"Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 қарашадағы N 716 Бұйрығы. Қазақстан Респбликасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3966. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.09.2013 № 375 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің базасын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1216 тіркелген, N 1632 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 595  бұйрығына енгізілген толықтыруларымен; N 2053 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 713  бұйрығына енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; N 2570 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 91 бұйрығына енгізілген өзгерістер және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы лицейлерінің қызметтерін ұйымдастыру тәртібі туралы ережелерінде:
      1-тармақтағы "жоғарғы сатысында" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Лицей жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11-сыныптарының базасында мынадай құрылымдар бойынша ұйымдастырылады:
      бастауыш саты (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметінің негізгі іскерліктері мен дағдыларын игеруді, теориялық ойлаудың элементтерін, өзін-өзі бақылау дағдылары мен өзін-өзі түзетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабілеттерінің дәрежесін анықтауға бағытталған;
      негізгі саты (негізгі мектептің 5-9 сыныптары) оқушының базалық дайындығымен қатар бейін алды дайындықты қамтамасыз ететін негізгі мектептің негізгі және қосымша жалпы білім беретін бағдарламаларын меңгерудің негізінде оқушының жеке басын қалыптастырудың шарттарын қамтамасыз етеді;
      жоғарғы саты (10-11 сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушылардың жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
      Лицейдің негізгі және жоғарғы сатылары дербес білім беру мекемелері ретінде жұмыс істейді.";

      бірінші абзацтың 11-тармағындағы "жалпы орта білім берудің негізгі сатысын аяқтаған" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Есбосынова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 июля 2000 года N 708 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность дошкольных и общеобразовательных организаций образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 ноября 2005 года N 716. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 декабря 2005 года N 3966. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 375

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 17.09.2013 № 375 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В целях приведения нормативной правовой базы Республики Казахстан в соответствие с действующим законодательством  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в  приказ  Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 июля 2000 года N 708 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность дошкольных и общеобразовательных организаций образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1216, с дополнениями, внесенными  приказом  Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 июля 2001 года N 595, зарегистрированным за N 1632; с изменениями и дополнениями, внесенными  приказом  Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 октября 2002 года N 713, зарегистрированным за N 2053; с изменениями и дополнениями, внесенными  приказом  Министра образования и науки Республики Казахстан от 6 ноября 2003 года N 729, зарегистрированным за N 2570) следующие изменения:
 
      в Правилах о порядке организации деятельности лицеев Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 1 слова "старшей ступени" исключить;
 
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Лицей организуется на базе 1-11 классов средней общеобразовательной школы по следующей структуре:
      начальная ступень (1-4 классы начальной школы) обеспечивает овладение основными умениями и навыками учебной деятельности, элементами теоретического мышления, умениями самоконтроля и самокоррекции, а также направлена на выявление степени индивидуальных способностей ребенка;
      основная ступень (5-9 классы основной школы) обеспечивает условия становления и формирования личности учащегося на основе освоения основных и дополнительных общеобразовательных программ основной школы, обеспечивающей предпрофильную подготовку учащегося наряду с базовой подготовкой;
      старшая ступень (10-11 классы) обеспечивает завершение общеобразовательной подготовки учащегося на основе освоения профильных программ обучения.
      Основная и старшая ступени лицея могут функционировать как самостоятельные учреждения образования.";
 
      в абзаце первом пункта 11 слова "завершившие основную ступень среднего общего образования" исключить.

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования (С. Испусинова) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.
 
         Министр