Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға түспеген).
"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" қаулысын орындау барысында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссия құрылсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссия Ережесі бекітілсін.
3. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 наурыздағы
N 3-1-905қ "Астана қаласында қылмыстың алдын алу және бетін қайтаруға ықпал ететін азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссияны құру және Астана қаласы әкімінің 2000 жылғы 26 қыркүйектегі N 3-1-364ө "Қылмыстың алдын алу және бетін қайтаруға ықпал ететін қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысушы азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссияны құру туралы" өкімінің күші жойылғандығын тану туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
Әкім
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
"Астана қаласының Қаржы департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
Құжаттамалық сараптама
бөлімінің меңгерушісі
Мемлекеттік-құқық
бөлімінің меңгерушісі
КЕЛІСІЛДІ
Депутаттық өкілеттіктердің заңдылығын
және құқық тәртібі және қала
мәслихатының этикасы мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы
"Астана қаласының Ішкі істер бас
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 13 қаңтардағы
N 3-1-27қ қаулысына
1-қосымша
Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды ынталандыру
жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Толыбаев Марат Еркінұлы - Астана қаласы әкімінің
орынбасары, комиссия төрағасы;
Досымов Серімжан Төлеуұлы - қаланың ІІББ бастығы,
комиссия төрағасының
орынбасары;
Шегай Константин Геннадьевич - Астана қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік-құқық бөлімінің
бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Овчинников Сергей Андреевич - қала мәслихатының депутаты;
Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы - қаланың "Алматы" ауданының
әкімі
Ахметов Сапар Қайратұлы - қаланың "Сарыарқа" ауданының
әкімі
Мұхамбетқазы Мұрат Бақытұлы - Астана қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік-құқық бөлімінің
меңгерушісі;
Асқарова Айгүл Ермағамбетқызы - қаланың Қаржы департаментінің
директоры
Дейсүков Ерік Тұрсынұлы - "Алматы" ауданы Ішкі істер
басқармасының бастығы
Былқилов Мәжит Текешұлы - "Сарыарқа" ауданы Ішкі істер
басқармасының бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 13 қаңтардағы
N 3-1-27қ қаулысына
2-қосымша
Астана қаласында қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
ынталандыру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды ынталандыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрылу және қызмет ету тәртібін, мәртебесін белгілейді.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" қаулысын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
3. Комиссияның жұмысшы органы - "Астана қаласының Ішкі істер бас басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
мен қызметтері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азаматтарды тарту туралы Басқарманың өтінімдерін қарастырады;
2) ынталандыру түрлері мен тәртібін, сондай-ақ хаттамамен ресімделетін ақшалай ынталандыру көлемін белгілеу туралы шешімдер шығару болып табылады.
5. Комиссия негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында мына қызметтерді орындайды:
1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азаматтардың Басқарманың өтінімімен ұсынылған құжаттарды зерделейді;
2) жұмысшы органның - Басқарманың қызметін бақылауды жүзеге асырады.
3. Комиссия мәжілісін қалыптастыру
және өткізу тәртібі
6. Комиссия Астана қаласының әкімдігімен құрылады.
Комиссия құрамына келісім бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттары кіреді.
7. Комиссия мәжілісін Комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда - төраға орынбасары жүргізеді.
8. Комиссия мәжілісі тұрақты (тоқсан сайын) өткізіледі. Комиссия хатшысы төрағаның (төраға орынбасарының) келісімі бойынша Комиссия мүшелерін Комиссия мәжілісінің өткізілетін күні мен уақыты, күн тәртібі және Басқарма ұсынған өтінім жайлы хабардар етеді.
9. Комиссия ашық дауыс беру жолымен оны мүшелерінің кемінде екіден үшінің қатысында шешім қабылдайды.
10. Шешім Комиссияның қатысқан мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауысы шешуші болып табылады.
11. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттаманы Комиссия хатшысы жүргізеді. Хаттамаға Комиссия мүшелері Комиссия мәжілісі өткізілген күні қол қояды.
12. Комиссия мүшелері қол қойған хаттама бір күн ішінде Басқармаға тапсырылады.
13. Комиссия мүшелерінің өз пікірлері бар, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалады және хаттамаға қоса тіркеледі.
14. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.