Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1216 тiркелген "Жалпы бiлiм беретiн және мектепке дейiнгі бiлiм ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 708 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 713 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2053. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.09.2013 № 375 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы бiлiм беретiн және мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 708 бұйрығына (N 1216 тiркелген, толықтырулар енгiзумен 2001 жылғы 20.07. N 595 бұйрығымен бекiтiлген, N 1632 тiркелген, "Шығармашылық педагогика" журналының 2000 жылғы қыркүйектегi N 4 жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының интернаттық бiлiм беру ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы ережелерде:

      1-тармақ "ұйымдары" деген сөзден кейiн "барлық түрi мен үлгiдегi" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      3) тармақшада "кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi" деген сөздер "кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернат - тиiстi жалпы бiлiм беретiн мектебi жоқ елдi мекендерде тұратын балаларға орта бiлiм алу құқын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ аз қамсыздандырылған, көп балалы, қолайсыз отбасыларға балаларына жататын орын берiп, оларды оқыту мен тәрбиелеуде көмек беретiн ұйым.".

      4-тармақтағы 1) тармақша "жолымен" деген сөзден кейiн "өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген жекеменшiк, қоғамдық және дiни кәсiпорындар" деген сөздер алынып тасталсын;

      9-тармақ "ұйымының" деген сөзден кейiн "осы ережедегi 3-тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген ұйымдардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақтағы "алты жасқа дейiн балаларды" деген сөздер алынып тасталсын;

      25-тармақтағы "жарлықпен және" деген сөздер алынып тасталсын;

      29-тармақта:
      үшiншi абзацтағы "интернаттық ұйымының кеңесi, қамқоршы кеңес, жалпы жиналыс, педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес және басқа нысандар" деген сөздер "педагогикалық кеңес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац "ұйымының" деген сөзден кейiн "(соның iшiнде мектеп жанындағы интернатпен)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Жалпы орта бiлiм департаментi (Ж.А.Қараев) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
      4. Облыстық бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары осы бұйрықты барлық бiлiм беру ұйымдарының назарына жеткiзсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бiлiм және ғылым вице-министрi К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсiн.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады