Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілетін науқастардың жол жүру құнын өтеу Қағидасы туралы

Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 127/17-III шешімі. Астана қалалық Әділет департаментінде 2005 жылғы 29 сәуірде N 387 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы N 441/59-IV шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 441/59-IV шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.05.28 N 226/35-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін    2-тармақтан қараңыз); 2010.04.21 № 350/46-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
      қоса беріліп отырған Медициналық көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерге емделуге жіберілетін науқас адамдардың жол жүру құнына ақы төлеу ережесі бекітілсін.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Келісілген:

      Астана қаласы денсаулық сақтау
      департаментінің бастығы

Астана қаласы мәслихатының
2005 жылғы 29 наурыздағы
N 127/17-III шешімімен
бекітілген

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "Департамент", "Департаментпен" деген сөздер "Басқарма", "Басқармамен" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.08.26 N 243/37-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен     

Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде
емделуге жіберілетін науқастардың жол жүру құнын өтеу
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.05.28 N 226/35-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз); 2009.08.26 N 243/37-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2010.04.21 № 350/46-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да), Астана қаласының Денсаулық сақтау Басқармамен (бұдан әрі - Басқарма) берілген, белгіленген үлгідегі жолдамасы бар болғанда жүргізіледі.
      2. "Тұрғылықты жерінен тысқары емделетін азаматтарды тегін немесе жеңілдіктермен қамтамасыз ету" 016 бағдарламасының әкімгері  Басқарма болып табылады.
      3. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) жылына бір рет жүргізіледі.
      Онкологиялық, урологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын науқастардың және олардың жолсерік адамы (бір адамнан көп емес) жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) олардың өтініштері бойынша жүргізіледі.
      4. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) қаржылық жылға сәйкес Астана қаласының бюджеті қаражаты есебінен жүргізіледі.

2. Емделетін науқастардың және олардың жолсерік адамының
жол жүру құнын өтеу тәртібі

      5. Басқарма Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жол серік адамының Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеуді (екі жаққа да) мына құжаттар (көшірмелері мен түпнұсқалары) негізінде жүзеге асырады:
      1) СТН мен Астана қаласы банкілері бөлімшелеріндегі есеп (карталары) шоты көрсетілген өтініш;
      2) жеке куәлігі;
      3) Басқармамен берілген, белгіленген үлгідегі емделу жолдамасы;
      4) тұрғындарды тіркеу кітапшасы;
      5) жол жүріп барғанын растайтын билеттер.
      6. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) темір жол көлігі, жедел поезының купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, әуе, темір жол және қала аралық автомобиль көлігінде жүруіне жүргізіледі.
      7. Науқастардың және оның жолсерік адамының емделуге жол жүріп барғанын растайтын құжаттар емделу орнынан келген күннен екі ай мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуы қажет.
      8. Емделуші науқас пен оның жолсерік адамының емделуге жол жүру билеттері жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және қайтар жолының жүріп барғанын растайтын анықтама тапсырылуы керек.
      9. Басқарма емделуші науқастардың және олардың жолсерік адамының жол жүру құнын өтеу науқастар мен олардың жолсерік адамының Астана қаласының жекелеген банктері бөлімшелеріндегі есеп (карталары) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.

О Правилах оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан

Решение Маслихата города Астаны от 29 марта 2005 года N 127/17-III. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 29 апреля 2005 года N 387. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 11 марта 2011 года N 441/59-IV

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 11.03.2011 N 441/59-IV

      Рассмотрев предложение акимата города Астаны, руководствуясь Кодексом Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения и статьей 6 закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат города Астаны РЕШИЛ:
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными решением маслихата города Астаны от 28.05.2009 № 582 (порядок введения в действие см. п. 2); от 21.04.2010 N 350/46-IV (порядок введения в действие см. п. 2)
     Утвердить прилагаемые Правила оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан.

     Председатель сессии
     маслихата города Астаны                       Б. Сыздыкова

     Секретарь маслихата
     города Астаны                                 В. Редкокашин    

     Согласовано:

     Директор департамента
     здравоохранения города Астаны                 В. Дудник

Утверждены            
решением маслихата   
города Астаны        
от 29 марта 2005 года
N 127/17-III         

      Сноска. По всему тексту Правила слова "Департамент", "Департаментом" заменены словами "Управление", "Управлением" в соответствии с решением маслихата города Астаны от 26.08.2009 N 243/37-IV (порядок введения в действие см. п. 2)

ПРАВИЛА
оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским
показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан

     Настоящие Правила разработаны в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения», приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года N 941 "Об утверждении Правил об оказании высокоспециализированной медицинской помощи".
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными решением маслихата города Астаны от 26.08.2009 N 243/37-IV (порядок введения в действие см. п. 2); от 21.04.2010 N 350/46-IV (порядок введения в действие см. п. 2)

 1. Общие положения

     1. Оплата стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан, и лиц, их сопровождающих (в оба конца), производится при наличии направления установленного образца, выданного Управлением здравоохранения города Астаны (далее - Управление).
     2. Администратором программы 016 "Обеспечение граждан бесплатным или льготным проездом за пределы населенного пункта на лечение" является Управление.
     3. Оплата стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан, и лиц, их сопровождающих, производится один раз в год (в оба конца).
     Больным с онкологическими, урологическими и туберкулезными заболеваниями и лицам, их сопровождающим (не более одного человека), оплата стоимости проезда (в оба конца) производится по мере их обращения.
     4. Оплата стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан, и лиц, их сопровождающих (в оба конца), производится за счет средств бюджета города Астаны на соответствующий финансовый год.
 

2. Порядок оплаты стоимости проезда больных
на лечение и лиц, сопровождающих их

     5. Управление осуществляет выплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан, на основании следующих документов (копии и оригинал):
     1) заявления, с указанием РНН и лицевого (карт) счета в отделениях банков города Астаны;
     2) удостоверения личности;
     3) направления на лечение установленного образца, выданного Управлением;
     4) книги учета жильцов;
     5) билетов, подтверждающих факт поездки.
     6. Оплата стоимости проезда больного, направленного по медицинским показаниям на лечение, и лица, сопровождавшего его, производится за проезд на воздушном, железнодорожном и междугородном автомобильном транспорте (в оба конца), но в размере не более стоимости билета купейного вагона скорого поезда железнодорожного транспорта.
     7. Документы, подтверждающие факт проезда на лечение больного и лица, сопровождавшего его, должны быть представлены не позднее двухмесячного срока со дня приезда из места лечения.
     8. В случае утери билетов, подтверждающих проезд больного и сопровождавшего его лица, должна быть представлена справка, подтверждающая стоимость проезда до места лечения и обратно.
     9. Управление производит оплату стоимости проезда на лечение больных и лиц, сопровождавших их, путем перечисления денежных средств на лицевые (карт) счета больных и лиц, сопровождавших их, в отделениях банков города Астаны.