Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. " Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3232 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтар актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 3-8, 22 құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесінде:
көрсетілген Ережеге 4-қосымша:
мынадай мазмұндағы 4.1-1-тармағымен толықтырылсын:
"4.1-1. Орындаушы шарттың поездарды құрастыру бөлігіндегі талаптарын орындамаған жағдайда тапсырыс беруші орындалмаған тасымалдар көлеміне пропорционалды соманы субсидия төлемдерінен ұстап қалуды қамтамасыз етеді.";
6.5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тасымалдардың мезгілділігіне байланысты, сондай-ақ жолаушылар ағымына байланысты тараптардың өзара келісімі бойынша қосымша келісім жасау арқылы поездар құрамын қайта қарауға рұқсат беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр