"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12, 50-1 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың тәртiбi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3038 тiркелген) қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Электрондық сайлау жүйесiн Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтiн бөлiгiнде пайдаланудың тәртiбi жөнiндегi ережелерде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда орнатылған жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың (5-7 кабина) iшiнде: сайлаушыға дауыс беруге арналған терминалды қалай пайдалану керектiгiн түсiндiретiн нұсқаулық, экранында электрондық сайлау бюллетенi көрсетiлетiн дауыс беруге арналған терминал (осы қаулыға 1-қосымшаға сай) орналастырылады. Электрондық сайлау бюллетенiнде кандидаттардың тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлау бюллетенiне енгiзiлген және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар мен сайлау блоктарының атаулары көрсетiледi.";
4-тармақтың 2) тармақшасында:
"электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны" деген сөздерден кейiн "(электрондық сайлау карточкаларын) (осы қаулыға 2-қосымшаға сай)" деген сөздермен толықтырылсын;
"округтiк сайлау комиссиясымен" деген сөздер "округтiк немесе облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларымен" деген сөздермен толықтырылсын;
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сайлаушылардың тiзiмiнде тiркелген сайлаушы сайлау комиссиясының мүшесiне жеке куәлiгiн көрсетедi.
7. Сайлау комиссиясының мүшесi штрих-кодты оқу немесе сайлаушы туралы деректердi енгiзу арқылы алынған және компьютер экранында пайда болған мәлiметтердi сайлаушының жеке куәлiгiнде көрсетiлген мәлiметтермен салыстырып тексередi.
8. Салыстырып тексеру оң нәтиженi көрсетсе, сайлаушы iске қосылған электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) алады.";
11-тармақта:
екiншi бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"Жасырын дауыс беруге арналған кабинада сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) дауыс беруге арналған терминалға салады. Электрондық сайлау бюллетенiнiң экранында (бұдан әрi - экран) дауыс беруге шақыру пайда болған соң, сайлаушы тиiстi жазулар пайда болатын орындардағы экранға басу арқылы дауыс беру тiлiн, содан кейiн өзi дауыс бергiсi келетiн кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын таңдайды.";
үшiншi бөлiмде:
"штрих-коды оқытылған кезде" деген сөздер "атауы пайда болатын орындардағы экранға басу арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жасырын дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) дауыс беруге арналған терминалдан шығарады және дауыс беру нәтижелерiн учаске компьютерiне есепке қосу үшiн оны дереу сайлаушының қатысуымен жинақтаушыға (осы қаулыға 3-қосымшаға сай) салатын сайлау комиссиясының мүшесiне бередi.";
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларының назарына жеткiзсiн.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 16 қыркүйектегі
N 17/39 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2004 жылғы 18 тамыздағы
N 128/164 қаулысына 1-қосымша
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс
беру кезінде қолданылатын дауыс беру терминалы
(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 16 қыркүйектегі
N 17/39 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2004 жылғы 18 тамыздағы
N 128/164 қаулысына 2-қосымша
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып
дауыс беру кезінде қолданылатын сайлаушының
электрондық карточкасы
(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 16 қыркүйектегі
N 17/39 қаулысына 3-қосымша