мен/немесе ұсыныстар болған жағдайда заңды тұлғаның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғаларды жазбаша түрде білдіреді. Бұл ретте ескертулер мен/немесе ұсыныстар, тексерулер нәтижелері жөніндегі актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.

      18. Заңды тұлғада бар түпнұсқа көшірмесінен басқа, қосымша көшірмелері бар барып тексеру нәтижелері жөніндегі актінің бір данасы заңды тұлға басшысына не оның міндетін атқарушы тұлғаға танысу және көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар қолдану үшін тапсырылады.

  5. Тексеру нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар

      19. Барып тексеру нәтижелері жөніндегі Акті негізінде барып тексеру жүргізуші лауазымды тұлға келісім шарттың Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері жөнінде есеп беру дайындайды.

      20. Мемлекеттік заттай гранттар беру көзделген келісім шарт шарттары орындалған жағдайда, Комитет тексеру нәтижелері жөніндегі акті негізінде:
      1) Заңның  18-бабының  1-тармағына сәйкес меншікке немесе жер пайдалануына мемлекеттік заттай грантты өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдайды;
      2) инвестициялық міндеттемелердің орындалуы және мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру жөнінде заңды тұлғаға жазбаша хабарлама жібереді;
      3) келісім шарт немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес, мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке немесе жер пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүлікті және жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша хабарлама жібереді.

      21. Келісім-шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Комитет заңды тұлғаға бұзушылықтар түрі көрсетілген жазбаша хабарлама жібереді және оларды жою үшін үш айдан аспайтын мерзім белгілейді.

  6. Келісім-шартты мерзімінен бұрын тоқтату

      22. Заңның  22-бабының  2-тармағында қарастырылған негіздер бойынша келісім шарттың әрекеті мерзімнен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      23. Заңның  22-бабы  3, 4, 5-тармақтарында көрсетілген шараларды қолдану үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау мақсатында келісім шартты бұзу жөніндегі мәліметтер салық органдарына, қажет болған жағдайда кеден және басқа да мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      24. Заңды тұлғаға мемлекеттің заттай грант берілген келісім шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда:
      1) Заңды тұлға оған мемлекеттік заттай грант ретінде берілген мүлікті заттай, не келісім шарт талаптарына сәйкес берілген күнгі бастапқы құнын қайтарады. Мемлекеттік заттай грантты қайтаруды заңды тұлға Комитет келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай грантты мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз ету үшін Комитет мемлекеттік мүлікті және жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жібереді.

  7. Әкімшілік жаза

      25. Заңды тұлғаның заттай грантты Заңның  22-бабының  7-тармағында белгіленген мерзімде қайтарудан бас тартқан жағдайда, Комитет заңды тұлғаға заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің  134-1 563-1-баптарына  сәйкес әкімшілік жаза қолданады.

      26. Комитеттің басшысы немесе оның орынбасары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастырып, төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) әкімшілік жаза қолдану туралы;
      2) іс бойынша өндірісті тоқтату туралы;
      3) айыппұл салу жөніндегі қаулыны күштеп орындату.

      27. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  сәйкес жасалады.

      28. Комитет басшысының бұйрығымен анықталған Комитеттің жауапты бөлімшесі Заңның  22-бабының  7-тармағында белгіленген мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзімін бұзған заңды тұлғаға қатысты түзілген ұйғарымдарды, хаттамаларды, қаулыларды және басқа шешімдерді есепке алу журналдарын жүргізуі және сақтауы тиіс. Есепке алу журналдары тігілген, нөмірленген және Комитет мөрімен бекітілген болуы керек.

                                     Инвестициялық преференцияларды
                                       көздейтін, инвестицияларды
                                         жүзеге асыруға арналған
                                      келісім-шарттардың шарттарын
                                       сақтаудың мониторингі мен
                                         бақылауын жүзеге асыру
                                          ережесіне 1-қосымша

              Барып тексеруді тағайындау туралы
                              Акт

N _________                           "____"______________200__ж.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Инвестиция комитеті
________________негізінде,  _______________________________________
               (Тексерушінің аты-жөні, лауазымы, куәлігінің нөмірі)

____жылғы "___"_______ мен ____жылғы "___"______ кезең аралығындағы
___________мекен-жайында орналасқан ______________________СТН______
                                    (заңды тұлғаның атауы)
__жылғы "__"______N __ Келісім-шартқа сай___жылғы "___"______ мен
                                                (тексеру кезеңі)

__жылғы "__"______ тексерілетін кезең аралығындағы шарттарды сақтау

мәселелері бойынша ____________ тексеру жүргізуді тапсырады.
                  (тексеру түрі)

Төраға:           ____________      _______________________________
                    (Қолы)           (Комитет Төрағасының аты-жөні)

                           М.О.

Актімен және тексерудің
басталуымен таныстым:    _____________     _______________________
                        (Қолы мен мөрі)    (Заңды тұлға басшысының
                                                 аты-жөні)

200___жылдың "____"_________

                                     Инвестициялық преференцияларды
                                       көздейтін, инвестицияларды
                                         жүзеге асыруға арналған
                                      келісім-шарттардың шарттарын
                                       сақтаудың мониторингі мен
                                         бақылауын жүзеге асыру
                                          ережесіне 2-қосымша

              Барып тексеру нәтижелері туралы
                          Акт

 _____________________________сәйкес, 200_жылдың "__"______ мен
(барып тексеру тағайындау туралы актінің реквизиттері)

200_жылдың "__"______аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия

және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің _____________________
               (Тексерушінің аты-жөні, лауазымы, куәлігінің нөмірі)
____________мекен-жайында орналасқан__________СТН _________________

жылғы "___"______ N __ Келісім-шарттың __жылғы "____"________ мен
__жылғы "__"______тексерілетін мерзім аралығындағы шарттарын сақтау
мәселелері бойынша ______ өткізілген тексеру нәтижесінде __________
                (тексеру түрі)             (бұзушылықтар табылмады
___________________________________________________________________
немесе тиісті тармақтар, баптар, заңнамалар нормалары және/немесе
келісім-шарттарға сүйену арқылы табылған бұзушылықтар туралы
___________________________________________________________________
мәліметтерді және құжаттар реквизиттерін көрсету; мәліметтерді
көрсету; Заңды тұлға Актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда
___________________________________________________________________
тексерушінің тиісті нұсқасы)

Қосымша:
      1._________
      2._________

_____,_________ 200__ жылғы "___"_________ айында _________________
Қолы) (Аты-жөні)                               (Акті жасалған орын)

жасалған.

Тексеруге берілген құжаттардың түпнұсқасын куәландырамын,
жауапкершілігім жөнінде ескертілдім. Тексеру нәтижелерімен таныстым.
___________________________________________________________________
      (жүргізілген тексеру бойынша ескерту және/немесе ұсыныс)

______________________       ___________________________________
(қолы, күні және мөрі)       (тексерілген заңды тұлға басшысының
                                            аты-жөні)

Тексерудің нақты жүргізілген уақыты 200__жылғы "___"__________ мен
200_жылғы "___"________аралығындағы.

Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за соблюдением условий контрактов на осуществление инвестиций, предусматривающих инвестиционные преференции

Приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 9 августа 2005 года N 59-п. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2005 года за N 3818. Утратил силу приказом Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 20 апреля 2006 года N 32-п

Извлечение из     
приказа Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и
торговли Республики Казахстан от 20 апреля 2006 года N 32-п
 
     В целях приведения в соответствие с действующим законодательством, ПРИКАЗЫВАЮ:
     1. Признать утратившим силу приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 9 августа 2005 года N 59-п "Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за соблюдением условий контрактов на осуществление инвестиций, предусматривающих инвестиционные преференции" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 3818, опубликован в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2005 г., N 19 ст. 168).
     2. Настоящий приказ вводится в действие со дня подписания.
 
