Ескерту.
Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 194/31-IV Шешімімен
__________________________________
Астана қаласы әкімдігі ұсынған Астана қаласында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
6 бабын
басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп
ШЕШТІ:
Қоса берілген Астана қаласында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін.
Астана қаласының мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Астана қаласында туристік саланы дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
"Астана қаласының
Қаржы департаменті"
мемелекеттік мекемесінің
директоры
"Астана қаласының Экономика және
бюджеттік жоспарлау департаменті"
мемлекеттік мекемесі директорының
міндетін атқарушы
"Астана қаласының Кәсіпкерлік
және өнеркәсіп департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
Астана қаласы мәслихатының
2005 жылғы 17 қарашадағы
N 198/23-III шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ
2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана - 2005 жыл
Атауы Астана қаласында туристік саланы дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы.
Әзірлеу үшін негіздеме "Қазақстан Республикасындағы туристік
қызмет туралы" Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 13 маусымдағы N 211
Заңы
,
"Қазақстан Республикасында туризмді дамыту
тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы
6 наурыздағы N 333 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
қаулысы
; "Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы
Қазақстан халқына жолдаған
жолдауы
.
Негізгі әзірлеуші Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
департаменті.
Бағдарламаның мақсаты Бәсекеге қабілетті туристік секторды дамыту
және Астана қаласының экономикасындағы
туризм үлесін ішкі және шығу туризмінің
ұйымдастыру-экономикалық жағдайлары арқылы
жетілдіру.
Бағдарламаның Туристік кластер негізін қалыптастыру
міндеттері жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
Астана қаласының туристік келбетін дамыту.
Туристік саланың кадрларын даярлауға
көмектесу.
Іске асыру мерзімі 2006-2008 жылдар.
Қажетті ресурстар мен 2006 жыл - 46 370 мың теңге;
қаржыландыру көздері 2007 жыл - 46 215,6 мың теңге;
2008 жыл - 50 515 мың теңге.
Аталған мақсаттарға жыл сайын бөлінетін
қаражаттар аясында жергілікті бюджет
қаражаттары, бюджеттен тыс мақсатты
қаражаттар, халықаралық және отандық қаржы
ұйымдарының гранттары, туристік фирмалар
мен олардың қоғамдық ұйымдарының
қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасымен тыйым
салынбаған өзге де көздер.
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
экономиканың туристік секторының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар
жасалады;
жалпы аймақтық өнімде туризм үлесі артады;
туристік кластер негізі қалыптасады;
Астана қаласының туристік келбеті артады;
туристік саланың білікті кадрларын даярлау
қамтамасыз етілетін болады.
Астана қаласында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211
Заңына
және "Қазақстан Республикасында туризмді дамыту тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 6 наурыздағы N 333 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына
сәйкес әзірленді.
"Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдаған
жолдауында
туристік нарық сараланымында кластерлерді құру қажеттілігі атап көрсетілген. Бағдарламада аймақтың туристік саласындағы жағдайды түбегейлі өзгерту, оның шығу туризмінің халықаралық нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Астананың туристік беделін әлемдік деңгейде қалыптастыру бойынша мақсаттар мен міндеттер қойылады.
Бағдарламада қаланың туристік саласын дамыту және жоспарлау саясатын үйлестіруге, бизнес пен жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген әрекеттері арқылы мемлекеттік басқару нысандарын қамтамасыз етуге және қалада туризмді дамытуды қолдауға үлкен мән беріледі.
3. Туристік саланың жағдайын талдау
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының елордасында "Астана қаласында туризмді дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы" жұмыс істейді, ондағы іс-шаралар туристік ұйымдардың қызметін үйлестіруге, еліміздегі және шет елдердегі туристік фирмалармен байланыстарды дамытуға және нығайтуға жәрдемдесуге, халықаралық және аймақаралық туристік іс-шараларды ұйымдастыруға, Астананың туристік келбетін қалыптастыруға бағытталған.
Аталған бағдарламаның іске асырылуын талдау 5 жыл ішінде шығу, ішкі және келу туризмінің тұрақсыз өсуі байқалғанын көрсетеді (қосымшаның 1-ші кестесіне қараңыз).
Астана қаласы бойынша Статистика басқармасының деректері бойынша 2000 жылдан 2005 жылға дейін келу туризмінің жағрапиясының кеңеюі, ТМД елдерінен келетін туристер үлесінің ұлғайғаны (24%) байқалды.
Қарастырылып отырған кезеңдегі келу туризмінің құрылымында айтарлықтай үлесті, жалпы саны 10745 адамды құрайтын алыс шет елдерден келген туристер құрайды.
Жалпы, Астана қаласында 2000-2005 жылдар ішінде әлемнің 84-тен астам елінен туристер болды. Бейрезидент туристердің барынша көпшілігі Түркия (67%), АҚШ (4%), Франция (2%), Қытай (1,5%) сияқты алыс шет елдерден және өзге елдерден (1,5%) келген. Сондай-ақ, Германиядан келген туристердің ішінде - турагенттіктердің қызметін пайдаланбайтын бұрынғы қазақстандықтар да көп болды.
Республиканың туристік ұйымдарының қызметін, негізінен, ТМД елдерінің ішінен, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина азаматтары пайдаланды.
Келу мақсаттары бойынша келуші туристердің ағынын талдау көпшілік туристердің (70,2%) Астана қаласына ресми және кәсіби мақсатпен (іскери туризм) келетінін, ал қалған келуші туристердің үлесі басқа мақсаттармен келетінін көрсетті.
Қазіргі таңда ішкі бағыттағы туристер санының ұлғаю үрдісі байқалады. 2000-2005 жылдар ішінде қызмет көрсетілген туристердің саны 153 мың адамнан асады.
Туристік жолдамалар бойынша азаматтардың шетелдерге шығуы 2000 жылдан 2005 жылға дейін біршама өсті. Егер 2000 жылы шетелге 6866 турист жіберілсе, 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артып, 18 мың адамнан асады.
2005 жылы шетелге шыққан жалпы қызмет көрсетілген туристердің санынан қазақстандық туристердің үлесі 31,5%-ды құрады, оның ішінде алыс шетелдерге 96,6% шықты. Қазақстан азаматтары арасында Түркия, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай сияқты елдер барынша белгілі болып табылады. Ресей және Қырғызстанға саяхатқа бару қызығушылығы біршама азайды.
Шығу туризмін ұйымдастыру жөніндегі туристік фирмалардың кірісі 2005 жылы 533973,2 мың теңгені құрады.
Туристік фирмалардың қызмет көрсетуден түскен жалпы кірісі 2000-2005 жылдары 2,5 млрд. теңгені құрады. Қала бюджетіне туристік қызметпен байланысты кірістің көп бөлігін шығу туризмі 63% (шығатын қазақстандық туристердің саны жалпы ағынның 31,5%-ын құрайды) әкеледі. Келу туризмі туристік ұйымдар қызметінен 21% кіріс енгізеді және 200 млн.-дай теңгені құрайды (жалпы ағыннан 8%). Ішкі туризм туристік ағымның жалпы 60,5 %-ын алып, барлығы 140 млн. теңгені құрайды.
2000-2005 жылдары Астана қаласының сәулет келбеті өзгерді. Елордамызда туристік қызығушылықты тудыратын бірқатар объектілер пайдалануға берілді. Бұл - "Астана-Бәйтерек" кешені, "Думан" ойын-сауық орталығы, "Атамекен - Қазақстан картасы" этно-мемориалды кешені, "Салтанат сарайы", Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш мемориалы, "Отан қорғаушылар", Ислам мәдени орталығы, "Махаббат саябағы", сондай-ақ, бірқатар отбасымен демалатын және ойын-сауық объектілері. Бұдан басқа, туристік инфрақұрылымның қажетті компоненті болып табылатын 75-тен астам жаңа қонақ үй мен мейрамхана ашылды.
Қолданыстағы бағдарламада мынадай міндеттер қойылды: келу және ішкі туризмді, туристік инфрақұрылымды дамыту, Астананың тартымды туристік беделін жасау. Іс-шаралардың бірқатары сәтті жүзеге асырылды, атап айтқанда, тартымды туристік келбетін құру, шетелдік туристер мен бизнесмендерді тарту мақсатында жарнама-ақпараттық материалдарды басып шығару жұмыстары жүргізілді. "Астана" фотоальбомы, жарнама-ақпараттық буклеті басып шығарылды және таратылды.
2005 жылдың қаңтар айынан бұл бағыттағы жұмыс күшейтілді. Астана туралы "Астана - Еуразия жүрегі" атты видеофильмі жасалды, "Астана: Не? Қайда? Қашан?" жолкөрсеткішінің пилоттық жобасы, "Астана - әлем картасындағы жаңа қала" брошюрасы шығарылды.
Шетелдік туристерге ақпараттық қолдауды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2005 жылғы сәуір айынан "108" анықтамалық-ақпараттық қызмет ("Astana Call Center") қызмет көрсетеді. Осы қызметтің міндеттеріне елорданың шетелдік туристеріне қаланың мемлекеттік, қаржы, ойын-сауық объектілері, сондай-ақ туристік, аударма, риэлтерлік және тұрмыстық қызмет көрсететін фирмалар туралы ақпаратты ұсыну енеді. Қазіргі күні елімізде мұндай қызметтің ұқсастығы жоқ.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың жазғы уақытында вокзалалды алаңында экскурсиялық пункті және автомобильдерді жалға беру пункті ашылды, Қазақстан Республикасының режимдік объектілеріне барумен жаңа экскурсиялық бағыттар әзірленді; еліміздің басқа аймақтарынан келген балалар, жасөспірімдер мен жастар үшін ақпараттық-таныстыру турлары ұйымдастырылды; туристер баратын объектілерде POS-терминалдарды орнату бойынша, қонақ үйлерде шетелдік туристерді тіркеуді оңайлату бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Алайда, Астана қаласында туристік саланы одан әрі дамыту үшін имидждік жұмыс пен жаңа жобаларды іске асыруға жан-жақты көмек көрсету қажет.
Туристік сала мамандарының халықаралық ынтымақтастық және өзара тәжірибе алмасу шеңберінде Мадрид (FITUR), Новосібір ("Турсиб"), Берлин (ITB), Мәскеу (MITT), Алматы (KITF), Лондон (WTM) қалаларындағы халықаралық көрмелерде Астананың тұсаукесері болды, сондай-ақ аймақтық көрмелер мен фестивальдар өткізілді.
Сондай-ақ, маңызды өзгерістердің бірі - 2005 жылдан қаланың туристік фирмаларын лицензиялау жергілікті билікке берілуі. Қазастан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитетімен 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1 бұйрығына қол қойылды, онда Астана және Алматы қалалары мен облыстық әкімдіктердің атқарушы органдарына туризм саласында 2005 жылдың І тоқсаны ішінде туристік қызмет субъектілерін қайта тіркеуден өткізу тапсырылды.
2005 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Астана қаласында туристік қызметті жүзеге асыратын 45 кәсіпорын тіркелді.
Сонымен қатар, елордадағы туристік ахуалды барынша жақсартуда өткізілген талдау экономиканың жоғары кірісті секторы ретінде туризмді дамытуды тежейтін бірқатар проблемаларды айқындады.
Медициналық, аң аулау, мемориалдық сияқты туризмнің түрлерін дамыту үшін алғышарттар қалыптаспаған. Экотуризмді дамыту саясаты зерттелмеген. Қонақ үйлер мен туристік кәсіпорындар, мемлекеттік құрылымдық бөлімшелер мен туризм саласы арасындағы үйлестірім, қалада өткізілетін ірі іскер, мәдени, спорттық, ғылыми, білім беру және өзге оқиғалар мен іс-шаралар арасында бірыңғай ақпараттық жүйе жоқ. Осыған байланысты туристік кластерді қалыптастыру бойынша бірыңғай негіз жоқ екенін көреміз.
Астана қаласының туристік қызығушылығын арттыру бойынша жүргізілген жұмыстарға қарамастан, көрсетілетін туристік қызметтердің сапасы елордалық деңгейге сәйкес келмейді. Қабылданған шаралар Астана брэндін туристік өнімдердің қозғалысы мен БАҚ арқылы түсіндіруі жеткіліксіз болуынан, мемлекет ішінде, сондай-ақ шетелде ұсынылудың оң нәтижесін бермеді.
Туристік саланың білікті мамандары жетіспейді, Астана үшін арнайы әзірленген арнаулы оқу және әдістемелік құралдар шығарылмайды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның басты мақсаты бәсекеге қабілетті туристік секторды дамыту және Астана қаласы экономикасындағы туризм үлесін ішкі және шығу туризмінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайлары арқылы жетілдіру болып табылады.
Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:
туристік кластер негіздерін қалыптастыру бойынша шаралар кешенін іске асыру;
Астананың туристік келбетін дамыту;
туристік сала кадрларын әзірлеуге көмектесу.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары
мен іске асыру механизмі
&1. Туристік кластер негіздерін қалыптастыру
жөніндегі шаралар кешенін іске асыру
Туристік кластерді іске асыру, ең алдымен, шығу және ішкі туризмге тарту үшін инфрақұрылымдық жағдайларды жасауға бағытталған. Бағдарламада Астана қаласы үшін келешекті туризм түрлері бойынша зерттеулер өткізу көзделеді, осының негізінде туристік саланы дамытудың аймақтық басымдықтары анықталады, сондай-ақ аймақта жұмыс істейтін туристік фирмалар үшін тәжірибелік ұсыныстар әзірленетін болады. Әлемдік тәжірибе бойынша үлкен қызығушылықты экологиялық туризм тудыратынын ескерсек, туристік қызметтің бұл түрі Әлемдік экологиялық саммитте қабылданған Квебек декларациясының ұсыныстарына сәйкес елордадағы және оған қатар жатқан оңалту аймақтарының сыйымдылығы жағынан зерттелетін болады.
Шығу және ішкі туризмді дамыту басымдықтарымен қатар келу туризмі саласында жұмыс істейтін туристік ұйымдардың қызметін реттеу бойынша нормативтік-құқықтық базаның жетілдіру шаралары қабылданатын болады. Осыған байланысты жүргізілген зерттеулердің маңызды объектісі келу, сондай-ақ шығу туризмі шеңберінде азаматтарға халықаралық деңгейде қызмет көрсету кепілдік беруге мүмкіндік беретін туристік қызметтерді ұсынудың қалалық ережелерінің жобасы болады.
Туристік ұйымдардың кәсіптік қауымдастықтары туристік бизнес өкілдерінің мемлекеттік органдармен және халықпен өзара қарым-қатынасының маңызды механизмі болып табылады. Салада кездесетін барлық проблемалар осындай қауымдастықтар ішінде жүйеленіп талдануы керек және оларды тез, әрі тиімді шешудің алғышарттарын жасау керек.
Тәжірибе көрсеткендей, кәсіптік бірлестіктер қызметіндегі негізгі кедергі олардың туристік фирмалармен бірлесіп қаржыландырылуы болып табылады.
Сондықтан жаңа кәсіптік қауымдастықтарды құруды ынталандыру және қызмет етіп жатқан қауымдастықтарды қолдауға қаражаттар бөлу көзделіп отыр. Атап айтқанда, туристік кластерді қалыптастырушы негізгі элемент ретінде Астана қаласының туристік фирмаларының қауымдастықтары мен қонақ үйлері қаржыландырылатын болады.
Мұндай салалық қауымдастықтарды қолдау олардың туристік кластер инфрақұрылымына демалыс және ойын-сауық объектілері ретінде енетін қалалық объектілерді дамыту бойынша қалалық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру жөніндегі қызметінде рөлін күшейтеді. Аталған құрылымдардың жұмысын үйлестіру мәселесі әзірленіп жатқан туристік қызметтерді ұсынудың қалалық ережелер жобасында көрініс береді.
&2. Астананың туристік келбетін дамыту
Астананың туристік келбеті қала аумағында сапалы туристік қызметтерді ұсыну, туристік қолдаудың анықтамалық-ақпараттық қызметінің болуы, шетел азаматтарының қауіпсіздік және оңайлатылған тіркеу жүйесі, шетелдік туроператорлар мен БАҚ арасында жарнама-үгіттеу жұмысы, Қазақстанның елордасын танытуға бағытталған арнаулы қалалық туристік бағыттардың болуы, сондай-ақ жалпы Астана және Қазақстан тақырыбына арналған түрлі сыйлық бұйымдары, таныстыру және имидждік өнімдер ұсынылуы сияқты факторлардан тұрады.
Туристік ұйымдармен ұсынылатын қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететін қолданыстағы механизмі лицензиялау болып табылады. Мемлекеттік басқару деңгейінде өкілеттерді шектеу аясын ескере отырып, 2006 жылдан бастап туризм саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау жергілікті деңгейге беріледі, Астана қаласының әкімдігі алдында осы қызметтің сапалы орындалуы бойынша міндеттер қойылады. Осыған байланысты Бағдарламада туроператорлар мен турагенттердің заңнама талаптарын орындауын тұрақты және тиімді тексеруді, сондай-ақ заңнаманы бұзу айқындалған жағдайда оған шаралар қолдануды қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылған.
2005 жылғы сәуір айынан Астана қаласында ұйымдастырылған, алғаш рет Қазақстанда "108" ақпараттық-анықтамалық қызметінің ағылшын тілінде қызмет көрсету тәжірибесі алдағы уақытта кеңінен дамытылады. Осы қызмет шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін елордалық инфрақұрылымды құруда басты элемент болып табылады.
Осы құрылымның екінші элементі дамыған POS-терминал жүйесі болып табылады, бұл шетелдік туристерге қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қолдануға, сондай-ақ қылмыстық әрекеттің құрбаны болуы мүмкін қауіп-қатерін төмендетуге мүмкіндік береді. Бағдарламада POS-терминал жүйелерін барлық сауда және сервис орталықтарында енгізуді ынталандыру бойынша шаралар қарастырылған.
Елорда келбетін нығайту үшін шетелдік азаматтарды тіркеу рәсімдерін оңайлатуға бағытталған іс-шаралар маңызды болып табылады. Бұл үшін Бағдарламада алдағы уақытта қаладағы шетел азаматтарын тіркеуді оңайлату шаралары енгізілген.
Астанада жедел салынып жатқан және ерекше құрылыстардың арқасында Қазақстан елордасының туристік келбетін қалыптастыру үшін объективті алғышарттар Астананың ерекше келбетін халықаралық туристік қауымдастықтарда қалыптастыра алатын мамандардың жеке алған әсерінде берік орын алуы қажет. Бұл үшін Бағдарламада алдыңғы қатарлы туристік операторлар мен БАҚ өкілдері, ең алдымен, Еуропа және Америка елдерінің өкілдері үшін ақпараттық турларды өткізу жөніндегі шаралар қарастырылады, оның аясында қаланың бірегей объектілері мен оған жапсарлас жатқан оңалту аймақтарына бару ұйымдастырылады.
Астана келбетін қалыптастырудың басқа бағыты қаланың отандық туроператорларға бәсекелестік жағдайында әлеуетті серіктестер және клиенттермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін халықаралық туристік көрмелерге қатысу болып табылады. Осыған байланысты сыйлық бұйымдары мен таныстыру материалдарын әзірлеу, бейнефильмдер мен бейнероликтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ресми шекара мекемелері мен көрме өткізіліп жатқан мемлекетке сувенир бұйымдары мен таныстыру материалдарын жеткізу бойынша ұлттық тасымалдаушылар тарапынан жәрдемдесуді ұйымдастыру кіретін жергілікті туристік ұйымдарды көрмелерге дайындауға жәрдемдесу маңызды болып табылады.
Қазіргі қалалардың тұрақты дамуының бірден-бір факторы ретінде әлемнің туристік индустриясы дамыған алдыңғы қатарлы қалаларда тәжірибе алмасу, Астанада туристік бизнесті дамыту үшін әлеуетті серіктестерді тарту мақсатында Астана қаласының туризмі бойынша уәкілетті мемлекеттік органының Әлемдік қалалар форумына қатысу шаралары қарастырылған.
Шығу туризмінің өсуі шетелдік туристер үшін, Астана қаласы туралы әлемнің жетекші тілдеріндегі жолнұсқаларын қоса, жарнамалық-ақпараттық өнімдерді жыл сайын жаңартуды талап етеді.
Ұлттық қолданбалы өнер индустриясы келу туризмі инфрақұрылымының маңызды компоненті болып табылады, Бағдарламада аймақтың қолданбалы өнер шеберлері туралы, алдағы уақытта "Астананың ең үздік қолданбалы өнер шеберлері" атты иллюстрацияланған брошюрасын шығарумен, ақпараттық деректер базасын құру жолымен оны дамытуды ынталандыру бойынша шаралар, сондай-ақ әлемдік турист күні шеңберінде туристік Астана тақырыбына үздік сыйлықты дайындау бойынша жыл сайынғы конкурсты өткізу қарастырылған.
Ішкі туризм шеңберінде Астананың тартымдылығы талас тудырмайды, әсіресе Астана жастар мен оқушылар арасында белгілі. Осыған байланысты Бағдарламада қалалық бағыттарды алдағы уақытта дамыту және Қазақстан аймақтарынан келген туристерге сапалы қызмет көрсету бойынша, оның ішінде арнаулы туристік пойыздарда, тиісті инфрақұрылымды қарастырады.
&3. Туристік сала кадрларын даярлауға жәрдемдесу
Келу және ішкі туризмнің өсуі сапалы кадрларды даярлауды (гид-экскурсоводтар) және қалалық туристік бағыттарды егжей-тегжейлі қарауды талап етеді. Бұл үшін Бағдарламада қалалық гид-экскурсоводтарға арналған әдістемелік құралдарды әзірлеу қарастырылған, онда әрбір баратын объект бойынша ақпараттық анықтамасы бар үлгілік мәтіндер, сондай-ақ ұсынылатын тақырыптарға сәйкес бағыттарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілетін болады.
Сонымен қатар, әзірленіп жатқан туристік қызметтерді ұсынудың қалалық ережелері шеңберінде ұсынылатын туристік-экскурсиялық қызметтердің сапасы мен гид-экскурсоводтардың кәсіби сәйкестігіне талаптардың күшейетіндігі көзделіп отыр.
Туристік сала қызметкерлерінің кәсіби өсуін ынталандырудың басты бағыты жыл сайын дүниежүзілік туризм күні шеңберінде ең жақсы ішкі туризм бағытына конкурс өткізу болып табылады.
Туристік салада жұмыс істейтін кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында колледждер мен ЖОО-ның кемінде 50 студенттің жыл сайын қонақ үй және туристік бизнес кәсіпорындарында өндірістік практикасын өтуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.
Туристік сала кадрларын даярлауға жәрдемдесудің маңызды бағыты жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктілігін тұрақты көтеруге байланысты шаралар болып табылады. Сондықтан Бағдарламада оқыту семинарлары, конференциялар, көрмелер, "дөңгелек үстелдер" және конкурстар, оның ішінде Әлемдік туристік ұйымдардың қолдауымен өткізілетін конкурстар сияқты бірқатар іс-шаралар қарастырылып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы туристік ұйымдардың олардың қызметіне қатысты өзгерістері туралы, мемлекеттік органдар, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өткізілетін туристік саланы дамыту бойынша кеңінен таныстыру шаралары да қамтылған.
