Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.02.2023 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 463 тіркелген Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрінің "Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптауды бекіту туралы" 1997 жылғы 13 тамыздағы N 99 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.Өжкеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 27 қазандағы N 283 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН |
Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының
қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын
сыныптау жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Бұл НҰСҚАУЛЫҚ мұнай, табиғи көмірсутекті газ (бостан газ, мұнайүсті бүркенбе газдың газы және мұнайда еріген газдар) және конденсат қорлары мен ресурстарын зерделеудің (зерттеудің), олардың зерделену (зерттелу) дәрежесіне, игерілуіне қарай жер қойнауында мемлекеттік есепке алудың бірыңғай қағидаларын белгілейді.
2. Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) Конденсат - белгілі термобарлық жағдайда газда еріген күйінде болатын және қысымы конденсациялану қысымынан төмендегенде сұйық фазаға айналатын, негізінен жеңіл көмірсутегінен тұратын табиғи қоспа;
2) Шоғыр - нашар өткізгіш жыныс қабаты астында жинауыш - жыныс түзген жаратылыс кеңістігіндегі мұнай немесе газдың қандай да бір табиғи жиынтығы;
3) Қорлар - айқындалған, барланған және кені игеріліп жатқан шоғырлардағы стандарт жағдайға (0,1 МПа, 20 о С) келтірілген мұнай, конденсат және ілеспе құрамдастардың массасы және газдың көлемі;
4) Ресурстар - белгілі кен орындарында немесе бағалау кезінде бұрғылау арқылы ашылмаған жорамал кеніштердегі, немесе бұрғылауға даярлаған алаңдардағы, сондай-ақ ірі геологиялық құрылымдар шегінде мұнай-газдылығы дәлелденген не жорамалданған литологиялық-стратиграфиялық кешендердегі мұнай, конденсат және іліспе құрамдас бөліктердің және газ көлемінің массасы;
5) Мұнай, газ және конденсаттың шығарып алу коэффициенттері - өндіру технологиясы мен техникасын қолданып, сондай-ақ жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, шоғырларды экономикалық тұрғыдан тиімді шегіне дейін қолайлы режимде пайдаланғанда қорлардың немесе ресурстардың қандай бөлігін жер астынан шығарып алуға болатындығын көрсететін шамалар;
6) Игерудегі - жобаланған игеру жүйесі мен мұнай, газ және конденсат өндіріліп жатқан кен орындары (шоғырлары);
7) Игеруге даярланғандар - зерттелуі, мұнай кен орындарын игерудің технологиялық схемасын немесе газ кен орындарын тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдалану жобасын жасауды, қамтамасыз ететін кен орындары (шоғырлары);
8) Барлаудағылар - іздестіру-барлау мақсатымен бұрғыланып жатқан, кен орындарын игеруге даярлау мақсатымен жеке барлау ұңғыларында немесе алдын ала бұрғыланған пайдалану ұңғыларында сынамалық немесе тәжірибелі-өндірістік игеру жүргізіліп жатқан кен орындары (шоғырлары). Қажет болғанда барлаудағы кен орындарында тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстары және дәйекті сейсмикалық зерттеулер жүргізілуі мүмкін;
9) Игеруі тоқтатылғандар - барлау немесе игеру жұмыстары уақытша тоқтатылған, не игеруі белгілі уақыт мерзімінде экономикалық тұрғыдан ақталмайтын, кен орындары (шоғырлар).
3. Сыныптама мұнай, газ және конденсаттың қорлары мен ресурстары, олардың топтарын, санаттарын, мөлшерін және кен орыны құрылысының күрделілігін және игерілу дәрежесін, көмірсутекті шикізатты және ілеспе құрамдас бөліктерді өндіруде пайда болатын жіктеуді көздейді.
4. Геологиялық барлау жұмыстары мен кен орындары нәтижелері бойынша есептеледі (бағаланады) де Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар балансында есепке алынады. Кен орындарының қорлары мен мұнай, газ және конденсат ресурстары туралы деректер экономика салаларының даму және орналасу схемаларын әзірлеуде, мұнай өндіруді жобалауда, көмірсутекті шикізатты тасымалдау және өңдеуде, геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлауда пайдаланылады.
5. Кен орындарының қорларын анықтағанда мұнай, газ, конденсат және олардың құрамындағы, бөліп алуға тұратындығы (бөліп алу ақталатындағы) технологиялық және техникалық-экономикалық есептермен негізделген, құрамдастардың (этан, пропан, бутан, күкірт, гелий, металдар) қорлары міндетті түрде есептелуге және есепке (санаққа) алынуға тиіс. Мұнай, газ, конденсат және олардың құрамындағы бөліктердің қорларын есептеу мен санаққа алу жеке-жеке әр шоғыр мен кен орны бойынша, кен орнын игеру барысында болатын жоғалымы есептелмей, жер қойнауындағы жалпы көлемі бойынша жүргізіледі.
6. Мұнай, газ, конденсат және іліспе құрамдастарының қорлары мен ресурстары Мемлекеттік сараптамадан өтуге тиіс.
Мұнай, газ және конденсат қорлары мен ресурстарының көлемі мен сапасын, экономикалық құндылығының оларды өндірудің кен-техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын дұрыс бағалау үшін Мемлекеттік сараптаманы аумақты геологиялық тұрғыдан зерттеу мен кен орындарын игерудің кез келген кезеңінде жүргізуге болады.
Қосымша жүргізілген геологиялық қор және (немесе) шығарып алынатын тиімді қорлардың А+В+С 1 санаттары бойынша 20 %-дан астам шамаға өзгерсе қорлар қайта есептеледі де Мемлекеттік сараптамадан өтеді. Өнім бергіш қимада қорлардың орналасуы туралы, қорларды өндіріп алуға және жүзеге асырылып отырған кен орнын игеру жүйесіне әсер ететін көзқарас түбегейлі өзгергенде де қорлар қайта есептеліп, Мемлекеттік сараптамадан өтеді.
2. Мұнай, газ және конденсат
қорлары мен ресурстарының топтары
7. Жер қойнауында жатқан мұнай, газ және конденсат ресурстары және қорлары геологиялық ресурстар деп атайды.
8. Айқындалған кен орындарының геологиялық қорларында, болашақтық және болжамдық объектілердің ресурстары екі топқа: тиімділер (шығарып алынатын) және тиімсіздер болып бөлінеді.
Тиімділер (шығарып алынатын) - жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, осы күнгі мақұлданған технология мен техниканы пайдаланғанда шығарып алуы экономикалық тұрғыдан қорлар мен ресурстар. Геологиялық қорлар мен ресурстардың бұл бөлігі мұнай, газ және конденсатты шығарып алу коэффициенттерімен анықталады.
Тиімсіздер - шығарып алынуы қазіргі экономикалық тұрғыдан ақталмайтын қорлар мен ресурстар.
9. Шығарып алынатын қорлар мен ресурстардың қосындысы бағаланған кездегі шығарып алынатын көмірсутектердің қосындысының көлемін құрайды. Ол өндірілген көмірсутектермен бірге шығарып алынатын көмірсутектерінің бастапқы көлемін құрайды.
3. Мұнай, газ және конденсат қорлары мен
ресурстарының санаттары
10. Мұнай, газ, конденсат және іліспе құрамдастардың қорлары зерттелу дәрежесі бойынша дәлелденгендерге - А, В, С 1 санаттары және алдын ала бағаланғандарға (барланбағандарға) - С 2 санаты - болып бөлінеді.
1) Дәлелденгендер ішінде өндірілетіндері (А және В санаты) және барланғандары (С 1 санаты) қорлары бөлінеді.
А санаты - шоғыр құрылысын, жинауыштар мен оларды қанықтыратын флюидтердің шама-шарттарын, сондай-ақ шоғырдың өнімділігін және мұнай, газ, конденсаттың шығарып алу коэффициенттерін негіздеуді көрсететін шама-шарттарды толық сипаттаумен қатар, жеке жинауыш қабаттар мен өндіру элементтері шегінде қорлары шығарып алуды анықтайтын шама-шарттар бойынша қорларды жіктеп бағалау мүмкіншілігін қамтамасыз ететіндей мұқияттықпен зерттелген кен көзін игерудегі шоғырдың (оның бөлігінің) қоры.
А санатының қорлары кен орнын игерудің бекітілген жобасына сәйкес бұрғыланған шоғыр (оның бөлігі) бойынша есептеледі де мұнай, газ және конденсат қорларын шығарып алу ісі мен жүйесін жетілдіріп ұтымды ету үшін негіз болады.
А категориясы қорларының шекарасын А категориясының және басқа категориялардың қорлары бар ұңғымалардың арасындағы ортасы арқылы немесе радиусы пайдаланылатын ұңғымалардың арасындағы шоғырдың арақашықтығының жартысына тең шеңбер арқылы жүргізеді
2) В санаты - шоғыр құрылысын, жинауыштар мен оларды қанықтыратын флюидтердің шама-шарттарын, сондай-ақ шоғырдың өнімділігін және мұнай, газ және конденсат шығарып алу коэффициенттерін негіздеуді көрсететін шама-шарттарды сенімді сипаттаумен қатар, қорлардың құрылымын бағалауға мүмкін ететіндей мұқияттықпен зерттелген кен көзін игерудегі шоғырдың (оның бөлігінің) қоры.
В санатының қорлары мұнай кен орнын игерудің бекітілген технологиялық мазмұнына немесе, газ кен орнын тәжірибелік игерудің жобасына сәйкес бұрғыланған шоғыр (оның бөлігі) бойынша есептеледі және кен орнын игерудің жобасын жасауға негіз болады.
В категориясы қорларының шекарасын В категориясының және басқа категориялардың қорлары бар ұңғымалардың арасындағы ортасы арқылы немесе радиусы пайдаланылатын ұңғымалардың арасындағы шоғырдың арақашықтығының жартысына тең шеңбер арқылы жүргізеді
3) С 1 санаты - газ-мұнайлы ұңғылар мұнай, газ және конденсаттың өндірістік өнімі негізінде және сынамаланбаған ұңғыларда жүргізілген геологиялық және геофизикалық зерттеулердің оң нәтижелі деректері негізінде бағаланған шоғырдың (оның бөлігінің) қоры.
Шоғырдың түрі, нысаны және мөлшері, мұнайлы және газды қабаттардың кеңістікте орналасу жағдайлары ұңғыларды бұрғылау нәтижесінде және осы аумақта тексеруден өткен геологиялық және геофизикалық зерттеу әдістерімен анықталған. Өнімді қабаттардың литологиялық құрамы, жинауыш жыныс түрі, жинауыштық қасиеттері, мұнай мен газға қаныққан қалыңдықтан алынған тасбаған және ұңғыларда жүргізілген геофизикалық зерттеулердің материалдары бойынша зерделенген. Мұнай, газ және конденсаттың жер қабатындағы және қалыпты жағдайдағы құрамы мен қасиеттері ұңғыларды сынамалау деректері бойынша зерделенген. Газды-мұнайлы шоғырлар бойынша мұнайлы бөліктің өнеркәсіптік құндылығы анықталған. Ұңғылардың өнімділігі, қабаттың су өткізгіштігі, қысым өткізгіштігі, қабаттық қысымы, температурасы, ал мұнай, газ және конденсаттың шығуы ұңғыларды сынау және зерттеу нәтижелері бойынша зерделенген. Гидрогеологиялық жағдайлары ұңғыларды бұрғылау нәтижелері және барланған іргелес кен орындарына ұқсастығы анықталған.
С 1 санатындағы қорлар геологиялық барлау жұмыстары және өндіру үшін бұрғылау нәтижесінде есептеледі, олар мұнай кен орнын игерудің технологиялық схемасын немесе газ кен орнын игерудің тәжірибелік-өнеркәсіптік жобасын жасау үшін алғашқы деректер алуды қамтамасыз ететіндей дәрежеде зерттелуі тиіс.
Шоғырдың зерттелмеген тегін бөлігінің С 1 санатындағы қоры ұңғыларды игерудің технологиялық схемасында, не жобасында белгіленген ұңғыаралық қашықтықтан екі есе алшақтықта жүргізілген шекарада бөлінеді.
С 1 санатындағы қорлар бірен-саран ұңғыларды бұрғылау және сынаудан алынған деректер бойынша, оларда мұнай немесе газдың өндірістік құйылысы алынған жағдайда жаңа алаңда айқындалуы мүмкін. С 1 санаты қор есептелетін үлестің шекарасына ұқсас кен орындарында қабылданған ұңғыаралық қашықтықтан екі есе радиуспен жүргізіледі;
С 2 санатындағы қорлар - бар екендігі геологиялық және геофизикалық зерттеулердің деректерімен негізделген шоғыр (оның бөлігінің) қоры.
Шоғырдың кескіні мен аумағы, жер қойнауында орналасу жағдайлары, қабаттардың қалыңдығы мен жинауыштық қасиеттері, мұнай, газ және конденсаттың қасиеттері геологиялық және геофизикалық зерттеулер немесе барланған кен орындарына ұқсастығы бойынша, шоғырдың дәйектірек зерделенген бөлігіндегі деректерді ескере отырып, жалпы сипатта анықталған.
С 2 санатындағы қорлар жоғарырақ санатты қорлары бар үлестермен ұштасып жатқан барланған шоғыр бөліктерінде, барланған кен орындарында өнеркәсіптік-геофизикалық оң нәтижелі сипаттамасы бар, екеуі аралығында жоғары және төмен жатқан сыналмаған қабаттарда есептеледі.
С 2 санатындағы қорлар кен орнының болашағын анықтау, геологиялық барлау жұмыстарын немесе ұңғыларды жоғарғы қабаттарға ауыстырғанда өнеркәсіптік-геологиялық зерттеуді жоспарлау және ішінара кен орындарын игеруді жобалау үшін пайдаланылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрдің м.а. 2009.10.30 N 299 (қолданысқа енгізу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.11. Мұнай, газ және конденсат ресурстары олардың негізделу және икемделе орналасу дәрежесіне қарай ықтималдарға - С 3 санаты және болжамдықтарға - Д 0 , Д 1 және Д 2 санаттарына - ажыратылады.
С 3 санатындағы қорлар - іздеу мақсатымен бұрғылауға даярланған жер үлестерінің болашақ ресурстары.
Шоғырдың кескіні, мөлшері және жер қойнауында орналасу жағдайлары геологиялық және геофизикалық зерттеу нәтижесінде жорамалданады, ал қабаттардың қалыңдығы, жинауыштық қасиеттері, мұнай немесе газдың қасиеттері барланған кен орындарымен ұқсастығымен қабылданылады.
С 3 санатындағы ресурстар мұнайлы-газды аудандар шегінде орналасқан және осы ауданда тексерілген геологиялық және геофизикалық зерттеулер әдістерімен шеттеліп терең бұрғылауға даярланған аудандарда, сондай-ақ барланған кен орындарындағы бұрғыланып ашылмаған, ал өнімділігі осы аудандардағы басқа кен орындарында анықталған қабаттарда есептеледі.
Болашақ ресурстар іздестіру жұмыстарын жоспарлауға пайдаланылады.
Д 0 санаты - айқындалған ықшамды объектілердің (оқшауланған) болжам ресурстары. Жорамалданған шоғырлардың кескіні, мөлшерлері және қойнауында орналасу жағдайлары геофизикалық (геологиялық) зерттеулер нәтижесінде жалпы сипатта анықталған, ал қабаттардың жинауыштық қасиеттері, мұнай, газ және конденсаттың қасиеттері барланған кен орындарымен ұқсастығымен қабылданылады.
Д 0 санатты ресурстар Д 1 санатты ресурстары бар аймақ шегінде айқындалған ықшам объектілерде есептеледі және құрылымды іздестіру үшін, бұрғылауға дайындау мақсатымен геофизикалық іздестіру жұмыстарын жоспарлауға пайдаланылады.
Д 1 санаты - өнеркәсіптік мұнай-газдылығы дәлелденген ірі аймақтық құрылымдар шегінде бағаланатын литологиялық-стратиграфикалық кешендердің болжам ресурстары.
Д 1 санатына жататын болжам ресурстардың мөлшерін бағалау аймақтық геологиялық-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде қабылданған шама-шарттар бойынша және бағаланып отырған аймақ шегінде барланған кен орындармен ұқсастығымен жүргізіледі.
Д 2 санаты - өнеркәсіптік мұнай-газдылығы әлі дәлелденбеген кен аймақтық құрылымдар шегінде бағаланатын литологиялық-стратиграфиялық кешендердің болжам ресурстары. Бұл кешендердің мұнай-газдылығы тұрғысынан болашағы геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулер деректері негізінде жорамалданады.
Д 2 санатты болжамдық ресурстардың мөлшерін бағалау жалпы геологиялық көзқарастар негізінде жорамалданған шама-шарттарымен және мұнай мен газдың барланған кен орындары бар дәйектірек зерттелген аймақтармен ұқсастығымен жүргізіледі.
12. Құрылыс күрделігі бойынша кен орындары (шоғырлар) мынадай болып бөлінеді:
1) қарапайым құрылысты, біртұтастығы бұзылмаған немесе шамалы ғана бұзылған құрылымдармен байланысты, өнім қабаттарының қалыңдығы және жинауыштық қасиеттері алаң мен қима бойынша тұрақтылығымен өзгешеленеді;
2) күрделі құрылысты, өнім қабаттарының қалыңдығы мен жинауыштық қасиеттері алаң мен қима бойынша өзгеріштігімен немесе тектоникалық жарылымдарының барлығымен белгіленеді;
3) өте күрделі құрылысты, бұлар да тектоникалық жарылымдармен өзгешеленеді, өнім қабаттарының қалыңдығы мен жинауыштық қасиеттері кеңінен ауытқиды, жинауыштың күрделі түрлері кездеседі.
13. Қорлардың көлемі және кен орындарының (шоғырлардың) геологиялық құрылысының күрделігі геологиялық барлау жұмыстарының әдісін, олардың көлемін, барлау мен игерудің экономикалық көрсеткіштерін анықтайды.
14. Игеру дәрежесі бойынша кен орындары (шоғырлар) игерудегі, игеруге даярландырғандарға, барлаудағыларға және игеруі тоқтатылғандарға бөлінеді, олардың қорлары мемлекеттік балансқа жеке-жеке есепке алынады.
15. Барланған (С 1 санаты) және алдын ала есептелген (С 2 санаты) шығарып алынатын қорлары бар кен орындарын жер қойнауын пайдаланушыларға заңдарда белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік игеруге берілетін шарттар мыналар:
1) мұнай, газ және конденсаттың қорлары және олардың шығарып алу коэффициенттерінің техникалық-экономикалық тұрғыдан негізделуі Мемлекеттік сараптамадан өткен және кен орны (немесе оның бөлігі) Мемлекеттік сараптама тарапынан өндірістік игеруге даяр екендігі тұжырымдалған;
2) кен орнын пайдалануда қоршаған ортаға тигізетін әсерінің дәрежесі және жоспарланып отырған табиғат қорғау шараларының тиімділігі бағаланған жағдайларда беріле алады.
16. Игеруге қосылған кен орындарында бұрғылау және пайдалану ұңғыларын зерттеуден алынған деректер бойынша қорлар С 2 санатынан С 1 санатына онан әрі В және А санаттарына ретімен міндетті түрде ауыстырылуға тиіс.
Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі НҰСҚАУЛЫҒЫНА 1 қосымша |
Қазақстан Республикасы мен АҚШ-да пайдаланатын
"қорлар" мен "ресурстар" ұғымдарын салыстыру
Қазақстан Республикасы | АҚШ |
1. А, В, С 1 -санаттық қорлар (дәлелденген) | 1. Дәлелденген қорлар (рrоvеd rеsеrvеs) |
2. А, В -санатты қорлар (дәлелденген) | 2. Игерілген қорлар (developed rеsеrvеs) |
3. А, В-санатты қорлар (пайдаланудағы шоғыр) | 3. Өндірілудегі қорлар (producing rеsеrvеs) |
4. А, В-санатты қорлар (консервациядағы шоғыр) | 4. Өндірілмейтін қорлар (nonproducing rеsеrvеs) |
5. С 1 -санатты қорлар | 3. Игерілмеген қорлар (undeveloped rеsеrvеs) |
6. С 2 -санатты қорлар (алдынала бағаланған) С 3 санатты ресурстар (болашақ) Д 0 , Д 1 , Д 2 санатты ресурстар (болжам) | 6. Дәлелденбеген қорлар (unрrоvеd rеsеrvеs) |
7. С 2 -санатты қорлар (алдын ала бағаланған) | 7. Ықтимал қорлар (рrоbable rеsеrvеs) |
8. С 3 -санатты қорлар (болжам) Д 0 , Д 1 , Д 2 -санатты қорлар (болашақ) | 8. Қисынды қорлар (рossible rеsеrvеs) |
Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі НҰСҚАУЛЫҒЫНА 2 қосымша |
Мұнай, газ және конденсат кен орындары
бойынша шығарып алынатын қорлардың мөлшері
Шығарып алынатын қорлардың мөлшері бойынша кен орындардың кластары | мұнай+конденсат млн.т | Газ млрд.м 3 |
алып кен орындары | 300 млн.т. астам | 300 млрд. м 3 астам |
өте ірі кен орындары | 100,1-300 | 100,1-300 |
ірі кен орындары | 30,1-100 | 30,1-100 |
орташа кен орындары | 10,1-30 | 10,1-30 |
шағын кен орындары | 3,1-10 | 3,1-10 |
ұсақ кен орындары | 1-3 | 1-3 |
өте ұсақ кен орындары | 1-ге дейін | 1-ге дейін |