     Председатель
___________________________________________________________________
 
    
 
     В целях реализации статей 134-1 , 563-1 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, пункта 2 статьи 21-1 Закона Республики Казахстан "Об инвестициях" и в соответствии с подпунктом 2) пункта 11 Положения о Комитете по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан, утвержденного  постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года N 1237, ПРИКАЗЫВАЮ:
 
    1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления мониторинга и контроля за соблюдением условий контрактов на осуществление инвестиций, предусматривающих инвестиционные преференции.
 
    2. Признать утратившим силу приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 26 марта 2003 года N 19-п "Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за деятельностью инвесторов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2253, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2003 г., N 23-24, ст. 851).
 
    3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
 
    Председатель
 
Утверждены         
приказом Председателя   
Комитета по инвестициям  
Министерства индустрии и
торговли Республики Казахстан
от 9 августа 2005 года N 59-п
 

Правила осуществления мониторинга и контроля за соблюдением
условий контрактов на осуществление инвестиций,
предусматривающих инвестиционные преференции
 
    Настоящие Правила осуществления мониторинга и контроля за соблюдением условий контрактов на осуществление инвестиций, предусматривающих инвестиционные преференции (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьями 134-1 , 563-1 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан "Об инвестициях" (далее - Закон), постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года N 1237 "Некоторые вопросы Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан" и устанавливают порядок осуществления Комитетом по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан (далее - Комитет) мониторинга и контроля за соблюдением условий контрактов на осуществление инвестиций, предусматривающих инвестиционные преференции (далее - контракт).
 

1. Осуществление мониторинга и контроля за соблюдением
условий контрактов на осуществление инвестиций,
предусматривающих инвестиционные преференции
 
    1. Целью осуществления мониторинга и контроля за соблюдением условий контрактов является обеспечение контроля за исполнением обязательств юридическими лицами, заключившими контракт (далее - юридическое лицо) согласно условиям контракта.
 
    2. Мониторинг и контроль за соблюдением условий контрактов предусматривает анализ отчетов, предоставляемых юридическими лицами по форме, установленной уполномоченным государственным органом по статистике, аудиторских заключений и осуществление проверок по вопросам исполнения юридическими лицами обязательств по контракту.
 
    3. По результатам мониторинга и контроля Комитет принимает соответствующие меры, предусмотренные настоящими Правилами и законодательством Республики Казахстан.
 

2. Порядок осуществления мониторинга и контроля
 
    4. Мониторинг и контроль за соблюдением условий контрактов осуществляются Комитетом в следующих формах проверок:
    1) отчетности о реализации инвестиционных проектов;
    2) на основании представленных аудиторских отчетов;
    3) с посещением объекта инвестиционной деятельности, в том числе с рассмотрением документов по реализации инвестиционного проекта (выездная проверка).
 
    5. Отчетность о реализации инвестиционных проектов, в том числе аудиторские отчеты, представляется в соответствии с пунктом 1 статьи 21-1 Закона.
 
    6. Плановая выездная проверка проводится на основании приказа Председателя Комитета согласно графику, утверждаемому приказом Председателя Комитета.
 
    7. Внеплановая выездная проверка проводится только на основании информации налоговых, таможенных, правоохранительных органов либо местных исполнительных органов Республики Казахстан об имеющихся нарушениях условий Контракта либо законодательства Республики Казахстан об инвестициях.
 

3. Акт о назначении выездной проверки
 
    8. Выездная проверка проводится на основании акта о назначении выездной проверки государственным органом согласно Приложению 1 к Правилам.
 
    9. О плановой проверке юридическому лицу направляется уведомление не менее чем за две недели до начала проверки.
 
    10. Должностное лицо Комитета, прибывшее для выездной проверки, обязано предъявить:
    1) акт о назначении выездной проверки;
    2) служебное удостоверение.
 
    11. Началом проведения выездной проверки считается момент вручения руководителю юридического лица акта о назначении выездной проверки.
 
    12. Отказ от получения акта о назначении выездной проверки не является основанием для отмены выездной проверки.
 
    13. Выездная проверка может проводиться только тем должностным лицом (лицами), которое указано в акте о назначении выездной проверки.
 
    14. Акт о назначении выездной проверки оформляется исключительно на одно юридическое лицо.
 

4. Акт о результатах выездной проверки
 
    15. По результатам выездной проверки должностным лицом Комитета, осуществляющим проверку, составляется акт о результатах выездной проверки в двух экземплярах согласно Приложению 2 к Правилам.
 
    16. К акту о результатах выездной проверки могут прилагаться документы или их копии, связанные с результатами выездной проверки.
 
    17. В случае наличия замечаний и/или предложений по результатам выездной проверки, руководитель юридического лица либо в случае его отсутствия лицо, исполняющее его обязанности, излагает их в письменном виде. При этом замечания и/или предложения прилагаются к акту о результатах проведения выездной проверки, о чем делается соответствующая отметка.
 
    18. Один экземпляр акта о результатах выездной проверки с копиями приложений, за исключением копий документов, имеющихся в оригинале у юридического лица, вручается руководителю юридического лица, либо лицу, исполняющему его обязанности, для ознакомления и представления мер по устранению выявленных нарушений.
 

5. Меры, принимаемые по результатам выездной проверки
 
    19. На основании Акта о результатах выездной проверки должностное лицо, осуществившее выездную проверку, готовит отчет о результатах реализации Рабочей программы контракта.
 
    20. В случае исполнения условий контракта, условиями которого предусмотрено предоставление государственного натурного гранта, Комитет на основании Акта о результатах выездной проверки:
    1) принимает в соответствии с пунктом 1 статьи 18 Закона решение о безвозмездной передаче в собственность либо в землепользование государственного натурного гранта;
    2) направляет юридическому лицу письменное уведомление о выполнении инвестиционных обязательств и безвозмездной передаче в собственность либо в землепользование государственного натурного гранта;
    3) направляет письменное уведомление в соответствующие государственные органы в сфере управления государственным имуществом и земельными ресурсами для обеспечения передачи государственного натурного гранта в собственность либо в землепользование в соответствии с условиями контракта и законодательством Республики Казахстан.
 
    21. В случае неисполнения или ненадлежащего исполнения условий контракта, Комитет направляет юридическому лицу уведомление в письменной форме с указанием нарушений и устанавливает срок не более трех месяцев для их устранения.
 

6. Досрочное прекращение контракта
 
    22. Действие контракта может быть досрочно прекращено по основаниям, предусмотренным пунктом 2 статьи 22 Закона.
 
    23. Информация о расторжении контракта, в целях обеспечения защиты и экономических интересов государства, направляется в налоговые, при необходимости, в таможенные и иные государственные органы для принятия мер, предусмотренных пунктами 3, 4, 5 статьи 22 Закона.
 
    24. При досрочном расторжении контракта, согласно которому юридическому лицу был предоставлен государственный натурный грант:
    1) юридическое лицо возвращает имущество в натуре, предоставленное ему в качестве государственного натурного гранта, либо его первоначальную стоимость на дату передачи в соответствии с условиями контракта. Возврат государственного натурного гранта осуществляется юридическим лицом в течение тридцати календарных дней после принятия решения Комитета о досрочном прекращении контракта;
    2) Комитет направляет уведомление в соответствующие государственные органы в сфере управления государственным имуществом и земельными ресурсами для обеспечения возврата натурного гранта в государственную собственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
 

7. Административное взыскание
 
    25. В случае отказа юридического лица возвратить государственный натурный грант в срок, установленный пунктом 7 статьи 22 Закона, Комитет в установленном законодательством порядке налагает на юридическое лицо административное взыскание в соответствии со статьями 134-1 , 563-1 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".
 