Туристік бизнесті ұйымдастыру және жүргізудің халықаралық тәжірибесін жинақтау мен пайдалану үшін, сонымен қатар туризмді қолдау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруда Бағдарламада Астана қаласының туризмі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары өкілдерінің жыл сайын Астана қаласындағы "Астана-Демалыс" және Алматы қаласындағы "KITF", сондай-ақ Берлин, Мәскеу, Мадрид, Лондон қалаларындағы халықаралық туристік көрмелерге қатысу қарастырылған.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Астана қаласында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету аталған мақсаттарға жыл сайын бөлінетін қаражаттар аясында жергілікті бюджет қаражаттары, бюджеттен тыс мақсатты қаражаттары, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының гранттары, туристік фирмалар мен олардың қоғамдық ұйымдарының қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.
Осы Бағдарламада көрсетілген шараларды іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 2006 жылы - 46 370 мың теңге, 2007 жылы - 46 215,6 мың теңге, 2008 жылы - 50 515 мың теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі, белгіленген тәртіпте, жыл сайын сәйкес жылға бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланып отырады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны толық іске асыруда:
экономиканың туристік секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
жалпы аймақтық өнімде туризм үлесінің артуына;
туристік кластер негіздерінің қалыптасуына;
Астана қаласының туристік келбетін дамытуға;
туристік саланың білікті кадрларын даярлауға мүмкіндік беруі қажет.
Қабылданған шаралар нәтижесінде экономиканың туристік секторының бәсекеге қабілеттілігін көтеру, сондай-ақ сыртқы және ішкі туристердің санының өсуі күтілуде (қосымшаның 2-ші кестесіне қараңыз).
Келу туризмінің 2008 жылы жалпы ұсынылатын туристік қызметтер көлемінде 2005 жылмен салыстырғанда 33 пайызға өсті, шығу туризмінің үлесі 29,5 пайызға, ішкі туризм 29,5 пайызға өседі, бұл жалпы аймақтық өнімде туристік қызметтен кірістің жиынтық үлесінің ұлғаюына мүмкіндік береді.
8. Астана қаласында туристік саланы дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту: 8-тарауға өзгертулер енгізілді - Астана қаласы Мәслихатының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 330/41-ІІІ шешімімен .
Р/с
|
Іс-шаралар |
Аяқтау
|
Жауапты
|
Іске
|
Болжа-
|
Қаржы-
|
1. Туристік кластер негіздерін қалыптасыру
|
||||||
1. |
Астана қаласында туристік кластердің дамуына мониторинг және талдау жүргізу |
Қазақтан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне есеп беру |
Астана
|
Жыл
|
2006 жыл
|
Жергі-
|
2. |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмі арқылы қонақ үйлер қауымдастығын құруға жәрдемдесу |
КӨД жұмысы туралы есеп беру |
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
3. |
Туризм саласында қалалық құрылымдар бөлімшелері арасындағы үйлестіруді қамтамасыз ету |
Қалалық ережелер құрамында |
КӨД мүд-
|
2006 ж. ІҮ
|
2006 жыл
|
Жергі-
|
2. Астананың туристік келбетін дамыту |
||||||
4. |
Туристерге
|
Жылдық есеп құрамында |
КӨД |
Жыл
|
Талап
|
|
5. |
"108" анықтамалық-
|
Жылдық есеп
|
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
6. |
POS-терминал-
|
Жылдық есеп
|
КӨД мүд-
|
Тұрақ-
|
Талап
|
|
7. |
Республикалық және қалалық іс-шаралар шеңберінде ақпараттық турлар өткізу |
Қазақстан
|
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
8. |
Сыйлық бұйым-
|
Сыйлық бұйымдары мен таныстыру материал-
|
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
9. |
Әлемдік қала-
|
ТСМ-ге есеп беру |
КӨД |
2006 ж. ІІ
|
2006 жыл
|
Жергі-
|
10. |
Әлемнің жетек-
|
Қаладағы
|
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
11. |
Астана қала-
|
Картаны
|
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
12. |
Аймақтың қол-
|
Брошюрлар
|
КӨД |
2006 ж. ІҮ
|
2006 жыл
2007 жыл - 1 000
|
Жергі-
|
13. |
Дүниежүзілік
|
БАҚ арқылы
|
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
14. |
Елорданың көрнекті орындарымен таныстыру бойынша ұйымдастырылған балалар тобын Астанада қабылдау жөнінде шаралар қабылдау |
ТСМ-ге ақпарат |
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
14-1 |
Мүгедек балалардың қатысуымен "Астана-менің отанымның елордасы" әлеуметтік жобасын іске асыруды қамтамасыз ету |
ТСМ-ге ақпарат |
КӨД |
Жыл сайын |
2007 жыл - 1500 2008 жыл - 1590 |
Жергілікті бюджет |
14-2 |
Елорданың алдыңғы қатарлы спортшыларының қатысуымен спорттық балалар-жасөспірім туризмін дамыту бойынша іс-шаралар өткізу жөнінде шаралар қабылдау |
ТСМ-ге ақпарат |
КӨД |
Жыл сайын |
2007 жыл - 2000 2008 жыл - 2120 |
Жергілікті бюджет |
14-3 |
"Шеберлер ауылы" тұрақты жұмыс істеп тұратын көрмені ұйымдастыруға жәрдемдесу |
ТСМ-ге ақпарат |
КӨД Мүдделі Мемлекеттік органдармен бірлесіп |
Жыл сайын |
2007 жыл - 11800 2008 жыл - 12508 |
Жергілікті бюджет |
3. Туристік сала кадрларын даярлауға жәрдемдесу |
||||||
15. |
Қалалық гид-
|
Гидтер үшін
|
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
16. |
Туристік-экс-
|
Қалалық
|
КӨД |
2006 ж. ІҮ
|
Талап
|
|
17. |
Дүниежүзілік
|
БАҚ арқылы
|
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
18. |
Туризм маман-
|
Жылына кемінде 50 тәжірибе алмасу |
КӨД мүд-
|
Жыл сайын |
2006 жыл
|
Жергі-
|
19. |
Туристік сала,
|
Екі конфе-
|
КӨД |
Жыл
|
2006 жыл
|
Жергі-
|
20. |
Астана қаласы" Астана демалыс" және Алматы қаласы "KITF" халықаралық туристік көрмелеріне, сондай-ақ 6 шетелдік көрмеге қатысу; жергілікті турагенттер және туроператорлар арасында алдыңғы қатарлы туристік технологияларды тарату |
ТСМ-ге бекітілген график бойынша есеп беру. БАҚ арқылы ақпараттандыру |
КӨД |
Жыл
|
2006 жыл
|
Жергі-
|
Үш жыл ішінде Бағдарламаға барлығы 143100,6 мың теңге
көлемінде қаражат қажет, оның ішінде 2006 жылы - 46370 мың теңге, 2007 жылы - 46215,6 мың теңге және 2008 жылы - 50515 мың теңге
Астана қаласында
туристік саланы дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасына қосымша
1 кесте
2001-2005 жылдарға арналған Астана
қаласындағы туристік белсенділік серпіні
Көрсеткіштер
|
2001 ж. есебі |
2002 ж. есебі |
2003 ж. есебі |
2004 ж. есебі |
2005 ж. бағалау |
Шығу туризмі |
9451 |
9715 |
7351 |
17335 |
18000* |
Ішкі туризм |
27444 |
28522 |
29804 |
33393 |
34400* |
Келу туризмі |
690 |
662 |
454 |
4339 |
4600* |
Ескерту: Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына сәйкес бағалау
деректері * жұлдызшамен белгіленген.
2006-2008 жылдарға арналған Астана қаласындағы
туристік белсенділік өсуінің болжамы
Көрсеткіштер (адам) |
2006 ж. болжам |
2007 ж. болжам |
2008 ж. болжам |
Келу туризмі |
5060 |
5566 |
6123 |
Шығу туризмі |
19620 |
21386 |
23310 |
Ішкі туризм |
37668 |
41246 |
45164 |
Туристік ұйымдармен қызмет көрсетілгені барлығы |
62700 |
68970 |
75867 |