Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 198/23-III "Астана қаласында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы Мәслихатының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 330/41-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 31 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 457 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 194/31-IV шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 194/31-IV Шешімімен
__________________________________

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының»"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 198/23-III "Астана қаласында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 424 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 27 желтоқсанда "Астана хабары", 2006 жылғы 07 қаңтарда "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген, Астана қаласында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламаның 8-тарауында:
      1 тармақтың:
      2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Астана қаласында туристік кластердің дамуына мониторинг және талдау жүргізу";

      3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақтан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне есеп беру";

      2-тармақтың, 6-бағанындағы "6 360" деген сандар "5 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 6-бағанындағы "9 540" деген сандар "5 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Республикалық және қалалық іс-шаралар шеңберінде ақпараттық турлар өткізу";

      9-тармақтың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "ТСМ-ге есеп беру";

      10-тармақтың 6-бағанындағы "8 480" деген сандар "10 200" деген сандармен ауыстырылсын;

      11-тармақтың 6-бағанындағы "500" деген сандар "1 500" деген сандармен ауыстырылсын;

      12-тармақтың 6-бағаны "2007 жыл - 1 000" деген сөздермен және сандармен толықтырылсын;

      13-тармақтың 6-бағанындағы "636" деген сандар "1 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      14-тармақтың:
      2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Елорданың көрнекті орындарымен таныстыру бойынша ұйымдастырылған балалар тобын Астанада қабылдау жөнінде шаралар қабылдау";

      6-бағанындағы "2 650" деген сандар "5 625" деген сандармен ауыстырылсын;

      3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "ТСМ-ге ақпарат";

      17-тармақтың 6-бағанындағы "636" деген сандар "1 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      20-тармақтың:
      2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Астана қаласы" Астана демалыс" және Алматы қаласы "KITF" халықаралық туристік көрмелеріне, сондай-ақ 6 шетелдік көрмеге қатысу; жергілікті турагенттер және туроператорлар арасында алдыңғы қатарлы туристік технологияларды тарату";

      3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "ТСМ-ге бекітілген график бойынша есеп беру. БАҚ арқылы ақпараттандыру";

      6-бағанындағы "6603,8" деген сандар "8517,36" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай редакциядағы 14-1, 14-2, 14-3-тармақтармен толықтырылсын:
      (Қосымша)

       2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ

      Астана қаласының
      өнеркәсіп және кәсіпкерлік
      департаментінің директоры
      (Ө және КД)

                                         Астана қаласы мәслихатының
                                        2006 жылғы 26 желтоқсандағы
                                       N 330/41-ІІІ шешіміне қосымша

           Астана қаласында туристік саланы дамытудың
      2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру
            жөніндегі шаралардың жоспарына толықтырма

14-1

Мүгедек балалардың қатысуымен "Астана-менің отанымның елордасы" әлеуметтік жобасын іске асыруды қамтамасыз ету

ТСМ-ге ақпарат

КӨД

Жыл сайын

2007 жыл - 1500 2008 жыл - 1590

Жергілікті бюджет

14-2

Елорданың алдыңғы қатарлы спортшыларының қатысуымен спорттық балалар-жасөспірім туризмін дамыту бойынша іс-шаралар өткізу жөнінде шаралар қабылдау

ТСМ-ге ақпарат

КӨД

Жыл сайын

2007 жыл - 2000 2008 жыл - 2120

Жергілікті бюджет

14-3

"Шеберлер ауылы" тұрақты жұмыс істеп тұратын көрмені ұйымдастыруға жәрдемдесу

ТСМ-ге ақпарат

КӨД Мүдделі Мемлекеттік органдармен бірлесіп

Жыл сайын

2007 жыл - 11800 2008 жыл - 12508

Жергілікті бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады