Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 № 310 Бұйрығымен.
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
2. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А.А.Амангелдиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 14 желтоқсандағы
N 618 бұйрығымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу ережесі
Осы Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес әзірленген және тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде бюджет және өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылатын дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін айқындайды. K090193, P091729
1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Осы Ережеде пайдаланатын ұғымдар
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушінің немесе тендерді ұйымдастырушының аффилиирленген тұлғасы - осы ықтимал өнім беруші қабылдайтын шешімді анықтауға және (немесе) шешімге, оның ішінде шарттың немесе өзге де мәміленің күшіне қарай ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзі жөнінде сол ықтимал өнім берушінің осындай құқығы бар кез келген тұлға - (берілген өкілеттіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда);
2) ықтимал өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы - осы ықтимал өнім беруші қабылдайтын шешімді анықтауға және (немесе) шешімге, оның ішінде шарттың немесе өзге де мәміленің күшіне қарай ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзі жөнінде сол ықтимал өнім берушінің осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) тендерлік өтінімді кепілдік қамтамасыз ету - тендерге қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім беруші табыс ететін ақша немесе банк кепілдігі;
4) тапсырыс беруші - жергілікті және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және осы Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
5) сатып алу - осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды тапсырыс берушінің сатып алуы;
6) біртекті дәрілік заттар - құрамында ұқсас әсер ететін зат бар өзара алмастырушы дәрілік заттар немесе бірдей фармакологиялық әсері бар ұқсас құрам;
7) ықтимал өнім беруші - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;
8) тендер - ықтимал өнім берушілер арасында бәсекені көздейтін және сатып алу шартының мейлінше пайдалы шарттарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсілі;
9) тендерлік құжаттама - тендерді өткізу талаптары мен тәртібі қамтылатын, тендерлік өтінімді дайындау үшін ықтимал өнім берушіге табыс етілетін құжаттама;
10) тендерлік өтінім - тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған ықтимал өнім берушінің тендерлік ұсынысы;
11) тендерлік комиссия - осы Ережеде белгіленген шарттарда және тәсілдермен сатып алуды жүзеге асыру үшін тендерді ұйымдастырушының және/немесе тапсырыс берушінің қызметкерлерінен құрылатын комиссия;
12) тендерді ұйымдастырушы - тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырыс беруші белгілеген адам;
13) отандық тауар өндіруші - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін, жергілікті еңбек резервтерінің кемінде 85 пайызын пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға.
2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу процесін құқықтық реттеу принциптері
2. Тендер мынадай принциптер сақтала отырып өткізіледі:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, барлық ықтимал өнім берушілердің сатып алу процесіне қатысуына тез мүмкіндік беру;
3) ықтимал өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) сатып алу процесінің жариялылығы принциптеріне негізделеді.
3-тарау. Сатып алу тәсілдері
3. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
1) тендер;
2) баға ұсыныстарының сұранымын пайдалана отырып өнім берушіні таңдау;
3) бір көзден.
4-тарау. Сатып алу процесімен байланысты шектеулер
4. Тендерді ұйымдастырушының және/немесе тапсырыс берушінің қызметкерлеріне, сондай-ақ тендерді ұйымдастырушының аффилиирленген тұлғаларына осы Ережемен реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде ықтимал өнім беруші ретінде қатысуға тыйым салынады.
5. Тендерді ұйымдастырушының және/немесе тапсырыс берушінің қызметкері, егер ол ықтимал өнім берушінің лауазымды немесе сенімді адамының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) болса не тендердің нәтижесінде өзге жағынан жеке мүдделі болса, сатып алу рәсімдеріне байланысты міндеттерді орындай алмайды.
6. Ықтимал өнім беруші мен оның аффилиирленген тұлғасының бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.
5-тарау. Ықтимал өнім берушіге қойылатын
біліктілік талаптары
7. Сатып алуға қатысу үшін ықтимал өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге:
1) кәсіптік біліктілігі, сондай-ақ фармацевтика рыногында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуға;
2) сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуға;
3) сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттілігі болуға;
4) төлем қабілеті болуға, сатып алуды жүргізу кезінде оның мүлкіне тыйым салынбаған болуға, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылып қоймаған болуға тиіс.
8. Ықтимал өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растау үшін тендерді ұйымдастырушыға аттестаттардың, куәліктердің, патенттердің, лицензиялардың, сертификаттардың, дипломдардың, анықтамалардың және өзге де құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен міндетті аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті де табыс етеді.
9. Тендерді ұйымдастырушының ықтимал өнім берушіге осы Ереженің 7-тармағында көзделгендерден өзге біліктілік талаптарын белгілеуге құқығы жоқ.
6-тарау. Тендерде сатып алынатын дәрілік заттарға
қойылатын талаптар
10. Сатып алынатын дәрілік заттарға қойылатын талаптар:
1) дәрілік заттар Қазақстан Республикасында тіркелуі және тұтынуға дайын болуы тиіс;
2) дәрілік заттарға дәрілік заттарды қолдану жөніндегі бекітілген нұсқаулықта сипатталмаған жанама әсері жағдайы болмауы тиіс;
3) дәрілік заттарға бекітілген нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкессіздік жағдайы болмауы тиіс;
4) төмен температурада сақтауды және мұздатудан қорғауды қажет ететін дәрілік заттар тиеу пунктінен соңғы тұтынушының пунктіне дейін сақтауды қамтамасыз ету үшін арнайы сыйымдылықтарда сақталуы және тасымалдануы тиіс;
5) тұтыну орамы мен дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс;
6) жеткізілген сәттегі қалдық жарамдылық мерзімі (тендерді ұйымдастырушы әрбір лот бойынша бөлек белгілейді);
7) дәрілік заттар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиісті өндірістік практика жағдайында өндірілуі тиіс (бұл талап тендерді ұйымдастырушының қалауы бойынша белгіленеді);
8) дәрілік заттардың клиникалық тиімділігі (бұл талап тендерді ұйымдастырушының қалауы бойынша белгіленеді);
11. Тендерді ұйымдастырушының тендерлік құжаттамада сатып алынатын дәрілік заттарға осы Ереженің 10-тармағында көзделгендерден өзге талаптар белгілеуге құқығы жоқ.
2-бөлім. Сатып алуды тендер тәсілімен жүзеге асыру 7-тарау. Ашық тендерді ұйымдастыру
12. Тендер өткізу туралы ықтимал өнім берушілер тендерлік өтінімдерді қабылдауды аяқтауға дейінгі 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей мерзімдік басылымда жарияланатын хабарландырумен хабардар етіледі.
Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу үдерісінің басталуы арасындағы уақыттың ұзақтығы екі сағаттан аспауы керек.
8-тарау. Тендер өткізу туралы хабарландыру
13. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланатын тендер өткізу туралы хабарландыруда мыналар болуы тиіс:
1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен мекен-жайы;
2) дәрілік заттардың атауы (халықаралық патенттелмеген атауы бойынша), сатып алу көлемі, сатып алатын дәрілік заттарды жеткізу орны;
3) талап етілетін жеткізу мерзімдері;
4) тендерлік құжаттаманы алудың тәсілі мен орны және оның құны;
5) тендерлік өтінімдерді беру орны және соңғы мерзімі;
6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны;
7) тендерді ұйымдастырушы айқындайтын өзге де қажетті ақпараттар.
9-тарау. Тендерлік комиссияның құрылу
және қызмет ету тәртібі
14. Тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру үшін оны ұйымдастырушы тендерлік комиссия құрады.
15. Тендерлік комиссияны әрбір тендерге тендерді ұйымдастырушы құрады.
16. Тендерлік комиссияның құрамына тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болуы және үштен аспауы тиіс. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.
Тендерлік комиссия тендерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тендерлік комиссия құру туралы шешімді тендерді ұйымдастырушы бекіткен сәттен бастап сатып алу шарттары күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.
Егер тендер өтпеді деп танылса немесе оның қорытындылары күшін жойса, онда тендерлік комиссия өз жұмысын тоқтатады.
17. Тендерлік комиссиялардың құрамына міндетті түрде тендерді ұйымдастырушының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары кіргізіледі, сондай-ақ тендерді ұйымдастырушының оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары кіргізілуі мүмкін.
18. Тендерлік комиссияның төрағасы тендерді ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен болмайтын адам болады, ол тендерлік комиссияның жұмысын басқарады, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасары атқарады.
19. Тендерлік комиссияның хатшысы мемлекеттік, сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тендерді ұйымдастырушының тиісті бөлімшесінің маманы болып табылады. Тендерлік комиссияның хатшысы ықтимал өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы ұсынады, ықтимал өнім берушілерден тендерлік өтінім салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және отырыс өткізілгеннен кейін оның хаттамаларын ресімдейді, келіп түскен тендерлік өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім берушілерді тіркеу журналын жүргізеді, оларда тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ықтимал өнім берушінің ұсынған уақыты мен күні және ықтимал өнім берушінің уәкілетті өкілінің (тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ұсынушы тұлғаның және тендерге қатысушының) тегі, есімі, әкесінің есімі көрсетіледі. Келіп түскен тендерлік өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілуге, беттері нөмірленуге тиіс, соңғы беті тендерді ұйымдастырушының мөрімен куәландырылуға тиіс.
20. Қажет болған кезде тендерді ұйымдастырушы дәрілік заттардың сапасын сараптауды жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшылары мен клиникалық фармакологтардан тұратын сарапшылар комиссиясын құра алады.
21. Техникалық сарапшылар (сарапшылар комиссиясы) ықтимал өнім берушілер ұсынған тауарлардың тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігі жөнінде сараптамалық қорытынды береді және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауысқа ие болуға құқығы жоқ. Техникалық сарапшылардың (сарапшылар комиссиясының) қорытындысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдерді бағалау мен салыстыру және тендер жеңімпазын анықтау кезінде, егер ол тендерлік құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған жағдайда ғана ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған техникалық сарапшылар (сарапшылар комиссиясының мүшелері) қол қояды және ол тендерлік комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
22. Тендер өткізу туралы нысан бойынша жарияланатын хабарландыру жарияланғанға дейін тендерді ұйымдастырушы тендерлік комиссияның құрамын, тендерлік комиссияның хатшысын бекітеді, қажет болған кезде техникалық сарапшыларды (сарапшылар комиссиясының құрамын) белгілейді, тендерлік құжаттаманы дайындайды және бекітеді. Осы тармақ бойынша барлық шешімдер тендерді ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен немесе бұйрығымен (бұйрықтарымен) қабылданады.
23. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады және егер ол үшін тендерлік комиссияның қатысушы мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, тендерлік комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, осы Ереженің 16-тармағына сәйкес төрағаның функциясы жүктелген төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
Тендерлік комиссияның қайсыбір мүшесі өндірістік немесе басқа себеппен болмаған жағдайда тендерлік комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі.
Егер тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмауы себебінен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы белгіленген күн мен уақытта өтпеген жағдайда, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және жарияланған мерзімнен 24 сағаттан кешіктірмей, конверттерді ашуды жүргізу күні мен уақыты туралы жариялайды. Бұл ретте жаңадан берілген өтінімдер қабылданбайды.
