Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін оның мерзімдік басылымдарда ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                 Ж.Досқалиев

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі № 310
бұйрығына қосымша     

Денсаулық сақтау саласындағы күшін жойған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1) «Емдік препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметті лицензиялау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 ж. 30 қарашадағы N 761 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 5 қаңтарда № 1353 тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі бойынша агенттігінің 2000 жылғы 30 қарашадағы № 761 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2001 жылғы 26 қарашадағы № 1075 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 25 қазанда № 1703 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Орталық атқару және басқару мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені» жарияланған 2002 ж.,№ 12, 557 бет);
      3) «Емдік препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметтерді лицензиялау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 761 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 858 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 22 қазанда № 2020 тіркелген);
      4) «Рецептсіз босатылатын дәрілік заттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2002 жылғы 27 тамыздағы N 110 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 3 қазанда № 1995 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені» жарияланған 2003 ж., № 2, 764 бет);
      5) «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 3 қазандағы N 1995 болып тіркелген «Рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің 2002 жылғы 27 тамыздағы N 110 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 136 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 6 қазанда № 2515 тіркелген, 2003 жылғы 8 қарашада «Официальная газета» газетінде жарияланған № 46 (151));
      6) «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 3 қазанда N 1995 тіркелген «Рецептісіз босатылатын дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің төрағасының 2002 жылғы 27 тамыздағы N 110 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2004 ж. 16 қаңтардағы N 7 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 3 ақпанда № 2694 тіркелген, 2004 жылғы 20 наурызда «Официальная газета» газетінде жарияланған № 12 (169));
      7) «Рецептісіз босатылатын дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2002 жылғы 27 тамыздағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрайымының 2006 жылғы 24 ақпандағы № 23 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 10 наурызда № 4113 тіркелген, 2006 жылғы 7 сәуірде № 61-62 (1041-10-42) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      8) «Фармацевтикалық қызметті мемлекеттік қадағалауды және дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 55 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 14 наурызда № 3488 тіркелген, 2005 жылғы 2 желтоқсанда № 224-225 (958-959) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      9) «Қазақстан Республикасының фармакопеялық құжаттарын әзірлеу мен бекіту жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 10 наурыздағы № 35 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 31 наурызда № 3529 тіркелген, 2005 жылғы 9 қыркүйектегі № 165-166 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      10) «Дәрілік заттарды өндірудің технологиялық регламенттерін келісу, оларды есепке алу мен жүйелендіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы № 129 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 21 сәуірде № 3574 тіркелген, 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 160-161 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      11) «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 618 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 20 желтоқсанда № 3976 тіркелген, 2005 жылғы 28 желтоқсанда № 243-244 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      12) «Медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдану жөніндегі тұтынушыларға арналған нұсқаулықтың (аннотация-қосымша бет) мәтінін жасау жөніндегі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 356 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 1 қыркүйектегі № 4363 тіркелген, 2006 жылғы 29 қыркүйекте № 174 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      13) Дәрілік заттардың есебін жүргізу жөніндегі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 216 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы № 5224 тіркелген, 2008 жылғы 20 маусымда № 93 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      14) «Қазақстан Республикасында Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 25 наурыздағы № 278 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 22 сәуірде № 2814 тіркелген).   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады