Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 28-ө (2006 жылғы 11 тамыздағы N 147(953) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрығымен .
---------------Бұйрықтан үзінді-----------------
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
...
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1587-нөмірмен тіркелген, "Темір жол көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 101-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2611-нөмірмен тіркелген)...
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
------------------------------------
"Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-П
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1587 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесіне:
1) 6-тармақтағы "Құқықтық статистика және ақпарат орталығында" деген сөздер "Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетте" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-тармақ мынадай мазмұнындағы абзацпен толтырылсын:
"Шағын кәсіпкерлік объектілеріне тексеру жүргізу кезінде тексеру актісінде көрсетілген тексеру жүргізудің мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс";
3) 14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толтырылсын:
"Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылаушы орган тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімдейді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінде немесе оның аумақтық органдарында міндетті түрде тіркеледі, онда тексеруді белгілеу туралы алғашқы актіні тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі";
4) 18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толтырылсын:
"Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу актісі "Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572
қаулысында
бекітілген нысан бойынша толтырылады".
2. Темір жол көлігінде бақылау жасау басқармасы (Б.Б.Iстлеев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.