Егер хатшы жариялаған уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда, 24 сағат өткеннен кейін тендерді ұйымдастырушы тиісті шешіммен тендерлік комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыру бөлігіне осындай ауыстырудың себептерін көрсете отырып, тендерлік комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.
24. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына тендерлік комиссияның барлық қатысушы мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары мен хатшысы қол қояды.
10-тарау. Тендерлік құжаттаманың мазмұны
25. Тендерді ұйымдастырушы барлық ықтимал өнім берушіге мынадай ақпарат:
1) ықтимал өнім беруші өзінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін табыс етілуі тиіс құжаттар тізбесі;
2) техникалық ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, сатып алынатын дәрілік заттар сипатталған жазбалар мен олардың талап етілетін техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын дәрілік заттардың саны (көлемі);
4) дәрілік заттардың жеткізілу орны;
5) жеткізудің талап етілетін мерзімдері;
6) төлем талаптары және сатып алу туралы үлгі шарт;
7) жеңіп шыққан тендерлік өтінімді анықтау негізделетін бағадан басқа, барлық өлшемдердің сипаттамасы, тендерлік өтінімдерді бағалау мен салыстыру тәсілінің сипаттамасы;
8) бағаның басқа элементтерді тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды және т.б. төлеуге арналған шығыстарды қамтуға тиіс екендігіне не тиіс еместігіне нұсқамаларды қоса алғанда, конкурстық өтінімнің бағасын есептеу тәсілі мен әдістемесі;
9) тендерлік өтінімнің бағасы көрсетілуге тиісті валютаны немесе валюталарды және тендерлік өтінімдердің бағасын салыстыру мен бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын бағам;
10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңына сәйкес тендерлік өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау мен табыс етудің тіліне қойылатын талаптар;
11) ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімін көрсету қажеттілігі туралы ақпарат;
12) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәртібі, нысаны, мерзімдері;
13) ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқама;
14) тендерлік өтінімдер беру тәсілі, орны және соңғы мерзімі және олардың қолданылу мерзімі;
15) тендерлік құжаттаманың мазмұны бойынша ықтимал өнім берушілердің солардың көмегімен түсіндірме сұрата алатын тәсілдері және тендерді ұйымдастырушының сол кезеңде ықтимал өнім берушілермен ашық нысанда өткізілетін және хаттамаланатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламасы;
16) тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылатын орын, күн және уақыт (тендерлік өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткен кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей);
17) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу және тендерлік өтінімдерді қарау үшін пайдаланылатын рәсімдер;
18) отандық тауар өндірушіге - ықтимал өнім берушілерге басымдық беру талаптары мен тәртібі көрсетілген тендерлік құжаттаманы табыс етуі қажет.
26. Біртекті дәрілік заттарды сатып алу жөнінде тендер өткізу кезінде тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттамада оларды бөліктерге (лоттарға) бөлуі қажет. Бұл орайда тендер жеңімпазы әрбір лот бойынша анықталады. Бұл ретте тендер жеңімпазы әрбір лот бойынша анықталады.
27. Ықтимал өнім беруші тендерлік құжаттама ережелеріне түсіндірме беру туралы сұрау салып жүгінуге құқылы, бірақ ол тендерлік өтінімді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірілмеуі керек. Тапсырыс беруші сұрау салу тіркелген кезден бастап үш күн мерзім ішінде тендерлік құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал өнім берушіге осындай түсіндірмені хабарлауға тиіс.
28. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей өз бастамасымен немесе ықтимал өнім берушінің сауалына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы берген барлық ықтимал өнім берушілерге олар туралы дереу хабарлайды. Бұл орайда тендерді ұйымдастырушы ықтимал өнім берушілердің бұл өзгерістерді тендерлік өтінімдерде есепке алуы үшін тендерлік өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартады.
29. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру үшін тендерлік құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта ықтимал өнім берушілермен кездесу өткізуге құқылы.
Бұл орайда тендерді ұйымдастырушы осы кездесу барысында табыс етілген тендерлік құжаттамаға түсіндірме беру туралы сауал салу көздері көрсетілмеген сауалдарды, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама тендерлік комиссияға және тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал өнім берушілерге дереу жіберіледі.
30. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы табыс еткені үшін тендерлік құжаттаманың көшірмесіне нақты жұмсалған шығындардан аспайтын ақы алуға құқылы. Тендерлік құжаттаманы табыс еткені үшін мемлекеттік мекеме алатын ақы конкурсты ұйымдастырушының тиісті бюджет кірісінің есебіне аударылады.
Тендерлік құжаттаманы табыс еткені үшін денсаулық сақтау ұйымдары алатын ақы тендерді ұйымдастырушының қызмет көрсететін банктердегі банк шоттарына немесе оның бухгалтериясына енгізіледі.
31. Төлем туралы растау тендерлік құжаттаманы алу кезінде тендерді ұйымдастырушыға беріледі.
32. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тендерлік құжаттама тегін беріледі.
11-тарау. Тендерлік өтінімдердің қолданылу,
табыс етілу, өзгертілу және кері қайтарып
алыну мерзімі
33. Тендерге қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім беруші тендерлік өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттамаға сәйкес тендерлік өтінімді желімделген конвертке салып тендерді ұйымдастырушыға табыс етеді.
34. Тендерлік өтінім берудің ең соңғы мерзімі өтіп кеткеннен кейін берілген тендерлік өтінім ашылмайды және ол ықтимал өнім берушіге қайтарылады.
35. Тендерлік өтінімдер тендерлік құжаттамаға сәйкес онда көрсетілген мерзім ішінде күшінде қалады.
Тендерге қатысу үшін ықтимал өнім беруші берген тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі 45 күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.
36. Тендерге қатысуға тілек білдірген, заңды тұлға болып табылатын ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімінде мыналар болуы тиіс:
1) 2-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінім;
2) ықтимал өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар:
ықтимал өнім берушінің дәрілік заттарды өндіруге және/немесе көтерме саудада сатуға құқығын растайтын лицензияларының нотариалды куәландырылған көшірмесі (немесе заңнамада белгіленген нысандағы көшірмесі);
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылғы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылғы аудиторлық есебі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесі қажет емес);
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметті қамтитын жарғыдан немесе құрылтай құжаттарынан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында үш айдан асатын салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің жоқтығы немесе болуы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасы;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында ықтимал өнім берушінің банктің (банктердің) алдында үш айдан асатын мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылып, банктің (банктердің) мөрі басылған банктің (банктердің) анықтамасының түпнұсқасы (егер ықтимал өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, бұл анықтама осындай банктердің әрбірінен ұсынылады);
мамандардың біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілін көрсете отырып, олардың саны туралы мәліметтер;
өндірушінің немесе оның Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдігінің сенімхаты;
егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, осы резидент еместің салық есебінде жоқ екендігі туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
қалған жағдайларда, егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған қалған жағдайларда осы тармақта көзделген құжаттарды беру мүмкін болмаса, онда бұл өнім беруші жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттарды ұсынады;
3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған және ол болған кезде шегерімнің нақты мөлшері көрсетілетін ілеспе қызметтердің құнын қоса алғанда, берілетін тауарлардың түпкі бағасын құрайтын, ықтимал өнім берушінің барлық нақты шығындары баяндалған ықтимал өнім беруші ұсынған баға;
4) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының және Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайларының, оның ішінде "суықтық тізбегінің" бар-жоғын тексеру актісі;
5) тауарлардың шыққан тегі мен сапа сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері (немесе заңнамада белгіленген нысандағы көшірме) немесе тауарлардың бірінші партиясымен көрсетілген сертификаттардың берілгені туралы кепілхат;
6) техникалық ерекшеліктер;
7) ұсынылатын ілеспе қызметтер;
8) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
9) тендерлік құжаттамаға сәйкес ұсынылуы үшін қажетті басқа да құжаттар болуға тиіс.
37. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тендерге қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім беруші - жеке тұлғаның тендерлік өтінімінде:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға арналған өтінім және жеке куәліктің, паспорттың немесе жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарды ауыстыруға қабылдау туралы әділет органдары анықтамасының көшірмесі;
2) іс-әрекетке қабілетті болып табылатын ықтимал өнім беруші - ықтимал өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар:
ықтимал өнім берушінің дәрілік заттарды өндіруге және/немесе көтерме саудада сатуға құқығын растайтын лицензияларының нотариалды куәландырылған көшірмесі (немесе заңнамада белгіленген нысандағы көшірмесі);
заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында ықтимал өнім берушінің банктің (банктердің) алдында үш айдан асатын мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылып, банктің (банктердің) мөрі басылған банктің (банктердің) анықтамасы (егер ықтимал өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, бұл анықтама осындай банктердің әрбірінен ұсынылады);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында үш айдан асатын салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің жоқтығы немесе болуы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасы;
мамандықтар бойынша біліктілігі, жұмыс стажы көрсетілген қызметкерлердің болуы мен саны туралы мәлімет;
өндірушінің немесе оның Қазақстан Республикасындағы ресми өкілінің сенімхаты;
3) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған берілетін дәрілік заттардың түпкі бағасын құрайтын ықтимал өнім берушінің барлық нақты шығындары баяндалған ықтимал өнім беруші ұсынған баға;
4) тауарлардың шыққан тегі мен сапа сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері (немесе заңнамада белгіленген нысандағы көшірме) немесе тауарлардың бірінші партиясымен көрсетілген сертификаттардың берілгені туралы кепілхат;
5) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының және Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайларының, оның ішінде "суықтық тізбегінің" бар-жоғын тексеру актісі;
6) техникалық ерекшеліктер;
7) ұсынылатын ілеспе қызметтер;
8) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
9) тендерлік құжаттамаға сәйкес ұсынылуы үшін қажетті басқа да құжаттар болуға тиіс.
38. Ықтимал өнім беруші өзі берген тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпай, тендерлік өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Кері қайтарып алу туралы хабарламаны ықтимал өнім беруші жазбаша нысанда, бірақ тендерлік өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімінен кешіктірмей жіберуге тиіс.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге ешбір өзгеріс енгізілмеуге тиіс.
39. Тендерлік өтінімді ықтимал өнім беруші тігілген түрде, нөмірленген беттерімен ұсынады және соңғы беті оның қолымен, ал соңғы бетін мөрімен куәландырады.
Тендерлік өтінімнің техникалық бөлімі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолымен және мөрімен расталған) және банктік кепілдеменің түпнұсқасы тендерлік өтінімге бөлек тіркеледі.
40. Ықтимал өнім беруші тендерлік құжаттамада қажеттілігіне қарай "Түпнұсқа" және "Көшірме" деп көрсете отырып, тендерді ұйымдастырушы көрсеткен тендерлік өтінім көшірмелерінің қажет санын ұсынады. Олардың арасында алшақтық болған жағдайда түпнұсқаға басымдық беріледі.
Тендерлік өтінімнің түпнұсқасы және барлық көшірмелері басылуға немесе өшпейтін сиямен жазылуға және ықтимал өнім беруші қол қоюға тиіс.
Тендерлік өтінімде, ықтимал өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, жол арасында ешқандай қосу, өшіру немесе қосып жазу болмауға тиіс.
41. Ықтимал өнім беруші тендерлік өтінімнің түпнұсқасы мен әрбір көшірмесін әртүрлі конверттерге салып, мөрлейді, оларға "Түпнұсқа" немесе "Көшірме" деген белгі соғады. Бұл конверттерде ықтимал өнім берушінің атауы мен мекен-жайы көрсетілуге тиіс. Бұдан кейін конверттер сыртқы конвертке салынып, мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) тендерлік құжаттамада көрсетілген мекен-жай бойынша тендерді ұйымдастырушыға жіберілуге;
2) "_______________ сатып алу жөніндегі тендер" және (тендердің аты) "_______________________________________ дейін ашуға болмайды" (конверттерді ашудың тендерлік құжаттамада көрсетілген күні мен уақыты) деген сөздер жазылуға тиіс.
Осы Ереженің 33-тармағында көзделген тендерлік өтінімді өзгертуді ықтимал өнім беруші дайындауға, мөрленуге және ол тендерлік өтінімнің өзі сияқты ұсынылуға тиіс.
12-тарау. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету
42. Ықтимал өнім беруші, тендерлік өтінімді табыс ету кезінде тендерлік құжаттамада көзделген, тендерлік өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өзінің тендерлік өтінімін кері қайтарып алмайтынына немесе өзгертпейтініне кепілдік беретін нысанда, тәсіл мен жағдайларда мәлімделген жалпы соманың бір процентінен үш процентіне дейінгі мөлшерде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
43. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепілі;
2) банк кепілдігі түрінде берілуі мүмкін.
Ықтимал өнім беруші тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді ақша кепілі түрінде тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына енгізеді.
44. Тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауға тиіс.
45. Тендерді ұйымдастырушы ықтимал өнім берушіге енгізілген тендерлік өтінімді қамтамасыз ету келіп түскен кезінен бастап мынадай жағдайларда:
1) тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі өткен;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген;
3) тендерлік өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік өтінім кері қайтарып алынған;
4) тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейді деп, тендерлік өтінім қабылданбаған;
5) тендердің жеңімпазы айқындалмай, сатып алу рәсімдері тоқтатылған жағдайларда бес жұмыс күні ішінде қайтарып береді.
46. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету, егер ықтимал өнім беруші:
1) тендерлік өтінімді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) тендердің жеңімпазы ретінде анықтала отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаспаса, тендерлік өтінімді және тиісті қамтамасыз етуді табыс еткен ықтимал өнім берушіге қайтарылмайды.
47. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын ықтимал өнім беруші, тендерлік құжаттамада көзделген кепілдік беретін нысанда, тәсіл мен жағдайларда мәлімделген жалпы соманың бір жарым процентіне дейінгі мөлшерде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
13-тарау. Тендерлік өтінімдер салынған
конверттерді ашу
48. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер тендерлік құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақыт пен орында ашылады.
Ықтимал өнім берушілер немесе олардың өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатысуға құқылы.
49. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде тендерлік комиссия қатысып отырған тұлғаларға тендерге қатысатын ықтимал өнім берушілердің атауы мен тұратын жерін, олар ұсынған бағаны, егер олар құжат арқылы көрсетілсе, тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алуды және өзгертуді, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және бұл ақпаратты тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тіркейді.
14-тарау. Тендерлік өтінімдерді
бағалау және салыстыру
50. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде:
1) тендерлік комиссия ықтимал өнім берушілерден олардың тендерлік өтінім беруіне байланысты түсіндірмелер сұратуға құқылы;
2) тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейтін тендерлік өтінімді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сауалдар, ұсыныстар немесе рұқсаттар жасауға жол берілмейді.
51. Тендерлік комиссия, егер:
1) ықтимал өнім беруші біліктілік талаптарына сай келмесе;
2) ықтимал өнім беруші тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлем мен талаптарда тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізбесе;
3) осы тендерлік өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмесе;
4) тендерге қатысуға жіберілген ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімінің бағасы осы дәрілік заттарды сатып алуға бөлінген сомадан артық болса, тендерлік өтінімді қабылдамайды.
52. Егер:
1) тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келетін екіден кем ықтимал өнім беруші тендерлік өтінім ұсынған болса;
2) барлық берілген тендерлік өтінімдер тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейтіндіктен, қайтарылған болса;
3) тендерге қатысуға өтінімді тек бір ғана ықтимал өнім беруші берген болса, тендерлік комиссия тендерді өтпей қалды деп таниды. Тендерлік өтінім салынған өтінім конверт ашылмаған күйінде ықтимал өнім берушіге қайтарылады.
53. Егер тендер тұтас алғанда немесе қайсыбір лот бойынша өтпеді деп танылса, тендерді ұйымдастырушы қажет болған жағдайда тендерлік құжаттаманың мазмұнын өзгертеді және қайтадан тендер өткізеді.
Қайтадан ашық тендер өткізу қажет болған жағдайда тапсырыс беруші тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейінгі он күннен кешіктірмей мерзімдік басылымға хабарландыру жариялайды.
54. Егер тендерде барлық ықтимал өнім берушілердің бағалары сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе, тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттардың көлемін азайту туралы шешім қабылдауға және тендерде ұсынылған бағаларды ескере отырып, осы Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
55. Тендерлік комиссия тендерге қатысу үшін қабылданған тендерлік өтінімдерге баға беріп, оларды салыстырады және мынадай өлшемдерді ескере отырып, ең төменгі баға негізінде жеңіп шыққан тендерлік өтінімді айқындайды:
1) сатып алынатын тауардың сапасы;
2) тауарларды жеткізіп беру мерзімдері;
3) төлем шарттары;
4) ықтимал өнім берушінің біліктілік деректері;
5) білікті қызметкерлердің болуы;
6) дәрілік заттарды сақтау шарттарын қанағаттандыратын үй-жайлардың болуы;
7) ықтимал өнім берушілерді - отандық тауар өндірушілерді қолдау.
56. Тендерлік комиссия жеңімпаз тендерлік өтінімді анықтау кезінде отандық тауар өндіруші болып табылатын ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімінің бағасын шартты түрде 20 пайызға азайтады.
57. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде тендердің қорытындыларын шығарады.
58. Тендерлік комиссия тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тендер нәтижелерін барлық қатысқан ықтимал өнім берушілерге хабарлайды.
Хабарламада мынадай ақпараттар болуы тиіс:
1) тендерде сатып алынатын дәрілік заттардың атауы;
2) тендер жеңімпазының атауы мен орналасқан жері;
3) бірліктің бағасы туралы, сондай-ақ жеңімпаз ұсынған дәрілік заттардың жалпы сомасы туралы мәліметтер.
15-тарау. Тендер қорытындылары туралы хаттама
59. Тендер арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тендерлік комиссия тендердің қорытындылары туралы хаттама ресімдеуі қажет, онда мынадай ақпарат болуға тиіс:
1) сатып алынатын дәрілік заттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) тендерлік өтінімдерді табыс еткен ықтимал өнім берушілердің атауы мен орналасқан жері;
3) тендерлік өтінімдерді табыс еткен ықтимал өнім берушілердің біліктілік деректері;
4) әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа да негізгі жағдайлары;
5) тендерлік өтінімдерді бағалаудың мазмұны және оларды салыстыру;
6) тендерлік өтінімдер қабылданбаған жағдайда - олардың себептері;
7) әрбір лот бойынша тендердің жеңімпазының атауы мен орналасқан жері және жеңімпаздар анықталған шарттар;
8) егер тендер нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса, тендерлік комиссияның мұндай шешім қабылдауға негіздемесі;
9) тендерлік құжаттамаға түсіндірме беру туралы сауалдардың, оларға қайтарылған жауаптардың қорытылған мазмұны, сондай-ақ тендерлік құжаттамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың қорытылған мазмұны;
10) мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиіс болған мерзім (тендер жеңімпазы хабарламаны алған кезден бастап үш жұмыс күнінен аспауы керек).
11) техникалық сарапшыларды тарту туралы ақпарат;
12) сатып алу үшін бөлінген сома.
60. Тендерге қатысушының жазбаша өтініші бойынша оған тендердің қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесі берілуі тиіс.
16-тарау. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді
енгізудің тәртібі
61. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепілі;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес берілген банктік кепілдеме түрінде белгіленуі мүмкін.
Ықтимал өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ақша кепілі түрінде тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін тендерді ұйымдастырушы (тапсырысшы), егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 3%-ынан 5%-ына дейінгі мөлшерде белгілейді.
62. Тендерлік құжаттамада тендерді ұйымдастырушы мемлекеттік мекеменің атынан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуді ақша кепілі түрінде көздеген жағдайда, олар тапсырысшының тендерлік құжаттамада көрсетілген тиісті шотына енгізіледі.
63. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мазмұнын, нысанын және енгізілу талаптарын осы Ережеге сәйкес тапсырысшы анықтайды, олар тендерлік құжаттамада көрсетіледі және шартта айтылады.
64. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шартқа тараптар қол қойғаннан кейін, егер бұл шартта өзгеше көзделмесе, он жұмыс күні ішінде енгізеді.
3-бөлім. Сатып алуды өзге тәсілдермен
жүзеге асыру тәртібі 17-тарау. Өнім берушіні баға ұсыныстарын
сұратуды пайдалана отырып таңдау
65. Өнім берушіні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау тапсырыс беруші үшін егжей-тегжейлі ерекшеліктерінің елеулі маңызы жоқ, нақтылы бар дәрілік заттарға жүргізіледі, бұл орайда баға шешуші талап болып табылады.
66. Баға ұсыныстарын сұрату біртекті дәрілік заттарды сатып алудың жылдық көлемдері құны жағынан айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана қолданылады.
67. Өнім берушіні баға ұсыныстарын пайдалана отырып таңдау әдісін қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде дәрілік заттардың біртекті түрлерін сатып алудың жылдық көлемін бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.
68. Тапсырыс беруші кем дегенде екі аффилиирлендірілмеген ықтимал өнім беруші арасында жазбаша баға ұсыныстарын сұратады және түскен барлық баға ұсыныстарын қарайды.
Әрбір ықтимал өнім беруші жазбаша түрде ресімделуі тиіс бір ғана баға ұсынысын береді (ақы төлеуге арналған шот, прайс-парақ).
Бұған қоса, тапсырысшы дәрілік заттарды өндіру және көтерме саудада сату жөніндегі қызметтер міндетті түрде лицензиялануға тиіс екенін ескере отырып, осындай лицензияның нотариатпен куәландырылған көшірмесін сұратады.
Сатып алу шартын тапсырыс беруші ең төмен баға ұсынымын ұсынған ықтимал өнім берушімен жасайды.
18-тарау. Бір көзден сатып алу
және оны қолдану шарттары
69. Бір көзден мемлекеттік сатып алу тендерді қолданбай сатып алуды білдіреді және мынадай:
1) тендер екі мәрте өтпеді деп танылғанда;
2) баламалары болмаған кезде тауар бір өнім берушіде ғана болғанда;
3) дүлей зілзалалар (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандарды аурулардың және зиянкестердің зақымдануы туғызған төтенше жағдайлардың, сондай-ак өнеркәсіп, көлік авариялары мен басқа да авариялар, өрттер (жарылыстар), күшті әсер ететін улы радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар шығаратын (шығару қатері бар) өрттер, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, бөгеттердің бұзылуы, тіршілік етудің электр энергетикалық және коммуникациялық жүйелеріндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялар туғызған төтенше жағдайлардың салдарынан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сол тауарларға тендер өткізу мүмкіндігін жоққа шығаратын жедел қажеттіктер туындаған;
4) дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган растаған тауардың қалдықтары болмаған кезде күн сайын және (немесе) апта сайын тұтынылатын тауарларды тендердің қорытындылары шығарылғанға дейінгі кезеңге сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайларда ғана жүргізіледі.
70. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік комиссия осындай ықтимал өнім берушіден осы ықтимал өнім беруші ұсынып отырған бағасының барлық қажетті негіздемелерін сұратады.
71. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік комиссия сатып алу туралы хаттама жасауға тиіс, онда мынадай ақпараттар:
1) бір көзден сатып алу әдісін қолданудың негіздемесі;
2) бір көзден сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасы;
3) сатып алу шарты жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы болуға тиіс.
4-бөлім. Сатып алу шарты
72. Тапсырыс беруші қол қойған, тендерлік өтінімді жеңімпаз деп тану туралы жазбаша хабарламаны шартпен бірге тендердің қорытындысы шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші ықтимал өнім берушіге жібереді.
Сатып алу шарты оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
73. Тендердің жеңімпазы оның тендерлік өтінімін жеңіп шықты деп тану туралы хабарламаны және сатып алу туралы шарттың жобасын алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде осы шартқа қол қояды немесе тапсырыс берушіні келіспеушіліктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
74. Егер тендер жеңімпазы деп танылған ықтимал өнім беруші сатып алу шартына Ереженің 73-тармағында белгіленген мерзімдерде қол қоймаса, онда тапсырысшы тендер жеңімпазының ұсынысынан кейін ұсынысы Ереженің 51-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкес ұсынысы тапсырысшы үшін неғұрлым басымдыққа ие болып табылатын тендерге басқа қатысушымен шарт жасасуға құқылы, ол тендердің қорытындысы туралы хаттамамен расталады.
75. Сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа (бағасын төмендетуді қоспағанда) өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін қандай да бір өзгерістер және/немесе жаңа талаптар енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермейтін жағдайда сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа бағасын төмендету бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тапсырыс беруші сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейін шарттың бағасын төмендету мақсатында ықтимал өнім берушімен келіссөздер жүргізуге құқылы. Бұл ретте ықтимал өнім беруші мұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, ол тапсырыс берушіге дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі тендердің жеңімпазы болып танылған ықтимал өнім берушімен жасалатын шартқа қол қоюдан жалтару құқығын бермейді.
Егер сатып алу туралы шартты орындау барысында сатып алынатын ұқсас тауарлардың бағалары төмендеу жағына өзгерген жағдайда, осы тармақта көзделген ережелер ескеріле отырып, тапсырыс беруші мен ықтимал өнім берушінің екі жақты келісімі бойынша сатып алу шартына тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
76. Шарттың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші жүзеге асырады.
77. Сатып алу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің нормалары қолданылады.
5-бөлім. Қорытынды ережелер
78. Тапсырысшы шарттың орындалуына енгізілген қамтамасыз етуді өнім беруші осы шарт бойынша өз міндеттемелерін шартта көрсетілген мерзімде толық және тиісінше орындағаннан кейін немесе, егер шартта бұл мерзім көрсетілмесе, өнім беруші міндеттемелерін толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
79. Егер өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса немесе тиісті түрде орындамаса (тауарларды жеткізіп беру мерзімдерін бұзу, сапасыз тауарлар беру, шарттың басқа да талаптарын бұзу) және/немесе шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, онда тапсырысшы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттың орындалуына өнім беруші енгізген қамтамасыз етуді ұстап қалады.
80. Тендерлік рәсімдерді өткізу кезінде тендерлік комиссия жіберген жолсыздықтар анықталған жағдайда, тапсырысшының басшысы және/немесе тендерді ұйымдастырушы тендерді өтпеді деп тануға құқылы.
81. Ашылған тендерлік өтінімдер ықтимал өнім берушілерге қайтарылмайды. Банк кепілдігінің түпнұсқасына ерекшелік жасалуы мүмкін, бұл орайда тендерді ұйымдастырушы осы құжаттың тендерді ұйымдастырушы куәландырған ксерокөшірмесі сақталуға тиіс.
82. Өткізілген сатып алу материалдары тендерді ұйымдастырушының/тапсырысшының тиісті іс номенклатурасында белгіленген тәртіппен сақталады.
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемі шеңберінде
дәрілік заттарды сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу
ережесіне 1-қосымша
Алдағы болатын тендер туралы хабарландыру нысаны
__________________________________________________________ мынадай
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
тауарларды (тауарларды қысқаша сипаттау және олардың құны көрсетiлмеген саны (көлемi); (тендерді ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың тiзбесi, олардың саны және егжей-тегжейлi ерекшелiгi тендерлік құжаттамада көрсетілген деп сілтеме жасауға құқылы) мемлекеттiк сатып алу бойынша тендер өткiзу туралы хабарландырады.
Тауар жеткiзiлуi тиіс: (тауарларды жеткiзу орны көрсетiледi).
Жеткiзудің (орындаудың, көрсетудің) талап етiлетiн мерзiмi____
Тендерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "___" қарашадағы N ___ бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесінің 7-тармағында көрсетілген біліктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық ықтимал өнiм берушiлер жiберiледі.
Тендерлік құжаттама пакетiн______ ж."____" ________ (тендерлік өтiнімдер салынған конверттердi ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыты мен күнi көрсетiледi) _______ сағатты қоса алғанда дейiнгі мерзiмде мына мекен-жай бойынша _________, N ________ бөлме сағат_____ -ден _____ -ге дейiн немесе мекен-жайы _______________ электрондық почта бойынша ықтимал өнiм берушi тендерлік құжаттама төленгенi туралы құжатты бергеннен кейiн алуға болады.
Тендерлік құжаттама пакетінің құны ________ теңгенi құрайды және ________ есепшотқа енгізiледi (тендерді ұйымдастырушының тиiстi есепшоты көрсетіледi) (егер ақы төлеу көзделмесе, осы абзац алынып тасталады).
Ықтимал өнiм берушілер тендерге қатысу үшiн конверттерге жапсырылған тендерлік өтiнiмдерiн (тендерді ұйымдастырушының атауы көрсетiледi) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменiң N көрсетiледi) табыс етедi (жiбередi).
Тендерлік өтiнімдердi табыс етудің соңғы мерзiмi (уақыты мен күні көрсетіледi) дейiн.
Тендерлік өтiнiмдер салынған конверттер (уақыты мен күнi көрсетіледi) мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменiң N көрсетіледi) ашылады. Ықтимал өнiм берушiлер тендерлік өтiнімдер салынған конверттерді ашу кезiнде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы (қаланың коды мен телефон нөмiрi көрсетіледi) телефон бойынша алуға болады.
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемі шеңберінде
дәрілік заттарды сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу
ережесіне 2-қосымша
(Кiмге) ____________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
(Кiмнен) ___________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнің атауы)
Тендерге қатысуға өтiнiм
(жеке және заңды тұлғалар үшiн)
Оның алынғандығы осымен куәландырылатын ______________________
(тендердің атауы)
____________________________________________________________________
тендер өткiзу жөнiндегi тендерлік құжаттаманы қарай келiп, _________
____________________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнің атауы)
тендерлік құжаттамаға сәйкес мынадай лоттар бойынша тауарларды берудi жүзеге асыруды ұсынады:
____________________________________________________________________
(тауарлардың толық сипаттамасы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы тендерлік өтiнiм мыналардан тұрады:
1.
____________________________________________________________________
2. ____________________________________________________________________
3. ____________________________________________________________________
4. ____________________________________________________________________
5. ____________________________________________________________________
6. ____________________________________________________________________ 7. ____________________________________________________________________
8. ____________________________________________________________________
9. ____________________________________________________________________
10.________________________________________________________________
Мен (Бiз), бiздiң тендерлік өтiнiм ұтып шықты деп танылған жағдайда, __________ күн iшiнде тауарларды берудi бастауға және осы тендерлік өтiнiмде көрсетiлген барлық тауарларды берудi бiздiң тендерлік өтiнiмдi ұтып шықты деп тану туралы Сiзден хабарлама алған сәттен бастап _________ күн iшiнде аяқтауға мiндеттенемiз.
(жазбаша)
Бiздiң тендерлік өтiнiм ұтып шықты деп танылған жағдайда, бiз шарттың жалпы сомасының _________ процентiн құрайтын coмaғa
(жазбаша)
мемлекеттiк сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етудi енгiземiз.
Осы тендерлік өтiнiм тендерлік өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап _________ күн iшiнде қолданылады.
(жазбаша)
Сатып алу шартын жасасқан сәтке дейiн осы тендерлік өтiнiм оны ұтып шықты деп тану туралы Сiздiң хабарламаңызбен бiрге бiздiң арамыздағы мiндеттi шарт рөлiн атқаратын болады.
________________ ___________________________
(Қолы, күнi) (Лауазымы, тегі, аты-жөнi)
M.O.
______________________________________________________ атынан
(ықтимал өнiм берушінiң атауы)
және тапсыруы бойынша тендерлік өтiнiмге қол қоюға барлық өкiлеттiгі бар.
* егер шартты орындауды қамтамасыз етудi енгізу тендерлік құжаттамада көзделген болса көрсетіледi
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемі шеңберінде
дәрілік заттарды сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу
ережесіне 3-қосымша
Ықтимал өнiм берушiнiң тендерлік өтiнiмiнiң
бағалар кестесi
(ықтимал өнiм берушiнiң атауы,
әрбiр лотқа жеке толтырылады)
P/c |
Мазмұны |
Тауарлардың |
1 |
2 |
3 |
1 |
Қысқаша сипаттамасы |
|
2 |
Шыққан елi |
|
3 |
Жасаушы зауыт |
|
4 |
Өлшем бiрлiгi |
|
5 |
Бiрлiк бағасы _______ |
|
6 |
Саны (көлемi) |
|
7 |
Барлық бағасы = 5 жол х 6 жол___ |
|
8 |
Ықтимал өнiм берушiнiң |
|
8.1 |
||
8.2 |
||
9 |
Шегерiм ұсынылған жағдайда, |
|
9.1 |
||
9.2 |
Біз тендерлік құжаттамада айтылған Сіздің төлем шарттарыңызбен келісеміз. Төлемнің мынадай балама шарттарын
____________________________________________________________________
(егер төлемнің балама шарттары болса, санамаланады)
немесе басқа шарттарды (санамалау:_______________________________)
ұсынамыз, бұл ретте ________________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша көрсетіледі)
____________________________________мөлшерде баға шегерімін береміз.
__________________ _____________________________
(Қолы) (Лауазымы, тегі, аты-жөні)
M.O.
Ескерту: ықтимал өнiм берушi 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның құрамдастарын көрсетпеуi мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны тендерлік комиссия ықтимал өнiм берушiнiң барлық шығындарын ескере отырып, белгiленген ретiнде қарайды және қайта қарауға жатпайды.