Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 301 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3837. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрiнiң 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 245 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрiнiң 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 245 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда министрiнiң
2006 жылғы 26 қыркүйектегі  
N 245 бұйрығына       
қосымша            

Қазақстан Республикасы индустрия және сауда
министрiнiң күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi

      1. "Монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағаны айқындау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және сауда министрiнiң 2005 жылғы 14 қыркүйектегi N 301 бұйрығы ("Юридическая газета" газетiнде жарияланған, 2005 ж., N 193 (927) Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3837 нөмiрiмен тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жаршысында басылған, 2005 ж., N 19, 170-құжат)...
-----------------------------       

      "Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003-2006 жылға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 5 қыркүйегіндегі N 903  қаулысына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау жөніндегі ереже бекітілсін.
      2. Аппарат - Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші вице-министр
И.Кравченкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Орынбасары - Министр

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрінің Орынбасары - 
Индустрия және сауда Министрінің  
2005 жылғы 14 қыркүйектегі    
N 301 бұйрығымен бекітілген   

  Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны
айқындау жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1212  қаулысымен  бекітілген тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілері тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізу ережесі және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылдың 25 тамызындағы N 61-НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу  ережесі  (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 930 тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық кесімдері негізінде әзірленді.
      Осы Ереженің мақсаты белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілері (бұдан әрі - доминант) белгілейтін монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағаны айқындау болып табылады.

  2. Негізгі ұғымдар

      2. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) монополистік қызмет - рынок субъектілерінің, мемлекеттік органдардың бәсекеге жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға бағытталған және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасайтын осы Заңға қайшы іс-әрекеттері;
      2) монополиялы жоғары баға - доминант негізделмеген шығындарды өтеу және (немесе) үстем (монополиялық) жағдайды асыра қолдану нәтижесінде қосымша табыс алу мақсатында белгілейтін баға;
      3) монополиялы төмен баға - доминант тауар рыногынан бәсекелестерді ығыстыру жолымен бәсекелестікті шектеу мақсатында саналы түрде белгілейтін тауар бағасы;
      4) монополиялық табыс - рынок субъектісінің монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы;
      5) монопсония - бір ғана сатып алушы тауарға сұраныс ұсыну кезіндегі рыноктың жай-күйі, ал ұсыныс сатушылардың көптігімен қалыптасады, тұтынушы бағасын қалыптастыруда олардың бірде біреуі әсерлі ықпал ете алмайды.
      6) монопсониялық төмен баға - тұтынушыға (сатып алушыға) қажетті тауар сататын (өндіретін) рынок субъектілері есебінен өндірістің өзі шығысын төмендету жолымен үстеме пайданы алу немесе/және негізсіз шығынды өтеу мақсатында доминант белгілеген тауардың монополиялы төмен бағасы;
      7) негізделген баға - оның қызметінің монополиялық түрін жүзеге асыру үшін қажетті негізделген пайданы не салалар бойынша қалыптасқан орташа пайданы ескере отырып, оның нақты шығынынан қалыптасқан тауарды монополиялы сататын (өндіретін) доминант бағасы;
      8) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік орган;
      9) рынок субъектілері - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру, өткізу, сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкілдіктері;
      10) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) - қызметтің сатуға және айырбастауға арналған өнімі (жұмыстарды, қызметтерді қоса алғанда).

  3. Монополиялы жоғары және монополиялы төмен
бағалардың белгілері

      3. Монополиялық төмен бағаларды белгілеуде көрінген рынок субъектісінің монополистік қызметінің белгілері мыналар:
      1) өзінің қызметін, тауарын монополиялы сататын рынок субъектісі дәл сол тауар рыногында жүзеге асырылатын, рынок субъектілер өнімдері бағасынан рынок субъектінің монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың баға өсімінің асып кетуі;
      2) оларға монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құнының өсуінен монополиялы сатылатын тауарлар бойынша доминант табысы өсімінің асып кетуі;
      3) өнім бірлігінің өндірістік өзіндік құн өсімінен өнім бірлігіне арналған кезең шығыстары өсімінің асып кетуі;
      4) монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарларға сұраныстар бар кезінде кәсіпорынның жобалық қуаттылығымен салыстыру бойынша өндірістік қуаттарды толық көлемде негізсіз пайдалану;
      5) тауарды сату (жеткізу), сондай-ақ тұтынушылардың сұраныс (тапсырыстар беру) мүмкіндіктері бар кезінде доминанттың оларды сату (жеткізу) көлемдерін негізсіз қысқартуы немесе оның сатылуын (жеткізуін) тоқтатуы;
      6) монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың сапасын және басқа да сипаттарын (мысалы өнім бірлігінің салмағы) төмендету жолымен монополиялы сатылатын (өндірілетін, жеткізілетін) тауарға арналған бағаны жасырын жоғарлату;
      7) доминанттың іс-әрекеті мыналарға:
      доминанттың тұтынушыға тауарды сатуға (өндіруге) арналған шарт мәніне қатысы жоқ қосымша шарттарды күштеп ұсыну байқалатын бағаны жасанды ұлғаютуға;
      олардың тауарды сатуға (өндіруге) арналған шартқа монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарды басқа да тұтынушылармен салыстырғанда белгілі тұтынушыны әркелкі жағдайға алып келетін кемсітушілік шарттарын қосуға;
      доминанттың тауарды сатуға (өндіруге) арналған шартты жасауға монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарға бағалардың ұлғаюына алып келетін оған белгілі шарттар енгізген кезде ғана келісімін білдіруге бағытталған;
      8) сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құнына тауарды сатумен (шығарумен) байланысты емес шығындарды қосу;
      9) сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құнының негізсіз өсуі;
      10) құны рынок субъектісінің шығынына қосылатын монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауар шығынының озық өсуі;
      11) өндірістік персоналдың жалақысының өсу қарқынымен салыстырғанда әкімшілік персоналдың жалақысының өсу қарқынын ұлғайту;
      12) кезең шығыстарының өсу қарқынын негізсіз ұлғайту;
      13) монополиялы сатылатын тауардың пайдалылық деңгейі пайдалылықтың орташа салалық көрсеткішінен және/немесе басқа рынок субъектісінің соған ұқсас басқа тауардың пайдалылығынан асуы (бұл ретте, егер монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құнының құрылымындағы барынша басым салмағын тексерілетін рынок субъектісінің шығынының қандай да бір түрі иеленсе, онда серпіні бойынша шығынның бұл түрін баға монополиялы жоғары мен жоқ па екені туралы айтуға болады).

      4. Монополиялы төмен бағаны белгілеуінен көрінген рынок субъектісінің монополистік қызметтерінің белгілері мыналар болып табылады:
      1) рынок субъектісінің монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауардың өзіндік құны монополиялы сатылатын (өндірілетін, жеткізілетін) тауарды өткізу бағасынан асуы;
      2) рынок коньюктурасына және өндіріс шығындарының серпіліне негізделмеген белгілі бір уақыт кезеңіндегі тауарға тұрақты (өспелі) сұраныс жағдайындағы пайданы төмендету.

      5. Монопсониялық төменгі баға белгілеуден көрінген рынок субъектісінің монополистік қызметінің белгілері мыналар болып табылады:
      1) өндіріс көлемін қысқарту және сатылатын (өндірілетін) тауарға сұраныс бар кезде сатушылардың (өндірушілердің) қуатын толық пайдаланбау;
      2) белгілі бір тауар рыногында тұтынушы (сатып алушы) ретінде үстем жағдайға ие болып отырған рынок субъектісінің тауарларды сатушыға (өндірушіге) орта салалық деңгейде пайда алуды және/немесе өзіндік құнын өтеуді қамтамасыз етпейтін рынокта қалыптасқан баға бойынша сатып алуы;
      3) белгілі бір тауар рыногында тұтынушы (сатып алушы) ретінде үстем жағдайға ие болып отырған рынок субъектісінің жеткізушінің (өндірушінің) есебінен өндірістің (сатып алудың) өзіндік шығындарын төмендету жолымен пайданы рынок коньюктурасына негіздемей ұлғайтуы;
      4) рыноктан бір немесе одан астам сатушылардың (өндірушілердің) тұтынушының (сатып алушының) олардың қызметінің залалдылығын арандатуының салдарынан кетуі.

  4. Монополиялы жоғары және монополиялы
төмен бағаларды анықтау

      6. Олар белгілеген монополиялы жоғары және монополиялы төмен бағалардан көрінген рынок субъектісінің өзінің үстем (монополиялы) жағдайын асыра пайдалануын айқындау үшін мыналарға:
      1) монополияға қарсы заңнамамен белгілеген тәртіпте субъект үстем (монополиялы) жағдайға ие болып отырған тауар рыногына;
      2) рынок субъектісі монополиялы сататын (өндіретін) тауарлардың мақсаттылығына (қолданылуына);
      3) доминанттың қаржылық жағдайына;
      4) өндірістің шығындарын ұлғайтудың (қысқартудың - монопсоникалық төменгі бағалар үшін) себептерін анықтау мақсатында рынок субъектісі монополиялы сататын (жеткізетін) тауардың өндірушілік және толық өзіндік құнының серпініне;
      5) өнім бірлігінің өндірістік және толық өзіндік құнының серпініне;
      6) рынок субъектісінің монополиялы сату (тұтыну) нәтижесінде алған пайдаларына;
      7) рынок субъектісінің монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарға бағаларының серпініне;
      8) доминант өндіріс (тұтыну) көлемінің серпініне;
      9) өндірістік қуаттылықты пайдалануға;
      10) шарттарға;
      11) өндірістік шығындарға, кезең шығыстарына және пайдаларға;
      12) пайданы қолдануға талдау жүргізіледі.

      7. Монополиялы жоғары бағаларды анықтау мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауарға бағалардың және өндіріс шығындарының (оның ішінде жеткізумен байланысты шығындарының) өсу серпінін салыстыру. Бұл ретте, монополиялы жоғары бағаларды белгілеуді мыналар растай алады:
      2) тауар рыноктарының әртүрлі географиялық шекараларындағы ұқсас тауарға бағалардың деңгейлерін салыстыру. Бұл орайда мыналар ескерілуі мүмкін:
      салыстырылатын тауарлар рыногында тауарлар мақсаты және сапасы бойынша салыстырылған ба;
      рыноктар көлем, өндіріс (ресурстарға бағалар) және салық салу шарттары бойынша салыстырылған (ұқсас) ба;
      салыстырылатын тауар рыноктарында бәсекені дамыту бар ма;
      басқа салыстырылатын тауар рыноктарында өндірістік-шаруашылық қызметтің бағаларын немесе басқа параметрлерін реттеу бар ма;
      3) тауарды монополиялы сатқан (өндірген) рынок субъектісі пайдасының деңгейін, пайданың мақсаты мен тағайындауын талдау.

      8. Монополиялы төмен бағаларды анықтау мыналарды қамтуы мүмкін:
      1) монополиялы сатылатын (өндірілетін) тауар өзіндік құнының монополиялы тауардың нақты бағасынан асып кетуін талдау;
      2) монополиялы тауарды сатудан (өндіруден) залалдарға әкелмейтін өнім бірлігі бағасының деңгейін айқындау.

      9. Монопсоникалық төмен бағаларды анықтау мынадай кезеңдерді қамтуы мүмкін:
      1) тауар тұтынушысы (сатып алушысы) болып табылатын рынок субъектісінің үстемдік фактісін белгілеу;
      2) тұтынушының (сатып алушының) қосымша пайда алуын және (немесе) тауар сатушының (өндірушінің) есебінен негізсіз шығындарды растау;
      3) доминанттың тұтынушы (сатып алушы) ретінде тауардың сатып алу бағасын төмендету фактісін белгілеу.

  5. Негізделген бағаны айқындау

      10. Негізделген баға монополиялы тауарды сатумен (өндірумен) байланысты рынок субъектісінің нақты шығындарынан, оның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті (немесе орташа салалық пайда деңгейінде қалыптасқан) негізделген пайданы ескеріп қалыптасады.

      11. Рынок субъектісінің нақты шығындары монополиялы тауарды сатумен (өндірумен) тікелей байланысты шығындарды және кезең шығыстарын (салықты және міндетті алымдар мен төлемдерді қоса алғанда) қамтиды.

  6. Қорытынды ережелер

      12. Монополиялы жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды белгілеген, сондай-ақ монополияға қарсы органға жалған мәлімет берген доминанттар заңнамалық актілерге сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      13. Монополияға қарсы органның доминанттардың тауарларына монополиялы жоғары, төмен және монопсоникалық төмен бағаларды анықтау туралы шешімі сот тәртібінде шағымдалуы мүмкін.

Об утверждении Правил по определению монопольно высокой и монопольно низкой цены

Приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 14 сентября 2005 года N 301. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 сентября 2005 года N 3837. Утратил силу приказом Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 26 сентября 2006 года N 245

Извлечение из
приказа Министра индустрии и торговли
Республики Казахстан от 26 сентября 2006 года N 245

      В соответствии с пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О нормативных правовых актов" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу приказы Министра индустрии и торговли Республики Казахстан согласно приложению.
      2. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания.

      Министр

      ...
      1. Приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 14 сентября 2005 года N 301 "Об утверждении Правил по определению монопольно высокой и монопольно низкой цены" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3837, опубликован в газете "Юридическая газета" 2005 г., N 193 (927) и в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2005 г., N 19, ст. 170).
      ...
__________________________________________________________________

     

      В соответствии с постановлением  Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2003 года N 903 "О Плане мероприятий по реализации Программы Правительства Республики Казахстан на 2003-2006 годы", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила по определению монопольно высокой и монопольно низкой цены.

      2. Департаменту административно-правовой работы - Аппарат обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого вице-министра И. Кравченко.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
      Республики Казахстан - Министр

Утверждены                      
приказом Заместителя Премьер-Министра      
Республики Казахстан-Министром индустрии     
и торговли Республики Казахстан          
от 14 сентября 2005 года N 301          


Правила по определению монопольно
высокой и монопольно низкой цены


1. Общие положения

      1. Правила по определению монопольно высокой и монопольно низкой цены (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан " О конкуренции  и ограничении монополистической деятельности" (далее - Закон), на основе Правил введения государственного регулирования цен на товары субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на товарном рынке, утвержденных постановлением  Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2001 года N 1212, и Правил по регулированию цен на услуги монопольно осуществляемые государственными предприятиями утвержденных приказом  Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 25 августа 1999 года N 61-ОД (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 930), а также нормативных правовых актов, регламентирующих порядок бухгалтерского учета в Республике Казахстан.
      Целью настоящих Правил является определение монопольно высоких и монопольно низких цен, устанавливаемых субъектами рынка, занимающими доминирующее (монопольное) положение на определенном товарном рынке (далее - доминант).   


2. Основные понятия

      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:

      1) монополистическая деятельность - противоречащие Закону действия (бездействие) субъектов рынка, государственных органов, направленные на недопущение, ограничение или устранение конкуренции и (или) ущемляющие законные интересы потребителей;

      2) монопольно высокая цена - цена, устанавливаемая доминантом с целью компенсации необоснованных затрат и (или) получения дополнительного дохода в результате злоупотребления доминирующим (монопольным) положением;

      3) монопольно низкая цена - цена товара, сознательно устанавливаемая доминантом, целью установления которой является ограничение конкуренции путем устранения конкурентов с товарного рынка;

      4) монопольный доход - доход, полученный субъектом рынка в результате осуществления монополистической деятельности;

      5) монопсония - состояние рынка, при котором спрос на товар предъявляется единственным покупателем, а предложение формируется множеством продавцов, ни один из которых не может оказать ощутимого влияния на формирование цены потребления;

      6) монопсонически низкая цена - монопольно низкая цена товара, установленная доминантом в целях получения сверхприбыли или/и компенсации необоснованных затрат путем снижения собственных издержек производства (реализации) за счет субъектов рынка, продающих (производящих) необходимый потребителю (приобретателю) товар;

      7) обоснованная цена - цена доминанта, монопольно продающего (производящего) товар, сложившаяся исходя из его фактических затрат с учетом обоснованной им прибыли, необходимой для осуществления его монопольного вида деятельности или сложившейся, в среднем, по отрасли;

      8) антимонопольный орган - государственный орган в области защиты конкуренции;

      9) субъекты рынка - физические, юридические лица и их филиалы и представительства, осуществляющие деятельность по производству, реализации, приобретению товаров;

      10) товар (работы, услуги) - продукт деятельности (включая работы, услуги), предназначенный для продажи и обмена.


3. Признаки монопольно высоких и монопольно низких цен

      3. Признаками монополистической деятельности субъекта рынка, выразившимися в установлении монопольно высоких цен, являются:
      1) превышение роста цен на монопольно продаваемый (производимый) субъектом рынка товар над ростом цен на продукцию субъектов рынка, осуществляющих свою деятельность на том же товарном рынке, что и субъект рынка, монопольно продающий товар;
      2) превышение роста прибыли по монопольно продаваемым товарам доминанта над ростом себестоимости монопольно продаваемого (производимого) им товара;
      3) превышение роста расходов периода на единицу продукции над ростом производственной себестоимости единицы продукции;
      4) необоснованное использование производственных мощностей не в полном объеме по сравнению с проектной мощностью предприятия при наличии спроса на монопольно продаваемый (производимый) товар;
      5) необоснованное сокращение доминантом объемов продажи (поставки) товара или прекращение его продажи (поставки) при наличии возможности его продажи (поставки), а также спроса (заказов) потребителей;
      6) скрытое повышение цен на монопольно продаваемый (производимый, поставляемый) товар путем снижения качества и других характеристик (например вес единицы продукции) монопольно продаваемого (производимого) товара;
      7) действия доминанта, направленные на:
      искусственное увеличение цены, выражающиеся в навязывании доминантом потребителю дополнительных условий, не относящихся к предмету договора на продажу (производство) товара;
      включение им в договор на продажу (производство) товара дискриминирующих условий, которые ставят определенного потребителя в неравные условия по сравнению с другими потребителями монопольно продаваемого (производимого) товара;
      выражение доминантом согласия на заключение договора на продажу (производство) товара только при внесении в него определенных условий, также приводящих к увеличению цены на монопольно продаваемый (производимый) товар;
      8) включение в себестоимость продаваемого (производимого) товара затрат, не связанных с продажей (производством) товара;
      9) необоснованный рост себестоимости продаваемого (производимого) товара;
      10) опережающий рост затрат по сравнению с индексом роста оптовых цен на товары, стоимость которых включаются в затраты субъекта рынка, монопольно продающего (производящего) товар;
      11) увеличение темпов роста заработной платы административного персонала по сравнению с темпами роста заработной платы производственного персонала;
      12) необоснованное увеличение темпов роста расходов периода;
      13) превышение уровня рентабельности монопольно продаваемого (производимого) товара над среднеотраслевым показателем рентабельности и/или над рентабельностью другого аналогичного товара, продаваемого (производимого) другим субъектом рынка, (при этом, необходимо учитывать, что если наибольший удельный вес в структуре себестоимости монопольно продаваемого (производимого) товара занимает какой-то один вид издержек, на который проверяемый субъект рынка не может оказать влияния, то по динамике именно этого вида затрат также можно судить о том, является ли цена монопольно высокой или нет).

      4. Признаки монополистической деятельности субъекта рынка, выразившейся в установлении монопольно низких цен:
      1) себестоимость монопольно продаваемого (производимого) субъектом рынка товара превышает цену реализации монопольно продаваемого (производимого, поставляемого) товара;
      2) снижение прибыли в условиях стабильного (растущего) спроса на товар за определенный период времени, не обусловленное конъюнктурой рынка и динамикой издержек производства.

      5. Признаки монополистической деятельности субъекта рынка, выразившейся в установлении монопсонически низких цен:
      1) сокращение объемов производства и недоиспользование мощностей продавцов (производителей) при наличии спроса на продаваемый (производимый) товар;
      2) приобретение субъектом рынка, занимающим в качестве потребителя (приобретателя) доминирующее положение на определенном товарном рынке, товаров по ценам, сложившимся на рынке, не обеспечивающим продавцу (производителю) получение прибыли на среднеотраслевом уровне и/или возмещение себестоимости;
      3) не обусловленное конъюнктурой рынка увеличение прибыли субъекта рынка, занимающего в качестве потребителя (приобретателя) доминирующее положение на определенном товарном рынке, путем снижения собственных издержек производства (реализации) за счет поставщика (производителя);
      4) уход с рынка двух или более продавцов (производителей) вследствие спровоцированной потребителем (приобретателем) убыточности их деятельности.


4. Определение монопольно высоких и монопольно низких цен

      6. Для выявления злоупотреблений субъекта рынка своим доминирующим (монопольным) положением, выразившихся в установлении ими монопольно высоких и монопольно низких цен, проводится анализ:
      1) товарного рынка, на котором субъект рынка занимает доминирующее (монопольное) положение;
      2) предназначения (применения) товаров, монопольно продаваемых (производимых) субъектом рынка;
      3) финансового состояния доминанта;
      4) динамики производственной и полной себестоимости монопольно продаваемого (поставляемого) субъектом рынка товара с целью выявления причин увеличения (сокращения - для монопсонически низких цен) издержек производства;
      5) динамики производственной и полной себестоимости единицы продукции;
      6) прибыли, полученной субъектом рынка в результате монопольной продажи (потребления) товара;
      7) динамики цен на монопольно продаваемый (производимый) субъектом рынка товар;
      8) динамики объемов производства (потребления) доминанта;
      9) использования производственных мощностей;
      10) договоров;
      11) производственных затрат, расходов периода и прибыли;
      12) использование прибыли.

      7. Определение монопольно высоких цен может включать в себя следующие этапы:
      1) сопоставление динамики роста цен на монопольно продаваемый (производимый) товар и издержек производства (в том числе издержек, связанных с поставкой). При этом, свидетельством установления монопольно высоких цен могут являться:
      2) сравнение уровня цен на аналогичный товар на различных географических границах товарных рынков. При этом, могут учитываться:
      сопоставимы ли сами товары на сравниваемых товарных рынках по назначению и качеству;
      сравнимы (сходны) ли рынки по объему, условиям производства (ценам на ресурсы) и налогообложению;
      имеется ли развитая конкуренция на сравниваемых товарных рынках;
      имеется ли на других сравниваемых товарных рынках регулирование цен или других параметров производственно-хозяйственной деятельности;
      3) анализ уровня прибыли субъекта рынка, монопольно продающего (производящего) товар, назначение и использование прибыли.

      8. Определение монопольно низких цен может включать в себя следующие этапы:
      1) анализ превышения себестоимости монопольно продаваемого (производимого) товара над фактической ценой монопольного товара;
      2) определение уровня цены единицы продукции, не приносящей убытки от продажи (производства) монопольного товара.

      9. Определение монопсонически низких цен может включать в себя следующие этапы:
      1) установление факта доминирования субъекта рынка, являющегося потребителем (покупателем) товара;
      2) подтверждение получения потребителем (покупателем) дополнительной прибыли и (или) компенсации необоснованных затрат за счет продавца (производителя) товара;
      3) установление факта занижения доминантом в качестве потребителя (покупателя), покупной цены товара.


5. Определение обоснованной цены

      10. Обоснованная цена формируется из фактических затрат субъекта рынка, связанных с продажей (производством) монопольного товара, с учетом обоснованной прибыли и необходимой для осуществления его деятельности (или сложившейся на уровне среднеотраслевой прибыли).

      11. Фактические затраты субъекта рынка включают в себя обоснованные затраты, непосредственно связанные с продажей (производством) монопольного товара и расходы периода (включая налоги и обязательные сборы и платежи).


6. Заключительные положения

      12. Доминанты, установившие монопольно высокие (низкие) и монопсонические низкие цены, а также представившие в антимонопольный орган недостоверные сведения, привлекаются к ответственности в соответствии с законодательными актами.

      13. Решения антимонопольного органа об определении монопольно высоких, низких и монопсонических низких цен на товары доминантов могут быть обжалованы в судебном порядке.