Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.03.12 № 81 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Патент заңын және "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2001 жылғы 1 қарашадағы N 69 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1712 тіркелген, 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 55-б бұйрықпен енгізілген өзгерістер және толықтыруларды қамтитын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2004 жылғы N 41-44 бюллетенінде, 1032-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережеде:
24, 25, 26, 27, 28, 33, 37-тармақтар алып тасталсын.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрайым