Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және одан айрылу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 418 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 407 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3981. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 234 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 234 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және одан айрылу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 418  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2633 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде N 9 2004 жылғы 16 қаңтарда жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
 

      аталған қаулымен бекітілген Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және одан айрылу ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бағалы қағаздар рыногына реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңды тұлғаға осы заңды тұлғаның мүшелері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногында қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыратын кәсіби қатысушылардың өтініші мен тізімінің негізінде өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін береді.";
 

      4-тармақтағы "1-тармақтың 1)-4) тармақшасындағы" деген сөздер "1-тармақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      5-тармақтағы "1-тармақтың 1)-4) тармақшасындағы" деген сөздер "1-тармақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
 

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 декабря 2003 года № 418 "Об утверждении Правил присвоения юридическому лицу статуса саморегулируемой организации и его утраты"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 ноября 2005 года № 407. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 декабря 2005 года № 3981. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 234

     Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.08.2012 № 234.

     В целях приведения нормативных правовых актов в соответствие с Законом Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 декабря 2003 года N 418 "Об утверждении Правил присвоения юридическому лицу статуса саморегулируемой организации и его утраты" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2633, опубликованное 16 января 2004 года в газете "Казахстанская правда" N 9), следующие изменения:      
     в Правилах присвоения юридическому лицу статуса саморегулируемой организации и его утраты, утвержденных указанным постановлением:
     пункт 1 изложить в следующей редакции:
     " 1. Государственный орган, осуществляющий регулирование и надзор за рынком ценных бумаг (далее - уполномоченный орган) присваивает юридическому лицу статус саморегулируемой организации на основании заявления и списка лицензиатов, осуществляющих определенный вид деятельности на рынке ценных бумаг и являющихся членами данного юридического лица.";

     в пункте 4 слова "подпунктов 1)-4) пункта 1" заменить словами "части первой пункта 1".

     в пункте 5 слова "подпунктов 1)-4) пункта 1" заменить словами "части первой пункта 1".

     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     3. Управлению лицензирования (Жумабаева З.С.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана" и Объединения юридических лиц "Ассоциация управляющих активами".

     4. Отделу международных отношений и связей с общественностью Агентства (Пернебаев Т.Ш.) принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

     5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

      Председатель