"Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың тәртiбi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3843

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының  12,  50-1 баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың тәртiбi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3038 тiркелген)  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      аталған қаулымен бекiтiлген Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың тәртiбi жөнiндегi ережелерде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда орнатылған жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың (5-7 кабина) iшiнде: сайлаушыға дауыс беруге арналған терминалды қалай пайдалану керектiгiн түсiндiретiн нұсқаулық, экранында электрондық сайлау бюллетенi көрсетiлетiн дауыс беруге арналған терминал (осы қаулыға 1-қосымшаға сай) орналастырылады. Электрондық сайлау бюллетенiнде кандидаттардың тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлау бюллетенiне енгiзiлген және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар мен сайлау блоктарының атаулары көрсетiледi.";

      4-тармақтың 2) тармақшасында:
      "электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны" деген сөздерден кейiн "(электрондық сайлау карточкаларын) (осы қаулыға 2-қосымшаға сай)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "округтiк сайлау комиссиясымен" деген сөздер "округтiк немесе облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Сайлаушылардың тiзiмiнде тiркелген сайлаушы сайлау комиссиясының мүшесiне жеке куәлiгiн көрсетедi.

      7. Сайлау комиссиясының мүшесi штрих-кодты оқу немесе сайлаушы туралы деректердi енгiзу арқылы алынған және компьютер экранында пайда болған мәлiметтердi сайлаушының жеке куәлiгiнде көрсетiлген мәлiметтермен салыстырып тексередi.

      8. Салыстырып тексеру оң нәтиженi көрсетсе, сайлаушы iске қосылған электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) алады.";

      9-тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақта:
      екiншi бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жасырын дауыс беруге арналған кабинада сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) дауыс беруге арналған терминалға салады. Электрондық сайлау бюллетенiнiң экранында (бұдан әрi - экран) дауыс беруге шақыру пайда болған соң, сайлаушы тиiстi жазулар пайда болатын орындардағы экранға басу арқылы дауыс беру тiлiн, содан кейiн өзi дауыс бергiсi келетiн кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын таңдайды.";
      үшiншi бөлiмде:
      "штрих-коды оқытылған кезде" деген сөздер "атауы пайда болатын орындардағы экранға басу арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Жасырын дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) дауыс беруге арналған терминалдан шығарады және дауыс беру нәтижелерiн учаске компьютерiне есепке қосу үшiн оны дереу сайлаушының қатысуымен жинақтаушыға (осы қаулыға 3-қосымшаға сай) салатын сайлау комиссиясының мүшесiне бередi.";

      аталған қаулыға қосымша алынып тасталсын;

      осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сай 1, 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жiберiлсiн.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларының назарына жеткiзсiн.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының   
2005 жылғы 16 қыркүйектегі   
N 17/39 қаулысына 1-қосымша  

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының  
2004 жылғы 18 тамыздағы     
N 128/164 қаулысына 1-қосымша 

Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс
беру кезінде қолданылатын дауыс беру терминалы

(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының   
2005 жылғы 16 қыркүйектегі   
N 17/39 қаулысына 2-қосымша  

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының  
2004 жылғы 18 тамыздағы     
N 128/164 қаулысына 2-қосымша 

Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып
дауыс беру кезінде қолданылатын сайлаушының
электрондық карточкасы

(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының 
2005 жылғы 16 қыркүйектегі   
N 17/39 қаулысына 3-қосымша  

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының  
2004 жылғы 18 тамыздағы     
N 128/164 қаулысына 3-қосымша 

Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып
дауыс беру кезінде қолданылатын жинақтаушы

(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

О внесении изменений и дополнений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 18 августа 2004 года N 128/164 "Об утверждении Правил о порядке использования электронной избирательной системы в части не регламентированной Конституционным законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан"»

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 16 сентября 2005 года N 17/39. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 сентября 2005 года N 3843

      В соответствии со  статьями 12 50-1  Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление  Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 18 августа 2004 года N 128/164 "Об утверждении Правил о порядке использования электронной избирательной системы в части не регламентированной Конституционным законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3038) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах о порядке использования электронной избирательной системы в части, не регламентированной Конституционным законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан", утвержденных указанным постановлением:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. В кабинах для тайного голосования, установленных в помещениях для голосования (5-7 кабин), размещаются: инструкция избирателю, разъясняющая как пользоваться терминалом для голосования, терминал для голосования (согласно приложению 1 к настоящему постановлению), на экране которого выводится электронный избирательный бюллетень. В электронном избирательном бюллетене указываются фамилии, имена и отчества кандидатов, наименования политических партий и избирательных блоков, включенных в избирательный бюллетень и выдвинувших партийные списки.";
      в подпункте 2) пункта 4:
      после слов «устройств для электронного голосования» дополнить словами "(электронных карточек избирателя) (согласно приложению 2 к настоящему постановлению)";
      слова "окружной избирательной комиссией" заменить словами "окружной или областной, городов Астана и Алматы избирательными комиссиями";
      пункты 6, 7 и 8 изложить в следующей редакции:
      "6. Избиратель, зарегистрированный в списке избирателей, предъявляет члену избирательной комиссии удостоверение личности.
      7. Член избирательной комиссии проверяет сведения, полученные путем считывания штрих-кода или введения данных об избирателе, и появившиеся на экране компьютера, с указанными в удостоверении личности избирателя сведениями.
      8. При положительном результате сверки избиратель получает активизированное устройство для электронного голосования (электронную карточку избирателя).";
      пункт 9 исключить;
      в пункте 11:
      часть вторую изложить в следующей редакции:
      "В кабине для тайного голосования избиратель вставляет устройство для электронного голосования (электронную карточку избирателя) в терминал для голосования. После появления на экране электронного избирательного бюллетеня (далее - экране) приглашения к голосованию, избиратель выбирает путем прикосновения к экрану в местах появления соответствующих надписей язык голосования, а затем фамилию имя и отчество кандидата, за которого он желает проголосовать.";
      в части третьей:
      слова "при считывании штрих-кода" заменить словами "путем прикосновения к экрану в местах появления наименования";
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      "12. Избиратель, проголосовавший в кабине для тайного голосования, вынимает устройство для электронного голосования (электронную карточку избирателя) из терминала для голосования и передает ее члену избирательной комиссии, который незамедлительно в присутствии избирателя вставляет ее в накопитель для считывания результатов голосования (согласно приложению 3 к настоящему постановлению) в компьютер участка.";
      приложение к указанным Правилам исключить;
      дополнить приложениями 1, 2 и 3 согласно приложениям 1, 2 и 3 к настоящему постановлению.

      2. Направить настоящее постановление областным, городов Астана и Алматы избирательным комиссиям.

      3. Областным, городов Астана и Алматы избирательным комиссиям довести настоящее постановление до сведения нижестоящих территориальных и участковых избирательных комиссий.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

       Председатель Центральной
      избирательной комиссии
      Республики Казахстан

 

Приложение 1                 
к постановлению Центральной          
избирательной комиссии             
Республики Казахстан              
от 16 сентября 2005 года N 17/39       

"Приложение 1                 
к постановлению Центральной          
избирательной комиссии             
Республики Казахстан              
от 18 августа 2004 года N 128/164      

Терминал голосования, применяемый при голосовании с использованием 
электронной избирательной системы

(Cм. бумажный вариант)  "  

 

Приложение 2                 
к постановлению Центральной          
избирательной комиссии             
Республики Казахстан              
от 16 сентября 2005 года N 17/39       

"Приложение 2                 
к постановлению Центральной          
избирательной комиссии             
Республики Казахстан              
от 18 августа 2004 года N 128/164      

Электронная карточка избирателя, применяемая при
голосовании с использованием электронной
избирательной системы

(Cм. бумажный вариант)  "

 

Приложение 3                 
к постановлению Центральной          
избирательной комиссии             
Республики Казахстан              
от 16 сентября 2005 года N 17/39       

"Приложение 3                 
к постановлению Центральной          
избирательной комиссии             
Республики Казахстан              
от 18 августа 2004 года N 128/164      

Накопитель, применяемый при голосовании
с использованием электронной избирательной системы

(Cм. бумажный вариант)  "