Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы , 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 "Автомобиль жолдары туралы"№ Заңы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 845 "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" қаулысына сәйкес және жердің жібуі кезінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары мен жол қондырғыларының сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жыл сайынғы 28 наурызынан 20 мамырына дейін жергілікті маңызды, қиыршық тас, қара және асфальт-бетон төселген жолдарда осьіне түсетін салмағы 6 тоннадан асатын шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар мен тіркелмелі К-700, Т-150 тракторлардың жалпы қолданыстағы жолдармен жүруіне шектеу бойынша шаралар қолдансын. <*>
Ескерту. 1 тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы N А-3/112 қаулысымен
2. Құрылыс, өнеркәсіп, көлік және басқа да мүдделі кәсіпорындарға, қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, көктемде жер жібігенге дейін қажетті жүктерін, әсіресе ауыр салмақты мен ірі көлемділерін ертерек тасып алу ұсынылсын.
3. Көлік бақылау басқармасы, ІІББ жол полициясы басқармасы, Ақмола облыстық автомобиль жолдары басқармасы, РММ "Қазақавтодор" Ақмола облыстық филиалы, "Көкшетау жолдары" ашық акционерлік қоғамы белгіленген шектеулердің сақталуы мен уақытша жол белгілері орнатылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғалиевке жүктелсін.
6. Ақмола облыс әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы N А-3/79(2382) "Көктемгі су тасқыны кезінде көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылсын.
Облыс әкімі