Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 37 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының азаматтарын құқық тәртiбiн және қоғамдық қауiпсiздiктi қорғауға қатысуға белсендi тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуге ақы төлеуге қаражат көздеу ұсынылсын.

      3. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 12 тамыздағы
N 1243 қаулысымен
бекiтiлген

Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен,
қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу
ережесi

      Осы Ереже қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесiн реттейдi.

      1. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссиялар (бұдан әрi - комиссия) қарайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.26 N 291 Қаулысымен.

      2. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi атқарушы органдар мен iшкi iстер органдарының өкiлдерi енгiзiледi.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды комиссияның қарауына iшкi iстер органдары ұсынады.

      4. Комиссия қабылдаған шешiм - көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес iшкi iстер органы басшысының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      6. Ақшалай сыйақы төлеудi, көтермелеуге ұсыныс енгiзген iшкi iстер органдары жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      7. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат iшкi iстер органдары шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады