Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.07.23 N 28-667қ қаулысымен.
Су тартудың қалалық желісіне ағын суды қабылдау және ағызу жүйесін реттеу мақсатында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының су тарту жүйесіне өндірістік ағын суды қабылдау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Есіловке жүктелсін.
Әкім
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
"Астана қаласының Қаржы
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
Құжаттамалық сараптама
бөлімінің меңгерушісі
"Астана қаласының Энергетика
және коммуналдық шаруашылық
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана су арнасы"
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас директоры
Астана қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 7 қыркүйектегі
N 9-06-661қ қаулысымен
бекітілген
Астана қаласының су қашыртқы жүйесіне
өндірістік ағын суларын қабылдау
Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астана қаласының су қашыртқы жүйесіне өндірістік ағын суларын қабылдау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мүмкін шекті концентрация мөлшерлемелерін, жалпы су қашыртқы жүйесіне ағын суларын қабылдау жағдайларын, қалалық су қашыртқы желісіне ағызу рұқсатын беру тәртібін, Қағидалардың бұзылуына әсер ететін шараларды қабылдау мақсатында әзірленген.
2. Қағида:
1) тұрғын үй қорынан, оқу және мектепке дейінгі орын-жайлардан, қонақ үйлерден, театрлар мен кинотеатрлардан, емдеу-алдын алу мекемелерінен, монша-кір жуу шаруашылығы кәсіпорындарынан (тұрғындар пунктінің ағындар көлемі ағындылар көлемінің 25%-дан төмен болғанда), өндірістік кәсіпорындарынан және басқа да мүмкін шекті концентрация (бұдан әрі - МШК) шегінде ластағыш заттармен ағатын ағын сулар объектілерінен ағын суларды қабылдау тәртібін белгілейді;
2) тармақшада айтылған және жеке шығаруы бар объектілерге, кір жуу, емдеу мекемелеріне, монша-кір жуу шаруашылығы (тұрғындар пунктінің ағындар көлемі ағындылар көлемінің 25%-дан төмен болғанда) өндірістік Кәсіпорындарға (бұдан әрі - Кәсіпорын) салынған және қосып салынған шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан ағын суды қабылдауды реттейді;
3) Тұтынушылардың шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (бұдан әрі - Жұмыс беруші) "су шаруашылығы және кәріздік жүйе қызметтері" қызмет түрі жөнінде Астана қаласы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік регистрінің жергілікті бөлігі қосылған қарым-қатынасының тәртібін анықтайды.
3. Кәсіпорынның ағын суларында ағын суларын биологиялық тазартуға кедергі келтіретін айрықша ластану бар. Ондай сулардың ағуы талап ету кешенімен шектеледі.
4. Қаланың су қашыртқы жүйесіне ағызылатын өндірістік кәсіпорындардың ағынды сулары:
кәріз желілері мен орын-жайлардың жұмысын және оларды пайдалану қауіпсіздігін бұзу;
құбырлардың, құдықтардың, торлардың ішін қоқысқа толтыратын немесе құбырлардың, құдықтардың, торлардың қабырғасына жабысып қалатындай мүмкіндігі бар заттарды ұстау (қабыршақ, құм, әк, гипс, мазут, металл жоңқасы және т.б.);
құбыр материалдарының және су қашыртқы жүйесі орын-жайлары элементтерінің бұзылуына ықпал жасайтын заттарды ұстау;
сарқынды суларды биологиялық тазалауға кедергі жасайтын шоғырланған түрдегі зиянды заттарды ұстау;
қауіпті бактериологиялық ластануға жол беру;
су қашыртқы орын-жайлары мен жүйелерінде улағыш газдарды қалыптастыру мүмкіндігі бар қышқылдарды, жанғыш қоспаларды, улағыш және сейілген газ тектес заттарды ұстау (күкіртсутек, күкірткөмірсутек, көмірсутек тотығы, жеңіл ұшқыш хош иісті көмірсутек жұбы және басқа да жарылғыш және улы қоспалар);
тек минералды заттарды ұстау;
биологиялық "қатты" жоғарғы белсенді заттарды (бұдан әрі - ЖБЗ) ұстау жағдайларын болдырмау керек.
5. Қаланың су қашыртқы жүйесіне:
су объектілеріндегі ластағыш заттардың белгіленген Қағидасында көрсетілген шығындар мен құрамдардың шекті шамасынан асып кетуіне әкеліп соқтыратын ағынды суларды;
температурасы 40 градустан асатын өндірістік ағынды сулар, рН 6,5-тен төмен немесе 9,0-ден жоғары, оттектің химиялық қажеттілігі (бұдан әрі - ОХҚ) оттектің биологиялық қажеттілігінен (бұдан әрі - ОБҚ) 1,5 есе жоғары;
өндірістік үдерістерде ластанбаған өндірістік ағынды суларды (нормативті таза);
топырақ, құрылыс және тұрмыстық қоқыс, сондай-ақ басқа да өндірістік және шаруашылық қалдықтарды;
өндірістік алаңдардың үстіңгі ағымдарын (жаңбыр, еріген қар т.б. сулар) ағызып жіберуге тыйым салынады.
Егер өндірістік ағынды сулардың физика-химиялық құрамы бұл талаптарды қанағаттандырмайтын болса, ағынды сулар алдын-ала тазартылуы және өңделуі тиіс. Алдын-ала тазарту дәрежесі мен жергілікті тазартылған орын-жайлардың жобасы "Астана су арнасы" МКК-мен келісілуі қажет.
Ағынды сулардың маңызды тербелісі болған жағдайда бір тәулік ішінде ағынды сулардың бірқалыпты жіберілуін қамтамасыз ететін ортайтқыш сыйымдылықтарды қарастыру қажет. Тазартудың биологиялық үдерісі бұзылған кезде қышқылдық және сілтілік өндірістік ағынды суларды су қашыртқы жүйесіне жіберерде бейтараптандыру және ортайту қажет.
6. Өндірістік ағынды сулардың қаланың су қашыртқы жүйесіне қатысты алымы ағынды сулардың кәсіпорынның аумағынан шығатын жерінде орналасқан, міндетті түрде бақылау құдығының құрылғысы болатын жеке шығарылымдармен жүзеге асырылуға тиісті.
7. Қаланың су қашыртқы жүйесінде өндірістік ағынды сулардың қосылуына жол берілмейді, олардың өзара бірігуі эмульсиялардың, улағыш немесе жарылғыш қаупі бар газдардың қалыптасып кетуіне әкеліп соқтыратын, сол сияқты ерімейтін заттар мөлшерінің көбейіп кетуіне жол ашады, мысалы құрамында сілті ерітінділері, магний немесе кальций тұзы, сода және қышқыл сулар, натрий сульфиды мен хлор, фенолдың және т.б. шамадан тыс құрамы бар су болатын ағынды сулардың пайда болуын осы ретке жатқызуға болады.
2. Өндірістік ағынды суларды су қашыртқы жүйесіне
ағызуға ведомстволық рұқсат беру тәртібі
8. Кәсіпорындардың жиналған ағынды суларын ағызуды тек Жұмыс берушімен жасалған ағынды суларды қабылдау және жіберу шарты және ағызу рұқсаты болған жағдайында ғана жүзеге асырылады.
9. Кәсіпорындардың өндірістік ағынды суларын қаланың су қашыртқы жүйесіне жіберу рұқсатын осы орын-жайларды пайдаланатын Жұмыс беруші береді.
10. Жаңадан салынған немесе қайта жаңартылған Кәсіпорындарға өндірістік ағынды суларды қалалық су қашыртқы жүйесіне ағызу рұқсаты тек қана жұмыс істеп тұрған қалалық су қашыртқы жүйесінің тазартқыш орын-жайы болған ретте және мемлекеттік комиссияның барлық объектіні пайдалануға беру жөніндегі қабылдау актісінің болған жағдайда ғана беріледі.
Егер өндірістік ағынды суларды қабылдау жағдайы бойынша жаңа Кәсіпорындарда оларды жергілікті тазарту қажет болса, Жұмыс беруші бұл кәсіпорындардың қаланың су қашыртқы жүйесіне қосылуына қатысты рұқсатты тек ұйғарынды дәрежеге дейін өндірістік ағынды сулардың тазартылуын қамтамасыз ететін, жергілікті тазарту орын-жайларын іске қосқаннан кейін ғана береді.
11. Өндірістік ағынды сулардың қаланың су қашыртқы жүйесіне ағызылуына қатысты:
жаңадан салынған және қайта жаңартылған өнеркәсіп объектілері үшін Жұмыс берушінің басқармасымен келісілген жобалық құжаттама;
жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға арналған су қашыртқы төлқұжаты негіз болып табылады.
12. Кәсіпорынның су қашыртқы төлқұжаты белгіленген үлгі бойынша әзірленеді. Екі данада әзірленген төлқұжат, мынадай қосымшалармен Жұмыс берушіге келісуге беріледі:
кәріздің ішкі алаңының тәсімімен қаланың су қашыртқы жүйесіне шығарылған, сондай-ақ олардың нөмірлері көрсетіліп, ағызылатын ағынды сулар және шығындар құрамының мөлшерлері;
жергілікті тазарту орын-жайлардың тәсімі;
ластағыш заттардың ең жоғарғы және орташа мөлшері бойынша сарқынды сулардың тазарту орын-жайларына дейінгі және одан кейінгі қаланың су қашыртқы жүйесіне шығаруларындағы талдау нәтижелері. Төлқұжаттың іс-әрекет ету мерзімі Кәсіпорынның ағынды сулар құрамы және су балансының сақталу кезеңінде бес жылдан аспайтындай уақыт күші болады.
13. Жұмыс беруші өндірістік ағынды суларды қаланың су қашыртқы жүйесіне ағызу рұқсатын дайындаған кезде Кәсіпорын құрастырған өндірістік ағынды сулардың алдын-ала тазартулары немесе олардың өнеркәсіптік кәсіпорынның жергілікті тазарту орын-жайларындағы бөлімдері есепке алынған жағдайдағы негіздеме материалдары қарастырылады:
ағынды сулардың шығындарын азайтуға және олардың құрамындағы ластағыш заттардың шоғырлануына мүмкіндік беретін технологиялық үдерістердің өзгеруі;
суды пайдаланудың айналымды және қайталама-дәйекті жүйесінің құрылғысы.
14. Кәсіпорыннан ағынды суларды бұрып жіберуге қатысты қажетті құжаттамалар алынған кезде, Жұмыс беруші материалдарды бір айлық мерзімде қарастырады және өндірістік ағынды суларды ағызуға рұқсат береді.
15. Кәсіпорынға өндірістік ағынды суларды қалалық су қашыртқы жүйесіне ағызу рұқсатын ұйымдастыру-техникалық шаралардың жоспарын орындауға жеткілікті, бес жылдан аспайтындай мерзімге беріледі. Қалалық су қашыртқы жүйесінің өзгеруі немесе өнеркәсіптік ағынды суларды ағызу тәртібін сақтамаған жағдайында өндірістік ағынды суларды ағызуға қатысты рұқсаттың күші жойылуы мүмкін.
16. Өндірістік ағынды суларды қалалық су қашыртқы жүйесіне ағызу рұқсаты негізінде Жұмыс берушімен және Кәсіпорын арасында ағынды суларды қабылдауға және ағызуға қатысты екі жақты шарт жасалады.
17. Жұмыс берушіден өндірістік ағынды суларды қаланың су қашыртқы жүйесіне ағызу рұқсатын алғаннан кейін жұмыс істеп жатқан Кәсіпорын бір айлық мерзімде ластағыш заттардың шектеулі ұйғарынды шоғырлануын (бұдан әрі - ШҰШ) сақтай отырып, ағызылатын ағынды сулардың шығындарын берілген шамаға дейін азайту жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шаралардың жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және оны Жұмыс берушінің инспекциясына ұсынады.
3. Өндірістік ағынды суларды Астана қаласы
су қашыртқы жүйесіне ағызылуын ведомстволық
бақылауды жүзеге асыру
18. Кәсіпорын қалалық су қашыртқы жүйесіне ағызылатын өндірістік ағынды сулардың құрамы мен мөлшеріне тұрақты бақылау жасап тұруға құқылы.
19. Бақылау өндірістік ағынды суларды тазартатын жергілікті орын-жайлар кешеніне дейінгі және одан кейінгі ағынды сулардың құрамына талдау жасау жолымен, бақылау құдықтарында (оның ішінде жергілікті тазарту орын-жайлары тапшы болған жағдайда) өндірістік кәріз тораптарын едәуір жауапты жерлерінде жүзеге асырылады.
20. Жұмыс беруші өндірістік ағынды сулардың ағызуы Қағидаға сәйкес келетіндігіне, сондай-ақ өндірістік ағынды сулардың қалалық кәріз жүйесіне ағызылуға берілген рұқсатқа бақылау жасайды.
21. Өндірістік ағынды сулардың барлық тазартылу сапасының, бірден ағызылып жіберулерінің, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары өткізілуінің сапасы нашарлаған жағдайларда кезек күттірместен Жұмыс берушіге хабарлау қажет.
22. Өндірістік ағынды суларды қаланың су қашыртқы жүйесіне ағызуды жүзеге асыратын Кәсіпорындар Жұмыс берушінің тәуліктің кез-келген уақытында, қажетті құжаттарды, аспаптарды, құрылғыларды, пайдаланушы қызметкерді және т.б. кірістіре отырып, ағынды сулардың ағызылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиісті.
23. 20-тармақта көрсетілген бақылауды Жұмыс берушінің жанындағы арнайы топ жүзеге асырады.
24. Қалалық ағынды сулардың құрамында өндірістік ағынды сулардың ағызылуына әсер еткен, тазарту орын-жайлары жұмысында жол берілмейтін, ластағыш заттардың шоғырландығы табыла қалса, Жұмыс беруші ол туралы Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына хабарлайды.
Сонымен қатар Жұмыс беруші тәртіп бұзған Кәсіпорынды - Қағида талаптарын бұзушыны іздестіруді жүргізеді.
25. Қағиданың бұзылуына жол берген Кәсіпорынды анықтаған кезде Жұмыс беруші тәртіп бұзылу фактісін айғақтайтын акт құрастырады, ағынды сулардың қосымша тазартылуына қатысты есеп шығарады және бұл орайда кінәлі болып табылатын лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөніндегі қажетті шараларды, сондай-ақ мұндай тәртіп бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды қолға алады. Жұмыс беруші қаланың су қашыртқы жүйесі арқылы ластағыш заттары бар ағынды сулар ағызылуының ұлғаюын туғызған, соның салдарынан қабылдау Қағидасының бұзылуына жол берілуіне байланысты оларды іздестіру және жәрдем беру жөнінде Астана қаласы Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына сұраныс жасауына болады.
4. Қағиданы бұзғандығы үшін қолданылатын
іс-шаралар және жауапкершілік
26. Кәсіпорындарға өз кінәләрі бойынша су объектілеріне жеткіліксіз тазартылған сулардың ағызылып кетуіне жол бергендігі үшін, сондай-ақ Жұмыс берушінің орын-жайларында қазіргі Қағида ережелерімен реттелмеген және құрамында Кәсіпорынның технологиялық үдерістерде пайдаланылатын материалдармен бірге реагенттері және басқа да заттары бар өндірістік ағынды сулардың ағып кетуіне душар еткен, белгіленген қабылдау Қағидасын бұзғандықтары үшін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жауапкершілік артылады.
27. Жаңа Кәсіпорынды қалалық су қашыртқы жүйесіне қосқан кезде өндірістік ағынды суларды ағызуға қатысты немесе тиімді жұмыс істеулеріне байланысты жағдай жасайтын жергілікті тазарту орын-жайлары болмаған жағдайда Жұмыс беруші ол туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыныс жасауға құқылы.
28. Жұмыс беруші өндірістік кәсіпорынның кәріздік желісін қабылдау Қағидасында белгіленгендей қалалық су қашыртқы жүйесіне өндірістік ағынды суларды ағызу жөніндегі талаптарын бұзған абоненттерге келтірілген зиянды жатқыза отырып, оларды қаланың кәріздік желісінен бөліп тастауға құқығы бар.
29. Жұмыс беруші өнеркәсіптік кәсіпорындарға қаланың су қашыртқы жүйесіне келтірілген зиянның орнын толтыру жөнінде белгіленген тәртіп бойынша талаптар мен ізденістерді ұсынуға құқылы.
30. Қағидада белгіленген ластағыш заттардың ұйғарынды шоғырлану мөлшерінен асып кететін ластағыш заттары болатын, өндірістік ағынды сулардың ағызылған жағдайында, Жұмыс беруші шектеулі-ұйғарынды шоғырланудан асатын ластануды өтегендіктері үшін қосымша ақы алады.
31. Ластанудың мөлшерлік көрсеткіштері бекітілген әдістемелер бойынша Жұмыс берушінің зертханасымен белгіленеді.
1) Аталған жағдайда төлемақы мына формула бойынша шығарылады:
С1ф-С1пдк C2ф-С2пдк
Пд =V* (------------)*Т+V*(-------------)*T+....
С1пдк С2пдк
мұнда:
Пд - ПДК, Т-дан асатын ластанған ағынды суларды ағызғандығы үшін алынатын қосымша ақы;
V - ағынды сулардың су қашыртқының коммуналдық жүйесіне ағызылатын көлемі, м 3 ;
Т - ағынды сұйықтың м 3 -на тарифтік көлемі;
Сф - ластанудың Пдк мг/л-ден асатын нақты концентрациясы;
Спдк - ластанудың коммуналдық кәрізіне ағызуға арналған мүмкін шекті концентрациясы, мг/л.
2) Қосымша ақы ластанудың жоғарыда аталған есебінің әрбір жекелеген түріне алынады.
3) Қосымша ақы соңғы есептің шығарылу сәтінен бастап, ластанудың анықталған күніне дейінгі мерзімі үшін алынады, кейінгі есеп ластанудың жойылған күніне дейін шығарылады, ол туралы Қағиданың бұзылуына жол берген кәсіпорын жазбаша түрде өнеркәсіптік су қашыртқы тобына хабарлауы тиіс.
32. Қалалық су қашыртқы жүйесіне ағынды, нөсер суларын, қардың ерітіндісін немесе мұз жарықшағын ағызған жағдайда судың ағызылған мөлшеріне төленетін төлемақы қолданыстағы тариф бойынша осыны іске асыратын ұйым арқылы жүзеге асырады. Ағызылған судың мөлшері қалалық су қашыртқы жүйесіне ағынды, нөсер суларын, қардың ерітіндісін немесе мұз жарықшағын 1-ге тең толтырудың және ағынды сулардың қозғалыс жылдамдығы секундына 2 метр болғандығы, сондай-ақ соңғы есептің шығарылған күнінен бастап, ағынды, нөсер сулардың, қардың немесе мұз жарықшағының қалалық су қашыртқы жүйесіне ағызылғандығы анықталған күніне дейінгі мерзім есепке алына отырып, ағынды сулардың кәсіпорын аумағынан шығардағы құбырдың өткізгіш мүмкіндігі бойынша анықталады.
33. Тұрғын үйлерден, шағын аудандардан қайтарылатын ағынды сулардың ШҰШ мөлшерінің шамадан тыс болған жағдайда төленетін төлемақы үйлерге немесе шағын аудандарға қызмет көрсететін ұйымдардан алынады (ПИК, КСП, ӨК, мемлекеттік пайдаланушы кәсіпорындар және т.б). Өткен айға төленетін төлемақы сынама алынған күннен бастап алынады. Ағынды су көлемінің есебі тұрғындардың су пайдалану мөлшері бойынша немесе жалпы үйдің су өлшегіштері бойынша алынады.
34. Жұмыс беруші Кәсіпорынның Қағиданы бұзған жағдайда Есіл алабы су шаруашылығы басқармасына және жергілікті басқару органдарына Қағиданың сақталуына жауапты кәсіпорын басшылары мен адамдарға тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс жасауға құқылы.
35. Жұмыс беруші:
1) қалалық су қашыртқы торабының техникалық жағдайына:
тазарту орын-жайларының тиімді жұмысына;
ағынды сулардың жүйеге ағызылу қағидасының сақталуына;
ағызу қағидасын бұзушыларға уақытылы шаралардың қолданылуына;
2) қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына, Есіл алабы су шаруашылығы басқармасына және жергілікті басқару органдарына ағызу қағидасын бұзушылар туралы ақпараттың ұсынылуына жауап береді.
36. Жұмыс беруші өндірістік ағынды сулардың түсу салдарынан қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқтырған қаланың кәріз жүйелеріндегі және тазарту орын-жайларындағы апат жағдайлары туралы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына, Есіл алабы су шаруашылығы басқармасына уақытылы хабарлап отыруға құқылы.
37. Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы немесе Есіл алабы су шаруашылығы басқармасы тараптарынан Жұмыс берушіге талап қойылған жағдайда Жұмыс беруші өз алдына Ережелермен белгіленген талаптарды бұза отырып, су объектісінің ластануына әкеліп соқтырған құрамы бар ағынды сулардың ағызылуына жол берген нақтылы өнеркәсіптік кәсіпорынға кері талап тәуелдігіне ие.
5. Өндірістік су қашыртқы тобының негізгі қызметтері
38. Өндірістік су қашыртқы тобы (бұдан әрі - Топ) Жұмыс беруші құрамында ұйымдастырылады және бас директордың бағынышында болады. Топ өз қызметінде осы Қағиданы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алады.
39. Топтың негізгі міндеттері: жергілікті Қағидаларды әзірлеу, Кәсіпорындарға қаланың су қашыртқы жүйесіне өндірістік ағынды суларды ағызу рұқсатын беру, қаланың су қашыртқы жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қағиданың сақталуына қажетті бақылау жасау, Кәсіпорындардың балансындағы кәріз жүйелерінің және жергілікті тазарту орын-жайларының жағдайына бақылау жасау болып табылады.
40. Топтың кадрлық құрамы ағынды суларды тазалау және оны талдау саласындағы мамандардан құралады. Химиялық топ қаланың тазалау орын-жайлары зертханасының құрамына кіреді.
41. Топтың сандық құрамы елді мекендердің су қашыртқы жүйесіне ағынды сулар мен олардың қуаттарын бағыттайтын өндірістік кәсіпорындар санына байланысты белгіленеді. Бағдарламалы түрде инженер-технолог тәулігіне ағынды сулардың 30 мың текше метрін бақылай алады, сондай-ақ инженер-химик және лаборант айына 200 талдау жасайды.
6. Топтың құзыреті
42. Топ өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
нақтылы жағдайларды және одан әрі қарай олардың қалалық әкімдіктің бекітуіне ұсынылуын есепке ала отырып, өндірістік ағынды суларды Астана қаласының су қашыртқы жүйесіне қабылдау Қағидасын әзірлейді;
қаланың су қашыртқы жүйесіне ағызылатын Кәсіпорындардың өндірістік ағынды суларын ағызуға рұқсат беру үшін материалдар дайындайды;
Кәсіпорындардағы суды қорғау орын-жайларының құрылысына, сондай-ақ жаңадан құрылып және қайта құрылып жатқан өнеркәсіптік кәсіпорындардың су қашыртқыларының жобалық құжаттамасын қарастырады және келісімін береді;
Кәсіпорындардың кәріздік жүйелерінің жағдайын зерттейді және бақылайды;
Кәсіпорындардың өндірістік ағынды суларының мөлшері мен құрамы туралы мәліметтерді жүйелендіріп, қорытындылайды және Қағидаға, сондай-ақ өндірістік ағынды суларды ағызу рұқсаттарына сәйкес қалалық су қашыртқы жүйесіне ағызылатын өндірістік ағынды сулардың мөлшері мен сапалық құрамы үшін қажетті бақылауды жүзеге асырады.
43. Топқа:
Кәсіпорындар мен ұйымдардан, олардың ведомстволық бағыныштылықтарына қарамастан өндірістік кәсіпорындардың су қашыртқыларына, олардың пайда болу жағдайларына, ағынды сулардың қалыптасуының барлық мәселелері бойынша материалдар мен мәліметтерді алу;
су қашыртқы жүйелерінің және зертханалық талдауларға арналған ағынды суларды тазарту жөніндегі жұмыстардың жағдайы мен тиімділігіне бақылау жасау мақсатында тәуліктің кез-келген уақытында зерттеу жүргізу;
белгіленген Қағиданы бұзған Кәсіпорынды анықтаған кезде тиісті акті құрастыру құқығы беріледі.
44. Жұмыс берушінің басшылығына аталмыш топ дайындаған материалдар негізінде:
жергілікті тазарту орын-жайларын пайдалану және кәріздік желілердің жағдайы, белгіленген Қағиданы бұза отырып, ағызғандығы үшін жауапты немесе ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарын орындамайтын ағынды суларды қаланың су қашыртқы жүйесіне Кәсіпорын басшылары мен жауапты тұлғалары тиісті шаралар қолдану туралы Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына ұсыныс жасау;
қаланың тазарту орын-жайларына, бұл орын-жайлардың жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, құрамында шамадан тыс өнеркәсіптік ластағыш заттары бар ағынды сулардың келуі туралы хабардар ету;
өндірістік ағынды сулардың келуіне байланысты қаланың су қашыртқы желісіндегі апат жағдайлар және осыған орай қолға алынған шаралар туралы Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасын хабардар ету;
өндірістік ағынды сулардың келуіне байланысты қаланың су қашыртқы желісіне келтірілген зиянның орнын толтыру туралы өндірістік кәсіпорындарға белгіленген тәртіппен кінараттар мен талаптар ұсыну;
прокуратура органдарында заңнаманың сақталуына талап қою құқығы беріледі.
7. Топтың жұмысын ұйымдастыру
45. Өнеркәсіптік су қашыртқы тобын оның бастығы басқарады.
46. Топ технологиялық және химиялық бақылау топтары сияқты құрылымдық буындардан тұрады.
47. Технологиялық бақылау тобының мамандары:
өндірістік ағынды суларды бақылаудың кезеңдігін белгілейді, Кәсіпорындардың өнеркәсіптік ағынды суларды ағызуға рұқсат беру үшін құжаттамалар әзірлейді;
Кәсіпорындар суды қорғау орын-жайларын жобалау, құрылысы және қайта жаңарту үшін техникалық құжаттамаларды келісу үшін материалдар дайындайды;
Кәсіпорындардың өндірістік ағынды суларының құжаттандырылуын және картотекасын жүргізеді.
48. Химиялық бақылау бөлімінің мамандары ағынды сулардың сынамасын іріктейді және белгіленген тізім бойынша химиялық талдауларды орындайды, осылардың негізінде ағынды сулардың тазартылу дәрежесі туралы қорытынды шығарылады.
8. Қаланың су қашыртқы жүйесіне жіберген
кәсіпорынның ағынды суларын талдауды ұйымдастыру
және өткізу жөніндегі нұсқау
49. Өндірістік ағынды суларға техникалық бақылаудың ұйымдастыру-техникалық мәселелері технолог және химик мамандарымен бірлесе отырып шешіледі.