    26. Рассмотрев дело об административном правонарушении, руководитель Комитета либо его заместитель принимает одно из следующих решений:
    1) о наложении административного взыскания;
    2) о прекращении производства по делу;
    3) о принудительном исполнении постановления о наложении штрафа.
 
    27. Постановление по делу об административном правонарушении составляется в соответствии с Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях.
 
    28. Ответственное подразделение Комитета, определенное приказом руководителя Комитета, должно вести и хранить журналы учета предписаний, протоколов, постановлений и иных решений, составленных (принятых) в отношении юридических лиц, допустивших нарушение срока возврата государственного натурного гранта, установленного пунктом 7 статьи 22 Закона. Журналы учета должны быть прошнурованы, пронумерованы и скреплены печатью Комитета.
 
 
 
Приложение 1                                
к Правилам осуществления мониторинга                    
и контроля за соблюдением условий                     
контрактов на осуществление инвестиций,                  
предусматривающих инвестиционные преференции                
 
                        Акт о назначении выездной проверки
 
N __________                            "____"_____________200__г.
 
    Комитет по инвестициям Министерства индустрии и торговли

Республики Казахстан на основании ____________________________

поручает ______________________________________________ проведение
     <FONT size=2 ф.и.о., должность проверяющего, удостоверения)
_________________ проверки
(вид проверки)
 
с "__"______ ___ года по "__" ______ ___ года _____________________
                                         (наименование юридического лица)
РНН _______________, расположенного по адресу _________________ по

вопросу соблюдения условий согласно Контракту N ____ от "___"______

года за проверяемый период с "____"_______ года  по "___" _________

года.
 
Председатель:    ____________       _______________________________
                 (Подпись)               (Ф.И.О. Председателя Комитета)
 
                             М.П.                              
 

С актом и началом
проверки ознакомлен: _________________   ________________________
                  (Подпись и печать)             (Ф.И.О. руководителя
                                                        юридического лица)
 
"_____"___________ 200__ год.                         
 
Приложение 2                                
к Правилам осуществления мониторинга                    
и контроля за соблюдением условий                     
контрактов на осуществление инвестиций,                  
предусматривающих инвестиционные преференции                
 
                        
                      Акт о результатах выездной проверки
 

   В соответствии с ____________________________________ в период
                 (реквизиты акта о назначении выездной проверки)

с "___"_______200__ года по "___"_____200_ года,

_______________________________________ Комитета по инвестициям
(Ф.И.О., должность проверяющего, N удостоверения)
 
Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан проведена

________________ проверка ____________________ РНН _______________,
 (вид проверки)            (наименование юридического лица)
 
расположенного по адресу ______________________________ по вопросу
                        (адрес юридического лица)
соблюдения условий согласно Контракту N _____  от "___" ______ года

за проверяемый период с "____"__________ года по "____"________года,

по результатам которой выявлено ___________________________________
                              (нарушений не выявлено или характеристика
___________________________________________________________________
 выявленных нарушений со ссылкой на пункты, статьи, нормы законодательства или/и
 
___________________________________________________________________
        контракты, и реквизиты документов; в случае отказа от подписи акта

___________________________________________________________________
           <FONT size=2ридическимлицомсоответствующаяотметкапроверяющего)
 
Приложение:
   1.___________
   2.___________
 
________, _________________ составлен в 2-х экземплярах
(Подпись)   (Ф.И.О. проверяющего)
 
____________________ "__"_______200__ года
(место составления акта)
 
Заверяю подлинность и достоверность представленных для проверки
документов, об ответственности предупрежден. С результатом
проверки ознакомлен.
________________________________________________________________
    (Замечания и/или предложения по проведенной проверке)
 
___________________   __________________________________________
(Подпись, дата и печать)     (Ф.И.О. руководителя проверяемого юридического лица)
 
Фактический срок проведения проверки с "___" _____ 200_ года

по "___" ____ 200_ года