Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 28-ө 2006 жылғы 11 тамыздағы N 147 (953) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрығымен .
---------------Бұйрықтан үзінді-----------------
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
...
3) "Темір жол көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 66-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3853-нөмірмен тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 12 қазандағы 188 (922)-нөмірінде жарияланған)...
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
------------------------------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес, шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеру есебін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темір жол көлігінде тасымалдаушылық және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-п (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1587 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 31, 493-құжат, "Темір жол көлігінде тасымалдаушылықты және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-п бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 101-п, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1587 нөмірмен тіркелінген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2611 нөмірмен тіркелген, "Официальная газета" газетінде 2004 жылғы 17 мамырдағы 3 (160) нөмірінде жарияланған бұйрығымен өзгеріс мен толықтыру енгізілген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігінде тасымалдаушылық және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргізу ережесінде:
9-тармақтың 5) тармақшасында және 1-абзацында "жылжымалы құрамды және қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған контейнерлердi жөндеу және жасап шығару" деген сөздер "темір жол жылжымалы құрамын жасап шығару және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшін арнайы контейнерлердi жасап шығару және жөндеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың 3-абзацында "қатаң есептегі" деген сөздер "белгіленген үлгідегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 1-абзацында "қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды және контейнерлердi жөндеу және жасап шығару" деген сөздер "темір жол жылжымалы құрамын жасап шығару және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшін арнайы контейнерлердi жасап шығару және жөндеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 2-абзацы "Комитетте" деген сөзден кейін "немесе оның аумақтық органдарында" деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақ "Комитет қызметкерлері" деген сөздерден кейін "және оның аумақтық органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:
"26. Комитет қызметкерлері және оның аумақтық органдары тексеруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс
кодексін
(Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері) қатаң сақтаулары тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Темір жол көлігіндегі бақылау басқармасы (Б.Б.Істлеев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.