50. Кәсіпорындардың ағынды суларына химиялық бақылауды жүзеге асыру үшін зертханалық орын-жайлар, жабдықтар, аспаптар, реактивтер, химиялық ыдыстар бөлінуге тиісті. Сынамаларды жеткізу көлікпен жүзеге асырылады.
51. Бақыланатын заттардың тізбесі кәсіпорынның өзіндік ерекшелігі мен зертхана мүмкіндіктері есепке алынған, Жұмыс берушінің бас директорының бірінші орынбасары бекіткен тізіммен белгіленеді.
52. Жекелеген заттарды химиялық талдау әдістері анықтамалардың дәлдігіне ұсынылатын талаптардың, талдаудың ұзақтығы, оның көп еңбекті қажетсінетіндігі, құнсыздығы және қолданылатын реактивтердің, аспаптардың, жабдықтардың қолда бар болғандығы есепке алына отырып таңдалады.
53. Талдаулардың жаңа түрлерін енгізу тиісті әдістер мен аспаптарды меңгеру жөніндегі жұмыстар ізашар болуға тиісті. Сыналған әдісті пайдаланудың мақсатқа сайлығын анықталғаннан кейін, белгіленген тәртіппен қажетті қосымша аспаптар тапсырылады.
54. Химиялық бақылаудың негізгі міндеттері:
Кәсіпорындар ағынды суларына химиялық бақылауды жүзеге асыру, ағынды сулардың талдау нәтижелерін ресімдеу, тиісті есептерді жасау болып табылады.
9. Химиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
55. Ұйымдастыру-химиялық бақылау: сынамаларды іріктеу және оларды зертханаға жеткізу, химиялық талдауларды орындау, талдау нәтижелерін ресімдеу болып үш кезеңге бөлінеді.
56. Сынамаларды іріктеуді сынамаларды іріктеу тәртібі және жұмыстардың техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау алған, лаборант-сынама іріктеуші жүзеге асырады. Iріктеудің нүктесі мен тәртібін технологиялық бақылау тобының инженері белгілейді.
57. Талдауға алынатын ағынды сулардың көлемі нақтылы ингредиентті анықтау әдісін пайдалануға байланысты белгіленеді.
58. Кәсіпорындағы ағынды су сынамасын іріктеген кезде сынаманы іріктеу актісі құрастырылады, онда іріктеудің мақсаты, сынаманың сипаты, күні және орыны көрсетіледі. Актіге сынаманы іріктеп алған кәсіпорын өкілі, бөлім өкілі қол қояды. Акт 3 данада жасалады. Кәсіпорын өкілі, сынаманы іріктеу актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайында сынама қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы немесе Есіл алабы су шаруашылығы басқармасы өкілінің қатысуында алынады. Дайындалған акт, талдау хаттамасы, есеп және ағынды сулардың қосымша тазартылуы жөніндегі есеп туралы хабарлама кәсіпорын мекен-жайына поштамен жіберіледі.
59. Химиялық топқа келіп түсетін сынамалар қызмет журналында тіркеледі, онда Кәсіпорынның атауы, канистра нөмірі, бақыланатын ингредиенттер, талдау нәтижелері, орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні, тегі көрсетіледі.
60. Сынамаларды алдын-ала дайындау, тоқтатып қою тәртібі ағынды суларды талдаудың сәйкестендірілген әдістерінде келтірілген нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Суды талдау
61. Ағынды сулардың сынамасын талдау Жұмыс берушінің аттестацияланған әдістемелері бойынша орындалды. Өлшемдерді орындаудың аталмыш әдістемелері Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығында тіркелген және Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісілген. Бұл әдістемелер химиялық талдау өткізу үшін басшылық құжат болып табылады. Ағынды сулардың сынамасына талдау жүргізуге тек қана Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бақылау жасайды.
62. Ағынды сулардың сынамасына талдау жүргізген кезде сынама алынған ұйым өкілінің қатысында.
63. Талдау барысы қызмет журналында тіркеледі, онда орындалған күні, нәтижелері, одан әрі есептеуге қажетті барлық сандық мағыналар және талдау үдерісінің негізгі көрсеткіштері жазылады. Қолданылатын қысқартулар әдістемедегі сипаттамаға сәйкес болуға тиісті.
64. Нәтиже қызмет журналында тіркеледі. Сандық мағыналар мына тәртіп ережелерінен шыға отырып, қызмет журналына жазылады:
ерекше айтылмаған жағдайда барлық шамалардың мөлшерлері мг/л;
рН - мөлшерсіз шамасы, рН бірліктері;
Талдаудың нақты дәлдігі нәтижелерді екі мағыналы цифрдан асырмай жазуға мүмкіндік бермейтіндігін есепке ала отырып, 9,9 мг/л-ден асатын нәтижелерді көрсету үшін мағыналы нөлдерді пайдалануға болады.
Бұл орайдағы жазуларды мысалға келтірейік: 15, 150, 1500, 15000 мағыналары: 15:10 0 15:10 1 , 15:10 2 , 15:10 3 мг/л аңғартады;
Нәтижелердің бір тұтастығын көрсету үшін, барлық нәтижелер үтірден кейін, мағыналық белгілер біреуден аспайтындай етіп көрсетіледі, мысалы: 0,15; 1,5; 15,0; 150,0; 1500,0 және т.б.
65. Зертхананың орындайтын талдамалы бақылауының көлемін, бақылауға жататын Кәсіпорындар санынан шыға отырып, сондай-ақ жұмыс істейтін қызметкерлердің нақты санын, орындалатын анықтамалардың күрделілігін және ұзақтығын есепке ала отырып, ай сайын топ басшысы белгілейді. Талдауды орындаумен тікелей айналысатын бір химикке айына (рН және осындай жедел әдістерді енгізе отырып, сондай-ақ қосарлас талдаулар) 100 элемент - анықтамаларды жоспарлауға болады.
66. Талдау нәтижелері Кәсіпорын атауы, іріктелген күні, сынаманы кім алғандығы және ол кімнің қатысуымен алынғандығы көрсетіліп, "Талдау хаттамасы" бланкісінде ресімделеді. Бланкке зертхана бастығы, орындаушы қол қойып, технологиялық топқа тапсырады.
11. Сынама іріктеген кездегі техника қауіпсіздігі
67. Химиялық талдау үшін сынаманы іріктеу жөніндегі жұмыстарға техника қауіпсіздігі қағидаларын және өндірістік санитарияны меңгерген, жасы 18-ден жоғары жастағы азаматтар жіберіледі.
68. Ағынды сулардың құрамындағы улағыш немесе жанғыш заттардың микробиологиялық немесе вирустық сипаттағы қаупі болуына орай, оларды іріктеген кезде дезинфекциялап, сондай-ақ ерекше сақтықпен жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажет. Сынамаларды жекелей алуға тыйым салынады.
69. Үлкен ыдыстардан сынамаларды алған кезде (тұндырғыштар, жинағыштар, ортайтқыштар) құтқарғыш жилеттерді киіп және сақтандыру арқандарын пайдалану қажет.
70. Сынамаларды іріктеуге және оларды химиялық талдау үшін дайындауға, сондай-ақ техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қатысты жауапкершілік химиялық бақылау өндірісіне жауапты қызметкерге жүктеледі.
Астана қаласы әкімдігі
2005 жылғы 7 қыркүйектегі
N 9-6-661қ қаулысымен бекітілген
Астана қаласының су қашыртқы
жүйесіне өндірістік ағын
суларын қабылдау Қағидасына
қосымша
Ластағыш заттардың мүмкін шекті концентрациясының
мөлшерлері мына кестеге сәйкес қабылданады:
Заттардың атауы |
Өлшем |
Мөлшерлемесі |
1 |
2 |
3 |
Өлшенген заттар |
Мг/л |
370 |
Оттегінің химиялық қажеттілігі (ОХҚ) |
Мг/л |
436,4 |
Оттегінің химиялық қажеттілігі (ОБҚ) |
Мг/л |
294,7 |
Тығыз қалдық |
Мг/л |
1044 |
Мұнай өнімдері |
Мг/л |
14 |
Синтетикалық жоғарғы белсенді |
Мг/л |
39 |
Темір |
Мг/л |
9 |
Фосфаттар |
Мг/л |
11 |
Мырыш |
Мг/л |
3 |
Хром |
Мг/л |
1,6 |
Никель |
Мг/л |
1,18 |
ЛДБ (лайдың дегидрогеназдық Белсенділігі) |
% |
20-дан жоғары емес |
Алюминий |
Мг/л |
0,75 |
Бензол |
Мг/л |
100 |
Ванадий |
Мг/л |
25 |
Өсімдіктер мен жануарлар майлары |
Мг/л |
50 |
Кадмий |
Мг/л |
0,1 |
Кобальт |
Мг/л |
1 |
Күкіртті бояғыштар |
Мг/л |
25 |
Синтетикалық бояғыштар |
Мг/л |
25 |
Марганец |
Мг/л |
30 |
Мышьяк |
Мг/л |
0,1 |
Қалайы |
Мг/л |
10 |
Сынап |
Мг/л |
0,005 |
Стронций |
Мг/л |
26 |
Сульфидтер |
Мг/л |
1 |
Титан |
Мг/л |
0,1 |
Толуол |
Мг/л |
5 |